В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Дипломатия / дипломатия / diplomatiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( көне-грек. δίπλωμα «екі еселеп жиылған (жазбаша құжат)») - Мемлекет басшысы, үкімет және арнайы органдардың мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ шет елдердің мүдделерін қорғау бойынша сыртқы қарым-қатынастардағы қызметі. Дипломатия мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Нақты жағдайлар мен шешілетін міндеттердің сипатын ескере отырып пайдаланылатын практикалық іс-шаралардың, әдіс-тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Халықаралық қатынастарда дипломатия деген ұғым қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу, келісімді іздеу және өзара пайдаланылатын шешімдер, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін келссөздер жүргізу өнері деген ұғыммен байланыстырылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. dіplomasі, әзірб. dіplomatіya, қырғ. дипломатия, өзб. dіplomatіya
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы ( дипломатический паспорт - дипломатиялық паспорт) (2013 ж.)
Ұсыныстар дипломатия
Дипломатиялық дәреже / ранг дипломатический / diplomatiyalyq darezhe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Rang, франц. rang + көне-грек. δίπλωμα - «екі еселеп жиылған (жазбаша құжат)») - дипломаттарға атқарып жүрген қызметтеріне қарай үкімет тарапынан берілетін ерекше белгі. Берілу реті мен тәртібі әрбір мемлекеттің ішкі заңдарына қарай реттеліп отырады. Дипломатиялық дәреже алғаш рет Xііі ғасырда Батые Еуропада "ambassador" деген атпен пайда болды. XV ғасырдың аяқ кезінде диломаттар 2 дәрежеге ("амбассадор" және "мандатарио") бөлінді, ал XVіі ғасырда оған қосымша "елші уәкіл" деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің заңдары бойынша мынадай дипломатиялық дәрежелер қарастырылған: атташе, хатшы, кеңесші, уәкіл немесе елші. Бұған қоса аталған дәрежелердің сатылары да болуы мүмкін. Мысалы, Ӏ-класты кеңесші, ӀӀ-класты кеңесші және т.с.с. Елшінің немесе уәкілдің қызмет атақтарын әдетте мемлекет басшысы береді, ал басқа қызмет дәрежелерін сыртқы істер министрі өзі бекітеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. dіplomatіk rütbe, әзірб. dіplomatіk rütbəsі, қырғ. дипломатиялык рангды берүү, өзб. dіplomatіk unvon
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар дипломатиялық дәреже
Дипломатиялық хат жазысу (алмасу) / переписка дипломатическая / diplomatiyalyq khat zhazysu (almasu)
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. δίπλωμα - «екі еселеп жиналған (жазбаша құжат)») - Мемлекеттің мақсат-міндеттерін айқындайтын дипломатиялық қызметтің бір бөлігін дипломатиялық хат алмасулар құрайды. Дипломатиялық хат-хабар жазысу дипломатиялық сипаттағы алуан түрлі ресми хат-хабарлар мен құжаттамалардың жиынтығы, мемлекеттің сыртқы саяси және дипломатиялық қызметінің негізгі нысандарының бірі болып табылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Ресми корреспонденциялар шартты түрде екі топқа жіктеледі:
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >а) түрлі елдердегі мемлекет басшылары арасындағы ресми хат алмасулар;
Ұсыныстар >б) түрлі елшіліктермен арада жүретін жартылай ресми мазмұндағы хат алмасулар.
Директор / директор / direktor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. dіrіgere, dіrectum — dі және regere — «басқару», көпше түрі — директорлар) — бастық, жетекші, компания, кәсіпорын немесе оқу орнының бастығы. Дәстүрлі түрде директор — ұйымды дамыту стратегиясын таңдау, кадрлармен жұмыс істеу, кәсіпорынның қаржы ағындарын анықтау уәкілеттіліктері берілетін ұйымның жоғары қызметі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yönetmen, әзірб. dіrektor, қырғ. директору, өзб. dіrektorі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы директор – директор
Ұсыныстар директор
Директорлар кеңесі / Совет директоров / Direktorlar kengesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. director - «бастаушы, жетекші») – акционерлік қоғамның сайланбалы органы. Акционерлердің жалпы жиналасының айрықша құзыретіне жататын мәселелерді шешуді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Директорлар кеңесі қадағалаушылар кеңесі деп те аталады. Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлердің жалпы жиналысы 1 жылға сайлайды. Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қарауына жылдық есепті, бухгалтерлік теңгерімді, пайда мен залал есебін, қоғамның пайдасы мен залалын бөлуді ұсынады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yönetim kurulu, әзірб. idarə heyəti, қырғ. Башкаруучулар кенеши, өзб. Direktorlar kengashi
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Директорлар кеңесі
Ұсыныстар Директорлар кеңесі
Дирекция / дирекция / direkciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. dіrіgere, dіrectum — dі және regere — «басқару», көпше түрі — директорлар) — Директор басқаратын қандай да бір кәсіпорынның, мекеменің, оқу орнының басқарушы органы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. , әзірб. , қырғ. , өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Дирекция – дирекция
Ұсыныстар дирекция
Дистрибьютор / дистрибьютор / distribyyutor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. dіstrіbutor — таратушы) — көтерме сауда жасауды жүзеге асыратын фирма немесе тауарларды шетелдерге немесе өңірлік нарықтардағы дилерлерге сату мақсатында ірі өнеркәсіптік өндіруші фирмалардың белгілі бір тауарларын ұсақ көтерме бағамен немесе ірі көтерме бағамен сатып алуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер. Қызметін өз атынан да, басқа біреудің атынан да, бірақ өз есебінен жүзеге асыра алады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yönetіm, әзірб. іdarə, қырғ. жетекчилик, өзб. boshqaruv
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы дистрибьютор – дистрибьютор
Ұсыныстар дистрибьютор
Домалақ арыз / анонимка / domalaq aryz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. ἀνώνυμος — «атаусыз, белгісіз») - біреу туралы қандай да бір ренішті, жағымсыз, ымырашылық туралы хабарланатын аноним хат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. anonіm mektup, әзірб. anonіm məktub, қырғ. жашыруун кат, өзб. anonіm xat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар домалақ арыз
Дүниежүзілік қауымдастық / сообщество мировое / duniezhuzilik qauymdastyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) саясаттану жөніндегі жұмыстарда көп қолданылатын, мемлекет қайраткерлерінің сөйлеген сөздерінде және БАҚ-та мемлекеттер әлемінің өзара байланысын белгілеу үшін қолданылатын саяси термин.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Dünya kamuoyu, әзірб. Dünya birliyi, қырғ. дүйнөлүк коомчулук, өзб. jahon hamjamiyati
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы әлемдік қоғамдастық
Ұсыныстар дүниежүзілік қауымдастық
Дыбыстық-бейнелік құжат / документ аудиовизуальный / dybystyq-beynelik quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + лат. audіo – «естеймін» және лат. Vіdeo –«көремін») - мәтіндік, сурет және (немесе) дыбыстық ақпараттан тұратын, оны тыңдау үшін тиісті жабдық пайдаланылатын құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. görsel-іşіtsel belge, әзірб. audіovіzual sənəd, қырғ. аудио документ, өзб. audіovіzual hujjat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар дыбыстық-бейнелік құжат

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов