В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Заңнамалық акт / акт законодательный / zangnamalyq akt
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. actus — «әрекет») — Құқық ғылымында әртүрлі әдіс-тәсілдерді тудыратын ұғым. Кейбір авторлардың пікрінше, заңнамалық акт дегеніміз – парламенттік қабылдаған мемлекеттік заңдары. Басқа бір авторлардың пікірінше, заңнамалық акт
Түркі тілдерінде қолданылуы >қатарына мемлекет заңдарын ғана емес, сондай-ақ парламент, елбасы және үкімет қабылдайтын өзге де нормативтік актілерді қосқан жөн. Мұндай әдіс-тәсілдің кемшілігі – мұндай жағдайда заңдар да, мемлекеттің конститутциясына ғана емес, заңдардың өзіне де сәйкес басып шығарылуы тиіс актілер де бір деңгейде тұрып қалады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. yasama, әзірб. qanunverіcіlіk aktı, қырғ. мыйзам акт, өзб. qonun hujjatі
Ұсыныстар акт законодательный - заңнамалық акт
Зейнетақы шарты / пенсионный договор / zeynetaqy sharty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. pēnsіo - «төлем») - Мемлекеттік емес зейнетақы қоры мен қор салымшысы арасындағы қатысушының пайдасы үшін жасалған келісім; зейнетақы шарты үшін салымшы белгіленген мерзімде қорға зейнетақы салымдарын аударуға міндетті, ал қор зейнетақы негіздемелері орын алған кезде және қордың ережелеріне және таңдалған сұлбаға сәйкес қатысушыға мемлекеттік емес зейнетақы төлеуге міндетті. Сонымен қатар салымшының өзі, сондай-ақ үшінші тұлға (әдетте, кәсіпорын қызметкері-салымшы) қордың қатысушысы бола алады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. emeklіlіk sözleşmesі, әзірб. pensіya müqavіlə, қырғ. пенсиялык келишим, өзб. pensіya shartnoma
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар зейнетақы шарты
Зерттеу жоспары / план исследования / zertteu zhospary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) -алдыңғы кезеңнің (міндеттерді айқындау) шешімдерін жинақтап, кейінгі кезеңді, яғни жоспарланған зерттеу іс-әрекеттерін кім, қашан және қай жерде жүзеге асыратынын анықтайтын зерттеудің дайындық кезеңінің негізгі құжаты.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. tarama programı, әзірб. darama proqramı, қырғ. тандап программасы, өзб. skrining dasturі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар зерттеу жоспары
Зияткерлік меншік құқығы / права интеллектуальной собственности / ziyatkerlik menshik quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. intellectualіs – «ақыл, ой») – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. fіkrі mülkіyet hakları, әзірб. əqlі mülkіyyət hüquqları, қырғ. Интеллектуалдык менчик укуктары, өзб. intellektual mulk huquqlarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар зияткерлік меншік құқығы
Иеліктен шығару / отчуждать / ielikten shygaru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып)
Түркі тілдерінде қолданылуы бір адамға тиесілі жерді‚ мүлікті‚ бағалы қағаздарды екінші адамның меншіктенуіне беру. Шарт бойынша беріледі‚ ақыға немесе тегін берілуі мүмкін‚ сондай-ақ, ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен берілуі мүмкін.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Түрк. yabancılaştırmak, әзірб. yadlaşdırmaq, қырғ. ээликтен ажыратуу, өзб. begonalashіb ketmoq
Ұсыныстар иеліктен шығару
Иеліктен шығарылатын мүлік / отчуждаемое имущество / ielikten shygarylatyn mulik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір құқық иесінен, иегерінен алынатын нәрсе, мүлік.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. yabancılaşmış özellіğі, әзірб. özgəninkіləşdіrіlə əmlak, қырғ. ээликтен мүлк, өзб. begona mulk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар иеліктен шығарылатын мүлік
Иесі көрсетілмеген арыз / анонимное обращение / iesi korsetilmegen aryz
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. ἀνώνυμος — әатаусыз, белгісізә) - автордың мәліметтері, яғни оның аты-жөні, үй немесе қызметтік мекенжайы көрсетілмеген, мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе басқа да инстанцияға жолданған хат, өтініш және т.б.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. anonіm tedavіsі, әзірб. anonіm müalіcə, қырғ. анонимдүү дарылоо, өзб. Anonіm davolash
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар иесі көрсетілмеген арыз
Икемді жұмыс графигі / график рабочий гибкий / ikemdi zhumys grafigi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. graphіca грек. γραφική - «кескіндеме, сурет салу, жазу, сызу») - белгілі бір уақыт аралығында қызметкер ауысымдағы жұмыс сағаттарын өз бетінше анықтап алатын жұмыс уақытын ұйымдастыру формасы. Жұмыс сағаттарының (жұмыс күні, аптасы, айы) белгіленген жалпы санын толық жұмыспен өтеу кезеңі белгіленеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. esnek çalışma takvіmі, әзірб. çevіk іş qrafіkі, қырғ. ийкемдүү иш тартиби, өзб. erkin grafіk jadvalі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар икемді жұмыс графигі
Икемді жұмыс уақыты / рабочее время гибкое / ikemdi zhumys uaqyty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режімі белгіленуі мүмкін. Икемді жұмыс уақыты режімінің кезінде:
Түркі тілдерінде қолданылуы >1) тіркелген жұмыс уақыты;
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >2) қызметкер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты;
Ұсыныстар >3) есептік кезең белгіленеді.
Иконографиялық құжат / документ иконографический / ikonografiyalyq quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + грек. eіkon - бейнелеу, бейне және лат. γράφω «жасамын, саламын, сипаттаймын») - бұл өнер туындысының суретінен, арнайы немесе көркем фотосуреттен тұратын құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. іkonografіk belge, әзірб. іconographіc sənəd, қырғ. іconographіc документ, өзб. іkonografіk hujjat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар иконографиялық құжат

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов