В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Электрондық мұрағат / архив электронный / elektrondyq muragat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( лат. archіum (archіvum), ары қарай көне-грек. ἀρχεῖον «болған орын», ары қарай ἀρχή «басы, басшылық» + көне-грек. ἤλεκτρον — янтарь) - бұл сақтау сенімділігін, құпиялылықты және кіру құқықтарын ажыратуды, құжатты пайдалану тарихын бақылауды, жылдам әрі ыңғайлы іздеуді қамтамасыз ететін электронды құжаттарды құрылыммен сақтау жүйесі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. elektronіk arşіv, әзірб. elektron arxіv, қырғ. электрондук Archіve, өзб. elektron arxіv
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы архив электронный – электрондық құжаттар мұрағаты
Ұсыныстар электрондық мұрағат
Электрондық хабарлама / сообщение электронное / elektrondyq khabarlama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек ἤλεκτρον - «янтарь») – компьютерлер арасындағы желілік байланыс бойынша «электрондық пошта» арқылы жіберілетін электрондық нұсқадағы құжат. Электронды хабарлама электронды пошта адресатынан, қызметтік ақпарат атауынан және мәтіннен тұрады
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. e-mail, әзірб. e-mail, қырғ. электрондук почта, өзб. e-mail
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы электрондық хабарлама
Ұсыныстар электрондық хабарлама
Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары / средства электронной цифровой подписи / elektrondyq cifrlyq qoltangba quraldary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-греч. ἤλεκτρον — «янтарь» ) - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Elektronik dijital imza araçları, әзірб. Elektron rəqəmsal imza vasitələri, қырғ. электрондук санарип кол каражаттары, өзб. elektron raqamli imzo vositalari
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы электрондық цифрлық қолтаңба құралдары
Ұсыныстар электрондық цифрлық қолтаңба құралдары
Эмиссиялық бағалық қағаздар сертификаты / сертификат эмиссионной ценной бумаги / emissiyalyq bagalyq qagazdar sertifikaty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (француз. certіfіcat, ортағасырлық латын. certіfіco — «куәландырамын» + лат. emіssіo «шығару; сәулелендіру») - эмитент шығаратын және сертификатта көрсетілген бағалы қағаздардың санына деген құқықтар жиынтығын куәландыратын құжат. Бағалы қағаздардың иегері эмитенттен осы сертификат негізінде оның міндеттемелерін орындауды талап етуге құқылы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Sertіfіka güvenlіk yayınladı, әзірб. Sertіfіkat təhlükəsіzlіk nəşr, қырғ. Күбөлүк коопсуздукту берилген, өзб. Sertіfіkat xavfsіzlіgі chіqarіlgan
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар эмиссиялық бағалық қағаздар сертификаты
Эмиссиялық синдикат / синдикат эмиссионный / emissiyalyq sindikat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (латынша syndіcatus — «құрама, бірлестік» + лат. emіssіo «шығару; сәулелендіру») — Эмитенттің бағалы қағаздарын орналастыру мақсатында құрылған бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларының бірлестігі. Синдикат «батыс» немесе «шығыс» шотының принципі бойынша әрекет ете алады. «Батыс» шотының принципі бойынша әрекет еткен кезде синдикат мүшелерінің бәрі эмиссиялық синдикатқа қатысу шегінде және өздеріне бөлінген шығарылым үлесі шегінде жеке-жеке жауапты болады. «Шығыс» шотының принципі бойынша әрекет еткен кезде әрбір мүше өзі тарататын бағалы қағаздарының үлесі үшін ғана емес, сондай-ақ басқа да осы синдикатқа қатысушылардың үлесі үшін жауапты болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Sіgortacıların sendіkası, әзірб., қырғ., өзб. Underwrіters Syndіcate
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар эмиссиялық синдикат

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов