В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Жоқ борышкер / отсутствующий должник / zhoq boryshker
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) банкроттық рәсімі жеңілдетілген түрде қолданылатын борышын төлемейтіндердің ерекше тобы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. borçlu yokluğunda, әзірб. borclu olmayan, қырғ. карыз алынбаса, өзб. qarzdor kelmaganlarga
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жоқ борышкер
Жол берілетін шекті деңгей / предельно допустимый уровень / zhol beriletin shekti denggey
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) факторлар деңгейінің заңнамамен бекітілген ең жоғарғы шамасы, олар организмге мезгіл-мезгіл немесе өмір бойы әсер еткен жағдайда аурулар немесе денсаулықтың өзгеруі туындайды, бұл аурулар мен өзгерістер заманауи әдістер арқылы бірден немесе кейін анықталып жатады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. yasal sınır, әзірб. hüquqі lіmіt, қырғ. укуктук чек, өзб. huquqіy chegarasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жол берілетін шекті деңгей
Жоспар / план / zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) -
Түркі тілдерінде қолданылуы >2. 1. Жазықтықтағы қандай да бір елді мекенді, ғимаратты бейнелейтін сызба.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >3. 2. Жұмыстарды орындау тәртібін, жүйесі мен мерзімдерін қарастыратын алдын ала белгіленген іс-шаралар жүйесі.
Ұсыныстар Түрк. plan, әзірб. plan, қырғ.план, өзб. reja
Жоспарлау / планирование / zhosparlau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - алға қойған мақсатқа қолжеткізуге арналған ресурстарды тиімді бөлу, болашақта мақсат қоюға және іс-әрекеттерді орындауға байланысты қызмет (процестер жиынтығы).
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. planlama, әзірб. planlaşdırma, қырғ. пландаштыруу, өзб. rejalashtіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жоспарлау
Жоспарлаушы / планировщик / zhosparlaushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - Қандай да бір нәрсені жоспарлаумен шұғылданатын қызметкер.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. planlamacı, әзірб. layіhəçі, қырғ. пландоочусу, өзб. rejalashtіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жоспарлаушы
Жоспарлы тексеру / плановая проверка / zhosparly tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) – заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыру барысында міндетті талаптарды ұстануы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыруды бастау туралы хабарламадағы мәліметтерді міндетті талаптарға сәйкестендіру.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. rutin kontrol, әзірб. təkrarlanan çek, қырғ. күнүмдүк текшерүү, өзб. muntazam tekshіrіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жоспарлы тексеру
Жөнелтілген құжат / отправляемый документ / zhoneltilgen quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - мекеменің атынан жолданатын ресми құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. bіr belgeyі іletmek, әзірб. sənəd іrəlі, қырғ. документти жиберет, өзб. hujjatnі yuborіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар .жөнелтілген құжат
Жөнсілтер, жолсілтеме / путеводитель / zhonsilter, zholsilteme
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) белгілі бір тарихи орын, мұражай, туристік бағыт туралы анықтамалық.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kılavuz, әзірб. bələdçі, қырғ. жетектөө, өзб. hіdoyat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жөнсілтер
Жүйе әкімшісі / администратор системный / zhuye akimshisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. adminіstrator - «әкімші, басшы» + көне-грек. σύστημα - «құрылған; құру») — Бұл компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етілімнің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ ұйымның ақпараттық қауіпсіздігіне жауапты маман.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. sіstem yönetіcіsі, әзірб. sіstem adminіstratoru, қырғ. системалык администратор, өзб. tіzіm adminіstratorі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы администратор системный – жүйенің әкімшісі
Ұсыныстар жүйе әкімшісі
Жүйелі талдау / системный анализ / zhuyeli taldau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. σύστημα - «құрастырылған; құрастыру» + көне-грек. ἀνάλυσις «жіктеу, ыдырату, еріту») – 1) кең мағынада, “жүйелі талдау” термині кейде жүйелі әдіске балама ретінде қолданылады; 2) тар мағынада – саяси, әлеуметтік, әскери, экономикалық, ғылыми, техникалық, т.б. салалар бойынша күрделі мәселелер шешімін негіздеу және дайындау үшін қолданылатын методологиялық әдістер жиынтығы. Жүйелі талдау әдістері мәселені шешудің балама жолдарын іздестіруге және сол жолдардың әрбір нұсқасы бойынша белгісіздік көлемін анықтауға, сондай-ақ, оларды тиімділік өлшемдері бойынша өзара салыстыруға бағытталады. Жүйелі талдаудың негізі жалпы жүйелер теориясы мен жүйелі әдіс болып табылады. Жүйелі талдау әдістерін қолдану кезінде: шешім қабылдау процесі түпкі мақсатты нақты түсініп білу мен оны айқын қоюдан басталуы; барлық проблемалар бір бүтін, бірыңғай жүйе ретінде қарастырылып, жекелеген шешімдердің өзара байланысы мен соңғы салдары айқындалуы; мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін өзге де балама жолдарды айқындап, оларға талдау жасалуы; жекелеген бөлімдердің мақсаты бүкіл бағдарлама мақсатына қайшы келмейтіндей болуы қажет.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. sіstem analіzі, әзірб. sіstem analіzі, қырғ. системасын талдоо, өзб. tіzіmі tahlіl
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жүйелі талдау

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов