Термины
Беру, тапсыру / выдача / beru, tapsyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Берілген ақша, тауар. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іade, әзірб. ekstradіsіya, қырғ. өткөрүп берүү, өзб. ekstradіtsіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | выдача - беру |
Ұсыныстар | беру |
Библиографиялық сілтемелер / ссылки библиографические / bibliografiyalyq siltemeler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. βιβλία, көптік формада. βιβλίον «кітап», + γράφω «жазамын, саламын, сипаттаймын») - бұл дереккөздің қысқаша библиографиялық сипаттамасы. Библиографиялық сілтемелер мәтінішілік, жолма-жол, мәтін артындағы болып бөлінеді. Библиография дегеніміз – библиографиялық сипаттама принциптері бойынша құрылған, зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттер тізімі (әдетте, әліпбилік). |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bibliyografik referanslar, әзірб. biblioqrafik istinadlar, қырғ. библиогра- шилтемелер, өзб. bibliografik havolalar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | библиографиялық сілтемелер |
Ұсыныстар | библиографиялық сілтемелер |
Билет / билет / bilet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. bіllet, ортағасырларда bіlletus — «жазба, хат, куәлік; жеке куәлік») — қандай да бір тұлғаның немесе билетті ұсынушының қандай да бір құқығының бар екенін растайтын құжат. Билет нақты бір уақытқа дейін қолданылуы мүмкін немесе мерзімі шектелмеген болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. , әзірб. , қырғ. , өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | билет - билет |
Ұсыныстар | билет |
Биоалуантүрлілік / биоразнообразие / bioaluanturlilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне грек. βίος — «өмір») — бұл геннен бастап экожүйеге дейінгі Жер бетіндегі әртүрлі тірі нәрселер. Оның негізінде әр алуандық жатыр. Оған ғаламшарымызды мекендейтін жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің миллиондаған түрлері қамтылған. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіyoçeşіtlіlіk, әзірб. bіoxіlma-xіllіknі, қырғ. биологиялык ар түрдүүлүктү, өзб. bіoxіlma-xіllіknі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | биоалуантүрлілік |
Биотұрақтылық / биостойкость / bioturaqtylyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне грек. βίος — «өмір») — биологиялық фактордың әсерінен құжаттың пайдалану қасиеттерін сақтай білу қабілеті. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bіyo, әзірб. bіostabіlіty, қырғ. bіostabіlіty, өзб. bіostabіlіty |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | биотұрақтылық |
Биржалық мәміле / сделка биржевая / birzhalyq mamile
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нидерл. beurs немесе нидерл. Börse , франц. bourse «әмиян, биржа») – биржа сауда-саттығы барысында биржа тауарына қатысты биржа сауда-саттығына қатысушылар жасаған, биржа тіркеген шарт (келісім) болып табылады. Биржалық мәмілені тіркеу және рәсімдеу тәртібін биржа белгілейді. Биржада жасалған, бірақ жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мәмілелер биржалық болып саналмайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк., әзірб., қырғ., өзб., |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | биржалық мәміле |
Біліктілікті арттыру / повышение квалификации / biliktilikti arttyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | лат. qualіfіcatіo - «квалификация») - біліктілік талаптарының үнемі көтерілуіне байланысты мамандардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту, дағдыларын жетілдіру. Біліктілікті арттыру курстарынан орта немесе жоғары кәсіби білімі бар мамандар ғана өте алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іlerі eğіtіm, әзірб. qabaqcıl təlіm, қырғ. квалификацияны жогорулатуу, өзб. malaka oshіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | біліктілігін көтеру |
Ұсыныстар | біліктілігін арттыру |
Бір мандатты сайлау округі / округ одномандатный избирательный / bir mandatty saylau okrugi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. mandatum — «тапсырма») — Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tek görevі seçіm bölgesі, әзірб. bіrmandatlı seçkі daіrəsі, қырғ. бир мандаттуу шайлоо округу, өзб. bіr mandatlі okrug |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бір мандатты сайлау округі |
Біріге жалдау / соаренда / birige zhaldau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (орта.-лат. arrenda, arrendare және ары қарай — reddere, - «артқа беру, қайтарып алу») - үй-жайды, бөлмені және т.б. әлдебіреумен біге жалға алу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк., әзірб., қырғ., өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | біріге жалдау |
Бланк / бланк / blank
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Blanko) — құжаттың тұрақты ақпараты көшірілген және ауыспалы ақпаратқа арналған жері бар, белгілі бір форматтағы стандартты қағаз парағы түріндегі полиграфиялық өнім түрі. Бланк толтыруға арналған, сондықтан да ақпарат енгізуге (қолмен, баспа машинасымен, компьютер арқылы) арналған бос орындары бар. Кез келген кәсіпорын құжаттарының көп бөлігі бланкілерге рәсімделеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. form, әзірб. forma, қырғ. түрү, өзб. shakl |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | бланк – бланк |
Ұсыныстар | бланк |