Рубрика: оқу-қолданбалы құрал
Источник: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
Бұл басылымда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерде, кəсіпорындар мен ұйымдарда іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру мəселелері егжей-тегжейлі сөз болған. Кітап іс қағаздарын жүргізу мен ұйымдастыру тəртібін реттейтін қолданыстағы заңи жəне нормативтік-əдістемелік актілер негізінде əзірленген. Мұнда іс қағаздарын жүргізу нысандары мен əдістері, əр түрлі құжаттарды əзірлеу тəртібі қарастырылып, құжаттар мен анықтамалық материалдарды ресімдеудің көрнекі үлгілері келтірілген. Кітапта ұсынылып отырған іс қағаздарын жүргізу жүйесі əмбебаптық сипатта. Оны барлық кəсіпорындардың қызметінде пайдалануға болады.
Кітаптың тілі жеңіл, оқуға ыңғайлы. Теориялық мəселелер іс жүзіндегі нақты мысалдармен, құжаттардың көрнекі үлгілерімен дəйектеліп отырады. Бұл еңбектің қолданбалық маңызын арттырған.
Жауапты редакторы - ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбайұлы