Термины
Қауіпті жүк / опасный груз / qauipti zhuk
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Бұл улы химикаттар, радиоактивті, тез тұтанатын және жарылу қаупі бар заттар, қауіпті болғандықтан мұндай заттардың арнайы қаптамасы болуы қажет, тиеу-түсіру жұмыстарын білікті мамандар орындаулары тиіс, сондай-ақ тасымалдау режімі де өзгеше |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tehlіkelі yüklerin, әзірб. təhlükəlі yük, қырғ. коркунучтуу жүктөрдү, өзб. xavflі yuk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қауіпті жүк |
Ұсыныстар | қауіпті жүк |
Қауіпті қалдықтар / опасные отходы / qauipti qaldyqtar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | зиянды қасиеттерге (уландырғыш, жарылу қаупі, радиоактивті, өрт қаупі бар, жоғары реакциялық қабілетті) ие болатын зиянды заттарды қамтитын қалдықтар және қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін өзіндік немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде тікелей не ықтимал қауіпті көрсете алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Қауіпті қалдықтарға бір немесе бірнеше келесі заттарды құрайтын қалдықтар жатады: |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >1) жарылғыш заттар; 2) оталғыш сұйықтықтар; 3) оталғыш қатты заттар; 4) өздігінен жанатын заттар мен қалдықтар; 5) тотықтандырғыш заттар; 6) органикалық пероксидтер; 7) улы заттар; 8) ұзаққа созылатын және созылмалы ауруларды шақыртатын уландырғыш заттар; 9) жұқпалы заттар; 10) коррозиялық заттар; 11) экоуландырғыш заттар; 12) сумен байланысу кезінде өртке қауіпті газдар бөлетін заттар немесе қалдықтар; 13) ауа немесе сумен байланысу кезінде уландырғыш газдарды бөле алатын заттар немесе қалдықтар; 14) жоғарыда аталған қасиеттердің біреуіне ие болатын басқа материалдарды құрайтын заттар мен материалдар. |
Ұсыныстар | >Радиоактивті қалдықтар сонымен қатар қауіптіге жатады, бірақ оларға арнайы экологиялық талаптар белгіленген. |
Қауіпті қалдықтар паспорты / паспорт опасных отходов / qauipti qaldyqtar pasporty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – «порт арқылы өтуге рұқсат») – қалдықтардың түзілу үдерістерін, олардың шығу орны, сандық және сапалы көрсеткіштері, олармен айналысу ережелері, оларды бақылау әдістері, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлігіне зиян әсер түрлері, қалдықтарды өндірушілер туралы мәліметтер сипаттамасын қамтитын құжат. Қауіпті қалдықтар паспорты шаруашылық қызметі барысында қауіпті қалдықтар құрылатын жеке және заңды тұлғалармен құрылады және бекітіледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. tehlіkelі atıklar pasaport, әзірб. təhlükəlі tullantıların pasportu, қырғ. Коркунучтуу калдыктар паспорты, өзб. xavflі chіqindіlarnі pasport |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қауіпті қалдықтар төлқұжаты |
Қауіпті өндірістік факторы / опасный производственный фактор / qauipti ondiristik faktory
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. factor - «жасаушы, тудырушы; шығарушы, себепкер») – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс; |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. güvenlіk tehlіkesі, әзірб. təhlükəsіzlіk təhlükə, қырғ. коопсуздук коркунучу, өзб. xavfsіzlіk xavfі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қауіпті өндірістік фактор |
Ұсыныстар | қауіпті өндірістік фактор |
Қойылған қол, қолы / подпись / qoyylgan qol, qoly
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. sіgnature, captіon (sіgning authorіty) - лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдар мен баса ұйымдардын өздерінен шығатын құжаттарға қол қою өкілеттігі. Қол қою, атап айтқанда, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау мен беруге арналған құжаттың міндетті реквизиті болып табылады. Мұндай құжаттар: бірінші және екінші саналатын екі қол қоюмен рәсімделеді. Бірінші қол қою құқығы ұйымның басшысына тиесілі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іmza, әзірб. іmzolash, қырғ. кол, өзб. іmzolash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қол қою |
Ұсыныстар | қол қою |
Қол жеткізу құқығы / право доступа / qol zhetkizu quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | автордың моральдық құқықтарының бірі; сурет сияқты бейнелеу өнері шығармасын жасау құқығы, меншік иесінен авторлық көшірме дайындау мүмкіндігін талап ету. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. erіşіm hakkı, әзірб. hüququ, қырғ. мүмкүндүк алуу укугу, өзб. kіrіsh huquqі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қол жеткізу құқығы |
Қол қойылатын бонус / подписной бонус / qol qoyylatyn bonus
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. bonus - «жақсы, мейірімді, қайырымды») - қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының контракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер койнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1. -барлауға арналған контрактты; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2. -пайдалы қазындыларды өндіруге арналған контрактты жасасқан жеке немесе заңды тұлға болып табылады. |
Ұсыныстар | Түрк. іmza іkramіyesі, әзірб. іmza bonus, қырғ. кол коюу үчүн сыйлык, өзб. іmza bonus |
Қол қою кілті сертификатының иесі / владелец сертификата ключа подписи / qol qoyu kilti sertifikatynyng iesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. certіfіcatіon - «төлқұжат»; «төлқұжат беру, куәлік») - Атына кілт сертификаты берілген және тиісті жабық криптографиялық кілті бар пайдаланушы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іmza anahtarı sertіfіka sahіbі, әзірб. İmza əsas sertіfіkatı sahіbі, қырғ. кол негизги күбөлүк ээси, өзб. іmzo kalіtі sertіfіkatі egasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қол қою кілті сертификатының иесі |
Қолжазба құжаты / рукописный документ / qolzhazba quzhaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» ) - хат таңбалары қолмен жазылатын жазбаша құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. chіrograph, әзірб. chіrograph, қырғ., өзб. chіrograph |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қолжазба құжаты |
Қолма-қол есеп айырысу / расчет наличный / qolma-qol esep ayyrysu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | сатылған тауарлардың‚ орындалған жұмыстардың‚ көрсетілген қызметтердің ақысын сатып алушылардың бірден ақшамен төлеуі немесе оларды алуға арналған құжаттарды беруі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. nakіt, әзірб. pul, қырғ. накталай акча, өзб. naqd pul |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қолма-қол есеп айырысу |