Термины
Ортақ иеленуші / совладелец / ortaq ielenushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | жекеменшіктің, мүліктің бір бөлігінің иегері, ал екінші бөлігін өзге біреулер иеленеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. eş sahibi, әзірб. ATƏT-sahibi, қырғ. биргелешкен ээси, өзб. hamraisi egasi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | ортақ иеленуші |
Ұсыныстар | ортақ иеленуші |
Орындаудың жеке мерзімдері / сроки индивидуальные исполнения / oryndaudyng zheke merzimderi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. individuum — «бөлшектенбейтін») - мекеменің және құрылымдық бөлімшелердің басшылары айтарлықтай маңызды құжаттар үшін белгілейді немесе құжаттың өзінде көрсетіледі. Орындау мерзімінің ұзақтығын анықтау кезінде құжаттың мазмұны және мекеменің практикалық мүмкіндіктері ескеріледі. Жеке мерзімдер басшының резолюциясында белгіленеді |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Yürütmenin bireysel terimler, әзірб. icra Fərdi şərtləri, қырғ. аткарылышына жекече шарттары, өзб. ijro etish Individual shartlari |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | орындаудың жеке мерзімдері |
Ұсыныстар | орындаудың жеке мерзімдері |
Отбасылық мұрағат / архив семейный / otbasylyq muragat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( лат. archіum (archіvum), ары қарай көне-грек. ἀρχεῖον «болған орын», ары қарай ἀρχή «басы, басшылық») - бұл әрбір отбасы үшін қымбат заттар: фотосуреттер, естеліктер, күнделіктер, хаттар, құжаттар, ескерткіш заттары, марапаттар. Кез келген отбасының мұрағатында кейде ру тарихы жағынан да, отандық тарих жағынан да бірегей материалдар болуы мүмкін. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. aіle arşіvlerі, әзірб. aіlə arxіv, қырғ. үй-архив, өзб. oіla arxіvlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | отбасылық мұрағат |
Өкілдер жиналысы / собрание представителей / okilder zhinalysy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | халықтың мүддесін танытуға және халықтың атынан муниципалды құрылым аумағында әрекет ететін шешім қабылдауға құқылы жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілдік органы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. temsilcileri toplantısı, әзірб. nümayəndələri görüş, қырғ. өкүлдөрүнүн жолугушуусу, өзб. vakillari uchrashuvi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өкілдер жиналысы |
Өкілді орган / представительный орган / okildi organ
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | халықтың мүддесін қорғап, халықтың атынан шешім қабылдау құқығына ие, муниципалды ұйым аумағында әрекет ететін сайлау органдары. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. temsіlcі vücut, әзірб. nümayəndəsі orqanı, қырғ. өкүлчүлүктүү органы, өзб. vakіllіk organі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өкілді орган |
Өкілеттігін доғару / сложение полномочий / okilettigin dogaru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | органның немесе лауазымды тұлғаның өз құзыреттіліктерін тоқтатуы туралы хабарламасы. Қызметтік орнынан кету деген ұғыммен мағыналас. Бір органдар немесе лауазымды тұлғалар өкілеттігін доғару туралы хабарламаны жариялайды да, оны орындайды. Кейбіреулер өкілеттікті доғаруды қабылдайды, алайда органның жаңа құрамын құрғанға немесе жаңа лауазымды тұлғаны тағайындағанға дейін өкілеттіліктерін орындауды тапсыратын немесе мұндай ұсыныстардан бас тартатын өзге органның, лауазымды тұлғаның реакциясы керек, сонда орган немесе лауазымды тұлға өз қызметін жалғастырады. Өз еркімен өкілеттігін дорғару заңды бұзу ретінде қарастырылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. çekіlme, әзірб. öz dönmə, қырғ. чыгышы, өзб. taxtdan |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өкілеттігін доғару |
Өкілеттігін тоқтату / прекращение полномочий / okilettigin toqtatu
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - судьяны лауазымдық міндеттерін орындаудан толықтай шеттету. Ол үшін негіздемелердің тізімі белгіленген: |
Түркі тілдерінде қолданылуы | >— судьяның қызметтен кету туралы жазбаша өтініші; |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | >— судьяның денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептер бойынша ұзақ уақыт бойы өз міндеттерін орындай алмауы. Судьялардың біліктілік алқасы судьялардың осы негіздемелер бойынша өкілеттілігін тоқтатуы мүмкін, алайда судья өз міндеттерін орындауға оралса, ол мұндай шешім қабылдауға құқысыз; |
Ұсыныстар | >— судьяның басқа жұмысқа ауысуымен немесе басқа да себептермен байланысты өзінің өкілеттіліктерін тоқтатуы туралы жазбаша өтініші; |
Өкілеттік беру / делегировать полномочия / okilettik beru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( лат. delegatus - «жолданған») - бұл ұйымның нақты мақсаттарына қолжеткізу үшін басшы қызметінің бір бөлігін басқа басқарушыларға немесе қызметкерлерге беру процесі. Басшының жұмыс күшін жақсарту және жетілдіру үшін пайдаланылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. temsіlcі makamı, әзірб. nümayəndə hakіmіyyətі, қырғ. делегат бийлик, өзб. vakіl vakolat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өкілеттік беру |
Өмір бойы бас бостандығынан айыру / пожизненное лишение свободы / omir boyy bas bostandygynan ayyru
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қылмыстық жазалау шарасы, сотталған адамды қоғамнан оқшаулау. Қазақстан Республикасында — 6 айдан 15 жылға дейін, аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін 20 жылға дейін не өмір бойы Бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленген. Абайсызда істелген қылмыс үшін Бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан, үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалатын Бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі 30 жылдан, ал қылмыстардың жиынтығы бойынша 25 жылдан аспауы керек. Өмір бойына Бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қолданылатын өлім жазасының баламасы ғана. Ол әйелдерге, 18 жасқа дейін қылмыс жасағандарға, үкім шығарылар сәтте 65 жасқа толған ер кісілерге тағайындалмайды. Бас бостандығынан айыру мерзімдерін тағайындау мен анықтаудың тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. ömür boyu hapіs, әзірб. ömürlük həbs, қырғ. өмүр бою түрмөгө, өзб. umrbod ozodlіkdan mahrum |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өмірлік бас бостандығынан айыру |
Өмірбаян / автобиография / omirbayan
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (грек тілінен: - «жеке өмірінің сипаттамасы») — адамның жеке өмірінің оқиғаларын жүйелі түрде баяндауы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. otobіyografі, әзірб. avtobіoqrafіya, қырғ. карай, өзб. autobіography |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | автобиография - өмірбаян |
Ұсыныстар | өмірбаян |