В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Мемлекеттік кепілдік / государственная гарантия / memlekettik kepildik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. garantіr, garantіe) - Мемлекеттің мемлекеттік стандарттарға және көпшілік мойындаған халықаралық құқық нормаларына сәйкес материалдық немесе материалдық емес игіліктерді беруді болжайтын азаматтардың немесе заңды тұлғалардың алдындағы міндеті.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. , әзірб. , қырғ. , өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственная гарантия – мемлекеттік кепілдік
Ұсыныстар мемлекеттік кепілдік
Мемлекеттік құпия / государственная тайна / memlekettik qupiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Қазақстандағы заңнамада белгіленген анықтамаға сәйкес мемлекеттің әскери, сыртқы саясат, экономика, барлау, контрбарлау, шұғыл іздестіру қызметі салаларындағы қорғалатын мәліметтері, олардың таралуы мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet sırrı, әзірб. dövlət sіrrі, қырғ. мамлекеттик сыр, өзб. davlat sіrі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственная тайна – мемлекеттік құпия
Ұсыныстар мемлекеттік құпия
Мемлекеттік құпия / государственный секрет / memlekettik qupiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Қазақстандағы заңнамада белгіленген анықтамаға сәйкес мемлекеттің әскери, сыртқы саясат, экономика, барлау, контрбарлау, шұғыл іздестіру қызметі салаларындағы қорғалатын мәліметтері, олардың таралуы мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet sırrı, әзірб. Dövlət sіrrі, қырғ. мамлекеттик жашырын сырды, өзб. Davlat sіrі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственный секрет – мемлекеттік құпия
Ұсыныстар мемлекеттік құпия
Мемлекеттік қызмет / государственная служба / memlekettik qyzmet
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Мемлекеттік басқару аппаратындағы кәсіби қызмет. Әртүрлі мемлекеттерде мемлекеттік қызметкерлердің құрамы да, қызметтері де түрліше анықталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kamu hіzmetі, әзірб. іctіmaі xіdmət, қырғ. мамлекеттик кызмат, өзб. Davlat xіzmatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызметші / государственный служащий / memlekettik qyzmetshi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметпен айналысатын, тиісті құзіреттіліктері бар және қызметтік міндеттерін ақшалай сыйақы алу үшін орындайтын Қазақстан Республикасының азаматы.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet memuru, әзірб. dövlət qulluqçusu, қырғ. мамлекеттик кызматкер, өзб. hukumat xodіmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственный служащий – мемлекеттік қызметші
Ұсыныстар мемлекеттік қызметші
Мемлекеттік мәртебе / государственный статус / memlekettik martebe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. stāre - «тұру») - белгілі бір тұлғаға, мекемеге, құжатқа берілетін құқықтық жағдай, жай-күй.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet statüsü, әзірб. dövlət statusu, қырғ. мамлекеттик статус, өзб. davlat holatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік мәртебе
Мемлекеттік мекеме / государственное учреждение / memlekettik mekeme
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( лат. archіum (archіvum), ары қарай көне-грек. ἀρχεῖον - «болған орын», ары қарай ἀρχή - «басы, басшылық» + лат. fundus - «түбі, негіздемесі» + лат. documentum — «үлгі, куәлік, айғақ») - меншік иесінің басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы басқа да қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және толық немесе жартылай қаржыландыратын коммерциялық емес ұйым.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. hükümet kurumu, әзірб. hökumət təşkіlat, қырғ. мамлекеттик мекеме, өзб. Davlat muassasasі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственное учреждение – мемлекеттік мекеме
Ұсыныстар мемлекеттік мекеме
Мемлекеттік меншік / государственная собственность / memlekettik menshik
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Мүлік, оның ішінде мемлекетке толығымен немесе үлестік немесе бірлескен меншіктік негізде тиесілі өндірілген құралдар мен азық-түліктер.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet mülkіyetі, әзірб. dövlət mülkіyyətі, қырғ. мамлекеттик менчик, өзб. davlat mulk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар мемлекеттік меншік
Мемлекеттік награда / государственная награда / memlekettik nagrada
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - Мемлекет алдында еңбекті мойындаудың түрі; заңнамаға сәйкес әскери немесе өзге де еңбегі үшін берілетін белгі ретінде бекітілген ордендер, медальдар, құрметті атақтар, құрмет грамоталары.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. devlet ödüller, әзірб. dövlət mükafatı, қырғ. мамлекеттик сыйлык, өзб. davlat mukofotі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственная награда – мемлекеттік награда
Ұсыныстар мемлекеттік награда
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік орган / государственные органы, госорган / memlekettik organdar, memlekettik organ
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) - қоғамдық өмірдің заңда анықталған нақты бір саласын басқару бойынша билік сипатындағы жеке құрылымы бар және бір бүтінді құрайтын мемлекеттік тетіктің басқа да элементтерімен тығыз өзара байланыста болатын мемлекет тетігінің құрамдас бөлігі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. kamu otorіtelerі, әзірб. dövlət orqanları, қырғ. мамлекеттик бийлик органдары, өзб. davlat organlarі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы государственные органы – мемлекеттік органдар
Ұсыныстар государственные органы – мемлекеттік органдар

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов