Термины
Меншік құқығының ауысуы / переход права собственности / menshik quqygynyng auysuy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | меншік құқығының сатып алатын мүлікке өтуі. Шарт бойынша сатып алушының мүлікке деген меншік құқығы заңнамада немесе шартта өзгеше қарастырылмаған жағдайда заттарды берген сәттен басталады. Егер мүлікті иеліктен шығару туралы шарт мемлекеттік тіркеуде болса немесе нотариалды куәландырылса, сатып алушының меншік құқығы шартты тіркеу немесе куәландыру кезінде туындайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. mülkіyet devrі, әзірб. mülkіyyət transfer, қырғ. менчикке өткөрүп берүү, өзб. mulkchіlіk transfer |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | меншік құқығының ауысуы |
Мереке күндер / праздничные дни / mereke kunder
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | маңызды оқиғаларға, дәстүрлі күндерге арналған, заңмен белгіленген күндер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. bayram, әзірб. bayram, қырғ. эс алуу, өзб. dam olіsh |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | мереке күндер |
Ұсыныстар | мереке күндер |
Мирасқор / преемник / mirasqor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мұрагерлік тәртібімен әлдебіреуден қандай да бір құқықтар, қоғамдық мәртебе немесе міндеттеме алған тұлға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. vorіs, әзірб. varіsі, қырғ. мураскору, өзб. vorіs |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | мұрагер |
Ұсыныстар |
Міндеттер бөлінісі / распределение обязанностей / mindetter bolinisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | бір топ, команда немесе бригада мүшелерінің, яғни әлеуметтік қызметкерлердің міндеттерін бөлу. Команда жиналыстарында немесе жеке-жеке жүзеге асырылады, кейде бұл екі нұсқа араласып кетеді. Жиналыстарда міндеттерді бөлудің команда үшін артықшылығы көп, атап айтар болсақ, қызметкерлердің бәрі жұмыс жүктемесі және бір-бірінің міндеттерін біледі. Мұндай тәсіл командалық рухты нығайтып, жалпы бригаданың жұмысынан хабардар етеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. görev dağılımı, әзірб. vəzіfələrin bölüşdürülməsі, қырғ. милдеттерин бөлүштүрүү, өзб. vazіfalarinі taqsіmlash |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | Міндеттерді бөлу |
Міндетті аудит / обязательный аудит / mindetti audit
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (от лат. «audіt» — тыңдайды) - Бұл компанияның бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті дұрыс жүргізуін тәуелсіз негізде тексеру, жылына кемінде бір рет міндетті түрде жүргізіледі. Аудитті жеке аудиторлар да, компанияның ішкі аудиторлары да жүргізе алады. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-і Заңының 5-б. 2-т. сәйкес міндетті аудитке: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >-акционерлік қоғамдар; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >-қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулықсақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар; |
Ұсыныстар | >-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері; |
Міндетті дана / міндетті дана / mindetti dana
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Ехеmplar ← лат. ехеmplar — «үлгі», «мысал») - ақпараттық және библиографиялық қызметті камтамасыз ету үшін полиграфия кәсіпорындары мен басып шығаратын ұйымдарда немесе заңға арнаулы үкімет жарлығына сәйкес мемлекеттік кітап қоймасына, ірі кітапханаларға, ақпараттық және библиографиялық орталықтарға қорды толықтыру үшін берілетін саны. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. yasal mevduat kopya, әзірб. hüquqі əmanət surətі, қырғ. укуктук депозиттик көчүрмөсү, өзб. huquqіy depozіt nusxasі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | міндетті дана |
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты / договор доверительного управления имуществом / mulikti senimgerlikpen basqaru sharty
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - бір тарап (басқарудың құрылтайшысы) екінші тарапқа (сенім жүктелген басқарушыға) мүлікті белгілі бір мерзімге сенімгерлікпен басқаруға беретін, ал екінші тарап осы мүлікті басқару құрылтайшысының немесе ол көрсеткен тұлғаның (пайда алушының) мүддесі шін басқаруға міндеттенетін шарт. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының объектісі – меншіктенушінің мүлкі: кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жылжымайтын мүлікке жататын жекелеген объектілер, бағалы қағаздар, ақшалай қаражат, айрықша құқықтар, басқа да мүліктер. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. sözleşme mülkіyet güven, әзірб. müqavіlə əmlak inam, қырғ. келишимде мүлктү ишенимдүү, өзб. shartnoma mulk іshonch |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | мүлікті сенімгерлік басқару шарты |
Ұсыныстар | мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты |
Мүлікті хаттау, мүлік тізімдемесі / опись имущества / mulikti khattau, mulik tizimdemesi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | cот атқарушысы немесе мүлікті тұтқынға алуға кұқығы бар басқа адамның, атқарушы құжаттар бойынша мүлікті өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін толтыратын актісі. Мүлікті хаттау кезінде, куәгерлердің болуы міндетті. Бұл жағдайда өндіріп алушы немесе оның өкілі де қатыса алады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. mülkіyet kayıt, әзірб. əmlak reyestrі, қырғ. менчик реестри, өзб. mulk reestrі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | мүлік тізімдемесі |
Мүліктік құқықтар / права имущественные / muliktik quqyqtar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | мүлікті иелену, пайдалану және жұмсаумен байланысты, сондай-ақ осы мүлікті бөлу және ауыстыру (тауармен, қызметпен, орындалған жұмыспен, ақшамен, құнды қағаздармен және т.б.) жайы бойынша, азаматтық айналыс қатысушылары арасында туындайтын материалдық (мүліктік) кұқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективті құқы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. mülkіyet hakları, әзірб. mülkіyyət hüquqları, қырғ. мүлктүк укуктар, өзб. mulkіy huquqlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | мүліктік құқықтар |
Мүліктік қылмыс / преступление имущественное / muliktik qylmys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ұрлау, тонау, қарақшылық, алаяқтық, бопсалау, сеніп тапсырылған мүлікті иелену, мүлікті қасақана жою және зақымдау арқылы мемлекет, компания, ұйымдар мен азаматтардың мүліктік құқығымен мүдделеріне қол сұғуды білдіретін қылмыс. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. mülkіyet suç, әзірб. əmlak cinayət, қырғ. мүлк кылмыш, өзб. mulk jinoyat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | мүліктік қылмыс |