Термины
Кедендік ресімделген күні / дата таможенного оформления / kedendik resimdelgen kuni
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. Datum – «күн, ай» + түркі tamɣa «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы») - заттар және мәлімделетін кедендік режім туралы қажетті мәліметтерден тұратын декларацияны қарастыруға қабылданған күн. Ауызша декларация жасалған күн еркін айналымдағы немесе экспорт арқылы жеткізілетін кедендік режімдегі заттарды пайдалану үшін кедендік органның рұқсат берген күні болып табылады. «Жасыл дәлізді» пайдалану арқылы кедендік рәсімдеу кезінде заттар «жасыл дәліз» арқылы ауыстырылатын күн. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. gümrükleme tarіhі, әзірб. gömrük rəsmіləşdіrіlməsі tarіxі, қырғ. Бажы жагынан жол-жоболоштуруу датасы, өзб. Bojxona rasmіylashtіruvі sanasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кедендік ресімделген күні |
Кейінге қалдыру / отлагательство / keyinge qaldyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кейінгі мерзімге қалдыру, кейінге қалдыру |
Түркі тілдерінде қолданылуы | |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кейінге қалдыру |
Келiсiм / соглашение / kelisim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылық алуға бағытталған кез келген шарттық (тікелей, деңгейлес немесе конгломераттық) қатынасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bitim, әзірб. müqavilə, қырғ. макулдук, өзб. bitim |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | келiсiм |
Ұсыныстар | келiсiм |
Келісу рәсімі / согласительная процедура / kelisu rasimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. procédure - «процедура, процесс» ) - белгілі бір орган пайдаланатын немесе келісу комиссиялары туындаған қарама-қайшылықтарды еңсеру мақсатында ұсыныстар жасау және талқылау кезінде құратын ережелердің жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. uzlaştırma, әзірб. barışdırma, қырғ. тыныштыруу, өзб. yarashtirish |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | келісу рәсімі |
Ұсыныстар | келісу рәсімі |
Кеңес, кеңесетін / совещательный / kenges, kengesetin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір мәселелерді талқылау құқығына қатысты, бірақ оларды шешуге құқық берілмейді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. danışma, әзірб. məsləhət, қырғ. Чечүүчү, өзб. maslahat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кеңесетін |
Кеңесшi / советник / kengesshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. Кеңес беретін, кеңес айтатын адам. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >2. Кейбір мемлекет мекемесі, кейбір қызметтер мүшелерінің атауы. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >3. Азаматтық қызметте әртүрлі дәреже шендерінің атауы. Шынайы құпия кеңесші (бірінші және екінші санатты шен). |
Ұсыныстар | түрк. danışman, әзірб. məsləhətçi, қырғ. кеңешчи аял, өзб. maslahatchi ayol |
Кеңесші дауыс / голос совещательный / kengesshi dauys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - сайлау органдарының немесе халықаралық ұйымдардың жұмысына кеңес беру қызметтерімен (яғни кез келген мәселе бойынша дауыс беруге қатысу құқығы жоқ) ғана қатысу құқығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. müzakerecі oy, әзірб. məşvərətçі səs, қырғ. салмакталган добуш берүү, өзб. maslahat ovoz |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кеңесші дауыс |
Кеңсе / офис / kengse
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. offіce) немесе конто́р (нем. Kontor) — фирманың ресми штаб-пәтері, ресми өкілдігі, оның басшылары орналасқан үй-жай. Фирманың орналасқан жері оны тіркеу кезінде көрсетіледі. Кеңседе клиенттер қабылданады, құжаттар, мұрағаттан сақталып, өңделеді және т.б. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. ofіs, әзірб. katіbə, қырғ. кызматы, өзб. іdora |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | кеңсе |
Кепiлдiк мерзiм / срок гарантийный / kepildik merzim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. garantie из ескі-франц. Guarantir) - сатып алушының өнімнің (тауардың) жасырынған кемшіліктерін анықтап, жабдықтаушыға (сатушыға) тиісті шағым түсіре алатын мерзім. Өндіруші өнімнің сапалық көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін мерзім. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. garanti süresi, әзірб. zəmanət müddəti, қырғ. жарактуулук мөөнөтү, өзб. kafolat muddati |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | кепiлдiк мерзiм |
Ұсыныстар | кепiлдiк мерзiм |
Кепіл хат / гарантийный письмо / kepil khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (франц. garantіr, garantіe) - бұл қандай да бір әрекеттердің орындалуын немесе алынған өнімге ақы төлеу мерзімдері мен фактісі, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет, сапа кепілдігі және т.б. сияқты белгілі бір шарттардың сақталуын растаудан (кепілдік беруден) тұратын коммерциялық емес іскери хат. Өзгеше айтар болсақ, кепілдік хаты мәміле жасаған тараптың өз міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Кепілдік хат талап-тілек жазылған хатқа жауап ретінде жазылуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kafolatlovchі xat, әзірб. zəmanət məktubu, қырғ. гарантиялык кат, өзб. kafolatlovchі xat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Кепіл хат |