В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Раккорд / раккорд / rakkord
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. raccord — «бекіту, байланыстыру») — әдетте төменгі жағына бекітілген киноүлдір (фильмкөшірмесі немесе бөлігі), фотоүлдір немесе магнит таспасын қорғауға немесе қуат беруге арналған істен шыққан немесе жарамды учаске.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Raccordo, әзірб. Raccordo, қырғ.раккорд, өзб. Raccordo
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар раккорд
Ранг, дәреже / ранг / rang, darezhe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Rang, франц. rang) - белгілі бір мемлекеттік қызметкерлерге берілетін дәреже. Мыс., теңіз флотында бірінші, екінші рангты капитаны атақтары бар; Ранг, математикада — матрица минорларының нөлден өзгеше ең жоғарғы реті. Ранг Матрицаның сызықтық тәуелсіз жолдарының (немесе бағаналарының) ең үлкен санына тең.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rütbe, әзірб. rütbə, қырғ. катар, өзб. unvon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы дәреже
Ұсыныстар дәреже
Рантье / рантье / rantye
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. Rentіer, rente — «рента») — рента есебінен, яғни банктік салым, құнды қағаздар, табыс әкелетін жылжымайтын мүлік, жер, бизнес капиталынан түсетін табыс, сондай-ақ авторлық құқықтар мен қаламақы есебінен өмір сүретін тұлғалар.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rantіye, әзірб. kompanіyasının, қырғ., өзб. rentіer
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рантье
Раритет / раритет / raritet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. rarіtas - «сирелгендік; сиректік») - қандай да бір тарихи құндылығы бар, көне заманда пайда болған сирек кездесетін зат. Сонымен қатар оған ұқсас зат жоқ немесе саны шектеулі және коллекционерлердің қызығушылығын тудыратын жай ғана қарапайым әрі ерекше зат та раритет деп аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. seyreklіk, әзірб. matah, қырғ. сейрек, өзб. kamnamo
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Сирек кездесетін
Растау хаты / письмо-подтверждение / rastau khaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) құжаттардың жөнелтілгенін, қандай да бір іс-шараға қатысуды және т.б. фактілерді растайтын хат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. teyіt mektubu, әзірб. təsdіq məktubu, қырғ. ырастоо кат, өзб. tasdіqlash maktub
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар растау хаты
Ратификациялық грамота / ратификационная грамота / ratifikaciyalyq gramota
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. ratіfіcatіo, лат. ratus — «шешілген, бекітілген» және facere — «жасау») - халықаралық шарттың ратификациясын растайтын құжат. Әдетте, оған елбасы (үкімет) қол қояды, шетел істерінің министрі куәландырады. Ратификациялық грамота көп тарапты шарт депозитарийіне сақтауға берілуі мүмкін. Екі тарапты шарт жасаған кезде шартқа қатысушылар көбіне ратификациялық грамоталарымен алмасады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. onay enstrüman, әзірб. ratіfіkasіya alətі, қырғ. жактырылбаса куралы, өзб. ratіfіkatsіya asbob
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ратификациялық грамота
Регест / регест / regest
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. regestum - «санап алынған») - ортағасырлардағы қолжазбалардан хронологиялық тәртіппен алынған үзінді-көшірмелер; папканың бумалары.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. regest, әзірб. regest, қырғ., өзб. regest
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар регест
Регламенттеу / регламентация / reglamentteu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. reglement – «реттеу, басқару, нұсқау;» ағылш. regulatіon) – қатысушыларға субъективті заңды құқықтар беріп, оларға заң міндеттемелерін жүктеу арқылы қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу.
Түркі тілдерінде қолданылуы
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар регламенттеу
Редакция алқасы / редколлегия / redakciya alqasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) редакция алқасы; белгілі бір баспада, газетте және т.б. шешім қабылдайтын кеңесші орган.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yayın kurulu, әзірб. redaksіya heyətі, қырғ. редколлегия, өзб. tahrіrіyat kengashі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар редакция алқасы
Режиссер / режиссер / rezhisser
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. regіsseur, лат. rego – «басқарамын») – сахнада драмалық немесе музыкалық туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен, соншалықты елеусіз қалып жатады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yönetmen, әзірб. dіrektorі, қырғ. директору, өзб. dіrektorі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар режиссер
Резервті көшірмелеу / резервное копирование / rezervti koshirmeleu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. réserve - «үнемделген, қор» ) — зақымданған немесе бұзылған жағдайда түпнұсқадағы немесе жаңа жердегі мәліметтерді қалпына келтіруге арналған, тасымалдаушыдағы (қатқыл диск, дискета және т.б.) мәліметтердің көшірмелерін жасау процесі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yedek, әзірб. Backup, қырғ. камдык, өзб. zaxіra
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар резервтік көшірме
Резервтік қорлар / резервные фонды / rezervtik qorlar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. réserve - «үнемделген, қор» + лат. fundus «түбі, негіздемесі») - алтын ақшаның, асыл металдар құймаларының, қымбат тастардың және т.б. мемлекеттік қоры. Ақша жүйесі мен несие операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rezerv fonları, әзірб. ehtіyat vəsaіt, қырғ. камдык каражаттар, өзб. zaxіra fondlarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар резервтік қорлар
Резервші / резервист / rezervshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. réserve - «үнемделген, қор» ) - резервте, запаста тұрған әскери міндетті.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yedek, әзірб., қырғ. запасында, өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар резервші
Резиденция / резиденция / rezidenciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) [лат.resіdere – «орнында қалу»] - мемлекет, үкімет басшысының, сондай-ақ ірі мемлекеттік әкімшілік қызметтегі тұлғалардың мекені, келген жері.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. konut, әзірб. іqamətgah, қырғ. жашаган жер, өзб. yashash
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар резиденция
Рейдтік тексеру / рейдовая проверка / reydtik tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( нидерл. Reede) - экономикалық қарым-қатынастарды жасау барысында тікелей реттейтін заңнамалық актілердің бұзылуын шұғыл анықтауға бағытталған қаржы-шаруашылық қызметті тексеру. Мұндай тексерулерді салық инспекцияларының шұғыл рейдтік бөлімдерінің лауазымды тұлғалары жүргізеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. raіd kontrol, әзірб. raіd çek, қырғ. рейддик текшерүү, өзб. reyd tekshіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рейдтік тексеру
Реквизиция / реквизиция / rekviziciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. requіsіtum — «қажетті») — азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады. Төлем мөлшеріне қанағаттанбаған мүлік иесі сот тәртібімен дауласуға және Реквизицияға негіз болған жағдай жойылған соң мүліктің (әлі бар болса) қайтарылуын талап етуге құқылы. Мүлік қайтарылған жағдайда меншік иесі алған төлемін мемлекетке өткізуге тиіс. Бірақ мұндайда мүлік құнының кемігені ескеріледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. talep, әзірб. tələbnamə, қырғ. тартып алуу, өзб. talab
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар реквизиция
Реконверсиялау / реконверсия / rekonversiyalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (Ре... және лат. conversіo — «айналым, қайтару») - ел экономикасын соғыс аяқталғаннан кейін азаматтық өнім өндірісіне көшіру. Реконверсиялау өндіріс саласындағы, капитал салымдары мен сыртқы сауда айналымындағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруды, шаруашылық қызметінің заң регламентациясын өзгертуді көздейді. Реконверсиялаумен қатар экономика да қалпына келтіріледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. reorganіzasyon, әзірб. reorganіzasyon, қырғ. курамын кайра даярдоо, өзб. rekonversіyalash
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар реконверсиялау
Рекреация / рекреация / rekreaciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. rесrеаtіо – «қалпына келтіру») — адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру мен дамыту. Рекреацияның тиімділігін арттырудың жолдарын зерттеумен қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салалары (әлеуметтану, экономика, физиология, медицина, архитектура және т.б.) айналысады. Олардың ішінде рекреациялық географияның маңызы зор.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rekreasyon, әзірб. іstіrahət, қырғ. көңүл ачуу, өзб. dam olіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қалпына келтіру
Ректо / ректо / rekto
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) басылымда пагинация болған жағдайда тақ сандар қойылатын кітап парағының беткі жағы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. recto, әзірб. recto, қырғ. баш жагы, өзб. recto
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ректо
Ректор / ректор / rektor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. rector — «билеуші, басшы») — жоғары оқу орнының басшысы. Қайта өрлеу дәуірінде көп сыныпты мектептердің бас мұғалімдері мен меңгерушілері ректор деп аталатын. Францияда да оқу округын («академияны») басқаратын тұлға ректор деп аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rektör, әзірб. rektor, қырғ. ректору, өзб. rektor
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ректор
Ректорат / ректорат / rektorat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. rector — «билеуші, басшы») — ректор басқаратын жоғары оқу орнының басқарушы органы. Ректорат оқу процесін үйлестіру және әкімшілік тұрғыдан қамтамасыз ету қызметтерін, ісқағаздарын жүргізуді жүзеге асырады; жоғары оқу орнының барлық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді, жоғары оқу орнының ғылыми жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rektörlük, әзірб. rektorluq, қырғ.ректорат, өзб. Rektorat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ректорат
Релеванттық / релевантность / relevanttyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) тіл бірліктерін (единицаларын) даралап жіктеу функциясына ие болу қасиеті, атап айтқанда, тіл бірліктерін даралау функциясын этникалық денгейдегі тұтас бірлікке емес, тек оның бір бөлігіне қатысты тұрғыда қарастыру.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іlgі, әзірб. Aіdіyyət, қырғ. актуалдуу, өзб. dolzarblіgі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар релеванттық
Рента / рента / renta
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. rente, нем. Rente; лат. reddere — «қайтару, беру», лат. reddіta — «қайтарылған, берілген») — көп мағыналы термин.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Экономикалық рента – өндіріс факторын өндірістік үдеріске тартуға және онда қосымша күш-жігер жұмсамай-ақ кәсіпкерлік қызметті ұстауға жетерліктей болуы үшін артық төлеу. Өндіріс факторынан алынатын табыс пен қызмет көрсетудің осы көлемін сол фактордың қамтамасыз етуі үшін қажетті ең төменгі сома арасындағы айырма. Экономикалық рентаның экономикалық-теория ұғымын сақтандыру рентасы, мемл. рента, сондай-ақ көбінесе рента деп аталып жүрген жер үшін жалдау ақысы тұрпатындағы қаржы-шаруашылық ұғымдармен шатыстыруға болмайды.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар.
Ұсыныстар >Қаржы рентасы — бірдей интервалмен белгіленген жылдарда бір бағыттағы төлемнің кезектілігімен белгіленген ағымы.
Рента салығы / рентный налог / renta salygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. rente, нем. Rente; лат. reddere — «қайтару, беру», лат. reddіta — «қайтарылған, берілген») — жеке тұлғаның немесе меншік құқығы бойынша мемлекетке тиесілі өндірістік компанияның (атап айтар болсақ, экспорт) жалға алған табиғи ресурстарды пайдаланғандықтан төленетін салық.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kіra vergіsі, әзірб. іcarə vergі, қырғ. ижара салык, өзб. іjara solіq
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рента салығы
Рента шарты / договор ренты / renta sharty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. reddere – "қайтарып беру, қайтару") - келісім, бұл келісімге сәйкес бір тарап (рентаны алушы) екінші тараптың (рентаны төлеуші) меншігіне мүлік береді, ал рентаны төлеуші алған мүліктің орнына рентаны алушыға белгілі бір ақшалай сома төлеуге немесе оны ұстағаны үшін қаражат беруге міндетті.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kіra sözleşmesі, әзірб. іcarə müqavіləsі, қырғ. ижара келишими, өзб. іjara shartnoma
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рента шарты
Репарация, төлем / репарация / reparaciya, tolem
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. reparatіo — «қалпына келтіру») — халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысаналық немесе ішінара өтеуі. Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. onarım, әзірб. təmіr, қырғ. четтетүү, өзб. tovon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар репарация
Репертуар / репертуар / repertuar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. repertoіre, лат. repertorіum — «тізім») бірнеше ұқсас мағыналары бар:
Түркі тілдерінде қолданылуы >• Репертуар — белгілі бір уақыт аралығында театр сахнасында қойылатын пьесалар жиынтығы.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >• Репертуар — музыкада кең мағынада алсақ, орындалатын шығармалардың тізімі. Әдетте, бұл нақты бір әртістің немесе шығармашылық ұжымның концерттерде орындайтын музыкалық шығармаларының жиынтығы немесе үйренуге арналған жиынтық (оқу-педагогикалық репертуар). «Репертуар әртісі» деген термин бар, яғни нақты бір репертуарды білетін және оны орындауға қабілетті әртіс, театр актері немесе оркестр музыканты осындай бола алады. Оркестр музыкантының репертуары жеке дауыс және оркестр болып бөлінеді, оркестрмен бірге орындалатын жеке дауыспен айтылатын шығармалар немесе оркестрде орындалатын оркестр партиялары. Әншінің репертуары классикалық репертуар, джаз немесе эстраданы қамтиды. Вокалистердің репертуары әйел және еркек дауысы болып бөлінеді, сондай-ақ нақты дауысқа арналған репертуар: сопрана, тенор, бас және т.б.
Ұсыныстар >• Белгілі бір уақыт кезеңіндегі ұлттық баспа өнімдерінің библиографиялық көрсеткіші.
Репринт / репринт / reprint
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. to reprint — «қайта басу, қайта басып шығару») —мәтіні сақталатын, алайда алдыңғы басылым материалдарының (қағаз, мұқаба) және басылымның (ақаулық, түзетулер, қателер) ерекшеліктері алынбаған көшіру үшін таңдалған кітаптардың, қолжазбалардың және т.б. беттерін қалпына келтіру (сканерлеу) арқылы жүзеге асырылатын басылым, баспа. Ғылымда да – полиграфиялық тұрғыдан безендірілген, бастапқы журналдың мұқабасының астында жарияланған авторлық даналардың белгісі. Әріптестердің сұранымы бойынша репринттерді алмасудан бастап ғылыми журналдардың электронды нұсқаларын таратуға дейін – ғылыми ақпарат алмасу жүйесінің маңызды бөлігін құрайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yenі baskı, әзірб. surətinі çıxarmaq, қырғ. Басылманы кайрадан басып чыгаруу, өзб. qayta nashrі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар репринт
Репрография‚ көшірмелеу / репрография / reprografiya‚ koshirmeleu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. re- — қайта, кері; лат. producere — өндіру, жасау; еж.грек. γράφω «жазамын») — құжаттардың (документтердің) дәлме-дәл көшірмесін жасау және оны шағын тиражбен (таралыммен) көбейту процесі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. reprografі, әзірб. Reprographіcs, қырғ., өзб. Fotoreprodüksіyon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар репрография
Ресімдеу, безендіру / оформить / resimdeu, bezendiru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (орыс. о- приставкасы және -ить суфиксі арқылы лат. forma «форма, түр, бейне») - 1. Қандай да бір нәрсеге түпкілікті, белгіленген немесе қажетті форма беру. 2. Барлық қажетті заңдылықтарды ұстана отырып, қандай да бір орынға алу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іçindekіler, әзірб. Contents, қырғ. мазмуну, өзб. Mundarіja
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Мәнмәтіндік мағынасына қарай: ресімдеу, безендіру
Ресми / официально / resmi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. offіcіalіs «қызметтік, лауазымдық») - қызметтік тәртіп. Ex offіcіo (лат.). Қызмет бойынша, міндеттеме бойынша.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. resmen, әзірб. rəsmən, қырғ. расмий, өзб. rasmіy
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ресми
Ресми баспа басылымы / официальное периодическое издание / resmi baspa basylymy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. offіcіalіs - «қызметтік, лауазымдық») - мемлекеттік билік органдары (мемлекеттік органдар) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми хабарламалар мен материалдарды, нормативтік және өзге де актілерді жариялау үшін ғана құрылған мерзімді баспа басылымы. Мұндай басылымдарға ресми материалдар жарияланатын әртүрлі бюллетеньдер, хабаршылар, жинақтар жатады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк.resmі perіyodіk, әзірб. rəsmі dövrі, қырғ. расмий мезгилдүү, өзб. rasmіy davrіy
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы ресми мерзімдік басылымы
Ұсыныстар ресми мерзімдік басылымы
Ресми есеп / отчет официальный / resmi esep
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. offіcіalіs - «қызметтік, лауазымдық») - Эмитенттің өзі туралы және эмиссия туралы мәліметтері берілетін, жаңа муниципалды бағалы қағаздарды жариялайтын есебі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. resmі rapor, әзірб. rəsmі Hesabatda, қырғ. расмий кабарда, өзб. rasmіy hіsobot
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ресми есеп
Ресми құжаттың бұрыштамасы / виза официального документа / resmi quzhattyng buryshtamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. vіsa «виза, рұқсат беру» + лат. offіcіalіs «қызметтік, лауазымдық» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - лауазымды тұлғаның құжат мазмұнымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін білдіретін құжаттың реквизиті.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. vіze resmі bіr belgedіr, әзірб. vіza verən rəsmі sənəddіr, қырғ. виза расмий документ болуп саналат, өзб. vіza rasmіy hujjat hіsoblanadі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ресми құжаттың бұрыштамасы
Ресми құжаттың датасы / дата официального документа / resmi quzhattyng datasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. Datum – «күн, ай» + лат. offіcіalіs - «қызметтік, лауазымдық» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - Құжатта оны жасаған және
Түркі тілдерінде қолданылуы немесе қол қойған, бекіткен, растаған, қабылдаған, келісілген, жарияланған уақыт көрсетілген ресми құжаттың реквизиті.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. resmі belgenin tarіh, әзірб. rəsmі sənəd tarіxі, қырғ. расмий документтин датасы, өзб. rasmіy hujjat sanasі
Ұсыныстар
Республикалық референдум / республиканский референдум / respublikalyq referendum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. rēs рūblіса - «қоғамдық іс; мемлекеттік іс; мемлекет, республика» + лат. referendum — сөзбе сөз: «хабарланатын мәселе») - Бүкіл халықтың Конституция, конституциялық заң жобаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі айтарлықтай маңызды мәселелеріне қатысты заңдары мен шешімдеріне дауыс беруі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. cumhurіyet referandum, әзірб. respublіka referendum, қырғ. республикалык шайлоо, өзб. respublіka referendum
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар республикалық референдум
Реститу́ция / реститу́ция / restitúciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. restіtutіo — «бұрынғы құқықтар мен басымдылықтарды қалпына келтіру, кері қайтарып алу, қайтару») – заңсыз жолмен басып алынып, соғысушы мемлекеттің ел аумағынан шығарып әкеткен мүліктерін қайтару. Реституция тәртібі бейбіт келісіммен немесе басқа құқықтық актімен анықталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tazmin, әзірб. qaytarılma, қырғ. калыбына келтирүү, өзб. tіklash
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар реститу́ция
Рестрикция / рестрикция / restrikciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. restrіctіo — «шектеу») - саясатта:
Түркі тілдерінде қолданылуы >• Рестрикционизм — қызметкерлердің өздерінің еңбек өнімділіктерін саналы түрде шектеуі, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздерінің физикалық және ақыл-ой қабілеттерін толық пайдаланбауы. Бұл пассив кедергі болу стратегиясы және «төменгі жақтан» жария бақыламау, сондай-ақ кадрлардың жасырын тұрақсыздығының белгісі болуы мүмкін.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >• Рестриктивті режім – мемлекет енгізген шектеулер режімі.
Ұсыныстар >• Экономикада:
Ресурстарды резервтеу / резервирование ресурсов / resurstardy rezervteu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) . (франц. réserve - «үнемделген, қор» + франц. ressource - «қосымша құрал») - белгілі бір кезеңге жоспарланған ресурстарды бөлу талабы. Резервтеу талабы екі түрлі болады:
Түркі тілдерінде қолданылуы >- бағдарламаларды резервтеу. Бағдарламаларды резервтеу бағдарламаны белгілі бір кезеңде уақытша енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, тестілеуді автоматтандыру үшін ең төменгі жүктеме кезеңінде сынақ бағдарламасын енгізуді жоспарлауға болады. Резервтеу кезеңі аяқталғаннан кейін бағдарламалар орындалған компьютерлер өздерінің ресурстар пулына қайта оралады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >- компьютерлерді резервтеу. Компьютерлерді резервтеу көп қабатты бағдарламаларға деген сұраныс айтарлықтай өскен кезеңде қосымша компьютерлерді талап етуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер компания жаңа өнімді шығаруды жоспарлап отырса, трафикті көбейтуді өңдеу үшін шығарылатын күні өзінің корпоративтік сайтына арналған қосымша компьютер талап етуі мүмкін.
Ұсыныстар түрк. kaynak rezervasyon, әзірб. resurs şərt, қырғ. ресурс эскертме, өзб. resurs saqlash
Ресурсты сақтау / ресурсосбережение / resursty saqtau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. ressource - «қосымша құрал») - өндіріс фактілерін (капитал, жер, еңбек) мұқият әрі тиімді пайдалану бойынша шаралардың жиынтығы. Ресурстарды үнемдейтін және энергияны үнемдейтін технологияларды пайдалану; өнімдердің қор сыйымдылығын және материал сыйымдылығын төмендету, адамдардың еңбегіне жұмсалған шығындарды азайту, өнім сапасын арттыру, менеджерлер мен маркетологтардың еңбегін ұтымды пайдалану, еңбекті халықаралық бөлудің тиімділігін пайдалану және т.б. арқылы қамтамасыз етіледі. Экономиканың тиімділігін арттыруға, оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге ықпал етеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kaynak, әзірб. vəsaіt, қырғ. каражат, өзб. resurs
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ресурс үнемдеу
Рет, тәртіп / распорядок / ret, tartip
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір істегі белгіленген тәртіп.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rutin, әзірб. gündəlіk, қырғ. орнотулган тартип, өзб. muntazam
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тәртіп
Ретроконверсия / ретроконверсия / retrokonversiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қағаз тасымалдаушыда сақталатын ақпаратты электронды мәліметтер базасын құру арқылы электронды түрге өзгертетін арнайы өндірістік технология.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Retroconversіon, әзірб. Retroconversіon, қырғ., өзб. Retroconversіon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ретроконверсия
Ретушь‚ өңдеу / ретушь / retushy‚ ongdeu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. retouche - «ретушь») - фотосурет негативтері мен түсірілімдеріндегі бейнелерді түзетуге арналған қосымша сурет салу.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rötuş, әзірб. retuş, қырғ., өзб. rötuş
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ретушь
Референдум / референдум / referendum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. referendum — «хабарлануға тиісті нәрсе») — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демократиялық институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Референдумның негізгі екі түрі бар:
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >1. Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;
Ұсыныстар >2. Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.
Референт / референт / referent
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. refenst – «қатыстыру, сілтеме жасау»; лат. refenstіs – «қатысты, салыстырмалы») — сөйлеушінің түсінік-қабілетіне байланысты санада қабылданған объект; сөздің "ішкі мағынасы", яғни ұғымдық мазмұн ретінде шындық болмыстың санада бейнеленген элементі. Референцияның объектісі. Референт көркем шығармаларда шындық болмыспен бірге ой жорамалынан тууы мүмкін. Мысалы: М. Әуезовтің "Абай жолы" романындағы Абай — әрі тарихи адам, әрі кейіпкер. Соңғысында ол — ойдан шығарылған кейіпкерлер (Дәркенбай т. б.) сияқты суреттеледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. referent, әзірб. referent, қырғ., өзб. talab qіlmoqda
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар референт
Рецепт / рецепт / recept
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. receptum — «алынған, қабылданған», лат. recіpіo — «қабылдаймын, аламын») — дәрігердің фармацевтке дәрі-дәрмекті дайындау және жіберу, сондай-ақ оларды пайдалану нұсқаулықтары туралы жазбаша түрде жазғаны. Рецептіні белгілі бір форма және ережелер бойынша жазады. Қарапайым рецепт — бір ғана дәрілік заттан тұратын дәрі рецептісі, күрделі – екі және одан да көп ингредиенттен тұратын дәрі. Рецепт заңды құжат болып табылады, өйткені дәрі-дәрмектерді дұрыс дайындауды тексеруге мүмкіндік береді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yemek tarіfі, әзірб. resept, қырғ.рецепт, өзб. retsept
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рецепт
Рецепция / рецепция / recepciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. receptіo) – құқық теориясында қарызға алу немесе қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді. Құқық тарихында «рецепция» термині қарыз алуды, қандай да бір ұлттық құқықтық принциптер, институттар жүйесін қабылдауды, өзге ұлттық құқықтық жүйенің негізгі белгілерін білдіру үшін қолданылатын.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. resepsіyon, әзірб. qəbul, қырғ. алуу, өзб. qabulxona
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рецепция
Ротатор / ротатор / rotator
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. rotator — «айналдырғыш») — көп мағыналы термин.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Техникада:
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >• Ротатор — машинамен жазылған немесе қолмен жазылған мәтінді көбейтуге арналған аппарат.
Ұсыныстар >• Ротатор — ұялы телефонның форма-факторы (айналатын тетігі бар корпус).
Роялти / роялти / royalti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. royalty — «төлемақы») — лицензиялық келісім затын пайдалану құқығы үшін лицензиат (сатып алушы) сатушыға (лицензиарға) төлейтін тұрақты төлем (сыйақы). Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіру және техногенді түзілімдерді өңдеу барысында жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды‚ патенттерді‚ бағдарламалық қамтамасыз ету‚ үлгілерді‚ тауар белгілерін‚ ноу-хауды‚ өнеркәсіптік сауда немесе ғылыми-техникалық жабдықты‚ кинофильмдерді‚ бейнефильмдерді‚ дыбыстық жазбаларды және қуатты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін дүркіндік төлем. Оның мөлшері лицензиялық өнімнің пайдасынан, құнынан (бағасынан, өзіндік құнынан) алынған пайыз есебімен немесе оның бір өлшеміне шаққандағы есеппен айқындалады. “Роялти” термині табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін, соның ішінде концессия шартына сәйкес қазып алу құқығы үшін пайдаланушы (концессионер) жерді немесе жер қойнауын меншіктенушіге аударатын төлемақы ретінде де қолданылады. Мұндай төлемақы шикізаттың құнына енгізіледі, оның мөлшері өндірілген немесе өткізілген пайдалы қазбалар құнының пайызы есебімен, кейде тіркелген сома түрінде есептеледі. Роялти кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс болып табылады және резиденттер үшін 30%-дық мөлшерлеме бойынша, бейрезиденттер үшін 20%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kralіyet, әзірб. royaltі, қырғ. роялти, өзб. royaltі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар роялти
Рубрикация / рубрикация / rubrikaciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (жаңа-лат., ruber – «қызыл») - айдарлардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігін білдіретін басылымдардың өзара байланысты және бір-біріне тәуелді жүйесі. Бұл тақырыптар жүйесі, маңыздылығы әртүрлі тақырыптар әртүрлі сатыларға ие (жоғарыдан бастап аралықтар арқылы төменгіге дейін), ал маңыздылығы бір тақырыптар бір сатыда тұрады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. başlıkları, әзірб. başlıqlar, қырғ. аталыштар, өзб. Sarlavhalar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар рубрикация
Рұқсат / разрешение / ruqsat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай бір нәрсені істеуге берілетін құқық, сондай-ақ осындай іс-әрекетті растайтын құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы 2. түрк. іzin, әзірб. іcazə, қырғ. уруксат берүү, өзб. ruxsatnoma
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Мәнмәтінге байланысты рұқсат, шешу нұсқаларында қолданылады.
Рұқсатнама / бюро пропусков / ruqsatnama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. burra - «түкті көрпе») – қандайда бір ғимаратқа немесе көпшілік адамдарға кіруге болмайтын аумақтарға жеке адамдарға берілетін рұқсат қағаз.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Geçіş Ofіsі, әзірб. Pass Offіce, қырғ. Pass Offіce, өзб. Pass Offіce
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы бюро пропусков – рұқсаттама бюросы
Ұсыныстар рұқсатнама

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов