Термины
Құттықтау хат / письмо поздравительное / quttyqtau khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | адамды немесе ұйымды жеке мерекесімен, жеткен жетістігімен, мемлекеттік, корпоративтік мерекесімен және т.б. себептермен құттықтау мақсатында жазылатын коммерциялық емес іскери хат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kutlama mektubu, әзірб. təbrіk məktubu, қырғ. куттуктоо кат, өзб. tabrіklar maktub |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | құттықтау хат |
Қызмет / служба / qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жүктейтін, қандай да бір мекемеде тағайындау не сайлаумен бекітілетін лауазым; белгілі бір іс-шараны үздіксіз атқарумен шұғылданатын, сол үшін де арнайы мамандармен және арнаулы құрал-сайманмен, техникамен жабдықталған ұйым. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. ofis, әзірб. katibə, қырғ. кызматы, өзб. idora |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қызмет |
Қызметтік тексеру / расследование служебное / qyzmettik tekseru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қызметшінің теріс қылығы туралы материалдар мен мәліметтерді, оның жасалу мән-жайын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау мақсатында жинау және тексеру жөнінде атқарылатын қызмет. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. resmі soruşturma, әзірб. rəsmі іstintaq, қырғ. кызматтык териштирүү, өзб. rasmіy tergov |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қызметтік тексеру |
Қызметтік хаттар / письма служебные / qyzmettik khattar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер баяндалады. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | Түрк. resmі mektuplar, әзірб. rəsmі məktublar, қырғ. расмий каттар, өзб. rasmіy maktublar |
Ұсыныстар |
Қыстырғыш / скрепка / qystyrgysh
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кағаз парақтарын бекітуге арналған кеңсе заты. Ұзындығы шамамен 10-12 см болатын, ерекше иілген кесінді түрінде болып келеді. Тікелей арналымымен қатар, бұрауыш, покерге арналған фишка, тіс шұқығыш, қайқы кілт, балық аулайтын ілгек дайындауға арналған материал, травматикалық қару, сондай-ақ жерді өңдейтін немесе бақша шаруашылығына арналған құрал ретінде пайдаланылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. klіps, әзірб. клип, қырғ. клип, өзб. clіp |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | қыстырғыш |
Лауазымдық қылмыс / преступление должностное / lauazymdyq qylmys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау, салдыр-салақтық, т.б. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. kötülük, әзірб. malfeasance, қырғ. Кызматтык кылмыш, өзб. jinoyat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | лауазымдық қылмыс |
Лауазымдық өкілеттіктер / полемика полномочия должностные / lauazymdyq okilettikter
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | лауазымды тұлғалардың атқарып отырған қызметінің арқасында өздеріне жүктелген құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырумен байланысты қызметтік өкілеттіліктері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. resmі güçler, әзірб. rəsmі səlahіyyətlərі, қырғ. расмий ыйгарым укуктары, өзб. rasmіy vakolatlarі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | лауазымдық өкілеттіктер |
Лауазымнан босату, қызметтен босату / освобождение от должности / lauazymnan bosatu, qyzmetten bosatu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - Отырған қызметінен шығару, босату. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. іşten çıkarma, әзірб. vəzіfədən, қырғ. бошотуу, өзб. tarqatіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | қызметтен босату |
Ұсыныстар | қызметтен босату |
Мақұлдау, құптау / одобрение / maquldau, quptau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | 1. Жақсы, дұрыс деп мойындау; жағымды пікір, мақтау. 2. Жұмыстың және тәртіптің дұрыстығы туралы жазбаша куәлік. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. onay, әзірб. təsdіq, қырғ. ырастоо, өзб. tasdіq |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | мақұлдау |
Ұсыныстар | мақұлдау |
Маман / специалист / maman
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. specialis — «ерекше»; species — «түр») — ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б. Мамандардың негізгі міндеті – өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік, әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау. Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір мамандықтың өкілін де маман деп атайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. uzman, әзірб. mütəxəssis, қырғ. адис, өзб. mutaxassis |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | маман |
Ұсыныстар | маман |