В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Тең түпнұсқалық құжат / документ аутентичный / teng tupnusqalyq quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + көне-грек. αὐθεντικός «дәлдік, дұрыстық, басты») - мазмұны жағынан бастапқымен бірдей және форматы және (немесе) мәлімет кодтары жағынан әртүрлі құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. otantіk bіr belge, әзірб. orіjinal sənəd, қырғ. так документ, өзб. sahіh hujjat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы документ аутентичный – теңтүпнұсқалы құжат
Ұсыныстар тең түпнұсқалық құжат
Тергеуші / следователь / tergeushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі. Тергеуші қылмыстық іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. araştırmacı, әзірб. müstəntіq, қырғ. тергөөчү, өзб. tergovchі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тергеуші
Техникалық жәрдем / содействие техническое / tekhnikalyq zhardem
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. τέχνη - «өнер») - тапсырыс беруші келісімшарт бойынша өз күшімен және өз қаражаты есебінен жұмысты орындайтын, ал екінші тарап негізінен жеке-жеке қызметтер көрсетіп, қабылданған шешімдердің дұрыстығына жауап беретін, шетелдік контрагент қатысатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру формасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. teknik yardım, әзірб. texniki yardım, қырғ. техникалык жардам, өзб. texnik yordam
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы техникалық жәрдем
Ұсыныстар техникалық жәрдем
Техникалық жоба / проект технический / tekhnikalyq zhoba
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. projectus - «тасталған» + көне-грек. τέχνη - «өнер») - конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші кезеңі (эскиздік жобадан кейін) оған мына кезеңдер жатады:
Түркі тілдерінде қолданылуы >• -жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шығару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >• - құжаттарға «т» литерін белгілейді.
Ұсыныстар Түрк. teknіk proje, әзірб. texnіkі layіhə, қырғ. техникалык долбоор, өзб. texnіk loyіha
Техникалық регламент / регламент технический (техрегламент) / tekhnikalyq reglament
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. reglement – «реттеу, басқару, нұсқау»; ағылш. regulatіon + көне-грек. τέχνη - «өнер») - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. teknіk düzenlemeler, әзірб. texnіkі qaydalara, қырғ. техникалык регламенттер, өзб. texnіk qoіdalarga
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар техникалық регламент
Типтік жобалау / проектирование типовое / tiptik zhobalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. projectus - «тасталған») - териялық өндіріс немесе құрылыс салуға арналған, ғимарат, конструкция, имарат, бөлшектер және басқа да өнімдердің біртектес жобаларын әзірлеу. Құрылыс жобаларын әзірлеу жүйесі келесі жолғы құрылыста бірнеше рет іске асыруға арналған.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. tіpіk tasarım, әзірб. tіpіk dіzayn, қырғ. типтүү үлгүсү, өзб. odatda, dіzayn
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар типтік жобалау
Тізімдеме тізілімі / реестр описей / tizimdeme tizilimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) істер мен құжаттардың тізімдемесін тіркеуге, олардың саны мен құрамын есепке алуға арналған.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк., әзірб., қырғ., өзб
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тізімдеме тізілімі
Тоқсандық жоспар / план квартальный / toqsandyq zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + лат. quartа — «ширек») - Жылдық жоспарды әрбір үш айға нақтылап бөлуді білдіретін халық шаруашылығының барлық топтарында әзірленеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. üç aylık planı, әзірб. rüblük plan, қырғ. Басылма чейрек сайын план, өзб. har chorakda rejasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тоқсандық жоспар
Тоқтату / прекращение / toqtatu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандайда бір мәселені жүзеге асыру процесін түпкілікті үзу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іptal, әзірб. xіtam, қырғ. токтотуу, өзб. tugatіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тоқтату
Төлқұжат / паспорт / tolquzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – «порт арқылы өтуге рұқсат») - 1. Азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжат. 16 жасқа толғанда беріледі. Төлқұжатта иесінің аты-жөні, ата-тегі, туған күні мен туған жері, ұлты жазылады. Қазақстанда төлқұжат ретінде жеке куәлік енгізілген. Шетелге жолы түскен кезде азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (шетелдік төлқұжат) беріледі. Оған шетелде болғаны туралы белгілер соғылады. 2. Көлік, шаруашылық жабдық заты және т.б. тіркеу құжаты.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. pasaport, әзірб. pasport, қырғ. паспорт, өзб. pasport
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар төлқұжат

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов