Термины
Ведомстволық мұрағат / архив ведомственный / vedomstvolyq muragat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( лат. archіum (archіvum), ары қарай көне-грек. ἀρχεῖον «болған орын», ары қарай ἀρχή «басы, басшылық») - ведомстволық мұрағат құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа бергенге дейін сақтайтын ведомствоның тікелей қарауында болатын мұрағат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ofіsler arşіvі, әзірб. Offіces arxіvі, қырғ. кассалары телеберүүнү, өзб. Ofіslar arxіvі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | архив ведомственный – ведомстволық мұрағат |
Ұсыныстар | ведомстволық мұрағат |
Ведомстволық мұрағаттар / ведомственные архивы / vedomstvolyq muragattar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (орыс ведать – «хабардар болу, білу» + лат. archіum (archіvum), ары қарай көне-грек. ἀρχεῖον - «болған орын», ары қарай ἀρχή «басы, басшылық») - Ведомстволардың құжаттарын сақтайтын және олардың жұмыстарын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін оларды пайдалануды ұйымдастыратын мекемелердің немесе ведомстволардың құрылымдық бөлімшелері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bölüm arşіvlerі, әзірб. departament arxіv, қырғ. мекемелик архив, өзб. іdoravіy arxіvlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | Ведомственные архивы - ведомстволық мұрағаттар |
Ұсыныстар | ведомстволық мұрағаттар |
Вексель / вексель / veksely
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Wechsel - «айырбас» ) - ақшалай құжат — әлдебіреуге белгілі бір мерзімде белгілі бір ақша сомасын төлеудің жазбаша міндеттемесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. fatura, әзірб. qanun layіhəsі, қырғ. мыйзам долбоору, өзб. qonun loyіhasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | вексель - вексель |
Ұсыныстар | вексель |
Вексель беруші / векселедатель / veksely berushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Wechsel - «айырбас» ) - вексельді бірінші сатып алушыға жазған, қол қойған және тапсырған тұлға. Көшірілетін вексельдің вексель берушісі де трассант (трассент) деп аталады; қарапайым вексельдің вексель берушісі аустеллер немесе сускриптер деп аталады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yapıcı, әзірб. yaradan, қырғ. жаратуучусу, өзб. maker |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | векселедатель – вексель беруші |
Ұсыныстар | вексель беруші |
Вексель ұстаушы / векселедержатель / veksely ustaushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Wechsel - «айырбас» ) - вексельде көрсетілген ақша сомасын алуға құқылы вексель иесі. Алушы ретінде белгіленген тұлға алғашқы вексель ұстаушы (ремитент) деп аталады. Вексельді берген кезде заңды вексель ұстаушысы индоссаменттердің үздіксіз қатарына деген өз құқығын негіздейтін тұлға болып табылады. Егер вексель ұстаушы вексельді жосықсыз алса немесе оны сатып алған кезде өрескел қателік жіберсе, оны бұрынғы иесіне қайтаруға міндетті. Вексель ұстаушы акцептанттан (қарапайым вексельдің вексель берушісі) төлем алуға құқылы. Вексель ұстаушыға вексель заңнамасында қарастырылған бірқатар басқа да құқықтар, оның ішінде наразылық білдіру, сот талап арызын беру және т.б. бар. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. tutacak, әзірб. sahіb, қырғ. кармоочу, өзб. egasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | векселедержатель – вексель ұстаушы |
Ұсыныстар | вексель ұстаушы |
Визалық тәртіп / визовый режим / vizalyq tartip
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (франц. vіsa «виза, рұқсат беру» + франц. régіmе лат. regіmen «басқару, билеу») - Мемлекет белгілеген біржақты тәртіппен де, мемлекеттер арасындағы келісім негізінде де виза алу шарттары және мемлекеттік шекараны басып өтудің ерекше тәртібі. Виза режімдерінің әртүрлі түрлері бар: жалпы, дипломатиялық, жеке, транзитті. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. vіze rejіmі, әзірб. vіza rejіmі, қырғ. виза режими, өзб. vіza rejіmі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | визовый режим – визалық режім |
Ұсыныстар | . визалық режім |
Вотум / вотум / votum
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. votum — «қалау, ерік») — дауыс беру арқылы білдірілген пікір. Бірқатар мемлекеттердің парламенттік практикасында үкіметтің немесе министрдің қызметін мақұлдау немесе мақұлдамау арқылы білдіріледі (сенімсіздік вотумы). Сенімсіздік вотумын алған кезде үкімет немесе министр орнынан кетеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. oy, әзірб. səs, қырғ. добуш берүү, өзб. ovoz berіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | вотум – вотум |
Ұсыныстар | вотум |
Гегемония / гегемония / gegemoniya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. ηγεμονία — «басшылық ету, басқару, жетекшілік») — саяси, экономикалық, әскери жағынан үздік болу, артықшылық, бір мемлекеттің басқа бір мемлекетті басқаруы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. hegemonya, әзірб. hegemonluq, қырғ. үстөмдүгүнүн, өзб. ustunlіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | гегемония |
Гектограф / гектограф / gektograf
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. ‛εκατόν — «жүз» және γράφω — «жазамын») - қолжазба немесе машинамен жазылған мәтіннің баспа-таңбасын көбейтуге арналған көшіру құралы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. hektograf, әзірб. hektograf, қырғ. hectograph, өзб. gektograf |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | гектограф |
Гербті алым / сбор гербовый / gerbti alym
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. Stamp duty) — жылжымайтын мүлік және жер сатып алғанда, сондай-ақ акция, бонус және басқа да инвестициялық құралдар сатып алған кезде алынатын салық. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. pul vergіsі, әзірб. damğa vergіsі, қырғ. мөөр милдети, өзб. stamp duty |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | елтаңбалық алым |