В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Сынап көру / опробование / synap koru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Талдау жасау үшін технологиялық материалдың аздаған, бірақ репрезентативті бөлігін іріктеу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. örnekleme, әзірб. nümunə, қырғ. тандап алуу, өзб. namunalar olіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы сынақ
Ұсыныстар сынақ
Тiзiмдiк, табель / табель / tizimdik, tabely
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. tabula – «кесте»). 1) Белгілі бір тәртіппен жасалған тізім, тізімдік; 2) Қызметкерлердің жұмысқа келу және жұмыстан кету уақыты, жалпы жұмыс істеген уақыты ескерілетін құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tablo, әзірб. masa, қырғ., өзб
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тiзiмдiк, табель
Тiзiмдеушi, табелші / табельщик / tizimdeushi, tabelshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. tabula – «кесте»). Лауазымдық міндеттері. Қызметкерлердің кәсіпорында болған нақты уақытының табельдің есебін жүргізеді, олардың жұмысқа уақытылы келуін және жұмыстанк етуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүзеге асырады. Табельге тиісті белгілер қояды және күн сайын жұмысқа келу, жұмыстан кешігу және жұмысқа келмеу туралы баянат (жиынтық) жасайды, оның себептерін көрсетеді, қызметкерлердің тізімдік құрамының есебін жүргізеді. Қызметкерлерді қабылдау, аудару, жұмыстан шығау, демалыс беру және т.б. рәсімдеумен байланысты өзгерістерді жүйелі түрде енгізеді. Қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтарын, науқас адамға күтім жасау бойынша анықтамасын және олардың жұмыста болмауына берілген құқықты растайтын өзге де құжаттарын уақытында көрсетуін бақылайды. Іс жүзіндегі жұмыс істеген уақыты, жұмыстан тыс уақыттағы үстеме еңбеу, еңбек тәртібін бұзу және т.б. туралы мәліметтерден тұратын табельді белгіленген тәртіппен ұсынады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kronometre, әзірб. tabelçi, қырғ. Кожоюну, өзб. vaqt hakami
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар табелші
Табуляграмма / табуляграмма / tabulyagramma
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. tabula және грек. gramma – «жазбаша таңба, белгі, сызық»). Табуляторға немесе компьютердің басып шығару құрылғысы арқылы басып шығарылған есептік құжат, есептеу нәтижесі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tabulyagramma, әзірб. tabulyagramma, қырғ., өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар табуляграмма
Тағылымдамадан өтушi / стажер / tagylymdamadan otushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) жаңадан жұмысқа орналасқан және сынақ мерзімінен өтеп жатқан тұлға
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. stajyer, әзірб. praktikant, қырғ. машыгуучу аял, өзб. mashq qilayotgan kishi
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар сынақтан өтушi
Талап қою мерзімінің өтуі / срок исковой давности / talap qoyu merzimining otui
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) өз құқықтарың мен мүдделеріңді сот тәртібімен қорғауға болатын уақыт аралығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Zaman aşımı süresi, әзірб. məhdudiyyət müddəti, қырғ. Эскирүү мөөнөтү, өзб. cheklash davri
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы талап қою мерзімінің өтуі
Ұсыныстар талап қою мерзімінің өтуі
Талдамалы ақпарат / аналитическая информация / taldamaly aqparat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. άναλυτικά «сөзбе сөз: талдау өнері» + лат. informātіō — «түсіндіру, көрсету, қандайда бір нәрсенің ұғымы») — Кейбір базалық шамаға қатысты ықтималдылықта (немесе пайызға), мысалы, барлық іріктеме бойынша орташа ықтималдылықта болатын ақпарат. Статистикадағы стандартталған шамалар мен ақпарат теориясындағы ақпарат саны аналитикалық болып табылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. analіtіk bіlgіler, әзірб. analіtіk informasіya, қырғ. аналитикалык маалымат, өзб. tahlіlіy axborot
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы аналитическая информация – талдамалық ақпарат
Ұсыныстар талдамалы ақпарат
Талдау кестесi / таблица аналитическая / taldau kestesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. tabula – «тақтай, тақта; кесте» + көне.-грек. άναλυτικά – «сөзбе-сөз: талдау өнері»). Бастапқы мәліметтерді, оларды өңдеудің қарапайым алгоритмдерін және алынған нәтижелерді айтарлықтай ұтымды, көрнекі және жүйелі түрде беру формасы. Бұл көлденең жолдар мен тік бағандардың комбинациясы болып табылады. Мәтіндік бөлігі толы, алайда сандық мәліметтері жоқ кестенің ішкі бөлігі кестенің макеті деп аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. analitik tablo, әзірб. analitik cədvəl, қырғ. аналитикалык стол, өзб. tahliliy stol
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы талдау кестесi
Ұсыныстар
Талдау орталығы / аналитический центр / taldau ortalygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. άναλυτικά - «сөзбе сөз: талдау өнері» + лат. centrum, көне-грек. κέντρον - «үшкір келген қадалғыш зат, шанышқы, ұш, жүз») — Өз күштерін саясат, экономика, әлеуметтану, құқық және т.б. гуманитарлық ғылымдар салаларына шоғырландыратын мемлекеттік емес ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. analіtіk merkezі, әзірб. analіtіk mərkəzі, қырғ. аналитикалык борбору, өзб. tahlіlіy markazі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы аналитический центр – талдау орталығы
Ұсыныстар талдау орталығы
Тамақ өнеркәсібі / промышленность пищевая / tamaq onerkasibi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) тағам өнімдерін дайын қалпында немесе жартылай фабрикат түрінде өндіретін, сондай-ақ сусындар, темекі өнімдерін өндіретін өнеркәсіп салаларының тобы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. gıda іşleme sanayі, әзірб. qіda emalı sənayesі, қырғ. тамак-аш өнөр жайы, өзб. Ozіq-ovqat sanoatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар тамақ өнеркәсібі

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов