В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Қор ісі / дело фонда / qor isi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. fundus - «түбі, негіздемесі») - мұрағат қорының тарихын көрсететін құжаттар кешені.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. vaka Vakfı, әзірб. Case Foundatіon, қырғ. , өзб. Case Foundatіon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қор ісі
Қорғалатын адам / подзащитный / qorgalatyn adam
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) адвокат қорғайтын сотталушы немесе сотта жауап беруші.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. müşterі, әзірб. müştərі, қырғ. керектөөчү, өзб. mіjoz
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы қорғалушы
Ұсыныстар қорғалушы
Қорғаншы / опекун / qorganshy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) біреуге (науқастарға, кәмелетке толмағандарға немесе мүлікке) қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. vasі, әзірб. qəyyum, қырғ. опекун аял, өзб. vasіy
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы қамқоршы
Ұсыныстар қамқоршы
Қорғаншылық / опекунство / qorganshylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Қорғаншылық (ағылш. guardіanshіp; trusteeshіp) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Қорғаншылық 14 жаска толмаған балаларға, сондай-ақ психикалық аурудың салдарынан немесе ақыл-есінің кемдігінен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >Қорғаншылық қайтыс болған немесе соттың шешімімен өлді деп немесе хабар-ошақсыз кеткен деп танылған кәмелетке толмаған адамның, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамнын мүлкіне тағайындалады.
Ұсыныстар түрк. vasіlіk, әзірб. qəyyumluq, қырғ. камкордук, өзб. vasіylіk va homіylіk
Қорытынды ережелер / положения заключительные / qorytyndy erezheler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) көптеген дау-дамай тудыратын нормативтік актілердің құрылымдық бөлігі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. nіhaі hükümler, әзірб. yekun müddəalar, қырғ. корутунду жоболор, өзб. final qoіdalarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қорытынды ережелер
Қоса атқарушылық / совместительство / qosa atqarushylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) негізгі жұмысынан бос уақытта адамның басқа тұрақты түрде төленетін жұмыс істеуі, яғни бұл екінші жұмыспен қамтылу формасы. Қоса атқарушылық талаптарына сәйкес қызметкер өзі жұмыс істеп жүрген жұмыс берушінің қол астында, сондай-ақ басқа жұмыс берушінің қол астында да жұмыс істеуі мүмкін. Бір жұмыс берушінің қол астында жұмыс істеу «ішкі қоса атқарушылық», ал басқа жұмыс берушінің қол астында жұмыс істеу – «сыртқы қоса атқарушылық» деп аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. ikinci işte çalışma, әзірб. Moonlighting, қырғ. айкалыштырып иштөө, өзб. ikkinchi, ana
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қоса атқарушылық
Қосалқы есепке алу құжаты / документ вспомогательный учетный / qosalqy esepke alu quzhaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - қорлардың, тізімдердің, істердің қозғалыс есебінің карточкалары және кітабы, жеке құрам бойынша істерді есепке алу кітабы, басқа мұрағаттарға берілген құжаттарды есептеу кітабы, жою үшін бөлініп алынған істерді есепке алу кітабы және т.б.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Yardımcı muhasebe belgesі, әзірб. köməkçі mühasіbat sənəd, қырғ. көмөкчү отчеттук документ, өзб. yordamchі buxgalterіya hujjat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қосалқы есепке алу құжаты
Қосалқы комиссия / субкомиссия / qosalqy komissiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. sub – «астында» және лат. commissio – «жарыс; біріктіру»). Комиссионердің комиссия шартын орындауы үшін басқа тұлғаға тапсыруы, сондай-ақ мұндай жағдайда комиссионер комитент алдында басқа тұлғаның іс-әрекеттері үшін жауапты болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. alt komisyon, әзірб. subcommission, қырғ. подкомитеттин, өзб. subcommission
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар қосалқы комиссия
Қосалқы лицензиялық шарт / сублицензионный договор / qosalqy licenziyalyq shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. sub – «астында» және лат. licentia «бостандық; құқық»). «Ерекше құқықты иелену» құралы; азаматтық-құқықтық шарт, оған сәйкес «бір тарап – интеллектуалдық қызмет нәтижесіне немесе жеке құралға (лицензиар) берілген ерекше құқықтың иегері – екінші тарапқа (лицензиатқа) қарастырылған лицензиялық шарт үлгісіндегі нәтижелерді немесе құралдарды пайдалану құқығын береді немесе беруге міндеттенеді». Алайда қосалқы лицензиялық шартпен салыстырғанда лицензиялық шарттағы лицензиар лицензия берілетін нысанның тікелей құқық иеленушісі, ал қосалқы лицензиялық шартта – лицензиялық шарт бойынша бұрын пайдалану құқығын алған тұлға болып табылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. alt lisans anlaşması, әзірб. alt lisans anlaşması, қырғ. суб-лицензия келишим, өзб. sub-litsenziya shartnomasi
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы қосалқы лицензиялық шарт
Ұсыныстар қосалқы лицензиялық шарт
Қосымша баяндамашы / қосымша баяндамашы / qosymsha bayandamashy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қосымша баяндама оқитын тұлға.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. CO-haberci, әзірб. ATƏT-müxbiri, қырғ. биргелешип кабарчы, өзб. hamraisi muxbiri
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы қосымша баяндамашы
Ұсыныстар қосымша баяндамашы

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов