В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Күдік, шүбә / подозрение / kudik, shuba
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) әлдебіреулердің іс-әрекеттерінің дұрыстығына, заңдылығына, әлдебіреулердің сөздерінің әділдігіне, әлдебіреулердің ниеттерінің тазалығына күмән келтіруге негізделген болжам.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. şüphe, әзірб. şübhə, қырғ. шек, өзб. gumon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы күдік
Ұсыныстар күдік
Күн сайынғы есеп / отчет ежедневный / kun sayyngy esep
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) кәсіпорын қызметкерлерінің күн сайынғы жұмысын өнімді ету үшін талап етілетін есеп. Бұл клиенттерді және олармен өзара қарым-қатынас жасауды ескеретін crm-бағдарламасының құрамында құрылатын белгілі бір күнге арналған істер тізімі болуы мүмкін. Ол қабылданған тапсырыс саны туралы ақпараттан және осы тапсырыстарды орындауға қажет өнімдердің есебінен тұратын өндірістік есеп болуы мүмкін. Сондай-ақ өндірістік есепке жұмсалатын шикізат бойынша ақпарат та енгізілуі мүмкін. Күн сайынғы есеп қызметкердің қолмен істейтін жұмысын төмендетуі тиіс. Мысалы, өндірістік есепте шикізаттың бәрі жете ме әлде, қандай да бір тауарды қосымша сатып алу керек пе деген мәселелер бірден көрсетіледі. Сондай-ақ күн сайынғы есеп өткен күннің статистикалық талдауынан тұратын басқару есебі болуы мүмкін. Ұйым неғұрлым көп болса, күн сайынғы есеп нұсқалары да соғұрлым көп болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. günlük rapor, әзірб. gündəlіk hesabat, қырғ. күн сайын отчет, өзб. kundalіk hіsobot
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар күн сайынғы есеп
Күнделікті жоспарлау / планирование текущее / kundelikti zhosparlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - бір жылға дейінгі мерзімді жоспарлау. Бұл ұйым мен оның бөлімшелері қызметінің барлық бағыттары алдағы кезеңде үйлестіріледі, қысқамерзімде және шұғыл жоспарларда жүзеге асырылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. mevcut planlama, әзірб. carі planlaşdırma, қырғ. учурдагы пландаштыруу, өзб. jorіy rejalashtіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ағымдағы жоспарлау
Күні / дата / kuni
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. Datum – «күн, ай») - Қандай да бір оқиғаны, сондай-ақ қандай да бір нәрсені (хаттар, мақалалар және т.б.) жазған уақытты (жылы, айы, күні) көрсететін күнтізбе уақыты.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tarіh, әзірб. tarіx, қырғ. дата, өзб. sana
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы дата - күні
Ұсыныстар күні
Күнін қою / датировать / kunin qoyu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. Datum – «күн, ай») - жазылған немесе күшіне енген хатқа аты-жөнін, құжатты, айы мен күнін жазып көрсету.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tarіh, әзірб. tarіh, қырғ. дата, өзб. sana
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы датировать – күнін көрсету
Ұсыныстар күнін қою
Күнтізбелік жоспар / план календарный / kuntizbelik zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + лат. Саlеndае (Kalendae) «календ, айдың алғашқы күні») - Жеке жұмыстарды орындау жүйесі мен мерзімдерін анықтайтын, құрылыс-монтаж жұмыстарының сипаты мен көлеміне сәйкес олардың технологиялық өзара байланысын белгілейтін жобалық құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. program, әзірб. cədvəl, қырғ. расписание, өзб. jadvalі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар күнтізбелік жоспар
Күшін жою / аннулирование / kushin zhoyu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. annullo – «жоямын») – акт, шарт, құқық, құзіреттілікті жою, жарамсыз деп жариялау.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іptal, әзірб. ləğv, қырғ. жокко чыгаруу, өзб. жокко чыгаруу
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы аннулирование - жою
Ұсыныстар күшін жою
Күшіне ену / вступить в силу / kushine enu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - заңды деген мәртебе алу, заңды, мойындалған болу; әрекетке ену (шарт, заң және т.б. туралы).
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yürürlüğe gіrmesі, әзірб. qüvvəyə, қырғ. күчүнө кирет, өзб. kuchga kіradі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар күшіне ену
Қабылдаушы тарап / принимающая сторона / qabyldaushy tarap
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) уақытша мекендейтін жерге (елге) келген туристерді қабылдайтын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, контрагент. Қабылдаушы тарап ұсынатын қызметтің мәні бағыттаушы тарап берген ваучер арқылы анықталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк evsahіbі., әзірб. sahіb, қырғ. кожоюн, өзб. mezbon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қабылдаушы тарап
Қағаз тасушы / рассыльный / qagaz tasushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) таратылатын қалташаларды (кітаптар, дәптерлер туралы) жазып жүретін қызметкер.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. koşucu, әзірб. qaçan, қырғ. күлүк, өзб. runner
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қағаз тасушы

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов