В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Жарыссөз / прения / zharyssoz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) бұл ережелер қатаң сақталынатын, өз алдына талқылаудың ерекше түрін ұсынатын интеллектуалды ойын. Жарыссөз сыни және логикалық ойлауды дамытады, қарым-қатынас мәдениеті мен жұрт алдында сөз сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, өзіндік шешім қабылдауға дайындайды, қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Жарыссөздің негізгі сипаттамасы – қарама-қайшы көзқарастардың қақтығысуын қамтамасыз ететін ережелердің болуы. Тек сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдерінен қорғану, басқа жақтың дәлелдерін қайтарып тастау, оппоненттердің ұстанымын өз ұстанымымен салыстыру арқылы төрешіні өзіңнің басымдылығыңа сендіру.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. tartışma, әзірб. müzakіrə, қырғ. талкуу, өзб. muzokara
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жарыссөз
Жасырын сайлау / выборы тайные / zhasyryn saylau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - қатысушылар жасырын түрде дауыс беретін дауыс беру түрі. Сайлаудың көптеген деңгейлерінде болатын дауыс берудің жиі кездесетін формасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gіzlі seçіmler, әзірб. gіzlі seçkіlərі, қырғ. жашыруун шайлоо, өзб. yashіrin saylov
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жасырын сайлау
Жауапкершілік негіздері / основания ответственности / zhauapkershilik negizderi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Бұл жауапкершілікті тудыратын жағдайлар. Заңды жауапкершілік – заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға немесе оларды орындаудан қалыс қалуға заңмен мәжбүрлеу шарасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. sorumluluk gerekçelerі, әзірб. öhdəlіk üçün əsas, қырғ. жоопкерчилигине тартуу үчүн негиздер, өзб. javobgarlіkka tortіsh uchun asos
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жауапкершілік негіздері
Жәбірленуші / потерпевший / zhabirlenushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қылмыстық процесте ол жөнінде оған тікелей жасалған қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар адам.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. kurban, әзірб. qurban, қырғ. жабырлануучу, өзб. jabrlangan ayol
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жәбірленуші
Жедел есеп / отчет оперативный / zhedel esep
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. operatіvus - «қимылды, әрекетті») - жедел есеп деп есеп жұмыстарының жиынтығын айтады. Ол субъектінің шаруашылық қызметінің жекелеген учаскесіндегі ағымдығы бақылау фазасын ақпаратпен қамтамасыз етіп отыруға мүдделі органдарға экономикалық объекті іс-әрекетіндегі жағымсыз ауытқушылықты дер уақытында анықтап, оны жоюға шұғыл араласуға мүмкіндік береді.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Мұндай жағдайда субъектінің шаруашылық қызметінің белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда субъектілерінде тауар айналысының тауар ресурстарымен қамтамасыз етілуін ағымдағы бақылаудан өткізу үшін әрбір тауар тапсырушының тауар әкеліп тұру келісімшартын қалай орындайтынын білу үшін жедел есеп жүргізіледі, ал тауар айналысының жоспарын ағымдағы бақылаудан өткізу үшін – тауарлардың сатылуы жедел есепке алынады және т.б. Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т.б.) сандық мөлшерлермен тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Түрк. operasyonel raporu, әзірб. əməlіyyat hesabat, қырғ. ыкчам маалымат, өзб.
Ұсыныстар >tezkor hіsobot
Жедел жоспарлау / планирование оперативное / zhedel zhosparlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + лат. ореrātіō - «іс, әрекет, әсер ету, ықпал») - Бұрын белгіленген жоспарлар мен жұмыс кестелерін толықтыру, тәптіштеу, түзетулер енгізуге бағытталған ағымдағы өндірістік-қаржылық және атқарушылық жоспарлау.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. operasyonel planlama, әзірб. əməlіyyat planlaşdırma, қырғ. ыкчам пландаштыруу, өзб. operatіv rejalashtіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жедел жоспарлау
Жеделақпар / депеша / zhedelaqpar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. Dépêche, dépêcher — «асығу») — бастапқыда курьерден шұғыл жағдайларда берілетін хат, әсіресе, дипломатиялық хаттар осы атаумен аталатын (Людовик XіV құрған Франциядағы сыртқы қарым-қатынастарды жүргізетін және де алғашқы республика дәуірінде болған мекеменің атауы осыдан шыққан, Депеш кеңесі деп аталатын).
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. sevk, әзірб. göndərmək, қырғ. жөнөтүү, өзб. yuborіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы депеша – депеша
Ұсыныстар депеша
Жеке іс қағазы / дело личное / zheke is qagazy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - қызмет және оның еңбек өтілі туралы қажетті мәліметтерден тұратын жиынтық.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Özel bіr mesele, әзірб. Şəxsі məsələ, қырғ. ар бир адамдын жеке иши, өзб. xususіy masala
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы дело личное – жеке ісі
Ұсыныстар жеке іс қағазы
Жеке құжат / документ личный / zheke quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - жеке тұлғаның өмірлік тәжірибесін сипаттау болып табылатын, кез келген жазылған немесе көшірілген құжаты (күнделік, автобиография немесе хат).
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kіşіsel belgeler, әзірб. şəxsі sənədlər, қырғ. жеке документтер, өзб. shaxsіy hujjatlar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жеке құжат
Жеке құрам / состав личный / zheke quram
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) әскери қызметкерлердің барлығы және әскери бөлімде, мекемелерді және басқа да әскери ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін тұлғалар.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. personel, әзірб. kadr, қырғ. кызматкерлери, өзб. xodimlar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы жеке құрам
Ұсыныстар жеке құрам

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов