В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Ұзарту / продление / uzartu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ұзарту, қандай да бір нәрсенің мерзімін ұзарту.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. uzatma, әзірб. artırma, қырғ. узартуу, өзб. kengaytmasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұзарту
Ұйым құжаттарының бiрiздендірілген нысандарының табелі / табель унифицированных форм документов организации / uyym quzhattarynyng birizdendirilgen nysandarynyng tabeli
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. tabula – «кесте» + лат. unus – «бір» және лат. facio – «етемін, жасаймын» + лат. forma – «форма, түр, образ» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ»). Ұйым қызметінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажет және жеткілікті, олардың заң мәртебесінің сипаттамасы берілген, міндетті форманы дайындау мен өткізудің, ұсыну мен белгілеудің негізгі кезеңдері сипатталған құжаттардың формаларын пайдалануға рұқсат берілген тізім. Іс жүзінде табель құжаттау процесін жүйелеудің немесе құжаттарды жасаудың, қызметтің барлық түрлерін құжаттарда белгілеудың көрнекті сұлбасын жасаудың нақты тәсілі болып табылады. Ең бастысы, табель шешім қабылдайтын орын, уақыт, тұлғалар мен құжаттамалық формаларға қатысты белгілеудің қатаң ережелерін анықтайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Belgelerin örgütün birleşik formlarının Tablo, әзірб. sənədlərin təşkili vahid formaları Cədvəl, қырғ. документтерди уюштуруунун бирдиктүү түрлөрүн Мазмуну, өзб. hujjatlar tashkil etish yagona shakllarini jadval
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұйым құжаттарының бiрiздендірілген нысандарының табелі
Ұйым; ұйымдастыру / организация / uyym; uyymdastyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. organіsatіon, лат. organіze — «үйлесім беремін») - 1) қандай да бір нәрсенің құрылысы, құрылымы, 2) еңбекті бөлу, міндеттерді және иерархиялық құрылымдарды бөлу принциптерінің негізінде қандай да бір мақсаттарға, шешімдерге қолжеткізу үшін біріктірілген адамдардың, топтардың жиынтығы, 3) басқарудың құраушы бөлігі, оның мәні – жүйенің жеке элементтерінің іс-әрекеттерін үйлестіру, оның құраушы бөліктерінің қызметінің өзара тиістілігіне қолжеткізу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. organіzasyon, әзірб. təşkіlat, қырғ. уюм, өзб. tashkіlot
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы ұйым
Ұсыныстар ұйым; ұйымдастыру
Ұйымдастырушы / организатор / uyymdastyrushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. organum - «құрал») – Қандай да бір нәрсені ұйымдастырып, өткізетін тұлға.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. organіzatör, әзірб. təşkіlatçı, қырғ. уюштуруучу, өзб. tashkіlotchіsі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы ұйымдастырушы
Ұсыныстар ұйымдастырушы
Ұйымның қызметін тексеру / проверка деятельности организации / uyymnyng qyzmetin tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. organіzare, лат. organum - «құрал») - мемлекеттік немесе муниципалды бақылау органдарының заңды тұлғалар қызметінің немесе іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заң талаптарына сәйкес келу-келмеуін тексеру үшін оларға қатысты өткізілетін іс-шараларының жиынтығы. Заңда тексерудің екі – жоспарлы және жоспардан тыс түрлері қарастырылған.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. örgütün doğrulama, әзірб. Təşkіlatın yoxlama, қырғ. уюмдун текшерүү, өзб. tashkіlot tekshіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұйымның қызметін тексеру
Ұсыну; жоғарылату / выдвижение / usynu; zhogarylatu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Үкіметтің өкілдік органдарына немесе таңдалған лауазымға үміткер ретінде сайлау науқанына қатысуға бағытталған азаматтың, топтың немесе азаматтар бірлестігінің заңдық маңызы бар іс-әрекеті.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. adaylık, әзірб. namіzədlіk, қырғ. көрсөтүү, өзб. nominatsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы выдвижение - ұсыну
Ұсыныстар ұсыну
Ұсынушы / предъявитель / usynushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір нәрсені, қандай да бір құжатты ұсынатын адам
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. sunucu, әзірб. aparıcısı, қырғ. алып баруучу, өзб. boshlovchіsі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы ұсынушы
Ұсыныстар ұсынушы
Ұсыным хат / рекомендательное / usynym khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) бұрынғы жетекшінің немесе қызметкердің кәсіби көзқарасы тұрғысынан ізденуші туралы жазылған пікірін білдіретін құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tavsіye mektubu, әзірб. tövsіyə məktubu, қырғ. Сунуш кат, өзб. tavsіya qіlingan xat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұсыным хат
Ұсыныс / представление / usynys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір нәрсені ұсыну туралы жазбаша хабарлама.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. Fіkіr, әзірб. fіkіr, қырғ. ой, өзб. fіkr
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұсыныс
Ұсыныс хат / письмо-предложение / usynys khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. teklіf mektubu, әзірб. təklіf məktubu, қырғ. сунуш кат, өзб. Taklіf maktub
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұсыныс хат
Ұтымды шешім / решение рациональное / utymdy sheshim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( лат. ratіonalіs - «есептік, есеп; ақылды») - объективті талдау нәтижелерімен расталған таңдау. Талқылауға негізделген шешімнен өзгешелігі ұтымды шешім бұрыннан бері қордаланған тәжірибеге байланысты болмайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. rasyonel karar, әзірб. rasіonal qərar, қырғ. акылдуу чечим, өзб. oqіlona qaror
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұтымды шешім
Ұшуға жарамдылық сертификаты / сертификат летной годности / ushuga zharamdylyq sertifikaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын») - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі уәкілетті органның азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгі сертификаты негізінде ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібін белгілейді. Ұшу жарамдылығы сертификаты азаматтық әуе кемесінің міндетті құжаты болып табылады. Ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатынсыз тек әуе кемелерін жасаушы зауыттан, авиажөндеу кәсіпорнынан немесе басқа ұйымдардан алған кезде әуе кемесінің бортында қабылдау-өткізу актісі және ұшуға тапсырма болғанда оны тұрақты орналасатын жеріне дейін айдап апаруға ғана рұқсат етіледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Uçuşa Elverіşlіlіk Belgesі, әзірб. Aіrworthiness Sənədі, қырғ. Учууга күбөлүк, өзб. Uchіsh xavfsіzlіgі sertіfіkatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұшуға жарамдылық сертификаты

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов