оформить документы и деловые письма на казахском языке
Resmihat.kz - бесплатная специализированная платформа по обучению работников официально - деловому казахскому языку, грамотному ведению делопроизводства на государственном языке.
О проектеДефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. Abonnement, фр. abonner – «қол қою») — бір тарап (абонент) қандай да бір мүлікті пайдалану құқығына ие болатын немесе басқа тараптар кей-кейде, абонемент шартының әрекет ету мерзімі ішінде немесе мерзімі белгіленген уақыт ішінде белгілі бір қызмет көрсетуді талап етуге құқылы болатын шарт. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. abone, әзірб. abunə, қырғ. жазылуу, өзб. obuna |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | абонемент |
Ұсыныстар | абонемент |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. аbrogatіo — «бас тарту») — ескірген заңнан бас тарту немесе оны өзгерту. Аброгация бұл құқық және юриспруденция туралы мақала дайындау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. abrogatsіya, әзірб. abrogatsіya, қырғ. abrogatsіya, өзб. abrogatsіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | аброгация |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. aval, шамамен араб. حوالة) — вексель немесе чек бойынша кепілдік; төлеушіден басқа кез келген тұлғаға рұқсат етіледі. Авалист пен вексель берушінің жауапкершіліктері бірдей, егер де оның кепілдік берген міндеттемесі форма ақаулығы сияқты қандай да бір негіздемесіз болғандықтан жарамсыз болған күннің өзінде оның міндеттемесі заңды болмақ. Осы тұрғыдан алғанда аваль негізгі міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлы) сипатқа ие болатын кепілдікке емес, банктік кепілдікке тең болады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kefіl, әзірб. zamin, қырғ. кепил, өзб. kafіl |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | аваль - аваль |
Ұсыныстар | аваль |
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. avant – «алдыңғы» және лат. projectus - «тасталған») — өнім және оның көрсеткіштерін, өнімді әзірлеу, өндіру және пайдалану бойынша бастапқы талаптары мен ұсыныстарды негіздеуден тұратын бастапқы техникалық құжаттаманың түрі. Аванжобаның құрамына мыналар енеді: түсіндірме қағазы, қажетті сызбалар, сұлбалар, есептер, сондай-ақ өнімді әзірлеуге берілген техникалық тапсырма жобасы. Тапсырыс берушінің немесе негізгі тұтынушының аванжобаны бекітуі өнімді әзірлеуді бастауға арналған қажетті шарт болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ön tasarım, әзірб. іlkin dіzayn, қырғ. алдын ала дизайн, өзб. dastlabkі dіzayn |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | аванпроект - алғыжоба |
Ұсыныстар | аванжоба |
Туу етістігі адамға қатысты айтылғанда екі мәнде жұмсалады: баланың/адамның тууы (дүниеге келуі) және баланы туу (дүниеге келтіру).
Морфолоия нормасы бойынша ырықсыз етіспен туылды деп айтылуы керек, бірақ тілімізде мұндай қолданыстар – узустық көріністер, яғни нормадан ауытқып қолдану кездеседі. Мысалы, қой қоздады дейміз, ал грамматикалық норма бойынша қой қозылады болуы керек. Туу етістігінің осындай екі түрлі қызметпен келетініне қарай туған-туысқан (туылған-туысқан емес), туған жер (жердің өзі туып тұр деген сөз емес) дейміз. Сондықтан адамның дүниеге келуін, сондай-ақ бір нәрсенің, құбылыстың пайда болуын, көрінуін туды деп қолданамыз.
Әзірлеушілер тобы.
Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне сәйкес көп жағдайда "Сәлеметсіз бе/ Сәлемет пе/Сәлеметсіздер ме" үлгілерін дұрыс, әдеби норма деп қарастырады.
Дегенмен, көп жағдайда (кей өңірлерде жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік) ауызекі сөйлеу тілінде осы сәлемдесу формасының жуан вариантын "Саламатсыз ба, кейде Сәламатсыз ба" қолданатыны бәрімізге аян.
Біз бұны қате деп есептемейміз, сондықтан да сабақтарда кездесетін диалогтардың барлығында дерлік осы сәлемдесу үлгісінің үш түрлі қолданысын (Сәлеметсіз бе/ сәламатсыз ба/ Саламатсыз ба) пайдаланамыз.
Әзірлеушілер тобы.
Қазақ тілінде қосымшалардың жазылу ережесіне сай, ст, кст, тт, лл, сс, пп, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жалғанғанда соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады!
Осы ережеге сәйкес журналист сөзіне -тер көптік жалғауы жалғанған кезде, соңғы -т дыбысы түсіп қалады, журналис+тер - журналистер,
сол секілді
поезд+дар - поездар
металл+дар - металдар
Күпі деп матамен тысталған тері тон не жабағы киімді қазақтар осылай атаған. Іздене қарағанда «күпі» сөзінің алғашқы мағынасы басқаша болғандығын анықтайтын тіл деректеріне кез боламыз. Хакас тілінде «күп», якут тілінде «көп» тұлғалас сөздер «жұмсақ», «үлпілдеген» немесе «түкті, жүндес» мағыналарында қолданылады . Осыларды еске алсақ, алғаш түкті, жүндес мағынасында қолданылған «күп» не «көп» сөзі, кейін сондай заттардан жасалған киімге атау есебінде ауысқан. Айырмашылық — тек -і жұрнағының қосылып, қазақ тілінде «күпі» тұлғасына дейін жетуі ғана.
Біздің жаңалықтарға жазылу үшін e-mail-ыңызды қалдырыңыз
Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!