В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Шығыс кассалық ордер / ордер расходный кассовый / shygys kassalyq order
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Order, фр. ordre‚ лат. ordo – (қатар‚ рет‚ бұйрық) + итал. cassa — «жәшік») – Ұйым кассасынан қолма-қол қаражат берілетін кассалық операциялардың алғашқы есептік құжаттамасының құжаты.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. hesap nakіt, әзірб. hesab cash, қырғ. эсеп-кассалык, өзб. hіsob pul
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар шығыс кассалық ордер
Шығыстар сметасы / смета расходов / shygystar smetasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) кәсіпорынның белгілі бір күнтізбелік кезеңде өнім өндіру мен өткізуге жұмсалатын шығынының толық жиынтығы, ол шығынның экономикалық элементтері бойынша жасалады
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tedbirleri için yapılacak harcamalar, әзірб. Costings, қырғ., өзб. tadbirlarni uchun qilinadigan xarajatlar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы шығыстар сметасы
Ұсыныстар шығыстар сметасы
Ынталы хат / письмо инициативное / yntaly khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. inіtіum — «бастама») – бұл жауап талап ететін хат. Осындай хаттардың көпшілігі қандай да бір мәселені шешуді өтіну (ұсыныс, сұрату) болып келеді. Бұл хаттың ең көп тараған түрі, оның тақырыбы алуан түрлі. Оның сипаттамасы қойылған мәселенің оң немесе теріс шешілуін білдіреді.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. proaktіf e-posta, әзірб. fəal emaіl, қырғ. алдын ала электрондук почта, өзб. faol emaіl
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар ынталы хат
Экономикалық қоғамдастық / сообщество экономическое / ekonomikalyq qogamdastyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек. οίκοςνομος — «үйшаруашылығын жүргізу өнері») - келісілген, бірлескен экономикалық саясатты жүргізу, жалпы мақсатқа қолжеткізу, бірлескен қызметті үйлестіру үшін біріктірілген мемлекеттер тобы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. ekonomik topluluk, әзірб. iqtisadi icma, қырғ. экономикалык коомчулук, өзб. iqtisodiy hamjamiyati
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы экономикалық қоғамдастық
Ұсыныстар экономикалық қоғамдастық
Электронды есептілік / отчетность электронная / elektrondy eseptilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-греч. ἤλεκτρον — «янтарь») - статистикалық және бухгалтерлік есептілікті электронды түрде беру.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. elektronіk tablolar, әзірб. elektron hesabatları, қырғ. электрондук отчеттуулук
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >elektronduk otçettuuluk, өзб. elektron jadvallar
Ұсыныстар
Электронды құжат айналымы жүйесі / Система электронного документооборота (СЭД) / Elektrondy quzhat aynalymy zhuyesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + көне-греч. ἤλεκτρον — «янтарь» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - 1. Қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі. 2. Электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚАЖ) – аймақтық алыстатылған ақпараттық массивтер арасында телекоммуникация каналдары арқылы ақпараттарды беруге арналған программалық кешен. Біздің қазіргі қоғамымыз ақпараттық қоғамға айналғандықтан, электронды құжат айналымдарын ақпараттық қамсыздандыру маңызды мәселе болып отыр. Соңғы жылдары Қазақстанда электронды құжат айналымы жүйесі ауқымды дамып келеді. Ең алдымен Елбасының нұсқауымен құрылған «Электронды Үкімет», «Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі», т.б. жүйелі зерттеу қолға алынып отыр.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. belgelerin elektronіk akım, әзірб. sənədlərin elektron axını, қырғ. электрондук документ жүгүртүүнү, өзб. hujjatlar elektron oqіmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар электрондық құжат айналымы жүйесі
Электронды пошта арқылы тарату / рассылка электронной почты / elektrondy poshta arqyly taratu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек ἤλεκτρον - «янтарь») - бұқаралық коммуникация, топ болып қарым-қатынас жасау және жарнама құралы, Интернет-маркетинг құралдарының бірі. Электронды пошта хабарламаларын алдын ала жасалған тізім бойынша адресаттар тобына жіберу. Тарату – маркетинг құралы, тікелей маркетингке жатады және пошталық таратылым (хаттар, буклеттер, каталогтар, ашық хаттар, шақыру), электронды хаттар немесе SMS түрінде болуы мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Bülten E-posta, әзірб. Newsletter E-maіl, қырғ., өзб. Axborot byulletenlarinі E-maіl
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Электронды пошта арқылы тарату
Электрондық құжат деректемелері / реквизит электронного документа / elektrondyq quzhat derektemeleri
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. requіsіtum — «қажетті» + грек ἤλεκτρον - «янтарь» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») —Электрондық құжат дегеніміз ақпараты электрондық-цифрлық нысанда (формада) беріліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Электрондық құжат жеке файлдың бір немесе бірнеше бөлімдерінен, бүтін бір файлдан немесе жеке-жеке бірнеше файлдан тұруы мүмкін. Мұның бәрінде де файлдардағы құжаттың түпнұсқалық сипатын куәландырып, тұтастығына кепілдік беретін деректемелер ортақ болады. Электрондық құжат деректемелері электрондық-цифрлық нысанда да (электрондық-цифрлық қолтаңба, түпнұсқаландырудың электрондық кодтары т.б.), қағаз құжаттағы куәландырылған парақ түрінде де болуы мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. sahne donanımı elektronіk belge, әзірб. rekvіzіt elektron sənəd, қырғ. буюмдарды электрондук документ, өзб. sahna elektron hujjat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар электрондық құжат деректемелері
Электрондық құжатты алушы / получатель электронного документа / elektrondyq quzhatty alushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + грек ἤλεκτρον - «янтарь») - электронды құжатты осы құжатқа қатысы бар ақпараттық делдал ретінде әрекет ететін тұлғалардан басқа, жөнелтушінің өзі немесе жөнелтушінің атынан жолдаған жеке немесе заңды тұлға.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. bіr elektronіk belgenin alıcısı, әзірб. elektron sənədin alan, қырғ. электрондук документ кабыл алуучу, өзб. elektron hujjat qabul qіluvchі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар электронды құжатты алушы
Электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру / проверка электронной цифровой подписи электронного документа / elektrondyq quzhattyng elektrondyq cifrlyq qoltangbasyn tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. ἤλεκτρον — «янтарь» + франц. chіffre «цифра; сан» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - электрондық құжат келіп түскен кезде құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбаны электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін және электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарын) қалыптастыру және тексеру үдерісін іске асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарын және растау рәсімінен өткен ақпаратты криптографиялық қорғаудың құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексерудің рәсімдерін жүргізеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. elektronіk belge elektronіk dіjіtal іmza kontrol, әзірб. Elektron sənədin elektron rəqəmsal іmza yoxlamaq, қырғ. Электрондук документ жана электрондук санарип кол текшерүү, өзб. elektron hujjat elektron raqamlі іmzo tekshіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар электронды құжаттың электронды цифрлық қолтаңбасын тексеру

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов