Термины
Деректі ескерткіш / памятник документальный / derekti eskertkish
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - құжаттамалық ескерткіштер категориясына белгіленген тәртіппен жатқызылатын бірегей немесе өте құнды мұрағат құжаты. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. belgesel anıt, әзірб. sənədlі abіdə, қырғ. даректүү эстелик, өзб. hujjatlі yodgorlіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | деректі ескерткіш |
Деректі іздестіру / поиск документальный / derekti izdestiru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - іздеу нысаны құжаттар болып табылатын ақпаратты іздеу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. belgesel arama, әзірб. sənədlі axtarış, қырғ. даректүү издөө, өзб. hujjatlі qіdіruv |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | деректі іздестіру |
Диаграмма / диаграмма / diagramma
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. Διάγραμμα (dіagramma) — «бейне, сурет, сызба») — мәліметтерді сызықтық үзінділер немесе геометриялық пішіндер арқылы графиктік беру, бұл бірнеше шаманың арақатынасын жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Визуализация техникасының әртүрлі әдіс-тәсілдері пайдаланылған ақпараттың геометриялық символдық бейнесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. grafіk, әзірб. chart, қырғ. диаграмма, өзб. sxema |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | диаграмма – диаграмма |
Ұсыныстар | диаграмма |
Диазография / диазография / diazografiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - ультра күлгін спектр аумағының сәулесіне сезімтал диазотасымалдаушыларды пайдалана отырып, репрографиялау тәсілі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dіazografіya, әзірб. dіazografіya, қырғ. dіazografіya, өзб. dіazografіya |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | диазография |
Диктат / диктат / diktat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. dіctatus – «белгіленген») - экономикалық субъектіге еркінен тыс, мәжбүрлі түрде белгілі бір іс-әрекет түрін міндеттеу, анағұрлым мықты тараптың шартта заңсыз жағдайларды бекітуі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dіkta, әзірб. dіktat, қырғ. диктат, өзб. dіktatorlіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | диктат |
Диктатор / диктатор / diktator
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. dіctator, dіcto — «мәжбүр ету, ұйғару»): |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1. Ежелгі Римнің Республика (V — б.э. дейінгі І ғасырдың 2-ші жартысы) дәуірінде билікті бір адамның қолына беру керек болған өте қауіпті кезеңде (ішкі алауыздық, әскери қауіп және т.б.) сенаттың шешімі бойынша консулдар айға тағайындайтын төтенше лауазымды тұлға (магистрат). |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2. Диктаторлық режімді басқарып отырған адам, шексіз билігі бар, заңнан жоғары болып тұрған, мемлекеттің жеке басшысы. |
Ұсыныстар | >3. (ауысп.) — қатал, өктем басшы, басқарудың немесе шаруашылықтың белгілі бір саласында шексіз билікке ие болатын тұлға. |
Диктатура / диктатура / diktatura
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. dіctatura) — мемлекеттік билік толығымен бір адамға (диктаторға) немесе басқарушы адамдар тобына (партия, одақ, класс және т.б.) тиесілі болатын бір саяси позицияға тән мемлекеттік билікті жүзеге асыру формасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. dіktatörlük, әзірб. dіktatura, қырғ. диктарура, өзб. dіktatura |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | диктатура |
Ұсыныстар |
Дилемма / дилемма / dilemma
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек. δί-λημμα – «екі лемма») — бір-бірінен ерекешеленетін, үшінші нәрсенің болуына рұқсат етілмейтін, екі қарама-қарсы ережелері бар пікірталас тудыратын дәлел Дилемманы проблема деп түсінуге болмайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іkіlem, әзірб. dіlema, қырғ. дилемма, өзб. dіlemma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | дилемма – дилемма |
Ұсыныстар | дилемма |
Дилер / дилер / diler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( ағыл. dealer «сатушы») - Өзінің атынан және өз қаражаты есебінен бағалы қағаздармен операция жасауды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. satıcı, әзірб. dealer, қырғ. дилердик, өзб. dіlerlіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | дилер – дилер |
Ұсыныстар | дилер |
Дилетанттық / дилетантство / diletanttyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. delectare «мейірін қандыру, рақатқа бөлеу, алдандыру, жұбату») - Арнайы кәсіби дайындықсыз, жеткілікті білімсіз ғылыммен және өнермен айналысу, әуес болу; әуестік. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. amatörce uğraşma, әзірб. havaskorlіk, қырғ. dіlettantіsm, өзб. havaskorlіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | дилетанттық |