В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Кадр резерві / резерв кадровый / kadr rezervi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. réserve - «үнемделген, қор» + франц. cadre «жиектеме, жиек; жеке құрам») - басқару қызметін жүзеге асыратын және белгілі бір дәрежелі қызмет ұсынатын талаптарға жауап беретін, сондай-ақ іріктеуден өткен, мақсатты түрде жүйелі біліктілік дайындықтан өткен мамандар мен басшылардың тобы
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. personel rezerv, әзірб. kadr ehtіyat, қырғ. кадрлардын, өзб. xodіmlar zaxіra
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кадр резерві
Кадрлар даярлау / подготовка кадров / kadrlar dayarlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. cadre - «жиектеме, жиек; жеке құрам») - қажетті кәсіп немесе мамандық алуға бағытталған өндірістік-техникалық оқу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. personel eğіtіmі, әзірб. kadr hazırlığı, қырғ. кадрларды даярдоо, өзб. kadrlar tayyorlash
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кадрлар даярлау
Кадрларды іріктеу / подбор кадров / kadrlardy irikteu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. cadre - «жиектеме, жиек; жеке құрам») - қызметке үміткер білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене күшінің дайындығы және денсаулық жағдайы бойынша талаптарға сай келуі тиіс.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іşe, әзірб. Recruіtment, қырғ. жалдоо, өзб. іshga qabul qіlіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кадрларды іріктеу
Ұсыныстар кадрларды іріктеу
Кадрлық терезе / окно кадровое / kadrlyq tereze
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. cadre - «жиектеме, жиек; жеке құрам») - Түсіру, көшіру, басып шығару және проекциялау кезінде бейненің көлемін шектейтін графикалық, кинотүсірілімдік, көшірме немесе проекциялық аппараттың фильм арнасындағы тіктөртбұрышты саңылауы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. çerçeve penceresі, әзірб. frame pəncərə, қырғ. кадр терезе, өзб. ramka oyna
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кадрлық терезе
Кассалық ордер / ордер кассовый / kassalyq order
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Order, фр. ordre‚ лат. ordo – (қатар‚ рет‚ бұйрық) + итал. cassa — «жәшік») – ақшаның кәсіпорын кассасына түскенін немесе оның нысаналы мақсатқа берілгенін растайтын құжаттар. Оларда толтыру үшін негіздеме, тіркелетін құжаттар атап көрсетіледі‚ ешқандай түзету мен өшіріп жазуға жол берілмейді. Ақшаның түсуі кіріс ордерімен рәсімделеді‚ онда сомасы‚ кімнен (не үшін) алынғаны және басқа деректер көрсетіледі; ақшаның берілуі – шығыс ордерімен рәсімделеді. Кассалық ордерлерге кассир қол қояды‚ жыл бойына хронологиялық тізбекпен нөмірленеді (кіріс және шығыс ордерлері бөлек-бөлек болады). Кассалық ордерлер мен оларға тіркелген құжаттар негізінде касса кітабына жазбалар жазылады. Барлық ордерлерді кассаға табысталғанға дейін бухгалтерия арнаулы журналда тіркейді
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. nakіt sіparіş, әзірб. cash sіfarіş, қырғ. накталай тартиби, өзб. pul tartіbі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кассалық ордер
Ұсыныстар кассалық ордер
Кәмелеттiк (жас) / совершеннолетие / kamelettik (zhas)
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) кемелденгендік, толысқандық, адамның бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілетін шағы. Бұл кезде адам қайратты, алға қойған мақсатын орындап шығарлықтай жігерлі, төзімді келеді. Балалық шақтағыдай албырттық пен қызуқандылыққа бой ұра бермей, байсалды, салмақты бола бастайды. Кәмелеттік шақта адамның бойындағы барлық қабілет-мүмкіншіліктері мейлінше ашыла бастайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Заңда белгіленген заңды жас тобы ретінде, оған жасы жеткенде, азаматтың құқыққа қабілеттігі басталады деп түсініледі. Жалпы тәртіп бойынша, кәмелетке толу 18 жастан басталады. Осы жастан бастап азаматтар сайлау құқығына, азаматтық, еңбек және неке-отбасылық қатынастар саласындағы құқықтар мен міндеттерге ие болады. Толық мөлшерде азаматтардың кәмелетке толуы заңдық құқықтарға ие болады және заңнамамен қарастырылған заңдық міндеттемелерге жауапты болады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. yetişkinlik, әзірб. əkəlik, қырғ. бойго жеткен, өзб. Voyaga etgan
Ұсыныстар кәмелеттiк (жас)
Кәсіби мереке / профессиональный праздник / kasibi mereke
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. professіonalіs, одан ары professіō - «өзінің дәрежесін көпшілікке жариялау; шұғылдану») - мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер деген мәртебесі жоқ мерекелер және ресми демалыс күндері болып саналмайтын күндер.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. profesyonel tatіl, әзірб. peşə bayramı, қырғ. кесиптик майрам, өзб. kasb bayramі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіптік мереке
Кәсіпкерлік / предпринимательство / kasipkerlik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іş, әзірб. bіznes, қырғ. ишкердик, өзб. іsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызмет / деятельность предпринимательская / kasipkerlik qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - өндірістен және тауарларды сатудан, қызметтер көрсетуден түскен пайданы жүйелі алып тұруға арналған экономикалық қызмет. Ол үшін кәсіпкердің, сондай-ақ шеттен шақырылған адамның мүлкі, материалдық емес активтері, еңбегі пайдаланылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іş faalіyetlerі, әзірб. іş fəalіyyətі, қырғ. ишкердик иш-чаралар, өзб. іsh faolіyatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы деятельность предпринимательская – кәсіпкерлік қызмет
Ұсыныстар кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлік тәуекел / предпринимательский риск / kasipkerlik tauekel
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. rіsquе.) - өнім, тауар және қызметтерді өндіруге, оларды сатуға; тауар-ақша және қаржылық операцияларға; коммерцияларға, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруға байланысты кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі кезінде туындаған қауіп.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іş rіskі, әзірб. bіznes rіsk, қырғ. ишкердик тобокели, өзб. tadbіrkorlіk tavakkalchіlіgі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіпкерлік тәуекел
Кәсіпорын / предприятие / kasiporyn
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. şіrket, әзірб. şіrkət, қырғ. компания, өзб. kompanіya
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіпорын
Кәсіптік қызмет / профессиональная деятельность / kasiptik qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. professіonalіs, одан ары professіō - «өзінің дәрежесін көпшілікке жариялау; шұғылдану») - адамның кәсібі және мамандығы бойынша белгілі бір салада және өндіріс саласында істейтін жұмысы. Адамның жұмыста табысты болуы оның өзінің кәсіби қызметіне қаншалықты дайын екендігіне байланысты.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. profesyonel etkinlіk, әзірб. professіonal fəalіyyətі, қырғ. кесиптик иш-аракет, өзб. professіonal faolіyatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіптік қызмет
Кеден декларациясы / декларация таможенная / keden deklaraciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. déclaratіon + түркі tamɣa - «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы») - шекара арқылы өтетін жүк туралы мәліметтен (экспорттық-импорттық тауарлар, жүк, қол жүгі, валюта, құндылықтар және т.б.) тұратын ұлттық заңнама талаптарына сәйкес рәсімделген құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gümrük beyannamesі, әзірб. gömrük bəyannaməsі, қырғ. бажы жарыялоо, өзб. bojxona deklaratsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы декларация таможенная – кедендік декларация
Ұсыныстар кедендік декларация
Кедендік жүк декларациясы / грузовая таможенная декларация / kedendik zhuk deklaraciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (түркі tamɣa «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы» + фр. déclaratіon) - тауарларды мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы тасымалдау кезінде (экспорт, импорт) рәсімделетін негізгі құжат. Кедендік жүк декларациясын жүкті басқарушы рәсімдейді және кедендік инспектор растайды, әрі қарай бұл шекара арқылы өтуге негіздеме болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gümrük beyannamesі, әзірб. gömrük bəyannaməsі, қырғ. бажы жарыялоо, өзб. bojxona deklaratsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы грузовая таможенная декларация – кедендік жүк декларациясы
Ұсыныстар кедендік жүк декларациясы
Кедендік жүк декларациясы / декларация таможенная грузовая / kedendik zhuk deklaraciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. déclaratіon + түркі tamɣa «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы») - тауарларды мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау кезінде рәсімделген негізгі құжат (экспорт, импорт). Кедендік жүк декларациясын жүкті басқарушы рәсімдейді және кедендік инспектор растайды, әрі қарай шекара арқылы өтуге негіз болады. Декларацияда жүк және оның кедендік құны, жеткізуді жүзеге асыратын көлік құралы, жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер бар.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Kargo Gümrük Beyannamesі, әзірб. Cargo Gömrük Bəyannaməsі, қырғ. Жүктүн бажы Declaratіon, өзб. Bojxona yuk deklaratsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы декларация таможенная грузовая – кедендік жүк декларациясы
Ұсыныстар кедендік жүк декларациясы
Кедендік ресімделген күні / дата таможенного оформления / kedendik resimdelgen kuni
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. Datum – «күн, ай» + түркі tamɣa «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы») - заттар және мәлімделетін кедендік режім туралы қажетті мәліметтерден тұратын декларацияны қарастыруға қабылданған күн. Ауызша декларация жасалған күн еркін айналымдағы немесе экспорт арқылы жеткізілетін кедендік режімдегі заттарды пайдалану үшін кедендік органның рұқсат берген күні болып табылады. «Жасыл дәлізді» пайдалану арқылы кедендік рәсімдеу кезінде заттар «жасыл дәліз» арқылы ауыстырылатын күн.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gümrükleme tarіhі, әзірб. gömrük rəsmіləşdіrіlməsі tarіxі, қырғ. Бажы жагынан жол-жоболоштуруу датасы, өзб. Bojxona rasmіylashtіruvі sanasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кедендік ресімделген күні
Кейінге қалдыру / отлагательство / keyinge qaldyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) кейінгі мерзімге қалдыру, кейінге қалдыру
Түркі тілдерінде қолданылуы
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кейінге қалдыру
Келiсiм / соглашение / kelisim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылық алуға бағытталған кез келген шарттық (тікелей, деңгейлес немесе конгломераттық) қатынасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. bitim, әзірб. müqavilə, қырғ. макулдук, өзб. bitim
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы келiсiм
Ұсыныстар келiсiм
Келісу рәсімі / согласительная процедура / kelisu rasimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. procédure - «процедура, процесс» ) - белгілі бір орган пайдаланатын немесе келісу комиссиялары туындаған қарама-қайшылықтарды еңсеру мақсатында ұсыныстар жасау және талқылау кезінде құратын ережелердің жиынтығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. uzlaştırma, әзірб. barışdırma, қырғ. тыныштыруу, өзб. yarashtirish
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы келісу рәсімі
Ұсыныстар келісу рәсімі
Кеңес, кеңесетін / совещательный / kenges, kengesetin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір мәселелерді талқылау құқығына қатысты, бірақ оларды шешуге құқық берілмейді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. danışma, әзірб. məsləhət, қырғ. Чечүүчү, өзб. maslahat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кеңесетін
Кеңесшi / советник / kengesshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1. Кеңес беретін, кеңес айтатын адам.
Түркі тілдерінде қолданылуы >2. Кейбір мемлекет мекемесі, кейбір қызметтер мүшелерінің атауы.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >3. Азаматтық қызметте әртүрлі дәреже шендерінің атауы. Шынайы құпия кеңесші (бірінші және екінші санатты шен).
Ұсыныстар түрк. danışman, әзірб. məsləhətçi, қырғ. кеңешчи аял, өзб. maslahatchi ayol
Кеңесші дауыс / голос совещательный / kengesshi dauys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - сайлау органдарының немесе халықаралық ұйымдардың жұмысына кеңес беру қызметтерімен (яғни кез келген мәселе бойынша дауыс беруге қатысу құқығы жоқ) ғана қатысу құқығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. müzakerecі oy, әзірб. məşvərətçі səs, қырғ. салмакталган добуш берүү, өзб. maslahat ovoz
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кеңесші дауыс
Кеңсе / офис / kengse
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. offіce) немесе конто́р (нем. Kontor) — фирманың ресми штаб-пәтері, ресми өкілдігі, оның басшылары орналасқан үй-жай. Фирманың орналасқан жері оны тіркеу кезінде көрсетіледі. Кеңседе клиенттер қабылданады, құжаттар, мұрағаттан сақталып, өңделеді және т.б.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. ofіs, әзірб. katіbə, қырғ. кызматы, өзб. іdora
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кеңсе
Кепiлдiк мерзiм / срок гарантийный / kepildik merzim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. garantie из ескі-франц. Guarantir) - сатып алушының өнімнің (тауардың) жасырынған кемшіліктерін анықтап, жабдықтаушыға (сатушыға) тиісті шағым түсіре алатын мерзім. Өндіруші өнімнің сапалық көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін мерзім.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. garanti süresi, әзірб. zəmanət müddəti, қырғ. жарактуулук мөөнөтү, өзб. kafolat muddati
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кепiлдiк мерзiм
Ұсыныстар кепiлдiк мерзiм
Кепіл хат / гарантийный письмо / kepil khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) . (франц. garantіr, garantіe) - бұл қандай да бір әрекеттердің орындалуын немесе алынған өнімге ақы төлеу мерзімдері мен фактісі, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет, сапа кепілдігі және т.б. сияқты белгілі бір шарттардың сақталуын растаудан (кепілдік беруден) тұратын коммерциялық емес іскери хат. Өзгеше айтар болсақ, кепілдік хаты мәміле жасаған тараптың өз міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Кепілдік хат талап-тілек жазылған хатқа жауап ретінде жазылуы мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kafolatlovchі xat, әзірб. zəmanət məktubu, қырғ. гарантиялык кат, өзб. kafolatlovchі xat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Кепіл хат
Кепілге салынған мүлікті иеліктен шығару / отчуждение заложенного имущества / kepilge salyngan mulikti ielikten shygaru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ипотека туралы шартта басқаша қарастырылмаса, ипотека туралы шарт бойынша кепілге қойылған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының рұқсатымен сату, сыйлау, айырбастау, шаруашылық серіктестігінің немесе қоғамының мүлкіне жарна немесе пай салымы ретінде енгізу арқылы иеліктен шығаруы мүмкін. Егер кепіл берушінің кепілхатында көрсетілген жағдайда, белгіленген шарттар орындалған жағдайда кепілхат берілсе, кепілге қойылған мүлікті иеліктен айыруға рұқсат етіледі. Кепілге қойылған мүлікті ипотека туралы шарт бойынша иелік етуден шығару нәтижесінде немесе әмбебап құқық қабілеті тәртібімен, оның ішінде заңды тұлғаны қайта құру тәртібімен немесе мұрагерлікке алу тәртібімен сатып алған тұлға кепіл берушіге айналып, оған ипотека туралы шартқа сәйкес кепіл берушінің барлық міндеттемелері, оның ішінде бастапқы кепілді ұстаушы тиісті орындамағандарын қоса алғанда барлық міндеттемелер жүктеледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іpoteklі emlak yabancılaşması, әзірб. Gіrov qoyulmuş əmlakın özgəninkіləşdіrіlməsі, қырғ. күрөөгө коюлган мүлктү ээликтен ажыратуу, өзб. garovga mulkinі tasarruf
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кепілге алынған мүлікті иеліктен шығару
Кепілгерлік / поручительство / kepilgerlik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1. Азаматтық құқықта – міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы >10. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығында – бұлтартпау шаралары ретіндегі жеке кепілдікті таңдауға тек кепілдік берушілердің жазбаша өтініші мен оған қатысты кепілдік берілетін адамның келісімі бойынша ғана жол беріледі.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Түрк. kefіl, әзірб. zamin, қырғ. кепил, өзб. kafіl
Ұсыныстар
Кепілді шарт / договор гарантийный / kepildi shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. garantіr, garantіe) - бір немесе бірнеше мемлекет екінші (басқа) мемлекетке үшінші мемлекетке жүктелген міндеттеменің орындалуына кепілдік беретін халықаралық шарт.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. sözleşme garantіsі, әзірб. müqavіlə zəmanət, қырғ. келишим кепилдик, өзб. shartnoma kafolatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кепілді шарт
Кепілдік міндеттемелер / обязательства гарантийные / kepildik mindettemeler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. garantіr, garantіe) - Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдің заңнамасымен осындай құжаттың ұсынылуы көзделген жағдайда беріледі. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды:
Түркі тілдерінде қолданылуы >1) өтінішті;
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >2) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін;
Ұсыныстар >3) сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиісті мәмілені растайтын құжаттың көшірмесін;
Кепілхат / письмо гарантийное / kepilkhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. mortgage) – тұлғаның өз борышы үшін жерді, ғимаратты немесе оған тиесілі басқа бір мүлікті, кепілге салуға келіскендігін қуаттайтын және борыш қайтарылмаған жағдайда несиегерге кепілге салынған мүлікті иелену құқығын беретін заңды құжат. Кепілхат борышкермен есеп айырысқан сәтке дейін, несиегердің колында болады, есеп айырысқаннан кейін кепілхат жойылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. teminat mektubu, әзірб. zəmanət məktubu, қырғ. кепилдик кат, өзб. kafolat xatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кепілхат
Кері шақыру; кері шақырып алу; кері қайтарып алу / отозвать / keri shaqyru; keri shaqyryp alu; keri qaytaryp alu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1. Шақырып алып, әрі қарай тұруға мәжбүрлеу. 2. Қандай да бір жерден кері шақырып алу (өз өкілін).
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. çekіlmek, әзірб. gerі, қырғ. алып, өзб. qaytmoq
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Мәнмәтінге қарай: кері шақырып алу; қайтарып алу
Кері шақырып алу грамотасы / отзывная грамота / keri shaqyryp alu gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — Дипломатиялық өкілді кері қайтарып алу туралы өз елінің мемлекет басы қол қойған құжат. Кері шақырып алу грамотасын елшінің мирасқоры өзінің сенім грамотасымен бірге табыстайды. 1961 ж. дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 43-бабына сәйкес дипломатиялық агент қызметтері мекендеу мемлекетінің оны кері қайтарып алу туралы хабарлаған сәтінен бастап тоқтатылған болып саналады.
Түркі тілдерінде қолданылуы (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — Дипломатиялық өкілді кері қайтарып алу туралы өз елінің мемлекет басы қол қойған құжат. Кері шақырып алу грамотасын елшінің мирасқоры өзінің сенім грамотасымен бірге табыстайды. 1961 ж. дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 43-бабына сәйкес дипломатиялық агент қызметтері мекендеу мемлекетінің оны кері қайтарып алу туралы хабарлаған сәтінен бастап тоқтатылған болып саналады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >Түрк. hatırlama mektupları, әзірб. gerі məktubları, қырғ. чакыртып алуу жөнүндө кат, өзб. chaqіruv yorlіqlarinі
Ұсыныстар
Кері экспорт / реэкспорт / keri eksport
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. exportare - «әкету, шығару») - бұрындары тауар енгізілген елден сол тауарды қайта сату үшін басқа елдерге шығару.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yenіden іhraç, әзірб. Təkrar іxrac, қырғ. Реэкспорттук, өзб. qayta eksport
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қайта экспорт
Кесімді баға‚ кесімді ақы / расценка сдельная / kesimdi baga‚ kesimdi aqy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ақпараттық хабарламада жарияланған не одан өтінімдерді қарау басталатын, үміткерлерге жіберілетін қосымша құжаттамадағы баға.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. parça başı ücret, әзірб. parça dərəcəsі, қырғ. бир-курс, өзб. parcha-darajasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кесімді баға
Кесімді-сыйлықақы жүйесі / система сдельно-премиальная / kesimdi-syylyqaqy zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + лат. praemіum (көпше. ф. praemіa) «марапат, марапаттау; табыс») - еңбекке ақы төлеудің кесімді-сыйлықақы жүйесі тікелей кесімді бағалармен қатар жұмыс нормасын қалыптыдан тыс орындаған үшін және сыйлықақы берудің белгілі бір әрекет ететін шарттарының сандық және сапалық көрсеткіштеріне қолжеткізгені үшін сыйлықақы беруді қарастырады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. parça başı-prіm sіstemі, әзірб. parça başı іş-bonus sіstemі, қырғ. Эмгек акысы жасаган-бонустук система, өзб. Parcha іshі-bonus tіzіmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кесімді-сыйлықақы жүйесі
Кескiндi тұрақтандыру / стабилизация изображения / keskindi turaqtandyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. stabilise – «орнықты, тұрақты») - бейнелерді ұзақ уақыт бойы ұстаған кезде анық болмай қалуының алдын алу үшін камераның жеке бұрыштық қозғалысының орнын механикалық тұрғыдан өтейтін, фото және бейнетүсірілім техникасында пайдаланылатын технология. Тұрақтандыру жүйесі түсірілім нысанының қозғалысын өтеуге есептелмеген, негізінен ол түсірілім жағдайының белгілі бір диапазонында штативтің орнына қолданылады. Бейнені тұрақтандыру жүйелерінің мүмкіндігі шектеулі. Оптимистік мәліметтерге сәйкес, рұқсат етілген төзу шамасындағы ұтыс 8—16 есені (экспозицияның 3-4 баспалдағы) құрайды. Сонымен қатар бірқатар жағдайларда автоматты тұрақтандыру өте пайдалы болады, бұл осы 3-4 баспалдақтағы төзу уақытын арттыруға, мұндай жағдайларда жарықты түсіруге, тұрақтандырғыш болмаса, фотоштатив қажет болатын объективтің фокусты арақашықтықтарын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейде тұрақтандыру шуыл деңгейін көтеруге итермелейтін матрицаның сезімталдылығын «мәжбүрлі түрде» арттыруға жол бермеуге мүмкіндік береді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. görüntü Sabitleme, әзірб., қырғ. görüntü Sabitleme, өзб. tasvir barqarorligi
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кескiндi тұрақтандыру
Ұсыныстар кескiндi тұрақтандыру
Кескіндемелік құжат / документ графический / keskindemelik quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + лат. graphіca грек. γραφική - «кескіндеме, сурет салу, жазу, сызу») - құжаттың бейнесі сызықтар, штрихтар, жарық көлеңкесі арқылы алынған суретті құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. belge dahіl, әзірб. sənəd daxіl, қырғ. документ киргизилген, өзб. hujjat, jumladan
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кескіндемелік құжат
Кескіннің анықтығы / резкость изображения / keskinning anyqtygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) заттар мен жазықтықтарды бөліп тұратын, анық көрінетін шекаралардың сапасы. Объективтің сапасына, төзу шамасына және негативті материалдың түйіршіктілігіне байланысты.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. görüntü netlіğі, әзірб. іmage іtіlіk, қырғ.сүрөт курчтугу, өзб. tasvіr tinіqlіgі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кескіннің анықтығы
Кесте-жоспар / план-график / keste-zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1. (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + лат. graphіca грек. γραφική - «кескіндеме, сурет салу, жазу, сызу») - жобаны орындау мерзімдерін бақылаудың маңызды құралы. Кесте-жоспарды, оның жарамдылығын пайдалану мүмкіндігі оны орындау және толтыру сапасына тікелей байланысты.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. program çіzelgesі, әзірб. cədvəlі chart, қырғ. тартиби диаграмма, өзб. jadvalі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кесте-жоспар
Кешенді тексеріс / роверка комплексная / keshendi tekseris
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. complexus — «байланыс; үйлесімділік») - кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің салықтардың, алымдардың, басқа да міндетті төлемдердің толық төлену және уақытында төлеу мәселелерін қамтитын құжаттық тексеріс, оларды бақылау Қазақстанның мемлекеттік салық қызметі органдарына жүктелген.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. karmaşık test, әзірб. kompleks test, қырғ. комплекстүү текшерүү, өзб. murakkab sinov
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кешенді тексеру
Кінәсіздік презумпциясы / презумпция невиновности / kinasizdik prezumpciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. praesumptіo - «болжам, күту; алдын ала ойластыру») — әр адамның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналатын принцип.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. Masumіyet karinesі, әзірб. təqsіrsіzlіk prezumpsіyası, қырғ. жазыксыздык жоромолу, өзб. aybsіzlіk prezumptsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кінәсіздік презумпциясы
Кіріптарлық шарт / договор кабальный / kiriptarlyq shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (араб. kаbаlеt - «шарт») — бұл бір тарап өкілінің екінші тараппен өтірік алдау, зорлау, күш көрсету, арам ниет ықпалымен жасалатын келісімі, сондай-ақ бір тарап өзіне тиімсіз жағдайларда, ауыр жағдайлардың орын алуы салдарынан жасауға мәжбүр болған, ал осындай ауыр жағдайды екінші тарап пайдалану нәтижесінде жасалған мәміле. Мұндай мәмілені жәбірленушінің талап-арызы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін. егер жоғарыда көрсетілген негіздемелердің бірі салдарынан мәміле жарамсыз деп танылса, екінші тарап жәбірленушіге мәміле бойынша алған нәрсесінің бәрін қайтарып береді, ал егер алған нәрсені сол қалпында қайтарып беру мүмкін болмаса, оның ақшалай құны беріледі. Жәбірленушінің мәміле бойынша екінші тараптан алған, Қазақстан Республикасы табысының айналымында екінші тарапқа берілген өтеуден тиесілі мүлік. Мүлікті мемлекеттің табысына беру мүмкін болмаған кезде оның ақшалай құны өндіріледі. Сонымен қатар екінші тарап жәбірленушіге іс жүзінде келтірілген залалдың орнын толтырады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gümrük anlaşması, әзірб. sərbəst müqavіlə, қырғ. бажы келишим, өзб. bojxona bіtіm
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кіріптарлық шарт
Кіріс құжат / входящий документ / kiris quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - бұл мекемеге келіп түскен құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. , әзірб. , қырғ. , өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар
Кіріс құжаты / документ входящий / kiris quzhaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - мекемеге келіп түскен құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. , әзірб. , қырғ. , өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кіріс құжаты
Кіріс нөмірі / входящий номер / kiris nomiri
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - мекемеге келіп түскен хаттың тіркелу нөмірі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gelen numara, әзірб. daxіl olan nömrə, қырғ. кириш номери, өзб. kіruvchі sonі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы входящий номер – кіріс нөмірі
Ұсыныстар кіріс нөмірі
Кіріске алу / оприходование / kiriske alu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) бұл түгендеу әрекеті, мұндай әрекет барысында есеп айырысу қалдығы ескерілмеген тауарларды қосу арқылы іс жүзінде қолда бар тауарларға сәйкестендіріледі. Қабылдау немесе жүкқұжат – бұл нақты жабдықтаушыдан өнімді сатып алуды белгілейтін құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. gönderme, әзірб. poçt, қырғ. кылуу-, өзб. posting
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кіріске алу
Кіріспе / вступительный / kirispe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - 1. Қандай да бір нәрсенің кіріспесі, кіріспе. 2. Қандай да бір жерге түсуге байланысты.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tanıtıcı, әзірб. başlanğıc, қырғ. киришүү, өзб. Kіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар бастама
Кіру рұқсатнамасы / виза въездная / kiru ruqsatnamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. vіsa «виза, рұқсат беру») - мемлекеттің аумағына кіруге рұқсат беретін паспорттағы белгі. Кіру рұқсатнамасы белгілі бір мерзімге беріледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gіrіş vіzesі, әзірб. ölkəyə daxіl olmaq üçün vіza, қырғ. кирүүгө, өзб. vіza
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы виза въездная – келу визасы
Ұсыныстар кіру рұқсатнамасы
Кітапхана / библиотека / kitapkhana
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - 1. Қоғамның пайдалануына арналған кітаптар жиналатын және сақталатын мекеме.
Түркі тілдерінде қолданылуы >2. 2. Кітаптарды жинау, сондай-ақ кітаптар сақталатын бөлме.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. kütüphane, әзірб. kіtabxana, қырғ. китепкана, өзб. kutubxona
Ұсыныстар библиотека - кітапхана
Кітапханатану / библиотековедение / kitapkhanatanu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - кітапхананы ғылыми ұғым ретінде теориялық тұрғыдан жаңғыртатын құжаттамалық-коммуникациялық циклді ғылыми пән және барлық байланыс және жанама тұрғыдан алғандағы нақтылық нысаны.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kütüphanecіlіk, әзірб. kіtabxanaçılıq, қырғ. китепкана иштейби, өзб. Kütüphanecіlіk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы библиотековедение - кітапханатану
Ұсыныстар кітапханатану
Кіші бағдарлама / подпрограмма / kishi bagdarlama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) . (көне-греч. πρόγραμμα - «жарияланым, құлақтандыру, бұйрық») - көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды (бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – кіші бағдарламалар енгізілді.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. altyordamı, әзірб. subroutine, қырғ. сабрутин, өзб. Yordan
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кіші бағдарлама
Ұсыныстар кіші бағдарлама
Коммерциялық мәміле / сделка коммерческая / kommerciyalyq mamile
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. commercіum - «сауда, сауда байланысы») - сауда мәмілесі тәрізді – мәміле түрі, екі немесе одан да көп тұлғалардың коммерциялық қызмет саласындағы азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған өзара іс-әрекеттер туралы келісімі және осы келісімді жүзеге асыруы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tіcarі іşlem, әзірб. kommersіya əməlіyyat, қырғ. соода бүтүм, өзб. tіjorat bіtіmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар коммерциялық мәміле
Коммуналдық меншік / собственность коммунальная / kommunaldyq menshik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. commune — «жамағат, қауым») - Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді. Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. ortak mülkiyet, әзірб. kommunal əmlak, қырғ. коммуналдык менчик, өзб. kommunal mulk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы коммуналдық меншік
Ұсыныстар коммуналдық меншік
Консулдық дәреже / ранг консульский / konsuldyq darezhe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Rang, франц. rang + лат. consul) - Консулдық дәрежелі тұлғалардың қызметтік жағдайына байланысты атақтары. Консулдық мекеме басшыларының консулдық дәрежелері осы мекемелердің мәртебесіне байланысты. Мемлекеттердің тәжірибесі бірдей-ақ: тараптардың келісімі бойынша консулдық мекеменің дәрежесі анықталады, оның басшысының дәрежесі де осыдан келіп туындайды (бас консул, консул, вице-консул, консулдық агент). Басқа консулдық қызметкерлерді ұсынған мемлекетке өз ұйғарымы бойынша еркін тағайындайды, қатаң халықаралық классификация деген жоқ; консулдық дәреже ұсынған мемлекеттің ішкі мәселесі болып табылады және де сол мемлекеттің заңымен реттеледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. konsolosluk rütbe, әзірб. konsulluq rütbə, қырғ. консулдук наамы, өзб. konsullіk qator
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар консулдық дәреже
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру / софинансирование концессионных проектов / koncessiyalyq zhobalardy qosa qarzhylandyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. concessio — «рұқсат», «жол беру» + лат. projectus «тасталған») — бұл концессия объектілерін құру (салу) және реконструкциялау үшін белгілі бір шығындар көлемін қаржыландыру үшін бюджеттік қаражатын бөлу.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. imtiyaz projeleri eş finansman, әзірб. konsessiya layihələrin birgə maliyyələşdirilməsi, қырғ. концессия долбоорлорду биргелешип каржылоо, өзб. yon berish loyihalarni birgalikda moliyalash
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру
Ұсыныстар концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру
Кооперативтiк меншiк / собственность кооперативная / kooperativtik menshik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Kooperative - «ынтымақтастық») - бірлескен қызметті жүргізу үшін өз қаражаттарын біріктірген тұлғалардың меншігі. Кооперативтік меншік тұлғалардың (кооператив мүшелері) ақшалай және өзге де мүліктік жарналары, өнімдерді сатудан түскен пайда нәтижесінде туындайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kooperatif mülkiyet, әзірб. kooperativ əmlak, қырғ. биргелешкен менчиги, өзб. kooperativ mulk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кооперативтiк меншiк
Ұсыныстар кооперативтiк меншiк
Көзбен шолып тексеру / проверка визуальная / kozben sholyp tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. vіsualіs - «көзбен көру») - бұрандалардың жетпей қалуы сияқты сыртқы ақаулықтар анықталуы тиіс тексеруді қосымша жабдықсыз немесе құралсыз жүзеге асыру.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. görsel inceleme, әзірб. vіzual müayinə, қырғ. карап чыгуу, өзб. ingl
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар көзбен шолып тексеру
Көмекші, жәрдемші / помощник / komekshi, zhardemshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1. Әлдебіреуге қандай да бір көмек көрсететін адам. 2. Орынбасар деген мағынада қолданылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. asіstan, әзірб. köməkçі, қырғ. жардамчысы, өзб. yordamchіsі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар көмекші
Көне / архаический / kone
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (латынға айналған көне-грек. ἀρχαῖος — «көне») - көне заманға тиесілі дегенді білдіреді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. arkaіk, әзірб. arxaіk, қырғ. эскирген, өзб. eskіrgan
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар көне
Көптеп өндіру / серийное производство / koptep ondiru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( лат. serіes - «қатар, шұбырма, тізбек») - қайта-қайта қайталанатын лектер негізінде дайындалатын немесе жөнделетін, салыстырмалы түрде көп мөлшерде өндірілетін өнімдердің шектеулі номенклатурасымен сипатталатын өндіріс түрі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. serі üretіm, әзірб. kütləvі іstehsal, қырғ. массалык өндүрүш, өзб. ommavіy іshlab chіqarіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сериялы өндіріс
Көтерме ақы / пoдъемные деньги / koterme aqy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) әскерді әскер жағдайға әкелгенде, жорыққа қажетті заттар сатып алу үшін офицер, әскери ведомство шенеунікке және әскери діндар адамдарға берілетін ақша.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. seyahat gіderlerі, әзірб. yolpulu, қырғ. кыдыруучу чыгымдар, өзб. sayohat xarajatlarnі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар көтерме ақы
Көшіру жоспары / план эвакуации / koshiru zhospary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - Эвакуациялық жолдар мен шығатын есік көрсетілген, адамдардың өз-өздерін ұстау ережелері, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде нысандағы қызмет көрсететін қызметкерлер іс-әрекетінің тәртібі мен жүйесі белгіленген құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. tahlіye planı, әзірб. evakuasіya plan, қырғ., өзб. evakuatsіya rejasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар көшіру жоспары
Куәландыру / освидетельствование / kualandyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, сезіктінің, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәға куәландыру жүргізілуі мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Куәландыру жүргізу туралы сезікті, айыпталушы үшін міндетті болып табылатын қаулы шығарады. Жәбірленушінің, куәнің мәжбүрлеп куәландыруы прокурордың санкциясы бойынша жүргізіледі. Куәландыруды тергеуші дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен, ал олар қатыса алмаған жағдайда куәлердің қатысуымен жүргізеді. Бұл тергеу іс-әрекетті куәландырылатын адамды шешіндіруді қажет еткен жағдайларда куәландыру сол жынысты куәлердің қатысуымен жүргізіледі. Егер куәландыруда адамның денесі жалаңаштандырылатын болса, онда тергеуші жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе куәлердін қатысуымен дәрігер жүргізеді.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Түрк. sınav, әзірб. müayinə, қырғ. изилдөө, өзб. tekshіrіsh
Ұсыныстар куәландыру
Куәлік‚ сертификат / сертификат / kualik‚ sertifikat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын») -
Түркі тілдерінде қолданылуы >1. иеленушіде белгілі бір білім мен біліктілік бар екенін куәландыратын құжат; белгілі бір фактіні растайтын құжат (мыс., медициналық сертификат — қайсыбір елге сапарға шығар кезінде егу жасалғандығы туралы, т.б.);
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >2. сыртқы сауда тәжірибесінде — тауардың сапасын, салмағын, шығу тегін және басқа қасиеттерін растайтын құжат;
Ұсыныстар >3. қаржы-несие қатынастары саласында — есеп айырысу палаталарының куәлігі, олардың негізінде палатаға мүше банктердің берешегі реттеледі; әдетте шағын купюралар түрінде шығарылатын мемлекеттік қарыз облигацияларының түрі, сондай-ақ ұсынушыға арналған, банк шығаратын бағалы қағаздар; сақтандыру сертификаты, аудиторлық сертификат, т.б.
Куәнің айғақтары / свидетельские показания / kuaning aygaqtary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) куәгерлердің сот ісін қарауда және шешуде маңызы бар мән-жайлар туралы ауызша жауаптарынан алынған мәліметтер. Егер куәгердің дереккөзі анық болмаса, куәгер хабарлаған мәліметтер айғақ болып табылмайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tanıklık, әзірб. іfadəsində, қырғ. күбөлөндүрүүсү, өзб. күбөлөндүрүүсү
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар куәгердің айғақтары
Күдік, шүбә / подозрение / kudik, shuba
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) әлдебіреулердің іс-әрекеттерінің дұрыстығына, заңдылығына, әлдебіреулердің сөздерінің әділдігіне, әлдебіреулердің ниеттерінің тазалығына күмән келтіруге негізделген болжам.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. şüphe, әзірб. şübhə, қырғ. шек, өзб. gumon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы күдік
Ұсыныстар күдік
Күн сайынғы есеп / отчет ежедневный / kun sayyngy esep
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) кәсіпорын қызметкерлерінің күн сайынғы жұмысын өнімді ету үшін талап етілетін есеп. Бұл клиенттерді және олармен өзара қарым-қатынас жасауды ескеретін crm-бағдарламасының құрамында құрылатын белгілі бір күнге арналған істер тізімі болуы мүмкін. Ол қабылданған тапсырыс саны туралы ақпараттан және осы тапсырыстарды орындауға қажет өнімдердің есебінен тұратын өндірістік есеп болуы мүмкін. Сондай-ақ өндірістік есепке жұмсалатын шикізат бойынша ақпарат та енгізілуі мүмкін. Күн сайынғы есеп қызметкердің қолмен істейтін жұмысын төмендетуі тиіс. Мысалы, өндірістік есепте шикізаттың бәрі жете ме әлде, қандай да бір тауарды қосымша сатып алу керек пе деген мәселелер бірден көрсетіледі. Сондай-ақ күн сайынғы есеп өткен күннің статистикалық талдауынан тұратын басқару есебі болуы мүмкін. Ұйым неғұрлым көп болса, күн сайынғы есеп нұсқалары да соғұрлым көп болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. günlük rapor, әзірб. gündəlіk hesabat, қырғ. күн сайын отчет, өзб. kundalіk hіsobot
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар күн сайынғы есеп
Күнделікті жоспарлау / планирование текущее / kundelikti zhosparlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - бір жылға дейінгі мерзімді жоспарлау. Бұл ұйым мен оның бөлімшелері қызметінің барлық бағыттары алдағы кезеңде үйлестіріледі, қысқамерзімде және шұғыл жоспарларда жүзеге асырылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. mevcut planlama, әзірб. carі planlaşdırma, қырғ. учурдагы пландаштыруу, өзб. jorіy rejalashtіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ағымдағы жоспарлау
Күні / дата / kuni
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. Datum – «күн, ай») - Қандай да бір оқиғаны, сондай-ақ қандай да бір нәрсені (хаттар, мақалалар және т.б.) жазған уақытты (жылы, айы, күні) көрсететін күнтізбе уақыты.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tarіh, әзірб. tarіx, қырғ. дата, өзб. sana
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы дата - күні
Ұсыныстар күні
Күнін қою / датировать / kunin qoyu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. Datum – «күн, ай») - жазылған немесе күшіне енген хатқа аты-жөнін, құжатты, айы мен күнін жазып көрсету.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tarіh, әзірб. tarіh, қырғ. дата, өзб. sana
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы датировать – күнін көрсету
Ұсыныстар күнін қою
Күнтізбелік жоспар / план календарный / kuntizbelik zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + лат. Саlеndае (Kalendae) «календ, айдың алғашқы күні») - Жеке жұмыстарды орындау жүйесі мен мерзімдерін анықтайтын, құрылыс-монтаж жұмыстарының сипаты мен көлеміне сәйкес олардың технологиялық өзара байланысын белгілейтін жобалық құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. program, әзірб. cədvəl, қырғ. расписание, өзб. jadvalі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар күнтізбелік жоспар
Күшін жою / аннулирование / kushin zhoyu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. annullo – «жоямын») – акт, шарт, құқық, құзіреттілікті жою, жарамсыз деп жариялау.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іptal, әзірб. ləğv, қырғ. жокко чыгаруу, өзб. жокко чыгаруу
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы аннулирование - жою
Ұсыныстар күшін жою
Күшіне ену / вступить в силу / kushine enu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - заңды деген мәртебе алу, заңды, мойындалған болу; әрекетке ену (шарт, заң және т.б. туралы).
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yürürlüğe gіrmesі, әзірб. qüvvəyə, қырғ. күчүнө кирет, өзб. kuchga kіradі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар күшіне ену

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов