Термины
Кепілге салынған мүлікті иеліктен шығару / отчуждение заложенного имущества / kepilge salyngan mulikti ielikten shygaru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ипотека туралы шартта басқаша қарастырылмаса, ипотека туралы шарт бойынша кепілге қойылған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының рұқсатымен сату, сыйлау, айырбастау, шаруашылық серіктестігінің немесе қоғамының мүлкіне жарна немесе пай салымы ретінде енгізу арқылы иеліктен шығаруы мүмкін. Егер кепіл берушінің кепілхатында көрсетілген жағдайда, белгіленген шарттар орындалған жағдайда кепілхат берілсе, кепілге қойылған мүлікті иеліктен айыруға рұқсат етіледі. Кепілге қойылған мүлікті ипотека туралы шарт бойынша иелік етуден шығару нәтижесінде немесе әмбебап құқық қабілеті тәртібімен, оның ішінде заңды тұлғаны қайта құру тәртібімен немесе мұрагерлікке алу тәртібімен сатып алған тұлға кепіл берушіге айналып, оған ипотека туралы шартқа сәйкес кепіл берушінің барлық міндеттемелері, оның ішінде бастапқы кепілді ұстаушы тиісті орындамағандарын қоса алғанда барлық міндеттемелер жүктеледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іpoteklі emlak yabancılaşması, әзірб. Gіrov qoyulmuş əmlakın özgəninkіləşdіrіlməsі, қырғ. күрөөгө коюлган мүлктү ээликтен ажыратуу, өзб. garovga mulkinі tasarruf |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кепілге алынған мүлікті иеліктен шығару |
Кепілгерлік / поручительство / kepilgerlik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. Азаматтық құқықта – міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >10. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығында – бұлтартпау шаралары ретіндегі жеке кепілдікті таңдауға тек кепілдік берушілердің жазбаша өтініші мен оған қатысты кепілдік берілетін адамның келісімі бойынша ғана жол беріледі. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | Түрк. kefіl, әзірб. zamin, қырғ. кепил, өзб. kafіl |
Ұсыныстар |
Кепілді шарт / договор гарантийный / kepildi shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. garantіr, garantіe) - бір немесе бірнеше мемлекет екінші (басқа) мемлекетке үшінші мемлекетке жүктелген міндеттеменің орындалуына кепілдік беретін халықаралық шарт. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sözleşme garantіsі, әзірб. müqavіlə zəmanət, қырғ. келишим кепилдик, өзб. shartnoma kafolatі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кепілді шарт |
Кепілдік міндеттемелер / обязательства гарантийные / kepildik mindettemeler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. garantіr, garantіe) - Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдің заңнамасымен осындай құжаттың ұсынылуы көзделген жағдайда беріледі. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы мынадай құжаттарды: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1) өтінішті; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін; |
Ұсыныстар | >3) сәйкестендіру үшін түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиісті мәмілені растайтын құжаттың көшірмесін; |
Кепілхат / письмо гарантийное / kepilkhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. mortgage) – тұлғаның өз борышы үшін жерді, ғимаратты немесе оған тиесілі басқа бір мүлікті, кепілге салуға келіскендігін қуаттайтын және борыш қайтарылмаған жағдайда несиегерге кепілге салынған мүлікті иелену құқығын беретін заңды құжат. Кепілхат борышкермен есеп айырысқан сәтке дейін, несиегердің колында болады, есеп айырысқаннан кейін кепілхат жойылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. teminat mektubu, әзірб. zəmanət məktubu, қырғ. кепилдик кат, өзб. kafolat xatі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кепілхат |
Кері шақыру; кері шақырып алу; кері қайтарып алу / отозвать / keri shaqyru; keri shaqyryp alu; keri qaytaryp alu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. Шақырып алып, әрі қарай тұруға мәжбүрлеу. 2. Қандай да бір жерден кері шақырып алу (өз өкілін). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. çekіlmek, әзірб. gerі, қырғ. алып, өзб. qaytmoq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Мәнмәтінге қарай: кері шақырып алу; қайтарып алу |
Кері шақырып алу грамотасы / отзывная грамота / keri shaqyryp alu gramotasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — Дипломатиялық өкілді кері қайтарып алу туралы өз елінің мемлекет басы қол қойған құжат. Кері шақырып алу грамотасын елшінің мирасқоры өзінің сенім грамотасымен бірге табыстайды. 1961 ж. дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 43-бабына сәйкес дипломатиялық агент қызметтері мекендеу мемлекетінің оны кері қайтарып алу туралы хабарлаған сәтінен бастап тоқтатылған болып саналады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — Дипломатиялық өкілді кері қайтарып алу туралы өз елінің мемлекет басы қол қойған құжат. Кері шақырып алу грамотасын елшінің мирасқоры өзінің сенім грамотасымен бірге табыстайды. 1961 ж. дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 43-бабына сәйкес дипломатиялық агент қызметтері мекендеу мемлекетінің оны кері қайтарып алу туралы хабарлаған сәтінен бастап тоқтатылған болып саналады. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >Түрк. hatırlama mektupları, әзірб. gerі məktubları, қырғ. чакыртып алуу жөнүндө кат, өзб. chaqіruv yorlіqlarinі |
Ұсыныстар |
Кері экспорт / реэкспорт / keri eksport
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. exportare - «әкету, шығару») - бұрындары тауар енгізілген елден сол тауарды қайта сату үшін басқа елдерге шығару. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yenіden іhraç, әзірб. Təkrar іxrac, қырғ. Реэкспорттук, өзб. qayta eksport |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қайта экспорт |
Кесімді баға‚ кесімді ақы / расценка сдельная / kesimdi baga‚ kesimdi aqy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ақпараттық хабарламада жарияланған не одан өтінімдерді қарау басталатын, үміткерлерге жіберілетін қосымша құжаттамадағы баға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. parça başı ücret, әзірб. parça dərəcəsі, қырғ. бир-курс, өзб. parcha-darajasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кесімді баға |
Кесімді-сыйлықақы жүйесі / система сдельно-премиальная / kesimdi-syylyqaqy zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + лат. praemіum (көпше. ф. praemіa) «марапат, марапаттау; табыс») - еңбекке ақы төлеудің кесімді-сыйлықақы жүйесі тікелей кесімді бағалармен қатар жұмыс нормасын қалыптыдан тыс орындаған үшін және сыйлықақы берудің белгілі бір әрекет ететін шарттарының сандық және сапалық көрсеткіштеріне қолжеткізгені үшін сыйлықақы беруді қарастырады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. parça başı-prіm sіstemі, әзірб. parça başı іş-bonus sіstemі, қырғ. Эмгек акысы жасаган-бонустук система, өзб. Parcha іshі-bonus tіzіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кесімді-сыйлықақы жүйесі |