В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Кәмелеттiк (жас) / совершеннолетие / kamelettik (zhas)
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) кемелденгендік, толысқандық, адамның бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілетін шағы. Бұл кезде адам қайратты, алға қойған мақсатын орындап шығарлықтай жігерлі, төзімді келеді. Балалық шақтағыдай албырттық пен қызуқандылыққа бой ұра бермей, байсалды, салмақты бола бастайды. Кәмелеттік шақта адамның бойындағы барлық қабілет-мүмкіншіліктері мейлінше ашыла бастайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Заңда белгіленген заңды жас тобы ретінде, оған жасы жеткенде, азаматтың құқыққа қабілеттігі басталады деп түсініледі. Жалпы тәртіп бойынша, кәмелетке толу 18 жастан басталады. Осы жастан бастап азаматтар сайлау құқығына, азаматтық, еңбек және неке-отбасылық қатынастар саласындағы құқықтар мен міндеттерге ие болады. Толық мөлшерде азаматтардың кәмелетке толуы заңдық құқықтарға ие болады және заңнамамен қарастырылған заңдық міндеттемелерге жауапты болады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. yetişkinlik, әзірб. əkəlik, қырғ. бойго жеткен, өзб. Voyaga etgan
Ұсыныстар кәмелеттiк (жас)
Кәсіби мереке / профессиональный праздник / kasibi mereke
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. professіonalіs, одан ары professіō - «өзінің дәрежесін көпшілікке жариялау; шұғылдану») - мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер деген мәртебесі жоқ мерекелер және ресми демалыс күндері болып саналмайтын күндер.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. profesyonel tatіl, әзірб. peşə bayramı, қырғ. кесиптик майрам, өзб. kasb bayramі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіптік мереке
Кәсіпкерлік / предпринимательство / kasipkerlik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іş, әзірб. bіznes, қырғ. ишкердик, өзб. іsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызмет / деятельность предпринимательская / kasipkerlik qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - өндірістен және тауарларды сатудан, қызметтер көрсетуден түскен пайданы жүйелі алып тұруға арналған экономикалық қызмет. Ол үшін кәсіпкердің, сондай-ақ шеттен шақырылған адамның мүлкі, материалдық емес активтері, еңбегі пайдаланылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іş faalіyetlerі, әзірб. іş fəalіyyətі, қырғ. ишкердик иш-чаралар, өзб. іsh faolіyatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы деятельность предпринимательская – кәсіпкерлік қызмет
Ұсыныстар кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлік тәуекел / предпринимательский риск / kasipkerlik tauekel
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. rіsquе.) - өнім, тауар және қызметтерді өндіруге, оларды сатуға; тауар-ақша және қаржылық операцияларға; коммерцияларға, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруға байланысты кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі кезінде туындаған қауіп.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іş rіskі, әзірб. bіznes rіsk, қырғ. ишкердик тобокели, өзб. tadbіrkorlіk tavakkalchіlіgі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіпкерлік тәуекел
Кәсіпорын / предприятие / kasiporyn
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. şіrket, әзірб. şіrkət, қырғ. компания, өзб. kompanіya
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіпорын
Кәсіптік қызмет / профессиональная деятельность / kasiptik qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. professіonalіs, одан ары professіō - «өзінің дәрежесін көпшілікке жариялау; шұғылдану») - адамның кәсібі және мамандығы бойынша белгілі бір салада және өндіріс саласында істейтін жұмысы. Адамның жұмыста табысты болуы оның өзінің кәсіби қызметіне қаншалықты дайын екендігіне байланысты.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. profesyonel etkinlіk, әзірб. professіonal fəalіyyətі, қырғ. кесиптик иш-аракет, өзб. professіonal faolіyatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар кәсіптік қызмет
Кеден декларациясы / декларация таможенная / keden deklaraciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. déclaratіon + түркі tamɣa - «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы») - шекара арқылы өтетін жүк туралы мәліметтен (экспорттық-импорттық тауарлар, жүк, қол жүгі, валюта, құндылықтар және т.б.) тұратын ұлттық заңнама талаптарына сәйкес рәсімделген құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gümrük beyannamesі, әзірб. gömrük bəyannaməsі, қырғ. бажы жарыялоо, өзб. bojxona deklaratsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы декларация таможенная – кедендік декларация
Ұсыныстар кедендік декларация
Кедендік жүк декларациясы / грузовая таможенная декларация / kedendik zhuk deklaraciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (түркі tamɣa «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы» + фр. déclaratіon) - тауарларды мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы тасымалдау кезінде (экспорт, импорт) рәсімделетін негізгі құжат. Кедендік жүк декларациясын жүкті басқарушы рәсімдейді және кедендік инспектор растайды, әрі қарай бұл шекара арқылы өтуге негіздеме болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gümrük beyannamesі, әзірб. gömrük bəyannaməsі, қырғ. бажы жарыялоо, өзб. bojxona deklaratsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы грузовая таможенная декларация – кедендік жүк декларациясы
Ұсыныстар кедендік жүк декларациясы
Кедендік жүк декларациясы / декларация таможенная грузовая / kedendik zhuk deklaraciyasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. déclaratіon + түркі tamɣa «қожайынның таңбасы, мөр, беру, баж салығы») - тауарларды мемлекеттің кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау кезінде рәсімделген негізгі құжат (экспорт, импорт). Кедендік жүк декларациясын жүкті басқарушы рәсімдейді және кедендік инспектор растайды, әрі қарай шекара арқылы өтуге негіз болады. Декларацияда жүк және оның кедендік құны, жеткізуді жүзеге асыратын көлік құралы, жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер бар.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Kargo Gümrük Beyannamesі, әзірб. Cargo Gömrük Bəyannaməsі, қырғ. Жүктүн бажы Declaratіon, өзб. Bojxona yuk deklaratsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы декларация таможенная грузовая – кедендік жүк декларациясы
Ұсыныстар кедендік жүк декларациясы

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов