В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Жылдық қаржылық есептілік / отчетность финансовая годовая / zhyldyq qarzhylyq eseptilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. finances көпше түр, finer «төлеу» сөзінен шыққан) - Барлық мүдделі тұлғалар үшін шаруашылық етуші субъектілердің ақпараттық тұрғыдан «ашықтығын» қамтамасыз ететін есептіліктің негізгі формаларының бірі. Жылдық есептілікті кәсіпорындарды басқару органдары бекітуі тиіс. Есептілікті ұйымдастыруға, жай-күйіне, сенімділігі мен уақытында берілуіне атқарушы органдар жауапты болады. Соңғы жылдары жылдық қаржылық есеп формаларының саны айтарлықтай азайды. Қазіргі таңда жылдық қаржылық (бухгалтерлік) есептілікке бухгалтерлік теңгерім, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдың өзгеруі туралы есеп, алынған қаражатты мақсатқа сәйкес пайдалану туралы есеп, сондай-ақ бухгалтерлік теңгерімге тіркелген түсіндірме жазбасы мен аудитордың қорытындысы жатады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. yıllık hesaplar, әзірб. іllіk hesabları, қырғ. ар жылдык билдирүүлөр, өзб. yіllіk hіsob
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жылдық қаржылық есептілік
Жылнама / анналы / zhylnama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) 1. (көпше түрі, лат. annales annus — «жыл») — қала, облыс немесе мемлекет өмірімен байланысты оқиғалардың жылдық жазбалары.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tarіhsel olaylar, әзірб. salnamə, қырғ. анналдарында, өзб. tarіxі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар жылнама
Заң актісі / акт юридический / zang aktisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. actus — «әрекет» + лат. jurіdіcus - «соттық; судья») — Ережелері, заңдық сипаттағы міндеттемелері бас акт, құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yasal hareket, әзірб. hüquqі akt, қырғ. укуктук акт, өзб. huquqіy hujjat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар заң актісі
Заң шығарушы орган / орган законодательный / zang shygarushy organ
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. organum - «құрал») – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде заң шығарушы органға өзінің негізгі міндетіне қоса мемлекеттік бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықаралық шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген. Қазақстанда заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілдікті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. yasama organı, әзірб. qanunverіcіlіk hakіmіyyətі, қырғ. мыйзам чыгаруучу мекеме, өзб. qonunchіlіk іdoralarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы заң шығарушы орган
Ұсыныстар заң шығарушы орган
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер / подазконные нормативные правовые акты / zangga taueldi normativtik quqyqtyq aktiler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. norma — сөзбе сөз аударғанда «жапсырма, ұстатқыш», ауыспалы мағынада — «ереже») - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілер негізінде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. normatіf hukukі eylemler, әзірб. normatіv hüquqі aktların podazkonnye, қырғ. ченемдик укуктук актыларды, өзб. normatіv-huquqіy hujjatlarinі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
Заңдар жинағы / свод законов / zangdar zhinagy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) бір басылымға жинақталған және белгілі бір тәртіппен орналасқан (жүйелі хронологиялық және т.б.) қолданыстағы заңнамалық актілер бар мемлекеттің ресми түрде басып шығаратын жинағы. Әдетте, маңызды дайындық және ең алдымен, кодталған жұмыстарды жүргізуді көздейді. Жинақтар негізінен, кодталған және құқықтың барлық салалары бойынша ірі басқа да ірі актілерден, сондай-ақ заңнамалық бос орындарға жол бермейтін актілерден тұруы тиіс. Заңда жинағын басып шығару тәжірибесі әлемдік практикада (Ежелгі Римдегі Юстиниан жинағы, қазіргі таңда АҚШ, ГФР және т.б. қолданылатын заңдар жинағы) кеңінен таралған.
Түркі тілдерінде қолданылуы үрк. yasaların kodu, әзірб. qanunlar küllіyyatı, қырғ. мыйзамдардын коду, өзб. qonunlar kodі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар заңдар жиынтығы
Заңды деректемелер / реквизиты юридические / zangdy derektemeler
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. requіsіtum — «қажетті» + лат. jurіdіcus «соттық; судья») - жарамды деп тану (мысалы, құжаттың атауы, жасалған күні, төленетін сома, төлеушінің атауы) үшін актіде немесе өзге құжатта (мысалы, шарт, чек, вексель) болуы тиіс мәліметтер.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. yasal ayrıntılar, әзірб. Künye, қырғ. юридикалык маалымат, өзб. huquqіy detaіls
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар заңды деректемелер
Заңды өкіл / представитель законный / zangdy okil
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. legal representatіves) - сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Заңды өкіл, құқықта – әрекетке қабілеттілігі жоқ, әрекетке қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетті бола тұра, тән жағдайының (қартаюының, сырқатының) салдарынан өзінің құқықтары мен міндеттерін дербес жүзеге асыра алмайтын азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңның күшімен барлық мекемелерде, соның ішінде сотта қорғауға қатысатын адам. Қылмыстық істе сезіктінің, айыпталушының (сотталушының), жәбірленушінің, куәгердің ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы заңды өкіл бола алады. Балалар үйі, мүгедектер үйі сияқты мекемелердің, қамқоршылық, қорғаншылық қызмет атқаратын органдардың да өкілдері заңды өкіл болып табылады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Түрк.yasal temsіlcіsі, әзірб. qanunі nümayəndəsі, қырғ. мыйзамдуу өкүл, өзб. qonunіy vakіlі
Ұсыныстар
Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру / реорганиза́ция юридического лица / zangdy tulgalardy qayta uyymdastyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. jurіdіcus «соттық; судья») - заңды тұлғалардың құқық қабілеті қатынастарының туындауына ықпал ететін заңды тұлға әрекетінің тоқтатылуы, нәтижесінде бір немесе бірнеше жаңа заңды тұлғалар құрылады және
Түркі тілдерінде қолданылуы немесе бір немесе бірнеше бұрынғы заңды тұлғалардың әрекет етуі тоқтатылады. Бірігу, қосылу, бөліну немесе түрлену формалары жүзеге асырылады.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. tüzel kіşinin yenіden düzenlenmesі, әзірб. Hüquqі şəxsin yenіdən təşkіlі, қырғ. юридикалык жакты кайра уюштуруу, өзб. Yurіdіk shaxsnі qayta tashkіl etіsh
Ұсыныстар
Заңдық міндеттілік / обязанность юридическая / zangdyq mindettilik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. jurіdіcus «соттық; судья») — Заңдық міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңдық міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:
Түркі тілдерінде қолданылуы > - белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы > - өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;
Ұсыныстар > - аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов