В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Маңдайша жазу / вывеска / mangdaysha zhazu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - атауын білдіріп тұрған жазбасы немесе кәсіпорын, мекеме қызметінің түрі жазылып түрған тақтайша.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. tabela, әзірб. lövhə, қырғ. жасалгасы, өзб. korxona
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы вывеска - маңдайша
Ұсыныстар маңдайша жазу
Машина оқи алатын құжат / документ машиончитаемый / mashina oqi alatyn quzhat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ» + лат. māchina «механизм, құрылғы, құрал, сайман») - машина оқи алатын құжат дегеніміз – ішіндегі ақпаратты автоматты түрде оқуға жарамды құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. Belge mashіonchіtaemy, әзірб. Document mashіonchіtaemy, қырғ. документ mashіonchіtaemy, өзб. hujjat mashіonchіtaemy
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы машина оқи алатын құжат
Ұсыныстар
Мәмілелерді растау / подтверждение сделки / mamilelerdi rastau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ағалық қағаздар нарығындағы әрбір мәміленің артынан жүретін жазбаша құжат. Растау мәміле жасағаннан кейін бірден шығарылады. Растау ретінде есеп айырысу күні, шарттары, комиссия және т.б. анықталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. anlaşma оnaylanması, әзірб. müqavіlə təsdіq, қырғ. келишимди тастыктаган, өзб. shartnoma tasdіqlovchі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы мәмілелерді растау
Ұсыныстар
Мәселенің қойылуы / постановка вопроса / maselening qoyyluy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - логикалық зерттеу әдісінде: біріншіден, талдау мен жинақтау қажеттілігін тудыратын фактілерді анықтаудан, екіншіден, ғылымда рұқсат берілмеген мәселелерді анықтаудан тұрады. Кез келген зерттеу ғылым арқылы түсіндіруге болмайтын, жүйеленбеген, алайда көзінен таса болатын фактілерді анықтаумен байланысты. Оларды жинақтау мәселенің қойылу мазмұнын құрайды. Мәселені қою логикасы мынада: «Фактіден мәселеге қарай».
Түркі тілдерінде қолданылуы . Түрк. sorun bіldіrіmі, әзірб. məsələ bəyanat, қырғ. маселе билдирүүсү, өзб. masala bayonot
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мәселенің қойылуы
Мәслихат‚ кеңес / совещание / maslikhat‚ kenges
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. toplantı, әзірб. uchrashuv, қырғ. жыйналыш, өзб. uchrashuv
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы кеңес
Ұсыныстар мәслихат
Мейлінше қолайлы режім / режим наибольшего благоприятствования / meylinshe qolayly rezhim
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. régіmе лат. regіmen - «басқару, билеу») - Халықаралық-құқықтық режім, оған сәйкес келісімге келетін тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа, оның жеке және заңды тұлғаларына үшінші мемлекетке, оның жеке және заңды тұлғаларына берген немесе болашақта беретін экономикалық, сауда және өзге де қарым-қатынастарының дәл сондай жағдайын беруге міндетті. Мейлінше қолайлы режім тауарларды енгізу және шығару кезінде алынатын кедендік баж салықтары мен алымдар бойынша жеңілдіктерді, сондай-ақ өндіріске, импортталатын тауарлардың айналымы және оларды өңдеу бойынша ішкі салықтардың басымдылықтарын қамтиды. Сонымен, мейлінше қолайлы жағдай дегеніміз – жеке мемлекеттер үшін енгізілуі мүмкін ерекше (шектеуші немесе керісініше, преференциалды) жағдайлардан ерекшеленетін, әріптестіктің қарапайым, кемсітпейтін жағдайлары.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. en çok kayırılan ulus muamelesі, әзірб. ən əlverіşlі mіllət müalіcə, қырғ. жагымдуу мамиле, өзб. maksіmal qulaylіk yaratіb
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар Неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимі
Мембелгі, мемлекеттік белгі / гознак / membelgi, memlekettik belgi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүргізетін, ақша, марапат, бланк және басқа да өнімдер сияқты мемлекеттік белгілерді зерттеуге, әзірлеуге және өндіруге маманданған біртұтас, мемлекеттік кәсіпорын.
Түркі тілдерінде қолданылуы үрк. Goznak, әзірб. QoZnak, қырғ. гознак, өзб. Goznak
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мембелгі
Мемлекет басшысы / Глава государства / Memleket basshysy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Конституциялық орган әрі шет елдерде және мемлекет ішінде елдің мүддесін қорғайтын мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы, мемлекеті бар халықтың нышаны.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet başkanı, әзірб. Dövlət başçısı, қырғ. Мамлекет башчысы, өзб. Davlatіmіz rahbarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Глава государства – мемлекет басшысы
Ұсыныстар Мемлекет басшысы
Мемлекеттiк қызметшi / служащий государственный / memlekettik qyzmetshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet memuru, әзірб. dövlət qulluqçusu, қырғ. мамлекеттик кызматкер, өзб. hukumat xodimi
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттiк қызметшi
Мемлекеттiк меншiк / собственность государственная / memlekettik menshik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) өндірістің жекелеген немесе барлық құралдарына мемлекеттің меншігі. Бұл термин командалық экономикада мемлекеттік меншікке қатысты қолданса да, оның басты қолданылуы-мемлекеттік меншіктегі аралас экономика секторы.
Түркі тілдерінде қолданылуы >Мемлекеттік меншік — мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары, кәсіпорындар мен шаруашылық кешендері, көлік, жоғары және арнаулы орта оқу орындары түріндегі меншігі, әлеуметтік-мәдени саладағы объектілер және басқадай мүлік.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттiк меншiк

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов