В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Жүк жөнелтуші / грузоотправитель / zhuk zhoneltushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - жүк тасымалдау шарттың бір тарабы, жүкті тасымалдауға тапсырған және тасымалдау құжатында жөнелтуші ретінде көсретілген ұйым. Жүк жөнелтуші жүк тасымалдау жоспарларының толық және үйлесімді түрде орындалуын қамтамасыз етуге, тасымалдағаны үшін белгіленген ақы төлеуге, жүкті тасымалдауға жолда мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін күйде әкеліп беруге, белгіленген мерзімде жылжымалы құрамға тиісті жүкті жүктеуге, тасымалдау құжаттарын дұрыс толтыруға міндетті. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға ұсынбағаны үшін мүліктік тұрғыдан жауапты болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. gönderіcі, әзірб. yükgöndərən, қырғ. ташылган, өзб. Gönderіcі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы грузоотправитель - жөнелтуші
Ұсыныстар жүк жөнелтуші
Жүк тасымалдаушы / грузоперевозчик / zhuk tasymaldaushy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - өз иелігіндегі көлікпен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; жүк тасымалы шартының бір тарабы, жүк жөнелтушінің контрагенті.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yük gemіsі, әзірб. yük, қырғ. кеме киресин төлөөчү адам, өзб. yuk tashuvchі kema
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы грузоперевозчик – жүк тасушы
Ұсыныстар жүк тасымалдаушы
Жүк тасымалы / грузоперевозки / zhuk tasymaly
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - қандай да бір нысандардың көліктің көмегімен бір жерден екінші жерге тасымалданатын процесі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kamyon, әзірб. Trucking, қырғ. бойынша жүк тасымалдары, өзб. avtotransport
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы грузоперевозки – жүк тасмалы
Ұсыныстар жүк тасымалы
Жүктеу; қою / возложить / zhukteu; qoyu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - 1. Салтанатты түрде жүктеу. 2.Бірдеңеге қою немесе біреуге жүктеу.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. koymak, әзірб. lay, қырғ. жатты, өзб. yotar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жүктеу
Жұмыс көлемі / объем работы / zhumys kolemi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) – бір қызметкердің орындайтын әртүрлі іс-әрекеттерінің мөлшері және олардың қайталану жиілігі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. іş yükü, әзірб. іş yükü, қырғ. Жумуш чачтан, өзб. іsh yukinі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жұмыс көлемі
Жұмыс күші / рабочая сила / zhumys kushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1) дүниежүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам (2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іşgücü, әзірб. іşçі qüvvəsі, қырғ., жумушчу күч, өзб. іshchі kuchі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жұмыс күші
Жұмыс стансасы / станция рабочая / zhumys stansasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. statio - «тұру; келген жері») - белгілі бір мәселелер шеңберін шешуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. iş istasyonu, әзірб. workstation, қырғ. иш бекети, өзб. ish stantsiyani
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы жұмыс стансасы
Ұсыныстар жұмыс стансасы
Жұмыс уақыты / рабочее время / zhumys uaqyty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі. Жұмыс аптасы – күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, бір аптадағы жұмыс және демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режімі. Жұмыс жылы – қызметкердің белгілі бір кәсіпорындағы жұмыс істеген жылы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. mesaі saatlerі, әзірб. іş saatları, қырғ. жумуш убактысы, өзб. іsh vaqtі,
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жұмыс уақыты
Жұмыс уақытын есепке алу табелі / табель учета рабочего времени / zhumys uaqytyn esepke alu tabeli
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. tabula – «кесте»). Бухгалтерлік есептің жұмыс уақытының түрін (күндізгі уақытта, түенгі уақытта жұмыс істеу, іссапарлар) және жұмыс уақыты түрінің ұзақтығын белгілеу (8 сағат, 5 сағат, 3 сағат) үшін құрылған біріншілік құжаты. Әр қызметкерге табель нөмірі беріледі. Қызметкерді жұмыс уақытын есептеу табеліне енгізу «Қызмкеткерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық» негізінде жүзеге асады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. çizelgelerini, әзірб. timesheets, қырғ., өзб. vaqt jadvalning
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы жұмыс уақытын есепке алу табелі
Ұсыныстар жұмыс уақытын есепке алу табелі
Жұмысқа қабілеттілік / работоспособность / zhumysqa qabilettilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) берілген міндетті орындау қабілеттілігін сипаттайтын барлық параметрлердің мәні нормативтік-техникалық жөне конструкторлық құжаттаманың талаптарына сай келетін объектінің қалып-күйі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іşlerlіğinі, әзірб.user, қырғ. иштөө жөндөмдүүлүктөрүн, өзб. іşlerlіğin
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жұмысқа қабілеттілік

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов