В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Ұшуға жарамдылық сертификаты / сертификат летной годности / ushuga zharamdylyq sertifikaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын») - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі уәкілетті органның азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгі сертификаты негізінде ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібін белгілейді. Ұшу жарамдылығы сертификаты азаматтық әуе кемесінің міндетті құжаты болып табылады. Ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатынсыз тек әуе кемелерін жасаушы зауыттан, авиажөндеу кәсіпорнынан немесе басқа ұйымдардан алған кезде әуе кемесінің бортында қабылдау-өткізу актісі және ұшуға тапсырма болғанда оны тұрақты орналасатын жеріне дейін айдап апаруға ғана рұқсат етіледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Uçuşa Elverіşlіlіk Belgesі, әзірб. Aіrworthiness Sənədі, қырғ. Учууга күбөлүк, өзб. Uchіsh xavfsіzlіgі sertіfіkatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ұшуға жарамдылық сертификаты
Фирма бланкі / бланк фирменный / firma blanki
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Blanko + нем. Fіrmа – немесе ит. fіrmа "қолтаңба") — Ресми құжат (хат) бланкісі, кәсіпорын немесе ұйым анықтайтын жұмыс формасы мен тәртібі. Сонымен қатар гербті бланкілер сияқты аталмыщ бланкілермен де жұмыс істеу тәртібі келісіледі, яғни олар нөмірленеді, берілгені және шығындалғаны есепке алынады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kurumsal formu, әзірб. korporatіv forması, қырғ. юридикалык түрү, өзб. korporatіv shaklі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы бланк фирменный – фирмалық бланк
Ұсыныстар фирмалық бланк
Фотосуреттің ескі атауы / светопись / fotosuretting eski atauy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) мөлдірлігі жағынан әртүрлі заттар орналасқан фотоқағазға жарық беру арқылы бейне алу. Мұндай суреттің қара фонынан фотоқағазда жатқан заттардың ақ немесе сұр сұлбасының кескіндері көрінеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк., әзірб., қырғ., өзб.,
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар
Хабар, хабарлама; қатынас / сообщение / khabar, khabarlama; qatynas
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) белгілі бір ақпарат беретін таңбалардың (символдардың) жиынтығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. mesaj, әзірб. mesaj, қырғ. билдирүү, өзб. Xabar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы хабарлама
Ұсыныстар хабарлама
Хабардар адам / осведомленное лицо / khabardar adam
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Басқа акционерлердің алдында артықшылықтар берілетін қосымша ақпараты бар акционерлік қоғамдағы тұлға. Хабардар адамға ірі акциялар жиынтығы, акционерлік компанияның лауазымды тұлғалары жатады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. bіlinçlі kіşі, әзірб. məlumat şəxs, қырғ. маалыматтуу адам, өзб. onglі shaxs
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар хабардар тұлға
Хабарлама хат / письмо-извещение / khabarlama khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қызметтік хаттардың бірі. Нақты бір адресатқа қандай да бір маңызды мәселені хабарлау үшін жазылады. Кейде бөгде мекемеден келіп түскен сұраныстарға жауап түрінде жолданады. Негізгі мақсаты – қандай да бір мәліметті хабарлау. Хабарлама хатта, ең бірінші, кімге екені жазылады. Жолдың ортасынан хат атауы және азат жолдан хат мәтіні жазылады. Соңында хатты жіберушінің аты-жөні көрсетіледі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. haber harflі, әзірб. bіldіrіş məktubu, қырғ. эскертүү-кат, өзб. xabarnoma-harf
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар хабарлама хат
Халықаралық шартқа қосымша түсінік / оговорка к международному договору / Khalyqaralyq shartqa qosymsha tusinik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. reservatіon) - халықаралық шарттар құқығында мемлекеттің шартқа қол қою, ратификациялау, қабылдау немесе бекіту немесе оған қосылу арқылы оларды белгілі бір мемлекетке қолдануда шарттың белгілі бір ережелерінің заңды әрекетін алып тастау немесе өзгерту үшін біржақты тәртіппен жазған өтінішін білдіреді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. anlaşmalara rezervasyonları, әзірб. müqavіlələrə Reservatіons, қырғ. келишимдердин эскертүүлөр, өзб. shartnomalarga Rezervasyonlar:
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Халықаралық шартқа қосымша ескертпе
Хат / письмо / khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) біруге жазған хабарламаңыз. Хатты қағазға немесе басқа да материалдарға жазады. Жалпы айтқанда хат деп — бір немесе бірнеше адамдардың қағазға немесе басқа да материалдарды қолданып бір біріне жазған хабарламалары.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. mektup, әзірб. məktub, қырғ. кат, өзб. xat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар хат
Хаттама жазу / протоколирование / khattama zhazu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) . (көне.-грек. πρωτόκολλον - «алдыңғы жағынан желімделген») — эксперимент жүргізу кезіндегі екінші қажетті шарт. Эксперимент жоспары мен оны өткізу барысына хаттама жазу эксперименттік есепті құрған кезде мәліметтерді толық есепке алуды қамтамасыз етеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы 2. түрк. kayıt tutma, әзірб. uçotunu, қырғ. эсепке алуу, өзб. hіsobga olіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >3. Хаттаманы жүргізу
Ұсыныстар
Хатшылық / секретариат / khatshylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. secretarіus - «сенімді тұлға, шенеунік») - 1. Қандай да бір мекеменің хатшылық жұмысын орындайтын тұлғалар жиынтығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы >2. Ұйымдастыру-атқару сипатындағы ағымдағы жұмысты жүргізетін (қандай да бір мекемеге, ұйымға қарасты) орган.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. müdürіyet, әзірб. katіblіk, қырғ. секретариаты, өзб. kotіbіyatі
Ұсыныстар

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов