Термины
Автоним / автоним / avtonim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | [< гр. autos – «өзім» және onyma – «есім, атау»] - 1) лақап атпен шығатын автордың жалған аты; 2) өзіңді атау үшін қолданылатын ақпараттық есім, символ немесе таңба. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. autonym, әзірб. autonym, қырғ. autonym, өзб. autonym |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | автоним |
Авторлық куәлік / свидетельство авторское / avtorlyq kualik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. auctor - «жасаушы, шығарушы») - өнертапқыштықты куәландыратын құжат. Авторлық куәлік технологиялық мақсаттарды шешетін әдістер мен қандай да бір құрылғыларды ойлап шығару құқығын куәландыратын құжат. Автордың авторлыққа, марапатталуға, тағы басқа жеңілдіктерге құқығын бекітеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yazarın sertіfіkası, әзірб. müəllіf şəhadətnaməsі, қырғ. жазуучунун күбөлүк, өзб. Muallіfning sertіfіkat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | авторлық куәлік |
Автоформат / автоформат / avtoformat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (көне.-грек. αὐτός - «өздгінен». + лат. formātum - «рәсімделген») – бұл пішінді рәсімдеу параметрлері және пішінді форматтау үшін пайдаланылатын оның элементтерінің жиынтығы. Access 2002 құрамында орнатылған бірнеше автоформат бар, бірақ пайдаланушыға оның жеке автоформатын жасау мүмкіндігі де беріледі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. otomatіk bіçіm, әзірб. autoformat, қырғ. катмарлыкты, өзб. avtomatіk beruvchі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | автоформат |
Агент / агент / agent
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. agens — «іс-әрекет»): |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Агент (жалпы) — қандай да бір адамның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға, тапсырманы орындайтын ұйымның, мекеменің және т.б. өкілі. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >Агент (жаратылыстану ғылымдарында) — қандай да бір процеске немесе құбылысқа қатысатын әсер етуші фактор. Атап айтар болсақ, химиялық агент — заттардың немесе оның қоспаларының химиялық өзара әрекетінде нақты белгіленген рөлді атқаратын әсер ететін зат. |
Ұсыныстар | >Агент (АББ бағдарламалау) — нысанға тән тіршілік ету және біріктіру қасиеттерінен өзге, сыртқы ортамен өзараәрекеттесуге қажет қасиеттері бар қандай да бір мән, жүйе. |
Агенттік / агентство / agenttik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. agens — «іс-әрекет») — бұл айтарлықтай ірі мекеме, кәсіпорын, фирманың белгілі бір өңірдегі істерін басқаратын және олардың белгілі бір тапсырмалар тобын орындайтын өкілетті мекеме, өкілеттілік, бөлімше болып табылады. Мысалы, фирманың өнімдерін таратумен айналысатын агенттігі болуы мүмкін; белгілі бір мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік функцияларды орындайтын мекеме. Мысалы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, жарнама агенттігі, туристік агенттік. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ajans, әзірб. agentlіk, қырғ. агентство, өзб. agentlіk |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | агентство - агенттік |
Ұсыныстар | агенттік |
Агенттік келісім / соглашение агентское / agenttik kelisim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. agens — «іс-әрекет») - агентті (принципалды) жалдайтын тұлға мен агенттің арасындағы шарт, бұл шартқа сәйкес агентке жалдаушының атынан және мүддесі үшін белгілі бір шарт негізінде белгілі бір қызметтер, іс-әрекеттер, міндеттерді орындау тапсырылады, ол үшін агентке қажетті құзыреттіліктер беріледі. Әдетте, шарт жазбаша болады және агенттің құзыреттіліктерін, тапсырманы орындау саласын, сипаты мен тәртібін, сыйақы шарттары мен көлемін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, әрекет ету мерзімін, агенттік келісім талаптарын бұзған тарапқа қарсы санкцияларды, оны орындаумен байланысты дау-дамайларды реттеу тәртібін қамтиды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. acentelik anlaşması, әзірб. agentliyi müqavilə, қырғ. агенттик келишим, өзб. agentlik shartnomasi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | агенттік келісім |
Ұсыныстар | агенттік келісім |
Ағын типті сканер / сканер потоковый / agyn tipti skaner
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағыл. scanner, scan - «зерттей қарау, қарап алу») - құжаттардың беттерін жылдам өңдеуге арналған сканер құжаттар, ағынды, бойлық, роликті немесе сканер құжаттар деп аталады. Материалдардың бір бумасы автоматты түрде беріледі, сөйтіп әр беті матрица арқылы алынады. Беткі жағынан жарық беру әдісі қолданылатындықтан түпнұсқалары мөлдір емес (жартылай мөлдір) болуы тиіс. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. akış tarayıcı, әзірб. streaming scanner, қырғ. агым сканер, өзб. Oqіmlі skaner |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | ағын типті сканер |
Адамның жеке басына қарсы қылмыс / преступление против личности / adamnyng zheke basyna qarsy qylmys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. - жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. қорғауды өзіне мақсат тұтады. Мұнда жеке адамға ғана емес, сонымен қатар қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз болып отыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады. Жеке адамға карсы қылмыстарға: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >1) Өмірге қарсы қылмыстар: адам өлтірудің барлық түрі; абайсызда кісі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >2) Денсаулыққа қарсы қылмыстар: денсаулыққа қасақана және абайсызда зиян келтірудің әр түрі; соз ауруларын жұқтыру, адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ |
Ұсыныстар | ЖҚТБ) жұқтыруы. |
Азаматтық заңнама / гражданское законодательство / azamattyq zangnama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтық жағдайын, меншік құқығының және басқа да заттай құқықтардың, интеллектуалды қызмет нәтижелеріне деген және соларға тең құралдарды жекешелендіру (интеллектуалды құқықтар) құқықтырының туындау негіздемелерін және жүзеге асыру тәртібін анықтайтын, корпоративтік ұйымдарға қатысумен немесе оларды басқарумен байланысты қарым-қатынастарды, шарттық және өзге де міндеттемелерді, сондай-ақ мүліктік және қатысушылардың теңдігіне, ерік дербестігіне және мүліктік дербестігіне негізделген басқа да жеке мүліктік емес қарым-қатынастарын реттейді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >2. түрк. sіvіl mevzuat, әзірб. mülkі qanunverіcіlіk, қырғ. жарандык мыйзамдар, өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >fuqarolіk qonun hujjatlarі |
Ұсыныстар |
Азаматтық құқық / гражданское право / azamattyq quqyq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - мүліктік, сондай-ақ мораль мен адамгершілікке қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін айтарлықтай қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастарды қалыпты дамыту мақсатында тәуелсіз бағалауға, мүліктік дербестікке және тараптардың заңды түрдегі теңдігіне негізделген онымен байланысты емес жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды біріктіретін құқық саласы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. medenі hukuk, әзірб. mülkі hüquq, қырғ. жарандык укук, өзб. fuqarolіk qonun |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | гражданское право – азаматтық құқық |
Ұсыныстар | азаматтық құқық |