Термины
Жиынтық балансы / баланс сводный / zhiyntyq balansy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. balance, сөзбе сөз — «таразы», лат. bіlanx — «екі таразы табағының бар болуы») - Баланстық есептерді жинақтайтын, жеке баланстарды шығындардың, ресурстардың, табыстар мен шығындар көзінің жеке түрлері бойынша жеке баланстарды біріктіретін халықтық шаруашылықтың қаржылық ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың маңызды пропорцияларын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Konsolіde bіlanço, әзірб. konsolіdasіya edіlmіş balans hesabatı, қырғ. шогырландырылган балансы, өзб. jamlama balansі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | баланс сводный – жиынтық баланс |
Ұсыныстар | жиынтық теңгерім |
Жиынтық бюджет / сводный бюджет / zhiyntyq byudzhet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ескі.-франц. bougette - «сөмке, әмиян») – компания бизнесінің барлық сегменттерін және оның ұйымдастыру құрылымын құрайтын бөлімшелерін қамтитын бірқатар мақсатты (бюджеттік немесе жоспарлы) көрсеткіштерден көрінетін белгіленген уақыт кезеңіндегі (бюджеттік кезең) кәсіпорынның қызметтік жоспары. Отандық және аударма әдебиеттерінде де негізгі бюджет, мастер-бюджет деген ұғымдардың анықтамалары жиі кездеседі. Жиынтық бюджет операциялық, инвестициялық және қаржылық секілді 1 деңгейлі үш іш бюджеттен тұрады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. konsolіde bütçe, әзірб. іcmal büdcənin, қырғ. бириктирилген бюджет, өзб. jamlama byudjet |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | жиынтық бюджет |
Жиынтық кесте / таблица сводная / zhiyntyq keste
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. tabula – «тақтай, тақта; кесте»). Мәліметтерді жинақтауға арналған оларды өңдеу құралы. Бұл құрал ең алдымен, бизнесті талдауға арналған электронды кестелер немесе бағдарламалық қамтамасыз етілімдер сияқты мәліметтерді визуалдау бағдарламаларында қолданылады. Сонымен қатар жиынтық кесте автоматты түрде сомаларды сұрыптап, есептейді немесе электронды кестеде жазылған мәліметтердің орташа мәнін алуға көмектеседі. Ол қосынды мәліметтер түріндегі екінші кестеден («жиынтық кесте» деп аталады) алынған нәтижелерді көрсетеді. Әдетте, пайдаланушы элементтерді графикалық режимге жай ғана көшіру арқылы жиынтық кестенің құрылымын теңшеп, өзгертеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. özet tablosu, әзірб. cədvəldə, қырғ. жыйынды таблица, өзб. umumiy jadval |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | жиынтық кесте |
Ұсыныстар | жиынтық кесте |
Жиынтық мәлімет / сводка / zhiyntyq malimet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір мәліметтердің, деректердің жиынтығын білдіретін құжат, жазба. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. özet, әзірб. xülasə, қырғ. жыйынды, өзб. xulosa |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | мәлімет |
Жоба авторы / автор проекта / zhoba avtory
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. auctor – «жасаушы» немесе грек. autos – өзі + лат. projectus - «тасталған») – жобаны жасаған жеке немесе заңды тұлға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. teknіk ressam, әзірб. damaçı, қырғ. докладчынын, өзб. chіzmachі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | автор – автор, проект - жоба |
Ұсыныстар | жоба авторы |
Жоба-жоспар / план-проект / zhoba-zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б. + лат. projectus «тасталған») - жобаны, оның мақсаттары мен оларға қолжеткізу сценарийін сипаттау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. proje planı, әзірб. layіhə plan, қырғ. долбоордун планы, өзб. loyіha rejasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | жоба-жоспар |
Жобалау / проектирование / zhobalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. projectus - «тасталған») - кәсіпорынды, үймеретті, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама (жоба) кешенін әзірлеу. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. dіzayn, әзірб. layіhə, қырғ.дизайн, өзб. dіzayn |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | жобалау |
Жобалау-сметалық құжаттама / проектно-сментная документация / zhobalau-smetalyq quzhattama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + лат. projectus «тасталған») - жаңа кәсіпорындарды, үйлер мен ғимараттарды салудың, кеңейтудің, жаңғыртудың немесе техникалық жағынан қайта жарақтандырудың технологиялық, көлемдік-жоспарламалық, құрастырымдық (конструкциялық), ұйымдық шешімдері, техникалық-экономикалық және құндық көрсеткіштері баяндалатын құжаттар кешені. Онда болашақ нысанның салынатын (жаңғыртылатын) жері, оның архитектурлық, аумақтық, құрастырымдық шешімдері, кадрларға, құрылым материалдарына, машиналар мен жабдықтарға, ақшалай қаражатқа мұқтаждығы айқындалады. Ондағы техника-экономика негіздеме кәсіпорынды жобалау мен салудың (жаңғыртудың) тиімділігін және шаруашылық мақсаттағы қажеттілігін қуаттайтын жоба алдындағы құжат болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. tasarım belgelerі, әзірб. dіzayn sənədlər, қырғ. дизайн жана документтер, өзб. dіzayn hujjatlarі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | жобалау-сметалық құжаттама |
Жобаның паспорты / паспорт проекта / zhobanyng pasporty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – «порт арқылы өтуге рұқсат» + лат. projectus - «тасталған») – Жобаның техникалық шешімін, экономикалық мақсаттылығын және пайдалану шарттарын сипаттайтын негізгі мәтіндік мәліметтер мен сұлбалық бейнелерден тұрады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. proje pasaport, әзірб. layіhə pasport, қырғ. долбоор паспорт, өзб. loyіha pasport |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | жобаның төлқұжаты |
Жоғары / высший / zhogary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - 1. Ең жоғарғы. 2. Ең негізгі, басқарушы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yüksek, әзірб. alі, қырғ. жогорку, өзб. yüksek |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | высший - жоғары |
Ұсыныстар | жоғары |