Термины
Гипермәтін / гипертекст / gipermatin
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне-грек. ὑπέρ - «үстіңгі, биік») - өзара сілтемелер арқылы бірыңғай мәтінде байланыстырылған мәтін, аудио және бейне ақпараттан тұратын құжаттар жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. köprü, әзірб. mətn, қырғ. гипертекст, өзб. gіpermatnlі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | гипермәтін |
Грамота, мадақтама / грамота / gramota, madaqtama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. γράμματα — «хат, жазатын қағаз») — X—XVіі ғасырларда Русьте және басқа да кейбір ортағасырлық славян мемлекеттеріндегі іскер құжат (ең бастысы, актілерді осылай атаған) және хаттар (ресми және жеке). Термин Византия елінен алынған, мұнда grammata арнау, жарлық, сондай-ақ кез келген басқа да жазбаша құжаттарды білдіретін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tüzük, әзірб. nіzamnamə, қырғ. чартер, өзб. ustav |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | грамота – грамота |
Ұсыныстар | грамота |
Гуманитарлық жүк / гуманитарный груз / gumanitarlyq zhuk
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - өтеусіз көмек түрі; гуманитарлық апат орын алған немесе сондай жағдайда тұрған аудандардағы халық арасында тегін таратылатын өмір сүруге арналған қаражат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. insanі yardım, әзірб. humanіtar yardım, қырғ. гуманитардык жардам, өзб. gumanіtar yordam |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | гуманитарный груз – ізгілік жүк |
Ұсыныстар | ізгілік жүк |
Ғалымдар кеңесi / совет ученых / galymdar kengesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жоғары оқу орнын, ұйымды, өзі орналасқан аумақты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешумен айналысатын жоғары оқу орнының, ғылыми-зерттеу ұйымының немесе ғалымдар бірлестігінің тұрақты түрде әрекет ететін сайланбалы өкілетті органы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bilim adamları Konseyi, әзірб. alimlər Şurası, қырғ. окумуштуулар кенеши, өзб. olimlar kengashi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | ғалымдар кеңесi |
Ұсыныстар | ғалымдар кеңесi |
Ғылыми жетекші / руководитель научный / gylymi zhetekshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | аспиранттың таңдап алынған тақырыбын ғылыми-зерттеушілік тұрғыдан көмек көрсететін ғылым докторы немесе профессорлар қатарындағы маман (ерекше жағдайда ғана ғылым кандидаты) (жоғары оқу орнындағы ректордың бұйрығымен немесе кандидаттық диссертацияны дайындаған жер бойынша ғылыми мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалады), аспирант жұмысы жайлы консультация беріп жеке бекітілген жоспардың орындалуын тексеріп отырады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. gözetmen, әзірб. elmі rəhbərі, қырғ. илимий жетекчи, өзб7 rahbar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ғылыми жетекші |
Ғылыми қызметкер / сотрудник научный / gylymi qyzmetker
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ғылыммен және ғылымның белгілі бір саласымен айналысатын ғалымдардың жалпы атауы |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. araştırma görevlisi, әзірб. elmi, қырғ. илимий кызматкер, өзб. tadqiqot dotsent |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | ғылыми қызметкер |
Ұсыныстар | ғылыми қызметкер |
Даму жоспары / план развития / damu zhospary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - қызметкердің өз бойындағы қажетті шеберліктер мен қасиеттерді жоспарлы әрі мақсатқа сай дамытуға көмектесетін құрал. Жеке даму жоспары алға қойған мақсаттарға қолжеткізуге мүмкіндік беретін даму және нақты іс-әрекеттердің мақсаттарын сипаттайтын құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kalkınma planı, әзірб. inkіşaf planı, қырғ. өнүгүү планы, өзб. rіvojlantіrіsh rejasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | даму жоспары |
Дауыс беру / голосование, голосовать / dauys beru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - 1. Дауыс беру. 2. Дауыс беруге итермелу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. oy, әзірб. səs, қырғ. добуш берүү, өзб. ovoz berіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | голосование – дауыс беру |
Ұсыныстар | дауыс беру |
Дауыс беруші / выборщик / dauys berushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - 1. Сайлаушылардың қандай да бір адамды сайлауына өкілетті уәкіл. 2. Қандай да бір нәрсені таңдаумен айналысатын қызметкер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. seçmen, әзірб. seçіcі, қырғ. шайлоочу, өзб. saylovchі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | выборщик - таңдаушы |
Ұсыныстар | дауыс беруші |
Дауыс беруші акциялар / акции голосующие / dauys berushi akciyalar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. āctіo - «қозғалыс, әрекет, амал») — Акционерлердің жалпы жиналысында өз иесіне дауыс беру құқығын беретін компанияның қарапайым акциясы (ordinary share). Бұл өз иесіне компания істерінің жай-күйі туралы ақпарат және дивиденд алуға тең құқық беретін, бірақ дауыс беру құқығын бермейтін дауыс бермейтін акциядан ерекшелеп тұрады. Кейбір елдерде компаниялар ең жоғарғы дауыс беру санын белгілеуі мүмкін, бұл дауыс беру кезінде бір акционерге тиесілі акция санына байланыссыз ескерілетін болады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. oylama payları, әзірб. səsvermə səhmlərinin, қырғ. добуш үлүштөрү, өзб. Ovoz berіsh aktsіyalar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | акции голосующие – дауыс беруші акциялар |
Ұсыныстар | дауыс беруші акциялар |