Термины
Сайлау / выборы / saylau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - дауыс беру арқылы депутаттарды, лауазымды тұлғаларды, ұйымның мүшелерін сайлау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. seçіmler, әзірб. seçkіlər, қырғ. шайлоо, өзб. saylovlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | выборы - сайлау |
Ұсыныстар | сайлау |
Сайлау жүйесі / система электоральная / saylau zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + көне-греч. ἤλεκτρον — «янтарь») - дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгеңдей республика Президентін, Мәжліс пен Сенат депуттаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты екі түрі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі дегеніміз сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат арасындағы тепе-тендік қағидасына негізделеді. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше ірі аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет. |
Ұсыныстар | >Мажоритарлы сайлау жүйесі артық басымдылық және салыстырмалы басымдылық деген екі түрге бөлінеді. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бірінші және екінші қайта да¬уыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өтті деп, дауыс берушілердің 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. |
Сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімдері / сроки полномочий избирательных комиссий / saylau komissiyalarynyng okilettilik merzimderi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( лат. commissio «жарыс; біріктіру») - сайлау комиссиясының өз өкілеттіліктерін орындауға берілген құқығы заңмен белгіленген уақыт кезеңі. Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. seçim komisyonları görev süreleri, әзірб. Seçki komissiyalarının səlahiyyət müddəti, қырғ. шайлоо комиссияларынын ыйгарым укуктарынын мөөнөтү, өзб. saylov komissiyalarining vakolat muddatlari |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімдері |
Ұсыныстар | сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімдері |
Сайлау құқығы / право избирательное / saylau quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқамдық пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі абсентеизм деп аталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. oy hakkı, әзірб. seçkі hüququ, қырғ. шайлоо, өзб. saylov huquqі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сайлау құқығы |
Сайлау округі / округ избирательный / saylau okrugi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | сайлауды өткізу үшін еліміздің әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен бірдей деңгейлес сайлау округтері құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10. Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іlçe seçіm, әзірб. daіrə seçkі, қырғ. райондук шайлоо, өзб. okrug saylov |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сайлау округы |
Ұсыныстар | сайлау округы |
Сақтану, бассауғалау / перестраховка / saqtanu, bassaugalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. «securus» - «қамқорсыз») - тәуекелдің алдын алу бойынша шамадан тыс шаралардың тұрмыстық атауы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. güvence, әзірб. əmin, қырғ. кайрадан камсыздандыруу, өзб. іshontіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сақтану |
Сақтау режімі / режим хранения / saqtau rezhimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. régіmе лат. regіmen - «басқару, билеу») - тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін климаттық және санитарлық-гигиеналық талаптардың жиынтығы. Климаттық сақтау режімі температураға, салыстырмалы ылғалдылыққа, ауаның құрамындағы газға, ауа алмасу және жарыққа қойылатын талаптарды қамтиды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. depolama modu, әзірб. storage rejіmі, қырғ. сактоо режими, өзб. saqlash rejіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сақтау режімі |
Сақтауға беру, депозиттеу / депонировать / saqtauga beru, depozitteu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. dēpōnō — «қоямын, қалдырамын») - 1. Депозит ретінде енгізу. 2. Сақтауға беру (ратификациялық грамоталар). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. mevduat, әзірб. əmanət, қырғ. депозиттик, өзб. depozіt |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | депонировать – депозиттеу |
Ұсыныстар | депозиттеу |
Салыстырма тексеріс / сверка / salystyrma tekseris
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | түптелген парақтардың баспа-табағындағы корректуралық түзетулердің қалай жасалғанын тексеруге арналған салыстырып тексеру парақтарын түзету. Гранкалардағы корректуралық түзетулер көп болған кезде гранкалар немесе гранкалардағы түзетуі бар түптелген парақтардағы салыстырылып тексерілуі. Корректорлық жұмыста орындалатын салыстырма тексеріс жолма-жол салыстырма тексерістен және корректуралық баспа-табақтардың бәрін үстірт оқудан тұрады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. uzlaşma, әзірб. barışma, қырғ. yarashuv, өзб. yarashuv |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | салыстырмалы тексеріс |
Салыстырмалы талдау / сравнительный анализ / salystyrmaly taldau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне-грек. ἀνάλυσις - «жіктеу, ыдырату, еріту») — нысанның жаңа жай-күйі бұрынғы жай-күйімен салыстыру жүргізілетін немесе бір нысанның жай-күйін салыстыру орынды болып табылатын басқа нысанмен салыстырылатын нысандарды талдау әдісі. Салыстырмалы талдау экономиканың ғылыми зерттеулерінде қолданылатын негізгі әдістердің бірі болып табылады. Экономикалық ұғымдарды құру немесе нақтылау салыстырмалы талдау негізінде жүзеге асады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. karşılaştırmalı analizi, әзірб. müqayisəli təhlili, қырғ. салыштырмалуу талдоо, өзб. qiyosiy tahlil |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | салыстырмалы талдау |
Ұсыныстар | салыстырмалы талдау |
Санақ парағы / переписной лист / sanaq paragy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | халық санағының негізгі құжаты. Санақ жүргізу бағдарламасына сәйкес берілген сұрақтарға жауап жазуға арналған бланк болып табылады. Санақ жүргізу әдісіне, сауалнама тәсілдеріне және санақ жүргізу материалдарын әзірлеуге қарай санақ парағының бірнеше түрі болады: Жеке санақ парағы – бір адам туралы мәліметтерді жазуға арналған. Тізім формасындағы санақ парағына пәтерде немесе басқа тұрғын үй ғимаратында тұратын отбасының немесе үй шаруашылығының барлық мүшелері немесе жатақхананың (ұжымдық үй шаруашылығы) барлық мүшелері туралы мәліметтер жазылады. Қазіргі санақ жүйесінде тізім формасындағы санақ парақшасы бір отбасына (үй шаруашылығына) қолданылады. Кейде отбасы мүшелеріне жеке санақ парақшасы жасалып, бір мұқабамен біріктіріледі, оған жалпы отбасы туралы мәліметтер және тұрғын үйдің сипаттамасы жазылады. ЭЕМ-ге деректер енгізуге арналған оқу құралдарын пайдалануға байланысты санақ парақшасы ақпараттың техникалық тасымалдаушысы да бола алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. anket, әзірб. anket, қырғ. анкета, өзб. savolnoma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | санақ парағы |
Сапа сертификаты / сертификат качества / sapa sertifikaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын») - Сапа жүйесін сертификаттау: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >— компанияның жақсы ұйымдастырылғанына; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >— міндеттердің, әдістемелердің, процедуралардың жақсы бөлінгеніне; |
Ұсыныстар | >— компанияның құжаттандырылған және барлық қызметкерлеріне белгілі жедел нұсқаулықтардың барына; |
Сапар / визит / sapar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( франц. vіsіte «бару, қатынасу») - Дипломаттардың ресми және жеке сапарлары. 2. Елбасыларының бөтен елге баруы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. zіyaret, әзірб. zіyarət, қырғ. баруу, өзб. tashrіfі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | визит - визит |
Ұсыныстар | сапар |
Сараптама актісі / акт экспертизы / saraptama aktisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. actus — «әрекет» + лат. expertus - «тәжірбие бойынша білуші») — клиенттің тауар санына және сапасына немесе оның өндірілген жеріне қатысты сұранымы негізінде құзіретті орган беретін құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. muayene belgesі, әзірб. müayinə sənədі, қырғ. экспертиза жөнүндө күбөлүк, өзб. ekspertіza sertіfіkat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | акт экспертизы – сараптама актісі |
Ұсыныстар | сараптама актісі |
Сараптамалық баға / сараптамалық баға / saraptamalyq baga
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. expertus - «тәжірбие бойынша білуші») — Сарапшының жеке пікірін немесе сарапшылар тобының ұжымдық пікірін пайдалану негізінде алынған іздеу әдісі және әдісті пайдалану нәтижесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. peer revіew, әзірб. peer revіew, қырғ. карайт, өзб. taqrіz |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сараптамалық бағалау |
Ұсыныстар | сараптамалық баға |
Сатып алу-сату шарты / договор купли-продажи / satyp alu-satu sharty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - бұл шарт, аталмыш шартқа сәйкес бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) затты (тауарды) беруге, ал сатып алушы сол тауарды қабылдауға және сол үшін белгілі бір ақшалай сома (құнын) төлеуге міндеттенеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. satış sözleşmesі, әзірб. satış müqavіlə, қырғ. сатып алуу-сатуу келишими, өзб. oldі-Sottі shartnomasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | договор купли-продажи – сатып алу сату шарттары |
Ұсыныстар | сатып алу-сату шарты |
Сатып алудың басым құқығы / преимущественное право покупки / satyp aludyng basym quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ) ортақ меншіктің кез келген қатысушысының өз үлесін сатуға ниеттенген меншік иесінен сол үлесті үшінші тұлғаларға сатқан кезде ұсынылған бағамен және басқа да тең жағдайларда өзіне сатуын талап ету құқығы; 2) серіктестік салымшысының, жауапкершілігі шектеулі қоғамға қатысушының, жабық акционерлік қоғам акционерінің немесе кооператив мүшесінің өз жарнасын (үлес, акция немесе пай) сатуға ниеттенген басқа салымшыдан сол үлесті үшінші тұлғаларға сатқан кезде ұсынылған бағамен және басқа да тең жағдайларда өзіне сатуын талап ету құқығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. preemptіon, әзірб. preemptіon, қырғ. улантуучулук, өзб. rüçhan |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сатып алудың басым құқығы |
Сауалнамаға жауап беруші / респондент / saualnamaga zhauap berushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. rеsроndent – «жауап беруші») - жауап берушінің рөлін атқаратын әлеуметтік психологиялық зерттеуге қатысушы. Зерттеу сипатына қарай респондент сыналушы, клиент, информант, пациент немесе жай ғана әңгімелесуші болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. davalı, әзірб. cavabdeh, қырғ. жоопкер, өзб. javobgar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сауалнамаға жауап беруші |
Саяси акция / акция политическая / sayasi akciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. āctіo - «қозғалыс, әрекет, амал») — 1. Саяси институттарды құруға, қолдауға немесе өзгертуге бағытталған іс-әрекет. 2. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру кезінде саяси қызметте акционизмге қарама-қайшы қолданыстағы нормалар мен институттар ескерілетін топтар мен партиялардың тәртіптік формасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sіyasі eylem, әзірб. sіyasі fəalіyyət, қырғ. саясий иш-аракеттер, өзб. sіyosіy harakatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | саяси акция |
Сәйкестік сертификаты / сертификат соответствия / saykestik sertifikaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын») - нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес берілген, тиісті түрде бірдейлендірілген өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Uygunluk belgesі, әзірб. uyğunluq sertіfіkatı, қырғ. Шайкештик жөнүндө күбөлүк, өзб. muvofіqlіk sertіfіkatі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сәйкестік сертификаты |
Сәйкестікті бағалау / оценка соответствия / saykestikti bagalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. uygunluk değerlendіrme, әзірб. uyğunluğun qіymətləndіrіlməsі, қырғ. шайкештикти баалоо боюнча, өзб. muvofіqlіknі baholash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сәйкестікті бағалау |
Ұсыныстар | сәйкестікті бағалау |
Сәулелі көшірме / светокопия / sauleli koshirme
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жарыққа сезімтал қағазға сызылған сызбаның көшірмесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. planı, әзірб. Blueprint, қырғ.план, өзб. loyіha |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | жарық көшірмесі |
Ұсыныстар | сәулелі көшірме |
Сезікті, күдікті / подозреваемый / sezikti, kudikti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қылмыстық іс жүргізуде — тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты ҚР ҚІЖК-інде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. şüphelі, әзірб. şübhəlі, қырғ. шектүү, өзб. shubhalі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | күдікті |
Ұсыныстар | күдікті |
Секретер / секретер / sekreter
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. secretaіre) — жиһаз, қағаздарды сақтауға арналған жәшіктері мен сөрелері бар, кейбіреуінде жазу үстелінің орнына пайдаланылатын алынбалы немесе жиналмалы тақтасы бар, көлемі орташа сөре. Құрылымы жағынан секретер бюроға ұқсас. «Секретер» деген термин осы тектес функциясымен біріктірілген жиһаздың көптеген түрлеріне қатысты қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yazı masası, әзірб. Secretaіre, қырғ., өзб secretaіre |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | секретер |
Сенім грамотасы / грамота верительная / senim gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз» + фр. Lettres de créance, ағылш. Credentіals) — өкілдік сипатын растау үшін және шет мемлекетте аккредитациялау үшін елшілердің дипломатиялық өкілдік санаттарының басшыларына берілетін құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Güven Mektubunu, әзірб. Güvən məktubları, қырғ. Ишеним кат, өзб. іshonch maktubі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сенім грамотасы |
Сенім грамотасы / верительная грамота / senim gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. Lettres de créance, ағылш. Credentіals) — тұлғалылық мінез-құлқын растау үшін және шет мемлекетте аккредиттеу үшін елшілер немесе уәкілдер санатының дипломатиялық өкілдіктерінің басшысына берілетін құжат. Онда елшінің өз мемлекеті және үкіметі атынан баяндалып жатқан нәрсенің бәріне сену туралы жазылады, құжаттың атауы осыдан туындаған. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іtіmat mektubu, әзірб. etіmad məktubu, қырғ. ишеним кат, өзб. іshonch maktub |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сенім грамотасы |
Сенім, куәлік, иланым / верительный / senim, kualik, ilanym
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - қайта тағайындалған дипломаттың, елшінің, уәкілдің (ресми құжат, грамота туралы) өкілеттіліктерін куәландырушы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kіmlіk, әзірб. etіmadnamə, қырғ. ишеним грамоталары, өзб. іshonch yorlіgі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сенім |
Сену индоссаменті / препоручительный индоссамент / senu indossamenti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | күші жағынан сенімхатпен тең вексельдегі белгі. Заңда былай белгіленген: вексель бойынша төлемді өкілдің қолында нотариалды түрде расталған сенімхат бар ма, жоқ па, оған қарамастан құнды қағазды ұстаушы ғана ала алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. ajan tarafından onay, әзірб. agent tərəfindən təsdіq, қырғ. агенти тарабынан колдоо, өзб. agentі tomonіdan tasdіqlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта тапсырылатын индоссамент |
Сервитут / сервитут / servitut
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (латынша servіtus — «міндет, міндеттеме, міндеткерлік»), — 1) бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады); 2) халықаралық құқықта — бір мемлекеттің аумақтық егемендігін басқа мемлекеттің пайдасына шектеу (мыс., әскери күштерді өз аумағы арқылы өткізуге қатысты жолдарды пайдалану). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іrtіfak hakkı, әзірб. praktіklіk, қырғ. сатты, өзб. qulaylіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сервитут |
Серіктес авторлық / соавторство / seriktes avtorlyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. auctor - жасаушы немесе грек. autos - өзі) – екі немесе одан да көп адамның (серіктес авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес, біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, серіктес авторларға тиесілі болады. Тұтас алғанда, туындыны пайдалану құқығы серіктес авторларға ортақ. Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады. Егер серіктес авторлар арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәні бар өзі жасаған бөлігін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yazarlık, әзірб. ATƏT-müəlliflik, қырғ. Биргелешкен, өзб. Hammualliflikda |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | серіктес авторлық |
Ұсыныстар | авторлас |
Серіктестік, әріптестік / партнерство / seriktestik, ariptestik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. раrtеnаіrе - «партнёр») — коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны. Қатысушылардың салымдары есебінен құрылған және қызмет нәтижесінде алынған мүлік Серіктестіктің меншігі болып табылады. Серіктестік деп кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуін айтады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. ortaklık, әзірб. tərəfdaşlıq, қырғ. шериктик, өзб. sherіklіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | серіктестік |
Сертификаттау / сертификация / sertifikattau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын») - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belgeleme, әзірб. sertіfіkatlaşdırma, қырғ. күбөлүк, өзб. tasdіqlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сертификаттау |
Сессия / сессия / sessiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. sessіo) — лицейлерде және жоғары оқу орындарында емтихан тапсыру кезеңі. Әдетте оқу жылында екі сессия болады: жаздық және қыстық, лицейлерде – көктемгі (күндізгі және сырттай факультеттерде). Жоғары оқу орнының оқу жоспарында негізінен кемінде бес емтихан белгіленеді. Емтихандар аралығында келесі емтиханға дайындалу үшін белгілі бір уақыт, негізі кемінде үш күн белгіленеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. oturum, әзірб. sessіya, қырғ. жыйналыш, өзб. sessіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сессия |
Сигиллография / сигиллография / sigillografiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. sіgіllum — «мөр») — мөрлерді және олардың әртүрлі материалдарға басылған таңбаларын зерттейтін қосымша тарихи пән. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sіgіllografіya, әзірб. sіgіllografіya, қырғ. сигиллография, өзб. sіgіllografіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сигиллография |
Сигнатура / сигнатура / signatura
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. sіgnatura «белгілеу, көрсету») - дәріхананың дәрі-дәрмекке тіркелетін рецептісінің көшірмесі бар қағаздан дайындалған затбелгі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іmza, әзірб. іmza, қырғ. кол, өзб. іmzolash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сигнатура |
Симпозиум / симпозиум / simpozium
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. symposіum еж. грек. συμπόσιον — «жиын-той») — қандай да бір ғылыми мәселе бойынша өткізілетін жиналыс, ғылыми конференция (әдетте, әртүрлі елдердің өкілдері қатысатын). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sempozyum, әзірб. sіmpozіum, қырғ. симпозиум, өзб. sіmpozіum |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | симпозиум |
Синдикат / синдикат / sindikat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (латынша syndіcatus — «құрама, бірлестік») — тар аядағы белгілі бір мақсатқа жету үшін екі және одан көп меншік иелерінің немесе фирмалардың бірігуі. Монополия нысандарының бірі, құрамына кірген кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестіктерін сақтай отырып, коммерциялық қызметті (баға белгілеу, өнім өткізу, т.б.) жүзеге асыруды мойнына алатын кәсіпкерлердің бірлестігі. Бұрынғы заманда қолөнершілердің бірлестігін синдикат деп атайтын. XіX-XX ғасырларда синдикаттар нарықты монолполияландыру мақсатында құрылған болатын. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде монополиялық бірлестіктердің кез келген формасына қарсы бағытталған заңдар қабылданған. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sendіka, әзірб. Syndіcate, қырғ. синдикат, өзб. Syndіcate |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | синдикат |
Сканерден өткізу, сканерлеу / сканирование / skanerden otkizu, skanerleu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағыл. scanner, scan - «зерттей қарау, қарап алу») - 1) мәліметтерді тізбекті түрде қарап шығу (мысалы, кестелер, файлдар); 2) сканердің көмегімен компьютердің жадына бейнелерді енгізу процесі; суретті сканерлеп және оны дискіде файл түрінде, содан кейін бұл кескінді мәтіндік процессордың немесе электрондық беттеудің арнайы баспалық программасы арқылы құжаттың кез келген жеріне қоюға, графикалык редактормен өңдеуге немесе әлемнің кез келген нүктесінде тұрған телефаксқа факс-модем арқылы жіберуге болады; 3) мәліметтерді жүйелі тексеру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. taramak, әзірб. scan, қырғ. скандоочу, өзб. scan |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сканерлеу |
Скотч / скотч / skotch
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | әртүрлі шаруашылық қажеттіліктеріне арналған жабысқақ пластик немесе қағаз лента. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. vіskі, әзірб. şotland, қырғ.скотч, өзб kesіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | скотч |
Скрижаль / скрижаль / skrizhaly
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мәтін жазылған тақта немесе кесте (көбіне, қасиетті, діни). Інжіл аңыздарына сәйкес, Моисейдің 10 уағызы Синай тауларындағы тас кестелерге жазылған. Христиандық итальяндық католиктік Ренессанстың ықпалымен барлық елдерде скрижальдар беті ашық тұрған кітаптың парағы ретінде (жоғарғы бөлігі доға тәрізді) бейнелене бастаған. Сонымен қатар Архимандриттер мен Епископтардың мантияларына тігілетін платалар да скрижальдар деп аталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tablet, әзірб. tablet, қырғ. таблеткадан, өзб. tabletka |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | скрижаль |
Слайд / слайд / slayd
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | нысандалған сәуле арқылы немесе экранда түзеп жарықка түсірілген кескінмен көретін, түссіз мөлдір негізде бейнеленген жеке позитивті құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. slayt, әзірб. uçmaq, қырғ. тайгалануу, өзб. slіde |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | слайд |
Слайд-сюжет / слайд-сюжет / slayd-syuzhet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | слайдтар жиынтығы болып табылатын суреттер жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. slayt arsa, әзірб. Slіde süjet, қырғ., слайд участогу өзбSlіde fіtna |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | слайд-сюжет |
Слайд-шоу / Слайд-шоу / Slayd-shou
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | алдын ала таңдалған белгілі бір тақырыпқа қатысты қозғалмайтын суреттер топтамасын проекциялық экран немесе электронды мониторинг арқылы көрсету. Әрбір сурет ауысқанша бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін көрсетіліп тұрады. Бейнені ауыстыру белгілі бір уақыт интервалы арқылы қолмен, сондай-ақ бірдей уақыт аралығы арқылы автоматты түрде ауыстырылуы мүмкін. Бұл термин 1970 жылдардың басында пайда болған, бұл кезде музыкалық шығармалар ойнап тұратын, диапроектор арқылы проекцияланатын шағын форматты слайдтарды ұжым болып көру танымал болған. Қазіргі слайд-шоу фотосуреттерден, сондай-ақ суреттер, диаграммалар, кестелер және мәтін құжаттары сияқты басқа да графикалық ақпараттан тұрады. Слайд-шоу білім алу мақсаттары, ойын-сауық үшін, сондай-ақ презентация түрінде де қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Slayt gösterіsі, әзірб. Slіdeshow, қырғ.слайдшоу, өзб. Slayd |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Слайд-шоу |
Слайдхана / слайдотека / slaydkhana
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | [ағылш. slіde және грек.. thēkē қойма, жәшік] - слайдтардың жинағы, іріктемесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. slaydoteka, әзірб. slaydoteka, қырғ. слайдотека, өзб. slaydoteka |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | слайдхана |
Смета / смета / smeta
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | алдағы шығыс пен кірісті есептеу; материалдық және ақшалай қаражаттың жұмсалуы мен түсуінің жоспары, яғни кәссіпорындар мен ұйымдардың шығысын қаржыландыру үшін ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуының құжатталған жоспары. Өндірістік кәсіпорындарда өндіріске арналған шығынның сметалары жасалады, оларда шығын жекелеген элементтер бойынша топтастырылады. Атап айтқанда, кәсіпорындарда өндіріске арналған жұмсалатын шығынды жоспарлау кезінде көмекші өндірістің цехтар бойынша шығыны, өнімнің жаңа түрлерін, іске қосылатын объектілерді дайындауға және игеруге, арнаулы технологиялық жарақтарға жұмсалатын шығынның, тасымалдау-дайындау шығынының, өндіріске қызмет көрсетуге, машиналар мен жабдықтарды басқаруға күтіп ұстауға, пайдалануға жұмсалатын шығынның, жалпы өндірістік, коммерциялық және басқа шығынның сметалары жасалады. Құрылыс ұйымдарында құрылыстың сметалық құны айқындалады. Бюджеттен қаржыландырылатын бейөндірістік ая ұйымдары бюджеттік мекеменің сметасын жасайды. Смета есебінің негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің жоспарлы кезеңдегі сандық (көлемдік) көрсеткіштері (жыл, тоқсандарға бөлінген), құрылыс жобаларының көрсеткіштері, техникалық-экономикалық нормалар, нормативтер, тарифтер, бағалар, бағалықтар және т.б.) жатыр. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tahmin, әзірб. qiymət, қырғ. баалоо, өзб. baholamoq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | смета |
Ұсыныстар | смета |
Сметалық нормалар / сметные нормы / smetalyq normalar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. norma — сөзбе сөз аударғанда «жапсырма, ұстатқыш») - құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін қолданылатын нормативтер жүйесі. Арналу мақсатына, жұмыстардың түрлеріне, ірілендірілу дәрежесіне, құрылыс салаларына; үймереттер мен ғимараттардың арналу түрлеріне қарай топтастырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tahmini standartları, әзірб. smeta standartları, қырғ. баа берүү стандарттары, өзб. smeta standartlari |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сметалық нормалар |
Ұсыныстар | сметалық нормалар |
Сот актілері / судебные акты / sot aktileri
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. actus — «әрекет»). Істің мән-жайы бойынша қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі шешетін соттың құқық қолдану актісі. Соттар бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау инстанциялары болып бөлінеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yasal işlemleri, әзірб. məhkəmə aktları, қырғ. сот актыларын, өзб. sud hujjatlari |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сот актілері |
Ұсыныстар | сот актілері |
Сот ісін жүргізу, сотта іс жүргізу / судопроизводство / sot isin zhurgizu, sotta is zhurgizu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңмен белгіленген өндіріс тәртібі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kovuşturma, әзірб. proses, қырғ. сот, өзб. ish |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сот ісін жүргізу, сотта іс жүргізу |
Сот отырысының хаттамасы / протокол судебного заседания / sot otyrysynyng khattamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. πρωτόκολλον - «алдыңғы жағынан желімделген») - сот қаулысына негіз болатын сот пен процеске қатысқан адамдардың құқықтарының, жарыспалылық, тараптардың тең құқықтығы және басқа да қылмыстық сот өндірісінің қағидаттарының сақталуы, өткізілген сот талқылауының объективті, толық және жан-жақты болуы жөнінде мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қолданылатын, маңызды іс жүргізу құжаты. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. mahkeme kayıtları, әзірб. məhkəmə qeydlərі, қырғ. сот жазуулар, өзб. sud yozuvlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сот отырысының хаттамасы |
Сот сараптамасы / судебная экспертиза / sot saraptamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. expertus - «тәжірибе бойынша білуші»). Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу. Сот сараптамасы мынадай принциптерге: заңдылықка; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігіне; зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне; кұзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке; кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. Тергеу практикасында өткізілетін сараптама олардың мәні, объектісі, зерттеу тәсілі және т.б. бойынша сәйкестендіріледі. Сараптама: криминалистік, медициналық, соттық-психиатриялық, биологиялық, каржылық-экономикалық инженерлік-көліктік, инженерлік-техникалық, құрылыстық-техникалық және т.б. болып бөлінеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. adli inceleme, әзірб. məhkəmə-tibb ekspertizası, қырғ. соттук-экспертиза, өзб. sud ekspertiza |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сот сараптамасы |
Ұсыныстар | сот сараптамасы |
Сот ұйғарымы / сот ұйғарымы / sot uygarymy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Азаматтық істі қарастыру барысында процессуалды сипаттағы мәселелер шешімін табатын бірінші инстанциядағы соттың актісі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. adlі tayinі, әзірб. məhkəmə müəyyən, қырғ. сот аныктоо, өзб. sud belgіlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар |
Сот шешімі / судебное решение / sot sheshimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Бірінші инстанция сотының азаматтық іс бойынша шығаратын актісі. Сот шешімі кіріспе, сипаттама, негіздеме және шешуші бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде соттың толық атауы, шешім шығару уақыты мен орны, даудың мазмұны, іске қатысушы тұлғалар көрсетіледі. Сипаттама бөлімінде талапкердің талабы, жауапкердің қарсылығы және басқа қатысушылардың түсініктемелері жазылады. Негіздеме бөлімінде соттың істі қалай шешу керек екендігі туралы тұжырымы айтылады. Осы бөлімде тұжырымға негіз болған мән-жайлар, дәлелдемелерді қабылдамаудың дәйектері көрсетіледі, яғни іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді бағалайды, сондай-ақ талаптың негізділігі жөніндегі соттың тұжырымы және сот сүйенген құқықтық нормалар көрсетіледі. Ал шешуші бөлімде талапты қанағаттандыру не одан бас тарту және сот шығындарын өтеу жөніндегі соттың қаулысы көрініс табады. Осы бөлімде шешімді шағымдау мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Сот шешімі заңды (яғни іс бойынша қолданылуы тиіс материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкес) және негізді (сот талқысында анықталған мән-жайларға орай) болуға тиіс. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yargı, әзірб. qərar, қырғ. чечим, өзб. hukm |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сот шешімі |
Ұсыныстар | сот шешімі |
Сот-сараптама қызметі / судебно-экспертная деятельность / sot-saraptama qyzmeti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. expertus - «тәжірибе бойынша білуші»). Арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестiң не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызмет. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Adli tıp uzmanı faaliyetleri, әзірб. məhkəmə ekspert fəaliyyəti, қырғ. Соттук-эксперттик иш, өзб. ekspertiza faoliyati |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сот-сараптама қызметі |
Сот-техникалық сараптама / судебно-технической экспертизы / sot-tekhnikalyq saraptama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне-грек. τέχνη - «өнер» + лат. expertus - «тәжірибе бойынша білуші»). Бұл криминалистика, сондай-ақ жаратылыстану және техникалық ғылымдар деректеріне негізделген сараптамалық білім саласы. Сот-техникалық сараптаманың мәні – мыналарды анықтаумен байланысты істің мән-жайы болып табылад: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1) құжатты дайындау тәсілі; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2) құжаттың мазмұнын өзгерту фактісі мен тәсілі; |
Ұсыныстар | >3) әлсіз көрінетін және көрінбейтін жазбалардың мазмұны; |
Соттылық / подсудность / sottylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yargı, әзірб. yurіsdіksіyası, қырғ. укук коргоо, өзб. yurіsdіktsіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | соттылық |
Соттың көшпелі сессиясы / сессия суда выездная / sottyng koshpeli sessiyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | КСРО-да соттың қылмыстық істі сотталушының немесе зардап шегушілердің қылмыстық істі жасаған жерінде, тұрғылықты, жұмыс істейтін немесе оқитын жерінде қарастыру, азаматтық істе қуынушы немесе жауапкердің тұрғылықты жері, жұмысы немесе оқу орны бойынша қарастыру. Соттың көшпелі сессиясын өткізудің мақсаты – қоғамның назарын аталмыш процеске аударту, оның азаматтарға деген тәрбиелік әсерін күшейту, заңдардың бұзылуына деген төзбеушілік жағдайын жасау, жаңа құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермеу. Соттың көшпелі сессиясында орташа алғанда, сотқа айыптау қорытындысы шығарылған шамамен 25% қылмыстық іс, талап арыз беру өндірісінде 7-9% азаматтық іс келіп түседі. Соттың көшпелі сессиясын өткізу туралы мәселені шешу кезінде сот іс-әрекеттің сипатын, сол қылмыс түрінің таралуын ғана емес, сондай-ақ қоғамның кеңінен талқылауын қажет ететін оны жасау мотивтері мен жағдайын назарға алады. Соттың көшпелі сессиясын өткізу туралы мәселені бастама етіп соттың өзі ғана емес, сондай-ақ прокурор да көтере алады; бұл туралы сотталушының немесе жәбірленушінің (қылмыстық істер бойынша), қуынушы немесе жауапкердің (азаматтық істер бойынша) тұрғылықты жері, жұмыс орны немесе оқу орны бойынша қоғамдық ұйымдар өтініш білдіре алады. Соттың көшпелі сессиясын жүргізу туралы шешім соттың қаулысында немесе соттың сотқа беру туралы (қылмыстық істер бойынша), сотты сот талқылауына белгілеу туралы (азаматтық істер бойынша) анықтамада жасалады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. eyre, әзірб. Eyre, қырғ. Эйр, өзб. Eyre |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | соттың көшпелі сессиясы |
Сөз сөйлеу; сөйленген сөз / выступление / soz soyleu; soylengen soz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - сөз, жиналыстағы сөз сөйлеу, сондай-ақ әртістің көпшілік алдындағы ойыны. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. nutq, әзірб. çıxış, қырғ. сүйлөө, өзб. nutq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сөз сөйлеу; сөйленген сөз |
Спектрограмма / спектрограмма / spektrogramma
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | сигнал қуатының спектральды тығыздығының уақытқа тәуелділігін көрсететін сурет. Спектрограммалар музыка, радио және гидролокация сияқты әртүрлі салаларда жануарлардың дыбыстарын талдау, сөйлеуді сәйкестендіру, сөйлеуді өңдеу үшін қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. spektrogram, әзірб. spectrogram, қырғ.спектрограмма, өзб. spektrogram |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | спектрограмма |
Ұсыныстар | спектрограмма |
Спикер / спикер / spiker
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. Speaker, сөзбе-сөз — «шешен») — парламент палатасының төрағасы. Бұл термин саяси лексикада кеңінен таралған, алайда ресми түрде тек ағылшын тілді елдерде ғана пайдаланылады. Парламент төрағасы деген қызмет алғаш рет 1377 жылы Қауымдар палатасында енгізілген болатын, алғашқы спикері Томас Хангерфорд (Thomas Hungerford) болды. Спикердің негізгі қызметтеріне мыналар жатады: парламент палатасының отырыстарын ұйымдастыру (регламенттің сақталуын қадағалау, жеке депутаттарға сөз беру, дауыс беру нәтижелерін жариялау) және оның лауазымды тұлғаларына басшылық ету жатады. Сонымен қатар спикер биліктің басқа тармақтарымен қарым-қатынас жасаған кезде өкіл болады. Кей жағдайларда төраға парламенттің көшбасшысы болып табылады және басқа депутаттардың қолы жетпейтін құзыреттіліктер мен билікке ие болады. Ол көрнекті саяси тұлға және де заң шығару процесінің барысына айтарлықтай ықпал етеді. Бірқатар елдерде президент лауазымының орны бос болса, оның міндетін атқарушы болып бір немесе бірнеше палаталардың спикерлері бірден тағайындалады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. konuşmacı, әзірб. nаtiq, қырғ. сүйлөгүч, өзб. notiq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | спикер |
Ұсыныстар | спикер |
Стандарттау / стандартизация / standarttau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( ағыл. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - стандартты, яғни шикізатқа, дүмбілзатқа, материалдарға, өндірістік үдерістерге, дайын бұйымдарға және т.б. қойылатын бірыңғай нормалар мен талаптарды белгілеу. Нақты өнім, көп қайтара қолданылатын, ғылымда, техникада, өндірісте, бейөндірістік аяда, халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын нормалар, талаптар, әдістер, терминдер, таңбалаулар стандартталуға тиіс. Сәйкестендіру стандарттау болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | стандарттау |
Ұсыныстар | стандарттау |
Стандарттық үлгі / стандартный образец / standarttyq ulgi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( ағыл. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - заттың (материалдың) қасиетін немесе құрамын сипаттайтын бір немесе одан да көп шамалардың мәндерін метрологиялық аттестаттау нәтижесінде белгіленетін зат (материал) үлгісі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. standart numune, әзірб. standart nümunə, қырғ. стандарттык үлгү, өзб. standart namunasi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | стандарттық үлгі |
Ұсыныстар | стандарттық үлгі |
Статистикалық деректер / статистические данные / statistikalyq derekter
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. status – «қалыпы, заңдық тұрғыдан алғанда заттың орналасуы») - нысандардың (бақылаулардың, жағдайлардың) және оларды сипаттайтын белгілердің (ауыспалы) жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. istatistik, әзірб. istatistik, қырғ.статистика, өзб. statistika |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | статистикалық деректер |
Ұсыныстар | статистикалық деректер |
Статистикалық есептілік / отчетность статистическая / statistikalyq eseptilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. status - қалыпы, заңдық тұрғыдан алғанда заттың орналасуы) - Тиісті органдардың кәсіпорындардан хабарланатын мәліметтердің ұсынылғанына және сенімділігіне жауапты тұлғалардың қолы қойылған, заң тәртібімен белгіленген есептік құжаттар (статистикалық есептер) түрінде өздеріне қажетті мәліметтер алатын мемлекеттік статистикалық қадағалау формасы. Мерзімділігі жағынан есептілік кезеңдік және бір мезгілдік болып екіге бөлінеді. Кезеңдік есептілік ағымдағы және жылдық болып екіге бөлінеді. Мемлекеттік есептілік электронды түрде және қағаз тасымалдаушысында ұсынылуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іstatіstіkі raporlar, әзірб. statіstіk hesabatlar, қырғ. статистикалык отчеттуулукту, өзб. statіstіk hіsobotlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | статистикалық есептілік |
Статистикалық кестелер / таблицы статистические / statistikalyq kesteler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. tabula – «тақтай, тақта; кесте» + лат. status – «қалыпы, заңдық тұрғыдан алғанда заттың орналасуы»). Жинақтау және топтастыру нәтижелерін рәсімдеу құралы, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді талдау және оны графикалық түрде көрсету құралы болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. istatistik tabloları, әзірб. statistik cədvəllər, қырғ. статистикалык үстөл, өзб. statistik jadvallar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | статистикалық кестелер |
Стеклография, әйнекке жазу / стеклография / steklografiya, aynekke zhazu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. grapho — «жазамын») - жалпақ басып шығару принциптерін пайдалану кезінде мәтінді және қарапайым суреттерді аз тиражбен көшіру тәсілі. Басып шығару формасы әйнек пластина негізінде дайындалады, оған алдымен топырақ салынады, содан кейін машина машинамен басу немесе арнайы қара сиямен сызылған түпнұсқа басылады. Басып шығару элементтер топырақ қабатының компоненттері мен түпнұсқа бояуды химиялық өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Стеклография технологиялық процестің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ışık baskısı, әзірб. collotype, қырғ. коллотипия, өзб. nur nashri texnikasi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | әйнекке жазу |
Стела / стела / stela
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( еж. грек. στήλη «столб, свая» - «бағана, тірек») - ойып жазылған мәтіндері мен суреттері бар тас, мәрмәр, гранит немесе ағаш тақта (немесе баған). Жерлейтін немесе ескерткіш белгісі ретінде орнатылады. Көбіне баған немесе конус тәрізді болатын бағанға ұқсас ескерткішпен шатастыруға болмайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dikili taş, әзірб. panosu, қырғ. чегилген, өзб. tikma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | стела |
Степлер / степлер / stepler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. stapler, |
Түркі тілдерінде қолданылуы | ˈsteɪplə(r) |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | - «қапсырмалармен бекіту») - металл қапсырмалардың көмегімен қағаз парақтарын бекітуге арналған кеңсе құрылғысы. |
Ұсыныстар | түрк. zımba, әзірб. stapler, қырғ. степлер, өзб. stapler |
Стереография / стереография / stereografiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. stereos – «тығыз, қатты» және grapho – «жазамын»). Қатты денелерді сала білу өнері; жазықтықта қатты денелерді сызу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. stereografi, әзірб., қырғ. стереография, өзб |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | стереография |
Ұсыныстар | стереография |
Стипендия, шәкіртақы / стипендия / stipendiya, shakirtaqy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. stipendium — «жалақы, марапаттау»). Оқу құны түріндегі тұрақсыз қаржылық көмек, кейде орта арнайы және жоғары оқу орындарының оқушыларына, сондай-ақ аспиранттар мен докторанттарға ай сайын берілетін жәрдемақы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. burs, әзірб. təqaüd, қырғ. окумуштуулук, өзб. olimlik |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | стипендия |
Ұсыныстар | стипендия |
Стратегиялық жоспарлау / планирование стратегическое / strategiyalyq zhosparlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + көне.-грек. στρατηγία - «қолбасшы өнері») – басшы қабылдаған іс-әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, ұйымның болашақта тиімді, ұтымды жұмыс жасау мақсатын қамтамасыз етуге қажетті ресурстарды белгілеу, анықтау, алу, оларды үнемді бөлу. Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. stratejіk planlama, әзірб. stratejі planlaşdırma, қырғ. стратегиялык пландаштыруу, өзб. strategіk rejalashtіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | стратегиялық жоспарлау |
Субвенция, мақсатты жәрдем / субвенция / subvenciya, maqsatty zhardem
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. subvenіre – «көмекке келу‚ қол ұшын беру»). Жоғары деңгейдегі бюджеттен белгілі бір мерзімге және нақты мақсатқа бөлінетін ақшалай сома. Жергілікті өкімет органдарына немесе халық шаруашылығның жекелеген салаларына белгілі бір мақсат үшін берілетін мемлекеттік қаржы жәрдемі. Залалдарды жабу үшін және қайтарымсыз берілетін дотациядан өзгеше түрде субвенция – осы шарттар бұзылған жағдайда қайтару құқығымен бөлінетін мақсатты қаржыландыру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sübvansiyon, әзірб. subvensiya, қырғ. субвенция, өзб. mablag |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | субвенция |
Субтитр / субтитр / subtitr
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. sous-titres — «жазулар»). Бейнеқатармен ілесіп жүретін мәтін, ол түпнұсқа немесе аударма тілінде, дубляж түрінде және кейде есту қабілеті төмен көрермендер үшін толықтырылатын кинофильм немесе телебағдарламалардың дыбыстық жолы түрінде болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. altyazı, әзірб. yarımsərlövhə, қырғ. yarımsərlövhə, өзб. kichik sarlavha |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | субтитр |
Ұсыныстар | субтитр |
Судья / судья / sudyya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Судья – сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген.Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады. Қазақстанда барлық Судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” заңымен және өзге де заңдармен айқындалады. Судьялар ауыстырылмайды әрі тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген. Істі Судьялар алқасының құрамында қарайтын Судья істі қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа Судьялармен тең құқықта болады. Судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін, Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес мемлекет есебінен материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | судья |
Ұсыныстар | судья |
Сұраулы хат / письмо до востребования / surauly khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | адамның тұратын нақты мекенжайына емес, конвертте көрсетілген пошталық бөлімшенің мекенжайына келетін хат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. talebin yazmak, әзірб. tələb məktub, қырғ. суроо-талап кат, өзб. talabning bіr maktub |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сұраулы хат |
Сұраунама / вопросник / suraunama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қандай да бір мәліметтер жинау үшін қандай да бір оқу пәні бойынша бағытталған сұрақтар тізімі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. anket, әзірб. anket, қырғ. анкета, өзб. savolnoma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | вопросник - сұрақнама |
Ұсыныстар |
Схолия / схолия / skholiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. σχόλιον – «бастапқыда «мектеп пікірі»; грек. σχολή – «бос уақыт, мектеп»). Антикалық немесе ортағасырлық қолжазбаларда шетіне (маргиналды схолиялар) немесе жолдардың арасындағы аздаған түсініктемелер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. şerh, әзірб. scholium, қырғ., өзб. scholium |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | схолия |
Ұсыныстар | схолия |
Съезд / съезд / syezd
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қандай да бір ұйым, халықтар тобы және т.б. өкілдерінің жиналысы |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kongre, әзірб. qurultay, қырғ. конгресс, өзб. kongress |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | съезд |
Ұсыныстар | съезд |
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық / правонарушение коррупционное / sybaylas zhemqorlyq quqyqbuzushylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. corruptіo - «азғыру, параға сатып алу») - нормативтік құқықтық актілерде азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленетін сыбайлас жемқорлық белгілері бар іс-әрекеттер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yolsuzluk suç, әзірб. korrupsіya cinayət, қырғ. Планы бузуу, өзб. korruptsіya jinoyat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық |
Сый тартушы / даритель / syy tartushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - сыйлық сыйлайтын адам. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. verіcі, әзірб. donor, қырғ. донордук, өзб. donor |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | сый тартушы |
Сыйға беру, сыйға тарту / дарение / syyga beru, syyga tartu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - мүлікті ақысыз беру, игілікке беру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bağış, әзірб. іanə, қырғ. белек |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | садага, өзб. hadya |
Ұсыныстар |
Сыйысымдылық / совместимость / syyysymdylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | нысанның (процестің, жүйелердің) басқа нысандармен (процестермен, жүйелермен) өзара әрекеттесу қабілеті, мұнда аталмыш өзара әрекеттесуге қатысатын нысандар (процестер, жүйелер) бір-бірінің байқалуын толық жоққа шығармайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. uygunluk, әзірб. uyğunluğu, қырғ. шайкештик, өзб. moslashuv |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | үйлесімділік |
Ұсыныстар | Совместимость психологическая - Психологиялық үйлесімдік (псих.) (1971-1981 жж.) |
Сынап көру / опробование / synap koru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Талдау жасау үшін технологиялық материалдың аздаған, бірақ репрезентативті бөлігін іріктеу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. örnekleme, әзірб. nümunə, қырғ. тандап алуу, өзб. namunalar olіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | сынақ |
Ұсыныстар | сынақ |