Термины
Бланк өнімдері / продукция бланочная / blank onimderi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Blanko) — әрі қарай толтырылатын, белгілі бір форматтағы стандартты парақ түрінде болатын баспа өнімдері. Бланк өнімдері: актілер, амбар кітаптары, хат бланкілері, қатаң есеп беретін бланкілер, ведомосттар, қосымша парақтар, шарттар, журналдар, өтінімдер, хабарламалар, карточкалар, тіркеу және есепке алу кітабы, пікірлер кітабы, жүкқұжаттар, бағыттар, мұқабалар, есептер, прайс-парақтар, бұйрықтар, бағдарламалар, сапар парағы, жұмыс журналдары, реестрлер, тізімдер, анықтамалар, статистикалық карталар, есепке алу табельдері, талондар, бағалар, фирмалық бланкілер, формулярлар, өздігінен көшірілетін бланкілер, медициналық карточкалар, мәзік папкалары. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. boşlukları, әзірб. blanklara, қырғ. бланк, өзб. blankalar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бланк өнімдері |
Бланко-вексель / бланко-вексель / blanko-veksely
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Blanko + нем. Wechsel - «айырбастау») — төлем мерзімі, кредитордың тегі, төлеуге жататын ақшалай сома немесе вексельді жазу орны мен уақыты сияқты бір немесе бірнеше қарапайым реквизиттері жоқ, кей жағдайларда вексель берушінің тек қолы болатын вексель. Мұндай вексельдер өзара сенімге негізделген іскери қарым-қатынастармен байланысты тұлғалар арасында айналымда жүреді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Blanco-fatura, әзірб. Blanco-Bіll, қырғ. Blanco-мыйзам долбоору, өзб. Blanco-Bіll |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бланко-вексель |
Болашақты жоспарлау / планирование перспективное / bolashaqty zhosparlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + ор.-лат. реrsресtіvа (ars) - «көзбен көретін (өнер); болашақты бейнелеу өнері») - Халық шаруашылығын және сала, кәсіпорын (бірлестік) сияқты оның құрамдас бөліктерінің бес және одан да көбірек жылға есептелген дамыту жоспарын құру және оны орындауды ұйымдастыру. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. uzun vadelі planlama, әзірб. uzun mənzіllі planlaşdırma, қырғ. узак аралыкка пландаштыруу, өзб. uzoq masofaga rejalashtіrіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | алдағы жоспарлау |
Борыштық міндеттемелер / обязательства долговые / boryshtyq mindettemeler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Еркін нысанда толтырылған және қарыз алушының кредит (немесе қарыз) алу кезінде кредиторға берген құжаты. Борыштық міндеттемелерде кредиттің сомасы мен оны өтеу мерзімі көрсетіледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. borç yükümlülüklerі, әзірб. borc öhdəlіklərі, қырғ. карыздык милдеттенмелер, өзб. qarz majburіyatlarі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қарыздық міндеттемелер |
Ұсыныстар | қарыздық міндеттемелер |
Бөлісу / распределение / bolisu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | өндірістік экономикалық өнімді, табысты, пайданы жеке қорларға, жеке тұлғаларға беру үшін бөліктерге бөлу. Бөлісу өнім өндіру, табыс әкелуден кейін жүретін бірыңғай өндірістік цикл кезеңдерінің бірі болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dağıtım, әзірб. paylanma, қырғ. бөлүштүрүү, өзб. taqsіmlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бөлу |
Бөлу; атап көрсету / выделить / bolu; atap korsetu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | Бөлшектеп немесе ажыратып, қандай да бір мақсат үшін белгілеу, анықтау. Мүліктің бір бөлігін бөлу. Ажырату, қандай да бір нәрсемен бөлу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ayırmak, әзірб. ayırmaq, қырғ. айырмалоо, өзб. ajratіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | мәнмәтіндік мағынаға сай екі нұсқада беріледі: бөлу; атап көрсету |
Брутто / брутто / brutto
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (итал. brutto — «нашар») — нетто сөзінің антонимі, артығы алынбаған деген мағынаны береді: тауардың қаптамасымен бірге есептегендегі массасы, шығынды алып тастамағандағы табыс және т.б. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Қаржы саласында нетто табысына қарама-қарсы болып табылатын брутто табыс таза табысты алу үшін шығындарды алып тастауға тура келетін табысты білдіреді. Бұл термин экономика саласында кеңінен таралған. Ең көп қолданылатын жағдайлар: |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >• Брутто жалақы — «қағаз жүзіндегі жалақы». Бұл сомадан қашан да өзіңіз тұратын елдегі заңнамамен бекітілген пайыздық салықтық мөлшерлеме алынады, сонда ғана еңбегі үшін төленетін ақырғы ақша сомасы белгілі болады. |
Ұсыныстар | >• Брутто баға — қосымша құн салығынан тұратын, тауардың, қызметтің құны. Сондай-ақ тауардың салмағын белгілеу үшін пайдаланылуы мүмкін. |
Бухгалтерлік есепшот / счет бухгалтерского учета / bukhgalterlik esepshot
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Buchhalter, Buch — «кітап», Halter — «ұстаушы»). Ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. muhasebe kayıtları, әзірб. mühasibat uçotunun, қырғ. эсепке алуу боюнча жазуулар, өзб. Buxgalteriya yozuvlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бухгалтерлік есепке алу шоттары |
Бухгалтерлік құжат / документ бухгалтерский / bukhgalterlik quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + нем. Buchhalter, Buch — «кітап», Halter — «ұстаушы») - шаруашылық, қаржы операциясының құқығын және жасалу фактісін белгілейтін құжат. Бухгалтерлік құжат типографиялық жолмен басылған бланкілерге белгіленген нысан бойынша жазылады. Кассалық құжаттар Кассалық операцияларды жүргізу туралы ережеге сәйкес рәсімделеді. Банк құжаттарын рәсімдеу тәртібін банктің ережелері белгілейді. Құжатқа қол қойған лауазымды тұлғалар берілген мәліметтердің (реквизиттердің) дұрыстығы үшін жауапты болады. Бухгалтерия тек қана толыққанды құжаттарды қабылдауға құқылы. Құжаттарда жіберілген қателер белгіленген тәсілдер арқылы түзетіледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. belge muhasebesі, әзірб. sənəd mühasіbat, қырғ. документ эсепке алуу, өзб. hujjat buxgalterіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бухгалтерлік құжат |
Бұйрық беру / приказание / buyryq beru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | бұйрыққа тең жарлық. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. teklіf verme, әзірб. tender, қырғ. тендердик, өзб. Tender |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бұйрық беру |