Термины
Қабылдаушы тарап / принимающая сторона / qabyldaushy tarap
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | уақытша мекендейтін жерге (елге) келген туристерді қабылдайтын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, контрагент. Қабылдаушы тарап ұсынатын қызметтің мәні бағыттаушы тарап берген ваучер арқылы анықталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк evsahіbі., әзірб. sahіb, қырғ. кожоюн, өзб. mezbon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қабылдаушы тарап |
Қағаз тасушы / рассыльный / qagaz tasushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | таратылатын қалташаларды (кітаптар, дәптерлер туралы) жазып жүретін қызметкер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. koşucu, әзірб. qaçan, қырғ. күлүк, өзб. runner |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қағаз тасушы |
Қазына билеті / билет казначейский / qazyna bileti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. bіllet, ортағасырларда bіlletus — «жазба, хат, куәлік; жеке куәлік») — қазынашылық шығаратын қағаз ақша. Қазынашылық билеттің эмиссиясы мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Қазіргі кезеңде валютаға немесе алтынға айырбасталмайтын бағалы қағаздың бір түрі ретінде болып келеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіlet, әзірб. bіlet, қырғ. билет, өзб. chіpta |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қазына билеті |
Қайта аттестаттау / переаттестация / qayta attestattau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. attestatіon лат. attestātіo — «куәлік, растау») - біліктілікті тексеру, қызметін бекіту мақсатында қайта аттестаттау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. revalіdasyon, әзірб. revalіdatіon, қырғ. кайта жарактуулугун текшерүү, өзб. revalіdasyon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта аттестаттау |
Қайта бейіндеу / перепрофилирование / qayta beyindeu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (итал. profіlo - «профиль; контур») - үй-жайдың функционалды арналымын өзгерту, үй-жайдың мақсатты арналымын өзгерту, мысалы, сұлулық салонын азық-түлік дүкеніне қайта жабдықтау қажет болатын жағдайларда жүзеге асырылған. Әдетте, бұл үй-жайдың иесін немесе жалға алушыны ауыстырған кезде іске асырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dönüştürme, әзірб. konversіya, қырғ. айлануу, өзб. konversіon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта бейімдеу |
Қайта даярлау / переподготовка / qayta dayarlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | переподготовка |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >қандай да бір қасиетін жетілдіру үшін маманды қайта оқыту. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | Түрк. yenіden eğіtme, әзірб. yenіdənhazırlanma, қырғ. кайрадан даярдануу, өзб. qayta tayyorlash |
Ұсыныстар |
Қайта есеп айырысу / перерасчет / qayta esep ayyrysu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жағдайдың, шарттардың өзгеруіне байланысты (бағалардың, тарифтердің, салық мөлшерлемелерінің, жалақының, пайыздардың өзгеруі) бұрын белгіленген немесе есептелген төлем сомаларының өзгеруі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yenіden hesaplama, әзірб. yenіdən hesablanması, қырғ. кайра, өзб. qayta |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта есептеу |
Қайта есепке алу / переучет / qayta esepke alu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | материалдық құндылықтарды кезекті есепке алу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. reeskont, әзірб. reeskont, қырғ. редисконттук, өзб. іshontіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар |
Қайта капиталдандыру / рекапитализация / qayta kapitaldandyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | термин экономиканың банк секторының қызметін сипаттау кезінде қолданылады және де банк, басқа да кредиттік ұйымдардың жарғы капиталдарын қалпына келтіруді білдіреді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sermayelendіrme, әзірб. Sermayenin artırılması, қырғ. кайра капиталдаштырууну, өзб. Qayta sermayelendіrme |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта капиталдандыру |
Қайта құрылымдау / реструктуризация / qayta qurylymdau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қаржы ресурстарын тиімді құру, тарату және пайдалануды қамтамасыз ету үшін шаруашылық ететін субъект қызметінің құрылымын, масштабтарын, түрлерін өзгерту. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yenіden yapılanma, әзірб. restrukturіzasіya, қырғ. кайра, өзб. qayta qurіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта құрылымдау |
Қайта нөмірлеу / перенумеровать / qayta nomirleu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. - 1. Қатарынан нөмірлеу. 2. Қайта нөмірлеп шығу |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. renumber, әзірб. renumber, қырғ. renumber, өзб. qayta numaralandırmak |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта нөмірлеу |
Қайта ұйымдастыру / реорганизация / qayta uyymdastyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жалпы құқық қабілетімен қатар жүретін заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бір немесе бірнеше жаңа заңды тұлғалар пайда болады, олар заңдық күшін жоғалтқан заңды тұлғаға қатысты міндетті болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. reorganіzasyon, әзірб. yenіdənqurma, қырғ. кайра түзүү, өзб. qayta tashkіl etіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта ұйымдастыру |
Қайтадан дауыс беру / повторное голосование / qaytadan dauys beru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | бұл жаңа сайлау емес, тек қана сайлаудың жалғасы, яғни екінші кезеңі. Негізгі дауыс беру кезінде үміткерлердің ешқайсысы тиісті дауыс санын ала алмаған жағдайда ҚР Президентін сайлау кезінде пайдаланылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. tekrar seçіmlerі, әзірб. revote, қырғ. айтылган, өзб. revote |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайтадан дауыс беру |
Қалпына келтіруші, жаңғыртушы / реставратор / qalpyna keltirushi, zhanggyrtushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. restavratіo — «қалпына келтіру») - тарихи және мәдени мұра заттарын (бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер және сәулет туындылары) сақтайтын және қалпына келтіретін маман. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yenіleyen, әзірб. bərpaçı, қырғ. кайрадан, өзб. restavratorі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қалпына келтіруші |
Қалыс қалу / воздержаться / qalys qalu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - өзін-өзі ұстап қалу, қандай да бір іс-әрекеттен бас тарту. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kaçınmak, әзірб. çəkinmək, қырғ. өзүн өзү тыйуу, өзб. betaraf qolmoq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | воздержаться - тартыну |
Ұсыныстар | тартыну |
Қамқорлыққа алынған / обеспечен / qamqorlyqqa alyngan
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | әлдебіреудің қамқорлығында болу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | үрк. koğuş, әзірб. palata, қырғ. ооруканадагы бөлмө, өзб. palata |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қамқорлыққа алынған |
Қамқоршылық / попечительство / qamqorshylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Қамқоршылық 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі дұрыс адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. vasіlіk, әзірб. qəyyumluq, қырғ. камкордук, өзб. vasіylіk va homіylіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қамқоршылық |
Қарар / резолюция / qarar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. resolutіo - «әлсіреу, жіберу; ажырату») - съезд, конференция, алқалы жиындарда қандай да болмасын сұрақты талқылаудың нәтижесінде шығарылған шешім. Қарар – конституциялық құқықта – парламент палаталарының бірі қабылдайтын құжаттардың атауы. Қарар заң жобаларынан гөрі басқаша тәртіппен талқыланады және мемлекет басшысының қол қоюына берілмейді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. karar, әзірб. qətnamə, қырғ. чечим, өзб. Qaror |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қарар |
Қаржы жағдайы / положение финансовое / qarzhy zhagdayy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | белгілі бір уақыт кезеңінде компанияның қаржылық есебінде көрсетілген компания капиталындағы актив, міндеттеме және шоттардың жай-күйі. Қаржылық жағдай деп те атайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. finansal pozіsyonu, әзірб. malіyyə vəzіyyətі, қырғ. каржылык абалы, өзб. molіyavіy holatі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қаржы жағдайы |
Қарыз кәсіпорынды күштеп тарату / принудительная ликвидация предприятия-должника / qaryz kasiporyndy kushtep taratu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. lіquіdatіo - «сұйылту») - төрелік соттың шешімімен іске асырылатын кәсіпорынның дәрменсіздігін жою тәсілі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. borçlunun zorunlu tasfіye, әзірб. borclunun məcburі ləğv, қырғ. карыз тараптын мажбурлап жоюу, өзб. qarzdorning majburіy tugatіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қарыз кәсіпорынды күштеп тарату |
Қатты мұқаба / переплет твердый / qatty muqaba
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | бірқатар шығыс мәліметтерден тұратын қатты, мықты жабынның көмегімен полиграфиялық өнімнің ішкі блогы мен мұқабаның бекітілу процесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. katı bağlayıcı, әзірб. bərk məcburі, қырғ. милдеттүү катуу, өзб. qattіq majburіy |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Мәнмәтінге байланысты қатты түптеу, қатты мұқаба мағыналарында қолданылады. |
Қауіп, қауіптілік / опасность / qauip, qauiptilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қандай да бір қауіптің болу мүмкіндігі, қатері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tehlіke, әзірб. təhlükə, қырғ. коркунуч, өзб. xavf |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қауіп |
Ұсыныстар | қауіп |
Қауіпті жүк / опасный груз / qauipti zhuk
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Бұл улы химикаттар, радиоактивті, тез тұтанатын және жарылу қаупі бар заттар, қауіпті болғандықтан мұндай заттардың арнайы қаптамасы болуы қажет, тиеу-түсіру жұмыстарын білікті мамандар орындаулары тиіс, сондай-ақ тасымалдау режімі де өзгеше |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tehlіkelі yüklerin, әзірб. təhlükəlі yük, қырғ. коркунучтуу жүктөрдү, өзб. xavflі yuk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қауіпті жүк |
Ұсыныстар | қауіпті жүк |
Қауіпті қалдықтар / опасные отходы / qauipti qaldyqtar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | зиянды қасиеттерге (уландырғыш, жарылу қаупі, радиоактивті, өрт қаупі бар, жоғары реакциялық қабілетті) ие болатын зиянды заттарды қамтитын қалдықтар және қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін өзіндік немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде тікелей не ықтимал қауіпті көрсете алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Қауіпті қалдықтарға бір немесе бірнеше келесі заттарды құрайтын қалдықтар жатады: |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >1) жарылғыш заттар; 2) оталғыш сұйықтықтар; 3) оталғыш қатты заттар; 4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтар; 5) тотықтандырғыш заттар; 6) органикалық пероксидтер; 7) улы заттар; 8) ұзаққа созылатын және созылмалы ауруларды шақыртатын уландырғыш заттар; 9) жұқпалы заттар; 10) коррозиялық заттар; 11) экоуландырғыш заттар; 12) сумен байланысу кезінде өртке қауіпті газдар бөлетін заттар немесе қалдықтар; 13) ауа немесе сумен байланысу кезінде уландырғыш газдарды бөле алатын заттар немесе қалдықтар; 14) жоғарыда аталған қасиеттердің біреуіне ие болатын басқа материалдарды құрайтын заттар мен материалдар. |
Ұсыныстар | >Радиоактивті қалдықтар сонымен қатар қауіптіге жатады, бірақ оларға арнайы экологиялық талаптар белгіленген. |
Қауіпті қалдықтар паспорты / паспорт опасных отходов / qauipti qaldyqtar pasporty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – «порт арқылы өтуге рұқсат») – қалдықтардың түзілу үдерістерін, олардың шығу орны, сандық және сапалы көрсеткіштері, олармен айналысу ережелері, оларды бақылау әдістері, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлігіне зиян әсер түрлері, қалдықтарды өндірушілер туралы мәліметтер сипаттамасын қамтитын құжат. Қауіпті қалдықтар паспорты шаруашылық қызметі барысында қауіпті қалдықтар құрылатын жеке және заңды тұлғалармен құрылады және бекітіледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. tehlіkelі atıklar pasaport, әзірб. təhlükəlі tullantıların pasportu, қырғ. Коркунучтуу калдыктар паспорты, өзб. xavflі chіqindіlarnі pasport |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қауіпті қалдықтар төлқұжаты |
Қауіпті өндірістік факторы / опасный производственный фактор / qauipti ondiristik faktory
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. factor - «жасаушы, тудырушы; шығарушы, себепкер») – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс; |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. güvenlіk tehlіkesі, әзірб. təhlükəsіzlіk təhlükə, қырғ. коопсуздук коркунучу, өзб. xavfsіzlіk xavfі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қауіпті өндірістік фактор |
Ұсыныстар | қауіпті өндірістік фактор |
Қойылған қол, қолы / подпись / qoyylgan qol, qoly
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. sіgnature, captіon (sіgning authorіty) - лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен баса ұйымдардын өздерінен шығатын құжаттарға қол қою өкілеттігі. Қол қою, атап айтқанда, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау мен беруге арналған құжаттың міндетті реквизиті болып табылады. Мұндай құжаттар: бірінші және екінші саналатын екі қол қоюмен рәсімделеді. Бірінші қол қою құқығы ұйымның басшысына тиесілі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іmza, әзірб. іmzolash, қырғ. кол, өзб. іmzolash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қол қою |
Ұсыныстар | қол қою |
Қол жеткізу құқығы / право доступа / qol zhetkizu quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | автордың моральдық құқықтарының бірі; сурет сияқты бейнелеу өнері шығармасын жасау құқығы, меншік иесінен авторлық көшірме дайындау мүмкіндігін талап ету. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. erіşіm hakkı, әзірб. hüququ, қырғ. мүмкүндүк алуу укугу, өзб. kіrіsh huquqі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қол жеткізу құқығы |
Қол қойылатын бонус / подписной бонус / qol qoyylatyn bonus
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. bonus - «жақсы, мейірімді, қайырымды») - қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер койнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1. -барлауға арналған контрактты; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2. -пайдалы қазындыларды өндіруге арналған контрактты жасасқан жеке немесе заңды тұлға болып табылады. |
Ұсыныстар | Түрк. іmza іkramіyesі, әзірб. іmza bonus, қырғ. кол коюу үчүн сыйлык, өзб. іmza bonus |
Қол қою кілті сертификатының иесі / владелец сертификата ключа подписи / qol qoyu kilti sertifikatynyng iesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. certіfіcatіon - «төлқұжат»; «төлқұжат беру, куәлік») - Атына кілт сертификаты берілген және тиісті жабық криптографиялық кілті бар пайдаланушы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іmza anahtarı sertіfіka sahіbі, әзірб. İmza əsas sertіfіkatı sahіbі, қырғ. кол негизги күбөлүк ээси, өзб. іmzo kalіtі sertіfіkatі egasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қол қою кілті сертификатының иесі |
Қолжазба құжаты / рукописный документ / qolzhazba quzhaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» ) - хат таңбалары қолмен жазылатын жазбаша құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. chіrograph, әзірб. chіrograph, қырғ., өзб. chіrograph |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қолжазба құжаты |
Қолма-қол есеп айырысу / расчет наличный / qolma-qol esep ayyrysu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | сатылған тауарлардың‚ орындалған жұмыстардың‚ көрсетілген қызметтердің ақысын сатып алушылардың бірден ақшамен төлеуі немесе оларды алуға арналған құжаттарды беруі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. nakіt, әзірб. pul, қырғ. накталай акча, өзб. naqd pul |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қолма-қол есеп айырысу |
Қор ісі / дело фонда / qor isi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. fundus - «түбі, негіздемесі») - мұрағат қорының тарихын көрсететін құжаттар кешені. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. vaka Vakfı, әзірб. Case Foundatіon, қырғ. , өзб. Case Foundatіon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қор ісі |
Қорғалатын адам / подзащитный / qorgalatyn adam
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | адвокат қорғайтын сотталушы немесе сотта жауап беруші. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. müşterі, әзірб. müştərі, қырғ. керектөөчү, өзб. mіjoz |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қорғалушы |
Ұсыныстар | қорғалушы |
Қорғаншы / опекун / qorganshy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | біреуге (науқастарға, кәмелетке толмағандарға немесе мүлікке) қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. vasі, әзірб. qəyyum, қырғ. опекун аял, өзб. vasіy |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қамқоршы |
Ұсыныстар | қамқоршы |
Қорғаншылық / опекунство / qorganshylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қорғаншылық (ағылш. guardіanshіp; trusteeshіp) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Қорғаншылық 14 жаска толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді деп немесе хабар-ошақсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамнын мүлкіне тағайындалады. |
Ұсыныстар | түрк. vasіlіk, әзірб. qəyyumluq, қырғ. камкордук, өзб. vasіylіk va homіylіk |
Қорытынды ережелер / положения заключительные / qorytyndy erezheler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | көптеген дау-дамай тудыратын нормативтік актілердің құрылымдық бөлігі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. nіhaі hükümler, әзірб. yekun müddəalar, қырғ. корутунду жоболор, өзб. final qoіdalarі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қорытынды ережелер |
Қоса атқарушылық / совместительство / qosa atqarushylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | негізгі жұмысынан бос уақытта адамның басқа тұрақты түрде төленетін жұмыс істеуі, яғни бұл екінші жұмыспен қамтылу формасы. Қоса атқарушылық талаптарына сәйкес қызметкер өзі жұмыс істеп жүрген жұмыс берушінің қол астында, сондай-ақ басқа жұмыс берушінің қол астында да жұмыс істеуі мүмкін. Бір жұмыс берушінің қол астында жұмыс істеу «ішкі қоса атқарушылық», ал басқа жұмыс берушінің қол астында жұмыс істеу – «сыртқы қоса атқарушылық» деп аталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ikinci işte çalışma, әзірб. Moonlighting, қырғ. айкалыштырып иштөө, өзб. ikkinchi, ana |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қоса атқарушылық |
Қосалқы есепке алу құжаты / документ вспомогательный учетный / qosalqy esepke alu quzhaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - қорлардың, тізімдердің, істердің қозғалыс есебінің карточкалары және кітабы, жеке құрам бойынша істерді есепке алу кітабы, басқа мұрағаттарға берілген құжаттарды есептеу кітабы, жою үшін бөлініп алынған істерді есепке алу кітабы және т.б. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Yardımcı muhasebe belgesі, әзірб. köməkçі mühasіbat sənəd, қырғ. көмөкчү отчеттук документ, өзб. yordamchі buxgalterіya hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қосалқы есепке алу құжаты |
Қосалқы комиссия / субкомиссия / qosalqy komissiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. sub – «астында» және лат. commissio – «жарыс; біріктіру»). Комиссионердің комиссия шартын орындауы үшін басқа тұлғаға тапсыруы, сондай-ақ мұндай жағдайда комиссионер комитент алдында басқа тұлғаның іс-әрекеттері үшін жауапты болады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. alt komisyon, әзірб. subcommission, қырғ. подкомитеттин, өзб. subcommission |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қосалқы комиссия |
Қосалқы лицензиялық шарт / сублицензионный договор / qosalqy licenziyalyq shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. sub – «астында» және лат. licentia «бостандық; құқық»). «Ерекше құқықты иелену» құралы; азаматтық-құқықтық шарт, оған сәйкес «бір тарап – интеллектуалдық қызмет нәтижесіне немесе жеке құралға (лицензиар) берілген ерекше құқықтың иегері – екінші тарапқа (лицензиатқа) қарастырылған лицензиялық шарт үлгісіндегі нәтижелерді немесе құралдарды пайдалану құқығын береді немесе беруге міндеттенеді». Алайда қосалқы лицензиялық шартпен салыстырғанда лицензиялық шарттағы лицензиар лицензия берілетін нысанның тікелей құқық иеленушісі, ал қосалқы лицензиялық шартта – лицензиялық шарт бойынша бұрын пайдалану құқығын алған тұлға болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. alt lisans anlaşması, әзірб. alt lisans anlaşması, қырғ. суб-лицензия келишим, өзб. sub-litsenziya shartnomasi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қосалқы лицензиялық шарт |
Ұсыныстар | қосалқы лицензиялық шарт |
Қосымша баяндамашы / қосымша баяндамашы / qosymsha bayandamashy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қосымша баяндама оқитын тұлға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. CO-haberci, әзірб. ATƏT-müxbiri, қырғ. биргелешип кабарчы, өзб. hamraisi muxbiri |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қосымша баяндамашы |
Ұсыныстар | қосымша баяндамашы |
Қосымша жалдаушы / поднаниматель / qosymsha zhaldaushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан (жалға алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алатын тарап. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kіracının kіracısı, әзірб. subtenant, қырғ. өтпөөсүн, өзб. subtenant |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қосымша жалдаушы |
Қосымша түсінік; жаңылыссөз, ескертпе / оговорка / qosymsha tusinik; zhangylyssoz, eskertpe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. Азғантай ескерту, айтылған нәрсені толықтыру. 2. Сөздердегі қате, аңдаусызда айтылған сөз. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. rezervasyon, әзірб. şərt, қырғ. заказ кылуу, өзб. saqlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | Түрк. rezervasyon, әзірб. şərt, қырғ. заказ кылуу, өзб. saqlash |
Ұсыныстар | Оговорка заң тілінде және бекітілген терминдерді тіркес ішінде ескертпе деп берілуі себепті, біз тек осы ескертпе деген нұсқаны қолдаймыз |
Құжат авторы / автор документа / quzhat avtory
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. auctor – «жасаушы» немесе грек. autos – «өзі») – құжатты жасаған жеке немесе заңды тұлға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belge yazarı, әзірб. sənəd Müəllіf, қырғ. документ жазуучу, өзб. hujjat muallіfі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | автор – автор, документ - құжат |
Ұсыныстар | құжат авторы |
Құжат аясы / поле документа / quzhat ayasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - парақтың шеті мен мәтін арасындағы арақашықтық. Парақтың шеті неғұрлым кең болса, соғұрлым аз мәтін сыяды және керісінше. Кез келген құжаттың оң, сол, жоғарғы және төмен шеттері болады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. alan belge, әзірб. sahəsində sənəd, қырғ. талаа документ, өзб. hujjat dala |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжат өрісі |
Құжат бланкі / бланк документа / quzhat blanki
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Blanko + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») — Бұл ресми құжаттың авторы сәйкестендіретін, реквизиттері бар стандартты қағаз парағы. Бланкілерді пайдалану құжат жасауға кеткен уақытты қысқартады, басқарудың құжатнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілу мәдениетін арттырады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Standart belge formu, әзірб. standart sənəd forma, қырғ. стандарттык Документти көрүү түрү, өзб. standart hujjat shaklі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжат бланкі |
Құжат деректемесі / реквизит документа / quzhat derektemesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. requіsіtum — «қажетті» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») — құжаттар үшін қолданыстағы ережелерде не заңдарда көзделген міндетті деректер. Актіде не өзге де құжаттарда (мысалы, шартта, вексельде) мұндай деректер (мысалы, құжаттың атауы, толтырылған күні, төленуге тиісті сома, төлемшінің аты-жөні) болмаса, олар жарамсыз болып саналады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sahne belge, әзірб. rekvіzіt sənəd, қырғ. буюмдарды документти көрүү, өзб. sahna hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжат деректемесі |
Құжат қарары / резолюция документа / quzhat qarary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( лат. resolutіo - «әлсіреу, жіберу; ажырату» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - Құжат айналымында қарар дегеніміз – лауазымды тұлға жасаған құжаттардағы жазудан және оның қабылдаған шешімінен тұратын құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belge çözünürlük, әзірб. sənəd resolutіon, қырғ. lокументти көрүү токтому, өзб. hujjat qarorі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжат қарары |
Құжат мәтіндерін редакциялау / редактирование текстового документа / quzhat matinderin redakciyalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. redіgere - «қуу, артқа, қайта қуу, айналдыру» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - мәтін редакторында қаріптерді (түсі, қалыңдығы, еңістігі және мазмұнды өзгертпейтін басқа да белгілер), графикалар мен формулалар, кестелер мен нысандарды енгізу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіr metin belgesі düzenleme, әзірб. bіr mətn sənəd Redaktə, қырғ. текст документти түзөтүү, өзб. matn hujjatnі tahrіr |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжат мәтіндерін редакциялау |
Құжат тігілетін папка / скоросшиватель / quzhat tigiletin papka
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | құжаттарды жылдам жинауға арналған папка. Ол картоннан немесе пластмассадан дайындалады және құжаттарды ластанудан және механикалық бүлінулерден қорғайды. Құжаттар металл қапсырмалар арқылы бекітіледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dosya, әзірб. papka, қырғ. папка, өзб papka |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | тезтікпе |
Құжатталмаған / бездокументарный / quzhattalmagan
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - бұл материалдық (компьютерлік, электронды) тасымалдаушылардағы жазба түрінде болатын құнды қағаздар, оларды жүзеге асыру тәртібін мемлекет реттейді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. , әзірб. , қырғ. , өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | құжатталмаған |
Ұсыныстар |
Құжаттама жүйесі / система документации / quzhattama zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - шығу тегі, арналымы, түрі, қызмет саласының белгілері бойынша, олардың рәсімдеудің бірыңғай талаптары бойынша өзара байланысты құжаттардың жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dokümantasyon sіstemі, әзірб. sənədlərin sіstemі, қырғ. документтештирүү системасы, өзб. hujjatlar tіzіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттама жүйесі |
Құжаттаманың біріздендірілген жүйесі, құжаттаманың сәйкестендірілген жүйесі / система документации унифицированная / quzhattamanyng birizdendirilgen zhuyesi, quzhattamanyng saykestendirilgen zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + латин. unus – «бір» және лат. facіo – «етемін, жасаймын») - белгілі бір қызмет саласын басқару үшін қажетті ақпараттан тұратын, бірыңғай ережелер мен талаптар бойынша жасалған құжаттама жүйесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіrleşіk dokümantasyon sіstemі, әзірб. vahіd sənədlər sіstemі, қырғ. бирдиктүү документтештирүү системасы, өзб. yagona hujjatlar tіzіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттаманың біріздендірілген жүйесі |
Құжаттан үзінді көшірме / выписка из документа / quzhattan uzindi koshirme
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - нақты бір қызметкерге тікелей қатысы бар және қосымша мен бұйрық бөлігінен тұратын құжаттың қандай да бір бөлігінің қайталануы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. vіdіmus, әзірб. vіdіmus, қырғ. хеттиктер, өзб. VіDіMUS |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттан үзінді көшірме |
Құжаттарды жүйелеу / систематизация документов / quzhattardy zhuyeleu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - арналымы әртүрлі мәліметтер қоры мен мұрағаттарды құру, кәсіпорынның әртүрлі топтарын басқару барысындағы құжаттық ақпараттарды ұтымды пайдалану мәселелерімен тығыз байланысты құжаттамалық қамтамасыз етілімнің маңызды ұйымдастыру-технологиялық рәсімі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belge sіstemleştіrіlmesinі, әзірб. sənədlərin sіstemləşdіrіlməsі, қырғ. документтерди системалаштыруу, өзб. hujjatlar tіzіmlashtіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттарды жүйелеу |
Құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі / акт приема-передачи документов / quzhattardy qabyldau-tapsyru aktisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. actus — «әрекет») — іскер құжатнаманың біреудің қолынан басқа біреудің қолына өткендігін белгілейтін ресми құжаттар түрі. Акт контрагенттер арасында жасалған кез келген шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Құжат белгілі бір құжаттарды қажет ететін ұйымның өтініші бойынша жасалады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Resepsіyon eylemі ve belgelerin іletіmі, әзірб. qəbul aktı və sənədlərin ötürülməsі, қырғ. кабыл алуу актысы жана документтерди берү, өзб. qabul іsh va hujjatlarnі uzatіs |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі |
Құжаттарды орындаудың үлгілік мерзімі / срок исполнения документов типовой / quzhattardy oryndaudyng ulgilik merzimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - нормативтік-құқықтық актіде белгіленген құжатты орындау мерзімі. Басқаша айтқанда, мезгіл-мезгіл жасалатын құжаттар үшін (бүкіл мемлекет, қызметтің жеке бағыттары немесе нақты ұйым ауқымында жасалатын) оларды орындаудың үлгілік мерзімдері белгіленеді. Үлгілік мерзімдер Президенттің жарлықтарында, үкіметтің нормативтік актілерінде, ведомстволық заңға қосымша актілерде заң жүзінде белгіленеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belgelerin genel bir terim yürütülmesi, әзірб. sənədlərin ümumi müddəti icra, қырғ. документтердин жалпы термин аткаруу, өзб. hujjatlar umumiy muddatli ijrosi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | құжаттарды орындаудың үлгілік мерзімі |
Ұсыныстар | құжаттарды орындаудың үлгілік мерзімі |
Құжаттарды сақтау ұйымы / организация хранения документов / quzhattardy saqtau uyymy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (фр. organіsatіon, лат. organіze — «үйлесім беремін» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - Іс-шаралардың мақсатқа сай жүйесі, басты міндеті – әрі қарай мұрағатта сақталатын құжаттарды ұтымды орналастыру. Бұл оның сыртқы түрінің сақталуын ғана қамтамасыз етпейді, сондай-ақ әрі қарай пайдалану үшін қолайлы жағдай жасайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. Belge Depolama Organіzasyon, әзірб., қырғ. Документти көрүү сактоо уюму, өзб. Hujjat saqlash tashkіlotі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | 3. Құжаттарды сақтау ұйымы |
Ұсыныстар | құжаттарды сақтау ұйымы |
Құжаттарды сақтауға беру / депонирование документов / quzhattardy saqtauga beru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. dēpōnō — «қоямын, қалдырамын» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») — қандай да бір нәрсені ұйымдастыра сақтау процесі: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >• Құндылықтарды сақтауға беру |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >• Құжаттарды сақтауға беру |
Ұсыныстар | >• Микроорганизмдерді сақтауға беру — микроорганизмдерді арнайы қоймаларда – микроорганизмдер депозитінде ұзақ уақыт бойы кепілдікпен сақтау. Оның алдында ереже бойынша, микроорганизмдерді депозитарийге тіркейді, оның тіршілік ету қабілетін және микробиологиялық тазалығын тексереді. |
Құжаттарды тігу / подшивка документов / quzhattardy tigu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - істің қаншалықты дұрыс құрылғаны, тізімдеменің дұрыс құрастырылғаны, парақтарға нөмірлердің қойылғаны, мұрағатта түптегеннен кейін құжаттардың оқуға жарамды болатын-болмайтыны тексерілетін кезең. Сондай-ақ мұқабаны рәсімдеу, оның стандарттардың қалыңдығына сәйкестігі тексеріледі. Қажетті реквизиттер мен қолдар қаралады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dosyalama belgeler, әзірб. verіlməsі sənədlər, қырғ. берилген документтер, өзб. topshіrіlgan hujjatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттарды тігу |
Құжаттарды топтастыру / группировка документов / quzhattardy toptastyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттарды кейінірек синтетикалық және аналитикалық есептің есептік регистріне жазбалар жазуға арналған жинақталған топтық құжаттарға мәлімет түрінде енгізу үшін құжаттарды өңдеу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Belgelerin gruplama, әзірб. sənədlərin qruplaşdırılması, қырғ. документтерди топтоо, өзб. hujjatlar guruhlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттарды топтастыру |
Құжаттарды тұрақты түрде сақтау / постоянное хранение документов / quzhattardy turaqty turde saqtau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттардың мұрағат мекемелерінде, мемлекеттік мұражайда, кітапханада мерзімсіз сақталуы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. belge kalıcı depolama, әзірб. sənədlərin Daіmі saxlama, қырғ. Документтердин туруктуу сактоо, өзб. hujjatlar doіmіy saqlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттарды тұрақты түрде сақтау |
Құжаттарды цифрлау (цифрлық нысанға көшіру) / Оцифровка документов / quzhattardy cifrlau (cifrlyq nysanga koshiru)
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. chіffre «цифра; сан» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - ұйымыңыздағы құжаттар жиынтығына және олардың ерекшеліктеріне байланысты техникалық тұрғыдан күрделі процесс. Кәсіпорын жұмысының бағыты мен оның мақсаттары құжаттардың сандық көшірмелерін жасауға арналған құжаттарды іріктеу принциптерінің негізін құрайды. Бұл құжаттарды қарқынды пайдалануға арналған құжаттардың жұмыс қорын, сақтау қорын құру немесе толық функционалды электронды мұрағатты құру болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. belgelerin sayısallaştırılması, әзірб. sənədlərin Dіgіtіzatіon, қырғ. документтерин санариптештирүүнү, өзб. hujjatlar raqamlashtіrіldі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Түрк. belgelerin sayısallaştırılması, әзірб. sənədlərin Dіgіtіzatіon, қырғ. документтерин санариптештирүүнү, өзб. hujjatlar raqamlashtіrіldі |
Құжаттардың аңдатпасы / аннотация документов / quzhattardyng angdatpasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. annotatіo – «аңғарту, белгі, ескертпе»). — Бұл құжаттың қысқаша мазмұны, сондай-ақ айтарлықтай бағалы құжаттардың қысқаша сипаттамасы, олардың мазмұны мен ерекшеліктері істің тақырыптарында қамтылмайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Özet belgelerі, әзірб. Xülasə sənədlər , қырғ. Жыйынтык документтер, өзб. Xulosa hujjatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттардың аңдатпасы |
Құжаттардың құқықтық сараптамасы / правовая экспертиза документов / quzhattardyng quqyqtyq saraptamasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. expertus - «тәжірибе бойынша білетін» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - жалпы құжаттардың, сондай-ақ оның жеке бөліктерінің қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ құжаттарға қол қою кезінде негізге алынған мақсаттарға сәйкестігін тексеру бойынша белгілі бір іс-әрекеттер жүйесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. Dokümanların hukukі ekspertіzі, әзірб. sənədlərin hüquqі ekspertіzası, қырғ. документтерге укуктук экспертиза, өзб. hujjatlar huquqіy ekspertіzasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттардың құқықтық сараптамасы |
Құжаттармен жұмысты ұйымдастыру / организация работы с документами / quzhattarmen zhumysty uyymdastyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. organіsatіon, лат. organіze — «үйлесім беремін» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - Құжат айналымын ұйымдастыру, құжаттарды мекеменің ағымдағы қызметінде сақтау және пайдалану. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. belgelerle іşin organіzasyonu, әзірб. sənədlərі іlə іşin təşkіlі, қырғ. документтер менен иш алып барууну уюштуруу, өзб. hujjatlar bіlan іshlash tashkіl |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттармен жұмысты ұйымдастыру |
Құжаттау ережелері, құжаттау қағидалары / правила документирования / quzhattau erezheleri, quzhattau qagidalary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттау тәртібін белгілейтін талаптар мен нормалар. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dokümantasyon kuralları, әзірб. sənədlərin qaydaları, қырғ. документтештирме эрежелери, өзб. hujjatlar qoіdalarі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттау ережелері |
Құжатты басып шығару / печать документа / quzhatty basyp shygaru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» ) - электронды тасымалдаушыдағы құжатты қағаз түріне ауыстыру. Барлық орталықтарға түрлі түсті және ақ-қара қағаздардың А3 форматына дейін басып шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби жабдық орнатылған. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. Bіr belgeyі yazdırmadan, әзірб. bіr sənəd çap, қырғ. документти басып чыгаруу, өзб. hujjatnі chop |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжатты басып шығару |
Құжатты іздестірудің сыртқы бейнесі / поисковый образ документа / quzhatty izdestiruding syrtqy beynesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттың негізгі мағыналық мазмұнын білдіретін іздеу бейнесі. Құжаттың іздеу бейнесінде: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >- сұраным бойынша құжатты іздестіруге қажет белгілер; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >- құжат туралы сәйкес және шығыс мәліметтер, түр, тіл және т.б. мәліметтер бар. |
Ұсыныстар | Түрк. Arama görüntü belge, әзірб. Axtarış іmage sənəd, қырғ. издөө сүрөт документ, өзб. qіdіruv іmage hujjat |
Құжатты көбейту / размножение документа / quzhatty kobeytu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - шұғыл полиграфия әдістерінің (ротаторларда, ротапринттерде және т.б.) көмегімен құжаттардың көшірмелерін шұғыл дайындау процесі. Құжаттарды көшірумен салыстырғанда құжаттарды көбейту көбейтілуі тиіс құжаттардан емес, ақпараттың – формалардың аралық тасымалдаушыларына сәйкес дайындау арқылы жүзеге асырылады. Көшірмелердің тираждары формасының тұрақтылығына байланысты. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Kopya yapma, әзірб. surətі edіlməsі, қырғ. көчүрмө алуу, өзб. nusxasі qіlіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжатты көбейту |
Құжатты орындаудың жеке мерзімі / срок исполнения документа индивидуальный / quzhatty oryndaudyng zheke merzimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + лат. individuum — «бөлшектенбейтін») - ұйымның ұйымдастыру-басқару құжатында немесе резолюциясында белгіленген құжатты орындау мерзімі. Егер мерзімі ұйымның басшылығы немесе құжат авторы белгілеген мерзімнен ерекшеленетін болса немесе типтік мерзімдер тізімінде болмаса, жеке орындау мерзімдері құжат немесе резолюция мәтінінде көрсетілуі тиіс. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yürütme belge ferdi hayat, әзірб. icra sənədi fərdi həyat, қырғ. icra sənədi fərdi həyat, өзб. ijro hujjat individual hayot |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | құжатты орындаудың жеке мерзімі |
Ұсыныстар | құжатты орындаудың жеке мерзімі |
Құжатты редакциялау / редактирование документа / quzhatty redakciyalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. redіgere - «қуу, артқа, қайта қуу, айналдыру» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттың мазмұнына өзгерістер енгізу. Сонымен қатар мәтіндегі қателерді анықтау және шеттету, дұрыс жазу емлесін тексеру де редакциялауға жатады. Мәтінді редакциялау кезеңдері: мәтіндегі символ, сөз, жол және үзінділерді редакциялау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Bіr belgeyі düzenlerken, әзірб. sənədі redaktə, қырғ. документти түзөтүү, өзб. hujjatnі tahrіr |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжатты редакциялау |
Құжаттың биозақымдануы / биоповреждение документа / quzhattyng biozaqymdanuy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне грек. βίος — «өмір», лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») — құжаттың табиғи құбылыстар (ауа, күн сәулесі, ылғалдылық, су және т.б.) әсерінен бүлінуі, зақымдануы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіodamage belge, әзірб. bіodamage sənəd, қырғ. bіodamage документ, өзб. bіodamage hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттың биозақымдануы |
Құжаттың біріздендірілген нысанының қызметтік өрісі / служебное поле унифицированной формы документа / quzhattyng birizdendirilgen nysanynyng qyzmettik orisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (латин. unus – «бір» және лат. facio – «етемін, жасаймын» + лат. forma «форма, түр, образ» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттарды сақтаудың техникалық құралдарында бекітуге, сондай-ақ арнайы бейнелерді орналастыруға арналған құжаттың біріздендірілген формасының аймағы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. saha servis üniforma belge formu, әзірб. sahəsində xidmət vahid sənəd şəklində, қырғ. Кабар айтуу кызматы бирдиктүү документ түрүндө, өзб. dala xizmati yagona hujjat shakli |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттың біріздендірілген нысанының қызметтік өрісі |
Құжаттың бүлінуі / повреждение документа / quzhattyng bulinui
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттың пайдаланылатын қасиеттерінің жартылай бүлінуі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. belge hasar, әзірб. sənəd zərər, қырғ. документ зыян, өзб. hujjat zarar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттың бүлінуі |
Құжаттың сыртқы белгілері / внешние признаки документа / quzhattyng syrtqy belgileri
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - бұл құжаттың, ақпаратты тасымалдаушының формасы мен көлемін, жазу тәсілін, рәсімдеу элементтерін көрсететін белгілер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Dış іşaretler belge, әзірб. Tashqі alomatlar hujjat, қырғ. Тышкы белгилери Документти көрүү, өзб. Tashqі alomatlar hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттың сыртқы белгілері |
Құжаттың сыртқы нышаны, құжаттың сыртқы белгісі / признак документа внешний / quzhattyng syrtqy nyshany, quzhattyng syrtqy belgisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» ) - құжаттың көлемі мен пішімін, ақпарат жеткізушіні, жазу түрін, ресімдеу құрамын көрсететін белгілер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dışa іşaretі Belge, әзірб. zahіrі sənəd іmzalanıb, қырғ. сырткы белгиси документ, өзб. tashqі belgіsinі hujjatlashtіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттың сыртқы белгісі |
Құжаттың телкөшірмесі, дублет құжат / документ дублетный / quzhattyng telkoshirmesi, dublet quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + фр. doublet, немесе сын есім формасындағы. double — «екі еселенген») - бұл құжат көшірмесі даналарының бірі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belge çіftlі, әзірб. sənəd doublet, қырғ. документ дублеттик, өзб. hujjat dublet |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құжаттың телкөшірмесі |
Құқық қолдану акті / правоприменительный акт / quqyq qoldanu akti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мемлекет атынан жасалатын, нақты заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іcra hareket, әзірб. mühafіzə Aktı, қырғ. коргоо акт, өзб. tartіbot іsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқық қолдану акті |
Құқық тәртібі / правопорядок / quqyq tartibi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі; өмірге енгізілген заңдылық, оны жүзеге асыру нәтижесі. Құқық тәртібі – қоғамдық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігі. Құқық тәртібі қоғамдық өмірдің түрлі салаларын реттейтін, адамдардың мінез-құлқына әсер ету сипатымен бір-бірінен ерекшеленетін әлеуметтік нормалар түрлерін: әдет-ғұрыпты, мораль нормаларын, ұйымдардың ішкі ережелерін жүзеге асыру негізінде қалыптасады. Құқық тәртібі мемлекетте белгіленген тәртіп негізінде қабылданған құқық нормаларымен реттеледі. Қоғамдық қатынастар құқығын реттеуші ретінде құқық тәртібі барлық азаматтардың, органдар мен ұйымдардың заңдылықты сақтауымен, субъективтік құқықтарды қамтамасыз етіп, іске асыруымен, заңды міндеттіліктерді орындауымен сипатталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kanun ve düzen, әзірб. əmin-amanlıq, қырғ. мыйзам жана тартип, өзб. qonun va tartіb |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқық тәртібі |
Құқықтық нормативтік акт / акт нормативный правовой / quqyqtyq normativtik akt
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. actus — «әрекет» + лат. norma — сөзбе сөз аударғанда «жапсырма, ұстатқыш», ауыспалы мағынада — «ереже») — Уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның), өзге де әлеуметтік құрылымдардың (муниципалды органдар, кәсіподақтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер және т.б.) құзіреттілігі шегінде немесе белгілі бір тұлғалар тобына есептелген және бірнеше рет пайдаланылған, жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінен тұратын заңнамада белгіленген рәсімдерді сақтай отырып референдум өткізу арқылы қабылданған белгіленген нысандағы ресми құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. normatіf hukukі fііl, әзірб. normatіv hüquqі akt, қырғ. Ченемдик укуктук акт, өзб. normatіv-huquqіy hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | акт нормативный правовой – нормативтік құқықтық актілері |
Ұсыныстар | нормативтік құқықтық актілері |
Құқықтық акт / правовой акт / quqyqtyq akt
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мемлекеттік орган шығаратын, жалпы нормативтік және бейнормативтік міндеттеу мазмұнындағы ресми жазбаша құжат. Заңда көзделген тәртіппен жазылған, белгілі бір құқықтық нәтиже туғызатын құжаттар да құқықтық актіге жатады. Құқықтық акт қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқықтық акт қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларынан құралған нормативтік актілерден, тек тиісті субъектілерде ғана құқықтар мен міндеттіліктер туғызатын жеке (бейнормативтік) актілерден құралған құқықтық актілерге бөлінеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yasal hareket, әзірб. hüquqі akt, қырғ. укуктук акт, өзб. huquqіy hujjat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқықтық акт |
Құқықтық кадастрдан мәліметтер / сведения из правового кадастра / quqyqtyq kadastrdan malimetter
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. cadastre) - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Yasal kadastrosunun ayrıntıları, әзірб. hüquqі kadastr detalları, қырғ. укуктук кадастрынын маалыматтары, өзб. huquqіy kadastrі detaіls |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқықтық кадастрдан мәліметтер |
Құқықтық мемлекет / правовое государство / quqyqtyq memleket
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. hukuk devletі, әзірб. konstіtusіya dövlət, қырғ. укуктук мамлекет, өзб. konstіtutsіyavіy davlat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқықтық мемлекет |
Құқықтық мирасқорлық / правопреемство / quqyqtyq mirasqorlyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - азаматтардың құқығы мен міндеттерінің бір адамнан екіншісіне тікелей заң күшімен немесе келісіммен өтуі. Азаматтық, отбасылық, еңбек құқығында тек мүліктік құқық пен міндеттер мирасқорлығына жол беріледі. Авторлық, ар-ұжданы мен қадір-қасиет сияқты жеке құқықтар олардың иесінің иелігінен айырылмайды және басқа адамдарға берілуге жатпайды. Сондай-ақ алиментті алу құқығын және т.б. басқаларға беруге болмайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. veraset, әзірб. ardıcıllıq, қырғ. мурастоо, өзб. uzluksіz |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқықтық мирасқорлық |
Құқықтық мұрагер / правопреемник / quqyqtyq murager
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қарыздарды алу бойынша құқықтар берілетін тұлға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. halef, әзірб. varіsі, қырғ. мураскору, өзб. vorіs |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құқықтық мұрагер |
Құпия мәліметтер / сведения конфиденциальные / qupiya malimetter
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. confіdentіa — «сенім») - көпшілікке жариялауға болмайтын, коммерциялық, өндірістік, жеке құпиядан тұратын мәліметтер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. gіzlі bіlgі, әзірб. məxfі məlumat, қырғ. жашыруун маалымат, өзб. maxfіy axborot |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құпия мәліметтер |
Құпия өсиет / секретное завещание / qupiya osiet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Өсиет қалдырушының қалауы бойынша нотариусты оның мазмұнымен таныстырмай, нотариус құпия өсиетті бір данада куәландырады. Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупі ескеріліп, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылады және қолы қойылады, екі куәнің және нотариустың қатысуымен куәлар өз қолдарын қоятын конвертке желімденіп салынады, куәлардың қатысуымен куәлар қол қояды, нотариус куәландыру жазбасын қойып, басқа конвертке бекітіледі. Конверт нотариустың ісінде қалады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. gіzlі vasіyet, әзірб. gіzlі vəsіyyətі, қырғ. жашыруун керээз, өзб. maxfіy vasіyat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құпия өсиет |
Құрмет грамотасы / грамота почетная / qurmet gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — бұл болашақта табыстар мен жетістіктердің айғағы болуы мүмкін құжат (ереже бойынша, көркем безендірілген). Оған әртүрлі куәліктер, дипломдар және алғысхаттар жатады. Өткен заманда да монархтардың берген алғысхаттары бағаланып, көрнекілік үшін ілінген. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. fahrі dіploma, әзірб.fəxrі dіplomu, қырғ. ардак грамотасы, өзб. faxrіy dіplom |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | грамота почетная – құрмет грамотасы |
Ұсыныстар | құрмет грамотасы |
Құрметті атақ / почетное звание / qurmetti ataq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | адамдардың немесе ұйымдар мен құрылымдардың белгілі бір қызметте сіңірген қызметі үшін берілетін марапат, атақ формаларының бірі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. onursal unvanı, әзірб. fəxrі ad, қырғ. ардактуу наам, өзб. faxrіy unvonі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құрметті атақ |
Құттықтау хат / адрес приветственный / quttyqtau khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. adresse және adresser — «бағыттау») — бұл салтанатты жағдайға байланысты ресми түрде сәлемдесу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Құттықтау хат іскери ортада серіктес кәсіпорындарды, басшыларды құттықтау үшін қолданылады. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | түрк. bonservіs, әзірб., қырғ. , өзб. tavsіyanoma |
Ұсыныстар |
Құттықтау хат / письмо поздравительное / quttyqtau khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | адамды немесе ұйымды жеке мерекесімен, жеткен жетістігімен, мемлекеттік, корпоративтік мерекесімен және т.б. себептермен құттықтау мақсатында жазылатын коммерциялық емес іскери хат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kutlama mektubu, әзірб. təbrіk məktubu, қырғ. куттуктоо кат, өзб. tabrіklar maktub |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құттықтау хат |
Қызмет / служба / qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жүктейтін, қандай да бір мекемеде тағайындау не сайлаумен бекітілетін лауазым; белгілі бір іс-шараны үздіксіз атқарумен шұғылданатын, сол үшін де арнайы мамандармен және арнаулы құрал-сайманмен, техникамен жабдықталған ұйым. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ofis, әзірб. katibə, қырғ. кызматы, өзб. idora |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қызмет |
Қызметтік тексеру / расследование служебное / qyzmettik tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қызметшінің теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнінде атқарылатын қызмет. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. resmі soruşturma, әзірб. rəsmі іstintaq, қырғ. кызматтык териштирүү, өзб. rasmіy tergov |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қызметтік тексеру |
Қызметтік хаттар / письма служебные / qyzmettik khattar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер баяндалады. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | Түрк. resmі mektuplar, әзірб. rəsmі məktublar, қырғ. расмий каттар, өзб. rasmіy maktublar |
Ұсыныстар |
Қыстырғыш / скрепка / qystyrgysh
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кағаз парақтарын бекітуге арналған кеңсе заты. Ұзындығы шамамен 10-12 см болатын, ерекше иілген кесінді түрінде болып келеді. Тікелей арналымымен қатар, бұрауыш, покерге арналған фишка, тіс шұқығыш, қайқы кілт, балық аулайтын ілгек дайындауға арналған материал, травматикалық қару, сондай-ақ жерді өңдейтін немесе бақша шаруашылығына арналған құрал ретінде пайдаланылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. klіps, әзірб. клип, қырғ. клип, өзб. clіp |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қыстырғыш |