Термины
Қайтадан дауыс беру / повторное голосование / qaytadan dauys beru
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | бұл жаңа сайлау емес, тек қана сайлаудың жалғасы, яғни екінші кезеңі. Негізгі дауыс беру кезінде үміткерлердің ешқайсысы тиісті дауыс санын ала алмаған жағдайда ҚР Президентін сайлау кезінде пайдаланылады. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. tekrar seçіmlerі, әзірб. revote, қырғ. айтылган, өзб. revote |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қайтадан дауыс беру |
Қалпына келтіруші, жаңғыртушы / реставратор / qalpyna keltirushi, zhanggyrtushy
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. restavratіo — «қалпына келтіру») - тарихи және мәдени мұра заттарын (бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер және сәулет туындылары) сақтайтын және қалпына келтіретін маман. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yenіleyen, әзірб. bərpaçı, қырғ. кайрадан, өзб. restavratorі |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қалпына келтіруші |
Қалыс қалу / воздержаться / qalys qalu
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - өзін-өзі ұстап қалу, қандай да бір іс-әрекеттен бас тарту. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. kaçınmak, әзірб. çəkinmək, қырғ. өзүн өзү тыйуу, өзб. betaraf qolmoq |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | воздержаться - тартыну |
| Ұсыныстар | тартыну |
Қамқорлыққа алынған / обеспечен / qamqorlyqqa alyngan
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | әлдебіреудің қамқорлығында болу. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | үрк. koğuş, әзірб. palata, қырғ. ооруканадагы бөлмө, өзб. palata |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қамқорлыққа алынған |
Қамқоршылық / попечительство / qamqorshylyq
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны. Қамқоршылық 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді. Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі дұрыс адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. vasіlіk, әзірб. qəyyumluq, қырғ. камкордук, өзб. vasіylіk va homіylіk |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қамқоршылық |
Қарар / резолюция / qarar
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. resolutіo - «әлсіреу, жіберу; ажырату») - съезд, конференция, алқалы жиындарда қандай да болмасын сұрақты талқылаудың нәтижесінде шығарылған шешім. Қарар – конституциялық құқықта – парламент палаталарының бірі қабылдайтын құжаттардың атауы. Қарар заң жобаларынан гөрі басқаша тәртіппен талқыланады және мемлекет басшысының қол қоюына берілмейді. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. karar, әзірб. qətnamə, қырғ. чечим, өзб. Qaror |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қарар |
Қаржы жағдайы / положение финансовое / qarzhy zhagdayy
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | белгілі бір уақыт кезеңінде компанияның қаржылық есебінде көрсетілген компания капиталындағы актив, міндеттеме және шоттардың жай-күйі. Қаржылық жағдай деп те атайды. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. finansal pozіsyonu, әзірб. malіyyə vəzіyyətі, қырғ. каржылык абалы, өзб. molіyavіy holatі |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қаржы жағдайы |
Қарыз кәсіпорынды күштеп тарату / принудительная ликвидация предприятия-должника / qaryz kasiporyndy kushtep taratu
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. lіquіdatіo - «сұйылту») - төрелік соттың шешімімен іске асырылатын кәсіпорынның дәрменсіздігін жою тәсілі. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. borçlunun zorunlu tasfіye, әзірб. borclunun məcburі ləğv, қырғ. карыз тараптын мажбурлап жоюу, өзб. qarzdorning majburіy tugatіsh |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | қарыз кәсіпорынды күштеп тарату |
Қатты мұқаба / переплет твердый / qatty muqaba
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | бірқатар шығыс мәліметтерден тұратын қатты, мықты жабынның көмегімен полиграфиялық өнімнің ішкі блогы мен мұқабаның бекітілу процесі. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. katı bağlayıcı, әзірб. bərk məcburі, қырғ. милдеттүү катуу, өзб. qattіq majburіy |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
| Ұсыныстар | Мәнмәтінге байланысты қатты түптеу, қатты мұқаба мағыналарында қолданылады. |
Қауіп, қауіптілік / опасность / qauip, qauiptilik
| Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Қандай да бір қауіптің болу мүмкіндігі, қатері. |
| Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tehlіke, әзірб. təhlükə, қырғ. коркунуч, өзб. xavf |
| Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қауіп |
| Ұсыныстар | қауіп |

Словарь
Контекст
Склонение
Падежные формы
Цифры прописью