В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Жарнама тілі: стильдік, құрылымдық ерекшеліктері

Дата: 16.08.2020

Жарнама – еңбек қарым-қатынастарының құрамдас бөлігі, қызмет көрсетулердің, тауарлардың түрлерін насихаттайтын әрі өндіріс орнының тиімді қызмет етуіне ықпал жасайтын, еңбек пен өнім бәсекелестігін дамытатын нысан. Ол коммуникациялық процесс, экономикалық және әлеуметтік құбылыс, жұртшылықпен байланысты қалыптастыратын құрал, иландыру мен сендірудің, қажетті көзқарасты қалыптастырудағы ақпараттық қару.

Жарнаманың мақсаты тауар туралы ақпарат беру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады. Мақсаттарына қарай жарнаманы ақпараттандырушы, сендіруші, еске салушы деп бөлуге болады. Ақпараттандырушы жарнама жаңа тауарды нарыққа енгізу барысында алғашқы сұранысты туғызу үшін қолданылады. Оның жиі қолданылатын мақсаттары – жаңа тауардың пайда болуын хабарлау, тұтынушылардың санасында фирма бейнесін қалыптастыру және т.б.

Жарнаманы жоспарлау үрдісі мынадай кезеңдерден тұрады:

* мақсатты аудиторияны таңдау;

* жарнама мақсатын анықтау;

* хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;

* жарнама құралдарын таңдау;

* жарнама тиімділігін бағалау.  

 

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

- жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

- жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

Жарнама берушілер - өнім өндірушілер, бөлшек- көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б. Қазақстан нарығында негізгі жарнама берушілер – шетелдік компаниялар.

Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық  ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (шығармашылық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады.

Өзге байланыс құралдары секілді жарнаманың да өзіндік ерекшелігі, құрылымы, құны, әсер ету жолдары мен әдіс-тәсілдері бар. Десек те, жарнама мәтінін әзірлеуде басшылыққа алатын басты қағида – оның лингвистикалық жағы болуы тиіс.         

Жарнама – белгілі бір қайнардан тараған, нақты мақсатқа бағытталған, тауарлар туралы, қызмет пен оны өндірушілер туралы таратылатын ақпарат.   

Жарнама туралы Заңда: “Мазмұны қысқа – нұсқа болумен бірге, тіл тазалығы, түсініктілігі қажет. Оған жарнама беруші жауап береді” деп көрсетілген.

Жарнама сапасының негізгі өлшемі онда айтылған ой, таралған ақпараттың сапасына байланысты болса керек. Жарнама мәтініндегі әрдайым негізгі, жетекші қызметті атқаратын да - сөз. Жарнама тілінің басты мақсаты – көпшілікке әсер ету, мәтін мазмұны арқылы эмоциональдық тұрғыда әсер қалдыру.

Глоссарий к тексту

Обсуждение (0)

Для того, чтобы участвовать в обсуждении Вам необходимо авторизоваться

Отправить на e-mail

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов