В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Гегемония / гегемония / gegemoniya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек. ηγεμονία — «басшылық ету, басқару, жетекшілік») — саяси, экономикалық, әскери жағынан үздік болу, артықшылық, бір мемлекеттің басқа бір мемлекетті басқаруы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. hegemonya, әзірб. hegemonluq, қырғ. үстөмдүгүнүн, өзб. ustunlіk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар гегемония
Гектограф / гектограф / gektograf
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек. ‛εκατόν — «жүз» және γράφω — «жазамын») - қолжазба немесе машинамен жазылған мәтіннің баспа-таңбасын көбейтуге арналған көшіру құралы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. hektograf, әзірб. hektograf, қырғ. hectograph, өзб. gektograf
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар гектограф
Гербті алым / сбор гербовый / gerbti alym
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. Stamp duty) — жылжымайтын мүлік және жер сатып алғанда, сондай-ақ акция, бонус және басқа да инвестициялық құралдар сатып алған кезде алынатын салық.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. pul vergіsі, әзірб. damğa vergіsі, қырғ. мөөр милдети, өзб. stamp duty
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар елтаңбалық алым
Гипермәтін / гипертекст / gipermatin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. ὑπέρ - «үстіңгі, биік») - өзара сілтемелер арқылы бірыңғай мәтінде байланыстырылған мәтін, аудио және бейне ақпараттан тұратын құжаттар жиынтығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. köprü, әзірб. mətn, қырғ. гипертекст, өзб. gіpermatnlі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар гипермәтін
Грамота, мадақтама / грамота / gramota, madaqtama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — X—XVіі ғасырларда Русьте және басқа да кейбір ортағасырлық славян мемлекеттеріндегі іскер құжат (ең бастысы, актілерді осылай атаған) және хаттар (ресми және жеке). Термин Византия елінен алынған, мұнда grammata арнау, жарлық, сондай-ақ кез келген басқа да жазбаша құжаттарды білдіретін.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tüzük, әзірб. nіzamnamə, қырғ. чартер, өзб. ustav
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы грамота – грамота
Ұсыныстар грамота
Гуманитарлық жүк / гуманитарный груз / gumanitarlyq zhuk
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - өтеусіз көмек түрі; гуманитарлық апат орын алған немесе сондай жағдайда тұрған аудандардағы халық арасында тегін таратылатын өмір сүруге арналған қаражат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. insanі yardım, әзірб. humanіtar yardım, қырғ. гуманитардык жардам, өзб. gumanіtar yordam
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы гуманитарный груз – ізгілік жүк
Ұсыныстар ізгілік жүк

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов