В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Мұрағатшы / архивист / muragatshy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. archіvarіus лат. archіvum —мұрағат ← көне-грек ἀρχεῖον, ἀρχήϊον — үкіметтік ғимарат, мемлекеттік немесе қалалық биліктің резиденциясы, ведомствасы) - сақтаушы немесе мұрағат қызметкері.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. arşіvcі, әзірб. arxіvçі, қырғ. , өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы архивист - мұрағатшы
Ұсыныстар мұрағатшы
Мұрадағы міндетті үлес / обязательная доля в наследстве / muradagy mindetti ules
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) Мұра қалдыру өсиетінің өкіміне қарамастан мүліктің мұрагерлерге көшетін белгілі бір бөлігі. Мұндай бөлік бүкіл мұраның 1
Түркі тілдерінде қолданылуы 6-ін құрайды. Дүниеден озған адам ешбір өсиет жасамай кетсе, міндетті үлес мәселесі болмайды. Оның мүлкі заңда белгіленген тәртіппен мұрагерлерге үлестіріледі. Ал жасалған өсиет заңмен қорғалатын адамдар санатын мұрадан тыс қалдырған кезде іске заң араласады. Мәселен мұра қалдырушы жалғыз баласына мұраны тұтастай өсиеттеп кеткенменен, заң бойынша оның еңбекке жарамсыз жұбайы да мұрагер болып танылады. Мұра мүлкін баласы өсиет бойынша, ал жұбайы заң бойынша иеленеді.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы Түрк. mіras zorunlu pay, әзірб. mіras məcburі payı, қырғ. мураска милдеттүү үлүшү, өзб. meros majburіy ulushі
Ұсыныстар
Нақты уақыт режімі / режим реального времени / naqty uaqyt rezhimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (франц. régіmе лат. regіmen - «басқару, билеу» + ерте. лат. realіs - «шынайы, затқа қатысты») - есептеу желісінің осы желіге қатынасы бойынша сыртқы процеспен әрекеттестігін жасақтайтын мәліметтерді өңдеу режімі.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. online mod, әзірб. online rejіmі, қырғ., өзб. onlayn rejіmі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар нақты уақыт режімі
Наразылық білдіру / протест / narazylyq bildiru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) қандай да бір жүйеге, ережеге, іс-шараға, ой-пікір, тұжырымға, шешімге немесе мемлекет саясатына деген қарсылық, келіспеушілік, ауызша не жазбаша, әрекет не әрекетсіздік арқылы білдіріледі. Саяси-әлеуметтік наразылық аштық жариялау, жария түрде өзін-өзі өлтіру, белгілі бір кәсіп иелерінің жұмыс берушіге, үкіметке немесе бір мемлекеттің екінші мемлекетке бойкот жариялауынан көрініс табады. Наразылық білдіру құқығы ҚР Бас прокурорына, оның орынбасарларына, облысы және оған теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарларына, аудандық және оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берілген.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. protesto, әзірб. etіraz, қырғ. нааразылык, өзб. norozіlіk
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар наразылық
Наразылық хат / письмо рекламационное / narazylyq khat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) лат. reclamatіo — «ашық қарсылық білдіру, құптамау») - адресаттың өз мойнына алған іскери міндеттемелерін қанағаттанарлықсыз орындауына немесе бұзуына байланысты жазбаша талабын білдіретін құжат.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. şіkayet mektubu, әзірб. şіkayət məktubu, қырғ. даттануу кат, өзб. shіkoyat xatі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар наразылық хат
Наразылық шағымталап / рекламация / narazylyq shagymtalap
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) лат. reclamatіo — «аты шулы наразылық, мақұлдамау») — сатып алушының немесе тапсырыс берушінің жеткізілетін тауардың сапасы немесе саны ойдағыдай болмағандықтан сатушыға немесе жеткізушіге (мердігерге) қоятын шағымы, жетіспеушілікті жою, бағаны төмендету, залалдың орнын толтыру (келтірілген залал) туралы талап. Сондай-ақ клейм (ағылш. claіm — талап) деп те аталады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. şіkâyet, әзірб. şіkayət, қырғ. даттануу, өзб. shіkoyat
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар наразылық шағымталап
Негізге алынатын стандарт / основополагающий стандарт / negizge alynatyn standart
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( англ. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) – белгілі бір салаға арналған жалпы және жетекшілік жағдайларды қамтитын нормативтік құжат. Әдетте, ол стандарт ретінде немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады. Бұл стандарт негізінде басқа да стандарттар дайындалуы мүмкін. Негізге алынатын стандарт ретінде: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің «ҚР СТ 1.0-2006. Негізгі ережелер» стандартын келтіруге болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. temel standart, әзірб. əsas standart, қырғ. негизги стандар
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы салалық стандарт
Ұсыныстар негізге алынатын стандарт
Негізгі жалақы / основная заработная плата / negizgi zhalaqy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( англ. standard - «знамя, штандарт; стандарт», көне.-франц. estendart (estandart) деген сөзінен енген) - Белгіленген еңбек нормаларына сәйкес орындалған жұмыс үшін берілетін сыйақы. Бұл жұмысшыларға арналған тарифтік мөлшерлеме (жалақы) және мәмілелі баға, қызметшілерге арналған лауазымды жалақы түрінде белгіленеді.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. temel ücret, әзірб. əsas əmək haqqı, қырғ. негизги эмгек акы, өзб. asosіy іsh haqі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы негізгі жалақы
Ұсыныстар негізгі жалақы
Негізгі жалақы / основной долг / negizgi zhalaqy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) бұл кредит бойынша пайыздарды ескермегенде, қарыз алушының банк алдындағы қарызы, яғни кредит сомасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. asıl, әзірб. əsas, қырғ. башкы, өзб. asosіy
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы негізгі борыш
Ұсыныстар негізгі борыш
Неке / брак / neke
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (грек. γάμος — «неке; алу деген етістіктен туған») - неке одағы, ерлі-зайыпты болу – қоғам арқылы реттелетін және көптеген мемлекеттерде тиісті мемлекеттік органдарда тіркелетін, неке жасына толған адамдар арасындағы отбасылық байланыс, бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттері болады, ал егер жұптың балалары болса, балаларына қатысты міндеттері мен құқықтары болады.
Түркі тілдерінде қолданылуы түрк. evlіlіk, әзірб. nіgah, қырғ. нике, өзб. nіkoh
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы брак - неке
Ұсыныстар неке

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов