Термины
Анықтау / верификация / anyqtau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - бұл фрилансерлер үшін де, жұмыс берушілер үшін де ұсынылатын пайдаланушының тұлғасын растау рәсімі. Анықталған пайдаланушы есімінің жанына «Анықталған пайдаланушы» деген арнайы белгі қойылады, ал қалауына қарай профилден есімі, тегі және әкесінің есімі шығып тұрады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. doğrulama, әзірб. yoxlama, қырғ. текшерүү, өзб. tekshіruv |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | верификация – верификация |
Ұсыныстар | анықтау |
Анықтаушы / дознаватель / anyqtaushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | – Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалды кодексіне сәйкес, анықтау органының лауазымды тұлғасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. araştırmacı, әзірб. müstəntіq, қырғ. тергөөчү, өзб. tergovchі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | дознаватель – анықтаушы |
Ұсыныстар | анықтаушы |
Апелляция, шағым арыз / апелляция / apellyaciya, shagym aryz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. appellatіo — «жүгіну») — жоғары тұрған соттың заңдық күшіне енбеген, процессуалды заңнамамен анықталған сот актілерін тексеру рәсімі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. temyіz, әзірб. müracіət, қырғ. кайрылуу, өзб. shіkoyat qіlіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | апелляция, шағым арыз |
Апостиль / апостиль / apostily
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. Apostіlle – «алаңға белгі (сонымен бірге мөр) қою») — заңдастыруды қабылдайтын мемлекет аумағына ұсынуға арналған құжаттың заңды екендігі туралы мәліметтерді толтырудың халықаралық стандартталған формасы. «Апостиль» мөртабаны мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түпнұсқасына ғана қойылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. apostіl, әзірб. Həvarі, қырғ. апостилдештирилүүгө, өзб. apostіl |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | апостиль - апостиль |
Ұсыныстар | апостиль |
Аппараттық құралдар / средства аппаратные / apparattyq quraldar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. apparatus - «дайындау; құрылғы; аспап») - бағдарламалық қамтамасыз етілім мен деректерді (есептеу жүйесі сақтайтын және өңдейтін ақпарат) қоспағанда, жүйенің немесе желінің құрамына енетін есептеу құрылғыларының электронды және механикалық бөліктері |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. donanım, әзірб. hardware, қырғ. аппараттык, өзб. apparat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | аппараттық құралдар |
Ұсыныстар | аппараттық құралдар |
Аралас шарт / смешанный договор / aralas shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | заңда немесе өзге де құқықтық актілерде қарастырылған, әртүрлі шарттардың элементтерінен құралған азаматтық-құқықтық мәміле. Тараптардың қарым-қатынасында (тиісті бөліктерде) өзге де келісімдер туындап қалмаған жағдайда аралас шарттағы шарттар, элементтер туралы ережелер қолданылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. karma anlaşma, әзірб. qarışıq müqavilə, қырғ. аралаш келишим, өзб. aralash bitim |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | аралас шарт |
Ұсыныстар | аралас шарт |
Арнайы қызмет / спецслужба / arnayy qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | арнайы қызметтерді (күзету, барлау және т.б.) орындайтын мемлекеттік мекеме немесе орган. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. gizli servis, әзірб. kəşfiyyat, қырғ. жашыруун сөз кызматы, өзб. maxfiy xizmat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | арнайы қызмет |
Ұсыныстар | арнайы қызмет |
Арнайы мемлекеттік мұрағат / специальный государственный архив / arnayy memlekettik muragat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. specialis — «ерекше»; species — «түр») — мұрағат мекемесі немесе Қазақстан Республикасы арнайы мемлекеттік органының бөлімшесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Özel bir Devlet Arşivleri, әзірб. xüsusi State Archives, қырғ. атайын мамлекеттик короо, өзб. maxsus davlat Archives |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | арнайы мемлекеттік мұрағат |
Арнайы тексеріс / проверка специальная / arnayy tekseris
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | техникаға енгізілген ақпаратты ұстап алу құрылғысын іздеуге және анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. özel denetіm, әзірб. xüsusі yoxlama, қырғ. атайын текшерүү, өзб. maxsus taftіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | арнайы тексеру |
Арнау, бағыттау / адресовать / arnau, bagyttau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. adresser – «бағыттау»). 1) қандай да бір нәрсе жолданатын тұлғаның аты-жөнін және орналасқан жерін белгілеу. 2) әлдебіреуді қандай да бір тұлғаға анықтама алу үшін немесе қандай да бір өтінішпен бағыттау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. adres, әзірб. ünvan, қырғ. дарек, өзб. manzіl |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | адресовать - жіберу |
Ұсыныстар | Мәнмәтіндік мағынасына қарай арнау; жіберу болып аударылады. |