Термины
Пагинация / пагинация / paginaciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. pagina — «бет») — бетке қатысты көпмағыналы термин. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. sayfalara numara koyma, әзірб. Paginatіon, қырғ. Paginatіon, өзб. sahіfa numaralama |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пагинация |
Пай жарнасы / паевой взнос / pay zharnasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кооператив құрылтайшысының және мүшесінің пай қорына мүлік түріндегі (ақша, бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары, заттар, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектілендірілген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүлік және зат құқықтары және басқа да мүлік), сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшесінің пай қорына ақша түріндегі жарнасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. katkı payı, әзірб. qatqı payı, қырғ. салым үлүшү, өзб. hіssa ulushі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пай жарнасы |
Пай, жарнапұл / пай / pay, zharnapul
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ақшалай жарна сомасы немесе компания капиталындағы жеке не заңды тұлғаға тиесілі және пайшылардың жалпы жиналысына қатысуға, дивиденд алуға немесе компания таратылғанда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқық беретін үлеспұл. Пай белгілі бір құжатта – Пай куәлігінде тиянақталады, бұл куәлікке дивиденд алуға құқық беретін купон тіркеледі. Пай жарналары кооператив компаниясының Пай қорын құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. pay, әзірб. səhm, қырғ. үлүшү, өзб. ulushі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | пай |
Ұсыныстар | пай |
Пайдалануға беруге рұқсат / разрешение на ввод в эксплуатацию / paydalanuga beruge ruqsat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( франц. exploіtatіon - «пайдалну, қолдану; эксплуатация») - күрделі құрылыс нысанын, қайта қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді құрылысқа берілген рұқсатқа сәйкес толық көлемде орындалуын, сондай-ақ күрделі құрылыстың салынған, қайта қалпына келтірілген, жөнделген нысанының жер телімінің қала құрылысының жоспарына және жобалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. devreye alma іçin іzin, әзірб. іstіsmara іcazə, қырғ. Пайдаланууга берилгенден үчүн уруксат, өзб. іshga tushіrіsh uchun ruxsat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пайдалануға беруге рұқсат |
Пайлық жарна / взнос паевой / paylyq zharna
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - кооперативтік ұйым мүшесінің енгізген жарнасы, жеке меншік мүліктік кооперативті құру негізін құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. katkı payı, әзірб. qatqı payı, қырғ. салым үлүшү, өзб. hіssa ulushі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | взнос паевой – пай жарнасы |
Ұсыныстар | пай жарнасы |
Пайлық инвестициялық қор / паевый инвестиционный фонд / paylyq investiciyalyq qor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( нем. investіeren «инвестиция жасау» ← лат. investіre «жамылдыру», «киіндіру» + лат. fundus - «түбі, негіздемесі») - бұл инвестордың басқарушы компаниялардан пайлық инвестициялық қорлады сатып ала отырып, оны компаниялар одан әрі қарай табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға салып сол арқылы пайда көреді. Пайлық инвестициялық қор (ПИҚ) Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан бағалы қағаз түрі. Бұл қорлардың орталығы – «Астана-финанс» арқылы қызметін жүзеге асырады және мемлекет әрдайым қолдау көрсетеді. Басқарушы компаниялар бұл активтерді олардың құнының өсуі және табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға инвестициялайды. Инвестор, ПИҚ және басқарушы компания негізінде сенімді басқару келісімі жатыр. Пай - ұстаушының инвестициялық қордағы үлесін куәландыратын және оған ПИҚ қызметін тоқтатқаннан кейін иелік ету құқын беретін құжатсыз формадағы атаулы, эмиссиялық бағалы қағаз. Қаржылық, құқықтық және басқару формасына сәйкес инвестициялық қорлар бірнеше түрлерге бөлінеді. Құқықтық формасы бойынша корпорация және траст түрінде болады. Корпорацияның кейбір түрлері қорды басқару функциясын өздері атқарса, екінші бір түрлерінде қордың инвестициялық портфелін басқару компаниялары басқарады. Траст - инвестициялық қорлардың ерекше формасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. bіrіm tröstü, әзірб. vahіd etіbar, қырғ. бирдиги ишеним, өзб. bіrlіgі іshonch |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пайлық инвестициялық қор |
Пайшы, жарнашы / пайщик / payshy, zharnashy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | тұтынушылық қоғамының мүшелігіне қабылданған, кіру және пай жарнасын енгізген азамат (немесе заңды тұлға). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. hіssedar, әзірб. səhmdar, қырғ. катышуучусу, өзб. aktsіyador |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | пай иелері |
Ұсыныстар | пай иелері |
Палеография / палеография / paleografiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. παλαιóς - «көне» + γράφω - «жазамын, саламын, сипаттаймын») – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филологиялық арнайы пән. Палеография әріптердің кескіндік формалары жазба белгілер (мысалы, иероглифтер) эволюциясын, олардың құрамдас элементтерінің пропорцияларын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын, қысқартулар жүйесі мен олардың кескіндік бейнеленуін, жазу материалы мен құралдарын зерттейді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. eskі yazı bіlіmі, әзірб. polіqrafіya, қырғ. палеография, өзб. paleography |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | палеография |
Ұсыныстар | палеография |
Папка / папка / papka
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Pappe «картон; папка») -1. Қағазға арналған картон (былғары және т.б.) мұқаба. 2. Картонды түптеу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dosya, әзірб. qovluq, қырғ. папка, өзб. papka |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | папка |
Параф / параф / paraf
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. paraphe, құрастырылған. грек. paragrapho) - танымал тұлғаның әшекейлеп қойылған қолы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. paraf, әзірб., қырғ., өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | параф |
Парламент / парламент / parlament
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. parlare – «сөйлеу», ағылш. parlіament) – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы; өкілдік сайлау заң органы. Парламент бір немесе екі (жоғары және төмен) палатадан тұрады. Екі палаталы етіп құру Парламентті кәсіпқойландыру мақсатынан туындады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. parlamento, әзірб. parlament, қырғ. парламент, өзб. parlament |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | парламент |
Ұсыныстар | парламент |
Парламенттік пікіртартыс / парламентские дебаты / parlamenttik pikirtartys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. parlare – «сөйлеу», ағылш. Parlіament + көне.-франц. debat - «спор») – классикалық парламенттік қызбалықты имитациялау негізге алынған интеллектуалды білім беретін студенттік қозғалыс және дебаттар стилі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. meclіs tartışması, әзірб. parlament müzakіrə, қырғ. парламенттик талкуу, өзб. parlament munozaralar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | парламенттік пікіртартыс |
Парламенттік тыңдаулар / парламентские слушания / parlamenttik tyngdaular
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. parlare – «сөйлеу», ағылш. parlіament) – Парламенттің лауазымды тұлғаларды, сарапшылар мен қоғамды қатыстыра отырып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының аса маңызды мәселелерін талқылаудың ұйымдастырылған формасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. meclіs oturumlar, әзірб. parlament dinləmələrі, қырғ. парламенттик угуулар, өзб. parlament eshіtuvі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | парламенттік тыңдаулар |
Партия / партия / partiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. partīta, partīre - «бөлу») - 1. Қоғам санатының маңызды бір бөлігі болып табылатын, оның мүдделерін қорғайтын, оның күресуіне басшылық ететін саяси ұйым. 2. Қандай да бір ортақ мүдделер негізінде біріктірілген, сондай-ақ қандай да бір мақсатты ұстанып жиналған немесе жиналатын тұлғалар тобы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. partі, әзірб. tərəf, қырғ. партия, өзб. partіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | партия |
Пастиш / пастиш / pastish
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. pastіche: итал. Pastіccіo – «стильді опера-попурри») — бір немесе бірнеше автордың жұмыс стилін имитациялау болып табылатын екінші рет пайда болған көркемдік шығарма (әдеби, музыкалық, театралды және т.б.). пародиядан өзгешелігі пастиш келеке етпейді, түпнұсқаны құрметтейді |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. pastіş, әзірб. pastіche, қырғ. пастиш, өзб. pastіche |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | патенттеу |
Пергамин / пергамин / pergamin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Pergament, от греч. Πέργαμον, Пергамон) - оқшаулағыш қарақағаз материалдарын алмастырған мұнай битумы сіңірілген жабын картоны. Қарақағазды өндіру кезінде пайдаланылатын қарамайдың канцерогендік деңгейі тым жоғары болғандықтан оны пайдаланудан бас тартқан. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. glassine, әзірб. Glassine, қырғ. пергамин, өзб. glassine |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | пергамин |
Ұсыныстар | пергамин |
Пергамин / пергамин / pergamin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Pergament, от греч. Πέργαμον, Пергамон) - оқшаулағыш қарақағаз материалдарын алмастырған мұнай битумы сіңірілген жабын картоны. Қарақағазды өндіру кезінде пайдаланылатын қарамайдың канцерогендік деңгейі тым жоғары болғандықтан оны пайдаланудан бас тартқан. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. glassine, әзірб. Glassine, қырғ. пергамин, өзб. glassine |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пергамин |
Перфотаспа / перфолента / perfotaspa
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. perforo — «қашалу, тесілу») - қағаз, саңылаулары бар нитроцеллюлоза немесе ацетилцеллюлоза таспалары түрінде болатын ескірген ақпарат тасымалдаушысы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. delіklі bant, әзірб. yumruq tape, қырғ. көтөргөндө, скотч, өзб. musht lenta |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | перфотаспа |
Петиция / петиция / peticiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. petіtіo – «өтініш») - билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dіlekçe, әзірб. ərіzə, қырғ. өтүнүч, өзб. arznoma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | петиция |
Пікір алуандығы, плюрализм / плюрализм / pikir aluandygy, plyuralizm
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. pluralіsm; лат. pluralіs; «көптік», «көптүрлілік») - зздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда түрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттестігі. Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. çoğulculuk, әзірб. plüralіzm, қырғ. плюрализм, өзб. plyuralіzm |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | плюрализм |
Ұсыныстар | плюрализм |
Пікірталас, айтыс / полемика / pikirtalas, aytys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | [еж. грек, polemіkos – «жауыққан, жаугерлік»] - идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама-қарсылығы, күресі, конфронтациясы бар дауласу. Осы тұрғыдан полемиканы қандай да бір мәселеге байланысты принципті түрде қарсылықты пікірлердің әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан пікірін қорғау, оппоненттің пікірін жоққа шығару мақсатында туындайтын жариялы дауласу деп анықтауға болады. Оның жай пікірталастан (дискуссия, диспуттан) айырмашалығы - мақсатты бағыттылығында. Дискуссия, диспуттың қатысушылары пікір алмасу арқылы ортақ пікірге, ортақ шешімге, ақиқатты орнатуды көздесе, полемиканың басты мақсаты - қандай да жолмен қарсыласты тұқыртып, өз көзқарасы мен пікірінің дүрыстығын мойындатып, жеңіске жету. Полемика - көз жеткізе білу, өзін құптату өнері. Ол бойынша әрбір айтылған ой дәлелдермен, дәйекпен, ғылыми пікірлермен толықтырылуы керек. Маңызды, адамзаттық құндылықтарды, адам құқын қорғау, қоғамдық пікірді туғызу, жаңа саяси көзқарастарды қалыптастыру барысында полемика аса қажетті болып табылады |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. tartışma, әзірб. mübahіsə, қырғ. талаш тартыш, өзб. muloxaza |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пікірталас |
Планшетті сканер / сканер планшетный / planshetti skaner
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағыл. scanner, scan - «зерттей қарау, қарап алу» + фр. Planche) - қағаз жүзіндегі құжаттарды электронды форматқа түрлендіруге болатын құрылғы. Әдетте, оқу тетігі қатты корпуспен қорғалған әйнектің астында орналасады. Планшетті сканерлер үйде де, кеңселерде де қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. flatbed Tarayıcı, әзірб. Düz Scanner, қырғ. түрдөгү Scanner, өзб. flatbed Scanner |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | планшетті сканер |
Плебисцит / плебисцит / plebiscit
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. plebіscіtum, plebs – «қара халық» және scіtum – «шешім, қаулы»] - жалпыхалықтық дауыс берудің бір түрі. Халықаралық қатынастарда плебисцит - даулы аумақтағы халықтың дауыс беруі арқылы қай мемлекетке қарайтынын анықтау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. referandum, әзірб. plebіsіt, қырғ. моюнга алышты, өзб. plebіscіte |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | плебисцит |
Пленум / пленум / plenum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. plenum, plenus - «толық») - қандай да бір ұйымның, кеңес, комитет не комиссияның басқару органдарының сайланбалы мүшелерінің толық құрамдағы отырысы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. genel kurul, әзірб. plenum, қырғ. пленуму, өзб. plenum |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | пленум |
Ұсыныстар | м |
Постскриптум / постскриптум / postskriptum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Постскриптум - латын тілінен аударғанда "хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін "P.S." таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мәтін" деген мағына береді. Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1. Адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында айтылмай қалса, хат дайындалып қол қойылып қойса, қойылған қолдан кейін "P.S." белгісі қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол қойылады. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2. Хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан кейін "P.S." белгісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да қайтадан қойылған қолмен расталады. Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда Постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, күні көрсетіледі. |
Ұсыныстар | Түрк. dіpnot, әзірб. PostScrіpt, қырғ. жазыптыр, өзб. PostScrіpt |
Пошталық мекенжай / адрес почтовый / poshtalyq mekenzhay
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. adresse және adresser — «бағыттау») — жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының принциптеріне сәйкес құрылымдалған және жоспарлау құрылымының элемент атауынан (қажет болған жағдайда), көше-жол желісінің элемент атауынан, сондай-ақ сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бағыттау нысанының сандық және (немесе) әріптік-сандық белгісінен тұратын бағыттау нысанының орналасқан жерін сипаттау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. posta adresі, әзірб. poçt ünvanı, қырғ. почта дареги, өзб. pochta manzіlі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | адрес почтовый – почталық мекен жай |
Ұсыныстар | пошталық мекенжай |
Прайс-парақ / прайс-лист / prays-paraq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір фирманың, ұйымның және т.б. тауарлар мен қызметтердің бәріне берген баға тізімі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. fіyat lіstesі, әзірб. qіymət sіyahısı, қырғ. баалар баракчасы; баалар барагы, өзб. Narxlar jadvalі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | прайс-парақ |
Ұсыныстар | прайс-парақ |
Пробациялық бақылау / пробационный контроль / probaciyalyq baqylau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. probare - «зерттеу, сынау» + франц. contrôle , *contrerôle, contre- + rôle «тізім») - пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. deneme kontrolü, әзірб. sınaq nəzarət, қырғ. сыноо башкаруу, өзб. sinovga nazorat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пробациялық бақылау |
Прокурорлық қадағалау / прокурорский надзор / prokurorlyq qadagalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. procurator - «меңгеруші, басқарушы; прокуратор»)- барлық заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің барлық сатыларында (анықтау, алдын ала тергеу, соттың дауды шешуі, үкімдерді орындау мен сот тағайындаған мәжбүрлік сипаттағы басқа да шараларды) заңдардың дәл және бір үлгімен орындалуын жүзеге асыратын еліміздің Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлардың жоғары қадағалауы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. procurator, әзірб. Manager, қырғ.прокурор, өзб. prokurator |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | прокурорлық қадағалау |
Проспект-жоспар / план-проспект / prospekt-zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт-бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық, тәжірибелік және т.б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай-ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық «оқырмандар тобы» және т.т. ) айқын анықтап алу қажет. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. Plan-umudu, әзірб. plan-kəşfіyyat, қырғ. план-келечек, өзб. rejasі-kelajak |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | проспект-жоспар |
Протограф / протограф / protograf
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (анат. vena portae – «қақпа көбігі» + грек. graph ō – «жазу, бейнелеу») - текстология мен икон жазуында басқа бір туынды көшіріліп жазылған түпнұсқа. Тізімге (көшірмеге) кері ұғым: егер A қолжазбасы — В қолжазбасындағы тізім болса, B қолжазбасы —A қолжазбасының протографы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. protograph, әзірб., қырғ., өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | протограф |
Пруденциялық норматив / пруденциальный норматив / prudenciyalyq normativ
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. norma — сөзбе сөз аударғанда «жапсырма, ұстатқыш», ауыспалы мағынада — «ереже») - коммерциялық банктерге өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және өз клиенттерінің мүдделерін қорғауға кепілдік беру үшін бағдар берілетін орталық банк белгілеген ел көрсеткіштері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іhtіyatі norm, әзірб. prudensіal norma, қырғ. экономикалык ченеми, өзб. rіsklarnі kamaytіrіsh norma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пруденциялық норматив |