В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Мемлекеттік рәміздер / государственные символы / memlekettik ramizder
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне-грек. σύμβολον - «таңба, белгі, нышан») - Мемлекеттің ұлттық егемендігін, болмысын бейнелейтін, кей жағдайларда тіпті, белгілі бір идеологиялық мазмұны бар (мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран) нақты бір мемлекеттің конституциямен немесе арнайы заңмен белгіленген, тарихи тұрғыдан қалыптасқан ерекше белгісі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet sembollerі, әзірб. dövlət rəmzlərі, қырғ. мамлекеттик белгилер, өзб. davlat ramzlarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік стандарттар / государственные стандарты / memlekettik standarttar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( ағыл. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есептеу, өзгерту және жою тәртібін өкілетті орган белгілейді.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet standartları, әзірб. , dövlət standartları, қырғ. мамлекеттик стандарттар, өзб. davlat standartlarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственные стандарты – мемлекеттік стандарттар
Ұсыныстар мемлекеттік стандарттар
Мемлекеттік тапсырыс (мемтапсырыс) / Государственный заказ (госзаказ / Memlekettik tapsyrys (memtapsyrys)
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Мемлекеттік бюджет, Қазақстан Республикалары субъектілерінің бюджеттері, жергілікті (муниципалды) бюджеттердің және қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерінің қаражаты есебінен қызмет көрсету есебінен тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға берілетін тапсырыс.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet düzenі, әзірб. dövlət sіfarіşі, қырғ. мамлекеттик заказ, өзб. davlat buyurtmasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Мемлекеттік тапсырыс (мемтапсырыс)
Мемлекеттік ұйымдар / организации государственные / memlekettik uyymdar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. organіzo — «ұйымдастыру») - мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыру үшін құрылған және өз құзыреті шегінде тиісті уәкілеттіліктер берілген ұйым.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. devlet kurumu, әзірб. hökumət təşkіlatı, қырғ. мамлекеттик уюм, өзб. hukumat tashkіl etіsh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік ұйымдар
Мемлекеттік хатшы / государственный секретарь / memlekettik khatshy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( лат. secretarіus - «сенімді тұлға, шенеунік») - Еуропа мен Американың бірқатар мемлекеттеріндегі жоғары мемлекеттік қызметтердің атауы
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Dışіşlerі Bakanı, әзірб. Dövlət katіbі, қырғ. мамлекеттик катчысы, өзб. Davlat kotіbі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственный секретарь – мемлекеттік хатшы
Ұсыныстар мемлекеттік хатшы
Мемлекеттік шекара / государственная граница / memlekettik shekara
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Мемлекеттің мемлекеттік аумақ шекараларын (құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі) анықтайтын сызық және осы сызық арқылы өтетін тік жазықтық, яғни мемлекет егемендігі әрекет ететін кеңістік шекарасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet sınır, әзірб. dövlət sərhəd, қырғ. мамлекеттик чек ара, өзб. davlat chegara
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственная граница – мемлекеттік шекара
Ұсыныстар мемлекеттік шекара
Меншік иесі, меншіктеуші / собственник / menshik iesi, menshikteushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) жеке меншік субъектісі; меншік нысанының иегері, бөлушісі, пайдаланушысы рөлдерін атқаратын жеке меншік құқығына ие жеке немесе заңды тұлға.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Меншік иелері үш типке болінеді:
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >1. Потенциалдық (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналды. Осы жағдай құқық актісімен бекітіледі.
Ұсыныстар >2. Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденуші). Иемденуші меншіктің толық иесі емес. Ол заттың тұтыну құнына бағалылығына емес, жарлық етеді. Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, оны өсиет арқылы өткізбейді, кепілдікке сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Бірақ оның, бөтен меншікті өзінің тікелей міндетіне сәйкес пайдалануға толық құқы болады: өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта қолданады. Иемденуші осы затты қолдану нәтижесінде жасалған заттың, өнімінің қызметтердің меншік иесі болады. Сонымен қатар, иемденуші, келісімге сәйкес, өзіне түскен табыстың бір бөлігін меншік иесіне беруге тиісті.
Меншік иесінің өкілі / представитель собственника / menshik iesining okili
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қызмет көрсету шартына сәйкес меншік иесінің мүддесін танытатын кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. sahіbinin temsіlcіsі, әзірб. sahіbinin nümayəndəsі, қырғ. ээсинин өкүлү, өзб. egasining vakіlі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар меншік иесінің өкілі
Меншік құқығы / право собственности / menshik quqygy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. mülkіyet, әзірб. sahіblіk, қырғ. менчик укугу, өзб. mulk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар меншік құқығы
Меншік құқығын алу / приобретение права собственности / menshik quqygyn alu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) меншік құқығына ие болу негіздері:
Түркі тілдерінде қолданылуы >1. -егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны өндірген немесе жасаған тұлғаға тиесілі.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы >2. -меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
Ұсыныстар >3. -көзделген реттермен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алуы мүмкін.

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов