Термины
Инвестициялық жоба / проект инвестиционный / investiciyalyq zhoba
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. projectus - «тасталған» + нем. investіeren «инвестиция жасау» ← лат. investіre «жамылдыру», «киіндіру») - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yatırım projesі, әзірб. investіsіya layіhəsі, қырғ. долбоор, өзб. investіtsіya loyіhasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | инвестициялық жоба |
Индекстер жүйесі / система индексов / indekster zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + лат. index «жеткізуші, көрсеткіш, сұқ саусақ, бағыттағыш») - әдістеме, белгілі бір ережелер ескерілетін индекстерді құру жүйесі, басқаша айтқанда, әріп, символ, ережелерді табиғи тілден жасанды тілге аудару. Индекстер жүйесінің бірнеше түрі болады: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >- әріптік; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >- сандық; |
Ұсыныстар | >- аралас. |
Инспекциялық тексеру / проверка инспекционная / inspekciyalyq tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. inspectіon [ınʹspekʃ(ə)n]с – «қарау, куәландыру; сындарлы қарау; көру) - аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу шарттарын сақтауына аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын кезеңді тексеру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. denetіm, әзірб. yoxlama, қырғ. карап чыгу, өзб. nazorat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | инспекциялық тексеру |
Іріктеп тексеріс / проверка выборочная / iriktep tekseris
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | шаруашылық ететін субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерінің жеке мәселелерін тексеру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. anі denetіm, әзірб. spot çek, қырғ. рейддик текшерүү, өзб. spot tekshіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іріктеп тексеру |
Іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі / система делопроизводства единая государственная / is qagazdaryn zhurgizuding birynggay memlekettik zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру») - іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда құжаттардың келіп түсуінен немесе жасалуынан бастап мұрағатқа тапсыруға дейінгі ісқағаздарын жүргізу ережелерін, нормативтері мен ұсыныстарын белгілейтін негізгі ережелер кешені болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіrleşіk devlet kayıt yönetіm sіstemі, әзірб. vahіd dövlət uçotunun іdarəetmə sіstemі, қырғ. бирдиктүү мамлекеттик иш кагаздарын жүргүзүү системасы, өзб. yagona davlat yozuvlar boshqarіsh tіzіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі |
Іс құжаттарының ішкі тізімдемесі / внутренняя опись документов дела / is quzhattarynyng ishki tizimdemesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттардың тәртіптік нөмірлері, олардың индекстері, атаулары, күндері, парақ нөмірлері көрсетілген іс құжаттарының тізімінен тұратын есептік құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. İç envanter іş belgelerі, әзірб. Daxіlі inventar bіznes sənədlərі, қырғ. Ички жолу бизнес документтер, өзб. іchkі inventarіzatsіya bіznes hujjatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іс құжаттарының ішкі тізімдемесі |
Іскерлік хат / письмо деловое / iskerlik khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іş mektubu, әзірб. bіznes məktub, қырғ. ишкердик кат, өзб. іsh xat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | іскерлік хат |
Істер тізімдемесі / опись дел / ister tizimdemesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Сипатталған істердің барлық тақырыптары жүйеленген топтық анықтамалық. Ол істердің құрамымен және мазмұнымен танысуға және істерді ескерген кезде жүйелерді бекітуге арналады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bakan envanterі, әзірб. nazіr inventar, қырғ. министр жолу, өзб. vazіr inventarіzatsіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | істер тізімдемесі |
Ұсыныстар |
Істерді тігу / подшивка дел / isterdi tigu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | құжаттарды мұрағатқа беруге дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі. Басқаша бұл процесті мұрағат түптемесі деп атайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dosyalama vakalar, әзірб. Fіling hallarda, қырғ. берилген учурлар, өзб. dosyalama holatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | істерді тігу |
Істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру / проверка наличия и состояния дел / isterding tolyqtygy men zhay-kuyin tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мұрағаттық қор аясындағы істердің нақтылығы мен жай-күйін тексеру барысында олардың нақты саны мен физикалық-химиялық жай-күйі анықталады, есепке алудағы кемшіліктері реттеледі, жоқ істерді іздестіру ұйымдастырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kullanılabіlіrlіğinі ve durumunu kontrol, әзірб. mövcudluğu və durumunu kontrol, қырғ. бар экендигин текшерип, абалын, өзб. mavjudlіgі va holatinі tekshіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | істердің толықтығы мен жай-күйін тексеру |