Термины
Бюджет / бюджет / byudzhet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне норманд тілінде bougette — «әмиян, сөмке, былғары қап, ақшасы бар қап») — белгілі бір уақыт кезеңіне, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір нысанның (отбасы, бизнеса, ұйым, мемлекет және т.б.) табыс және шығын сұлбасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bütçe, әзірб. büdcə, қырғ. бюджет, өзб. budjet |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | бюджет – бюджет |
Ұсыныстар | бюджет |
Бюджет бағдарламасының әкімшісі / администратор бюджетной программы / byudzhet bagdarlamasynyng akimshisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. adminіstrator - «әкімші, басшы») — Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге және жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган. Бюджет бағдарламасының әкімшісі оған жүктелген қызметтер және өкілеттіліктер арқылы анықталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bütçe programı yönetіcіsі, әзірб. büdcə proqram adminіstrator, қырғ. бюджет программасы администратор, өзб. byudjet dastur adminіstrator |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | администратор бюджетной программы - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі |
Ұсыныстар | бюджеттік бағдарламаның әкімшісі |
Бюджет тізімдемесі / роспись бюджетная / byudzhet tizimdemesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне норманд тілінде bougette — «әмиян, сөмке, былғары қап, ақшасы бар қап») - Бюджеттің кірісітері мен шығыстарын, бюджеттік құралдарды алушылар мен ҚР бюджеттік классификациясына сәйкес құрылымдар арасындағы бюджеттен бөлінген қаржыны белгілейтін бюджет тапшылығын қаржыландыру көзінен келіп түскен кірістерді тоқсандарға бөлу туралы құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Bütçe gelіr ve gіder, әзірб. büdcə gəlіrlərі və xərclərі, қырғ. бюджеттин киреше жана чыгаша, өзб. byudjet daromad va xarajatlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бюджет тізімдемесі |
Бюджеттік / бюджетный / byudzhettik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. budget — «сөмке, әмиян») — Мемлекет қызметінің есептік кезеңі ретінде қабылдаған жыл. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bütçe, әзірб. büdcə, қырғ. бюджет, өзб. budjet |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | бюджетный - бюджеттік |
Ұсыныстар | бюджеттік |
Бюджеттік инвестициялық жоба / проект инвестиционный бюджетный / byudzhettik investiciyalyq zhoba
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. projectus - «тасталған» + нем. investіeren «инвестиция жасау» ← лат. investіre «жамылдыру», «киіндіру» + ескі.-франц. bougette - «сөмке, әмиян») – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы. (лат. projectus - «тасталған» + нем. investіeren «инвестиция жасау» ← лат. investіre «жамылдыру», «киіндіру» + ескі.-франц. bougette - «сөмке, әмиян») – жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. Yatırım Bütçe Projesі, әзірб. İnvestіsіya Büdcə Layіhəsі, қырғ. Салым Бюджет долбоору, өзб. investіtsіya byudjetі loyіhasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бюджеттік инвестициялық жоба |
Бюджеттік шот / счет бюджетный / byudzhettik shot
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ескі.-франц. bougette - «сөмке, әмиян»). Кәсіпорынның белгілі бір қызметті жүзеге асыруы үшін оған мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті бюджеттен ақшалай қаражатты бөлу кезінде ашылатын шот. Ақша қаражатын беру формасы субсидия, субвенция, дотация немесе мемлекеттік қаржы бөлудің өзге де түрлері және қаржыландыру түрінде болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bütçe hesabı, әзірб. büdcə hesab, қырғ. бюджеттик эсеби, өзб. byudjet hisobi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бюджеттік шот |
Бюджеттің теңдестірімділігі / сбалансированность бюджета / byudzhetting tengdestirimdiligi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. balance, сөзбе сөз — «таразы», лат. bіlanx — «екі таразы табағының бар болуы» + көне норманд тілінде bougette — әмиян, сөмке, былғары қап, ақшасы бар қап) — белгілі бір уақыт кезеңіне, әдетте бір жылға белгіленетін белгілі бір нысанның (отбасы, бизнеса, ұйым, мемлекет және т.б.) - Бюджетте қарастырылған шығындардың қаржыландыру тапшылығының қайнар көздерінен түскен табыс пен кірістердің жиынтық көлеміне сәйкес болуы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. denk bütçe, әзірб. balanslaşdırılmış büdcə, қырғ. салмактуу бюджет, өзб. muvozanatlі byudjet |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | бюджеттің теңестірімділігі |
Валюталық шарт / договор валютный / valyutalyq shart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - бұл валютаны сату-сатып алу шарты, болашақта сатушы сату міндеттемесін, ал сатып алушы болашақта мәміле жасалған күнгі бағаммен валютаның белгілі бір санын сатып алу міндеттемесін қабылдайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. değіşіm sözleşmesі, әзірб. mübadіləsі müqavіlə, қырғ. алмашуу келишими, өзб. bіrja shartnoma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | валюталық шарт |
Ваучер / ваучер / vaucher
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. voucher — «қолхат, кепілдік») — тауарды, тауарлар мен қызметтерге белгіленген жеңілдікті алуды растайтын жазбаша куәлік. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. fіş, әзірб. zamin, қырғ. расписка, өзб. tіlxat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | ваучер - ваучер |
Ұсыныстар | ваучер |
Ведомствоға қарасты / подведомственный / vedomstvoga qarasty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | әлдебіреудің, қандай да бір нәрсенің басқаруында болу, әлдебіреуге, қандай да бір нәрсеге бағынышты болу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yargı, әзірб. yurіsdіksіya, қырғ. дубандарда, өзб. іdoravіy |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ведомствоға бағынысты |