В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Әдеттегі құқық / обычное право / adettegi quqyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) тәжірибеде кездесетін нормалар, яғни бұл адамдардың жүріс-тұрыстарының ережелері. Адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып мінез-құлықтың неғұрлым көне әрі қуатты нормативі болып табылады. Көне Рим дәуіріндегі әдет-ғұрыптардың нормалары мен институттары түгелдей заң нормасынан аспаған. Тек қана мемлекеттік билігі бар коғамның мүддесіне сай заң нормасына айналған. Яғни заңды күші бар саяси өкімет жол берген әдет-ғұрыптар ғана құқықтық әдет-ғұрыпқа айналған. Әдетте олар арнайы еш жерде тіркелмеген. Олардың көбінің түп-тамыры сонау көне заманға кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. adət hüquq, әзірб. adət hüquq, қырғ. каада-салт боюнча мыйзам, өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >odatіy huquq
Ұсыныстар
Әдістемелік жұмыс / работа методическая / adistemelik zhumys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. μέθοδος - «әдістеме, ғылым») - бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. metodіk çalışma, әзірб. metodіkі іş, қырғ. усулдук иштер, өзб. uslubіy іshlar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар әдістемелік жұмыс
Әдістемелік ұсынымдар / рекомендации методические / adistemelik usynymdar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір тақырыпты зерттеу, сабақ, іс-шара өткізу жоспарын анықтайтын қосымша ақпарат. Көбіне әдістемелік ұсынымдар (әдістемелік нұсқаулар) дипломдық жұмыстарды, курстық жұмыстарды және т.б. жазу үшін студенттерге қажет.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yöntemsel tavsіyeler, әзірб. metodіkі tövsіyələr, қырғ. методикалык сунуштар, өзб. uslubіy tavsіyalar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар әдістемелік ұсынымдар
Әкелім бажы / пошлина ввозная / akelim bazhy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) мемлекеттің тауарды енгізген (импорт) кезде алынатын ақша жиынтығы; мемлекет ішіндегі импортты тауарлардың бағасын көтеру және жергілікті тауарлармен салыстырғанда олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендету құралы болып табылады. Оның түрлері: фискалды, жебеу, демпингке қарсы, артықшылығы бар (преференциалды) және т.б. Баж салығының мөлшерлемелері кедендік тарифте белгіленеді. Өнімдерді өңдеу деңгейіне қарай мөлшерлеменің үш түрі болады: минималды (шикізатқа), максималды (дайын өнімдерге) және жеңілдік.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іthalat vergіsі, әзірб. іdxal rüsumu, қырғ. тыштан, өзб. іmport bojі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы әкелім бажы
Ұсыныстар
Әкесінің аты / отчество / akesining aty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Әкесінің аты.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. soyadı, әзірб. soyadı, қырғ. атасынын аты, өзб. otasining іsmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар әкесінің аты
Әкім / аким / akim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (қаз. әкім, қырғ. аким, өзб. hokіm) — Қазақстан, Қырғызсатн және Өзбекстандағы биліктің жергілікті атқарушы органының басшысы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. akіm, әзірб. akіm, қырғ. акими, өзб. Akіm
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы аким - әкім
Ұсыныстар әкім
Әкімшілік, әкімдік / акимат / akimshilik, akimdik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (әкімшілік; қаз. әкімшілік, әкімдік, қырғ. акимчилик) — Қазақстандағы атқарушы биліктің өңірлік органы, Қырғызстандағы аудандық мемлекеттік әкімшілік. Әкімдіктің басшысы (облыс үкіметінің) әкім болып табылады, ол облыста президенттің және республика үкіметінің мүддесін танытады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Akіmat, әзірб. akіmatının, қырғ. Akіmat, өзб. Akіmat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы акимат - әкімият
Ұсыныстар әкімдік
Әлеуметтік көмек / социальная помощь / aleumettik komek
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. socialis - «достық, некелік, одақтық») - көмекке зәру азаматтар туралы қоғамдар, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек, адамға жасына, денсаулық жағдайын, әлеуметтік жағдайына, тіршілік қаражатының жетіспеушілігіне байланысты көрсетілетін көмек.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. sosyal yardım, әзірб. sosial yardım, қырғ. коомдук жардам, өзб. ijtimoiy yordam
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы әлеуметтік көмек
Ұсыныстар әлеуметтік көмек
Әңгiмелесу / собеседование / anggimelesu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) жұмысқа орналасу кезінде ықтимал жұмыс берушімен немесе оның өкілімен кездесу. Әңгімелесуді мақсаты — бетпе-бет танысу, жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің бір-біріне қаншалықты сәйкес келетінін түсіну, сондай-ақ ынтымақтастықтың бүге-шігесін талқылау. Әңгімелесуге келгенде жұмыс беруші жұмыс іздеушінің біліміне, оның тәжірибесіне, жинаған дағдылары мен біліміне қатысты сұрақтар қояды. Сондай-ақ мақсатың, өмірдегі талпынысың, қандай нәрсеге қол жеткізгің келеді, жоспарларың қандай деген жеке сипаттағы сұрақтар да болуы мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Ірі компанияларда әңгімелесудің бірнеше деңгейі болады: рекрутермен, қауіпсіздік қызметімен, психологпен, бөлім бастығымен, жоғары басшылықпен әңгімелесу.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >Жұмысқа қабылдаған кезде үміткерге көбіне тест немесе осыған ұқсас сынақ беріледі. Тесттер психологиялық та, кәсіби де болады. ҚР Еңбек кодексінде жұмысқа қабылдау кезінде тест алу тәртібі туралы ешқандай ереже жоқ, десе де тест алуға тыйым салу да жоқ. Қызметкер тест өтуден бас тартса да болады, алайда мұндай жағдайда оның жұмысқа орналасу мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.
Ұсыныстар >Кейбір қызметтерге алған кезде күйзеліс сұхбаты алынады.
Әңгіме, сөз / разговор / anggime, soz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) екі және одан да көп адамның интерактивті, спонтанды қарым-қатынасы. Әңгіме сөйлесу коммуникациясының барысында өтеді, ал жазбаша түрде хабарлама алмасу әңгімелесуге жатпайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. konuşma, әзірб. söhbət, қырғ. сүйлөшүү, өзб. suhbat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар әңгіме

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов