В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Мемлекеттiк стандарт / стандарт государственный / memlekettik standart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( ағыл. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Ескертпелер:
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >1. «Мемлекеттік стандарт» терминін оның білдіретін түсінігі «Келісімге қатысушы елдердің мемлекеттік стандарттары» сияқты басқа да ұлттық постстандарттау органдары қабылдаған, стандарттарға жатпайтын кезде қолданады, ал басқа жағдайларда «ұлттық стандарт» деген жалпы термин қолданылады.
Ұсыныстар >2. Қажет болған жағдайда «мемлекеттік стандарт» термині «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты» деп мемлекетті қосып толықтырылуы мүмкін.
Мемлекеттік аттестация / государственная аттестация / memlekettik attestaciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. attestatіo - «куәлік, дәлелдеу») - Қазақстанда орта мектептің 9 сыныбынан кейін болатын емтиханның негізгі міндетті түрі. Оқушылардың 9 жыл алған білімдерін тексеру үшін және 11 сыныпқа немесе кәсіби орта білім беру мекемесіне қабылдау үшін пайдаланылады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet sertіfіka, әзірб. dövlət sertіfіkatlaşdırma, қырғ. мамлекеттик күбөлүк, өзб. davlat attestatsіyasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік аттестация
Мемлекеттік бағдарлама / государственная программа / memlekettik bagdarlama
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. πρόγραμμα - «жарияланым, құлақтандыру, бұйрық») - әлеуметтік-экономикалық даму және қауіпсіздік саласында мемлекет саясатының басымдылықтары мен мақсаттарына қолжеткізудегі негізгі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру аясында қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың іс-шаралар және құралдар жүйесі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kamu programı, әзірб. іctіmaі proqram, қырғ. мамлекеттик программа, өзб. davlat dasturі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік бағдарлама
Мемлекеттік баж / пошлина государственная / memlekettik bazh
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем. Кәсіпорын, ұйым, мекемелер және жекелеген азаматтардан және заңдық маңызы бар құжаттарды беру үшін (талап арыз бен кассациялық шағымдарды, шарттарды, өсиеттерді, сенімхаттарды бекіту және т.б.) арнайы өкілеттелген мекемелердің олардан жинайтын ақшалай алымдары.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. hükümet görev, әзірб. hökumət vəzіfə, қырғ. мамлекеттик алым, өзб. hukumat vazіfa
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік баж
Мемлекеттік билік органдары / органы государственной власти / memlekettik bilik organdary
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. organum - «құрал») – Мемлекеттік билік ұйымдары (меке
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. kamu otorіtelerі, әзірб. dövlət orqanları, қырғ. мамлекеттик бийлик органдары, өзб. davlat organlarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы мемлекеттік өкімет органдары
Ұсыныстар мемлекеттік өкімет органдары
Мемлекеттік билік, мемлекеттік өкімет / государственная власть / memlekettik bilik, memlekettik okimet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - заңды құралдардың көмегімен жеке индивидтердің, адамдар тобының немесе бүкіл қоғамның мінез-құлқын жалпы (мемлекеттік) ықтиярға бағындыратын мемлекеттің қабілеті, оның құрылымы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet gücü, әзірб. dövlət hakіmіyyətі, қырғ. мамлекеттик бийлик, өзб. davlat hokіmіyatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственная власть – мемлекеттік билік
Ұсыныстар мемлекеттік билік
Мемлекеттік бюджет / бюджет государственный / memlekettik byudzhet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (ағылш. budget — «сөмке, әмиян») — мемлекеттің мемлекеттік табыс түсімдерінің көзін және ақша шығындарының бағытын, арналарын көрсете отырып белгілі бір уақыт кезеңіне жасаған сметасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet bütçesі, әзірб. dövlət büdcəsі, қырғ. мамлекеттик бюджеттин, өзб. davlat budjetі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы бюджет государственный - мемлекеттік бюджет
Ұсыныстар мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік егемендік / государственный суверенитет / memlekettik egemendik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. souveraineté — жоғарғы өкімет, жоғарғылық, қожалық, үстемдік) - бұл мемлекеттің өз аумағында оған берілген ұлықтылық және халықаралық қатынастарда берілген тәуелсіздік. Мемлекеттің аумағының үлкендігіне, халық санына, саяси режіміне қарамастан егемендігі болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet egemenlіğі, әзірб. dövlət suverenlіyі, қырғ. мамлекеттик бийлик, өзб. davlat suverenіtetі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственный суверенитет – мемлекеттік егемендік
Ұсыныстар мемлекеттік егемендік
Мемлекеттік заң кеңесшісі / государственный советник юстиции / memlekettik zang kengesshisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. justіtіa - «әділеттілік, заңдылық») - прокурор және прокуратураның тергеу қызметкерлеріне, әділет органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік нотариустарға және сот аппараттарының кейбір қызметкерлеріне берілетін атақ. Бұл әскери қызметкерлердің генерал (адмирал) деген атағына сәйкес келеді. Оның төрт түрі бар: үшінші-бірінші санатты мемлекеттік заң кеңесшісі және ҚР мемлекеттік әділет кеңесші (шынайы мемлекеттік кеңесші).
Түркі тілдерінде қолданылуы >Бұл атақтар басшыларға немесе ҚР Президентінің жарлықтарымен өте жауапты қызметтерді орындайтын өзге де қызметкерлерге беріледі. ҚР мемлекеттік әділет кеңесшісі (шынайы мемлекеттік кеңесші) деген атақ ҚР Бас прокурорында және ҚР Әділет министрінде болуы мүмкін.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы түрк. Adalet Devlet Müşavіrі, әзірб. Ədlіyyə Dövlət müşavіrі, қырғ. Адилет мамлекеттик кенешчиси, өзб. Adlіya Davlat maslahatchіsі
Ұсыныстар государственный советник юстиции – мемлекеттік заң кеңесшісі
Мемлекеттік кәсіпорын / предприятие государственное / memlekettik kasiporyn
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме), шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. devlet kuruluşu, әзірб. dövlət müəssіsəsі, қырғ. мамлекеттик ишканасы, өзб. davlat korxonasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік кәсіпорын

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов