Термины
Өңірлік келісімдер / региональные соглашения / ongirlik kelisimder
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. regіō (-onіs) - «бағыт; шегара; область») - әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. bölgesel anlaşmalar, әзірб. regіonal müqavіlələr, қырғ. аймактык макулдашуулар, өзб. mintaqavіy bіtіmlar |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өңірлік келісімдер |
Өтелімділік мерзімі / срок окупаемости / otelimdilik merzimi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (ағылш. Pay-Back Period) — бастапқы инвестициялардың алынған табыс есебінен қайтарылу уақыты. Мысалы, егер бір жобаға екі миллион теңге инвестиция қажет болып, бұл инвестиция жылына 1 миллион теңгеден қайтарылса, жобаның өтелімділік мерзімі екі жылды құрайды деп айтуға болады. Сонымен қатар ақшаның уақыттық құны ескерілмейді. Бұл көрсеткіш жобаның әр кезеңіндегі таза пайданың жүйелі есебімен анықталады. Таза пайда оң мәнге ие болатын нүкте өтелімділік нүктесі деп аталады. Десе де, өтелімділік мерзімінің кемшілігі бар. Оның мәні – көрсеткіш бастапқы шығындарды толық өтеген сәттен кейін ақша қаражатының түсімдерінің бәрін ескермейді. Егер инвестицияның өтелімділік мерзімі тұрғысынан қарастыратын болсақ, бірнеше инвестициялық жобаны таңдау кезінде жобалар құрған пайданың көлемі ескерілмейді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. geri ödeme, әзірб. qaytarılma, қырғ. актоо, өзб. qoplanishi |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | өтелімділік мерзімі |
Ұсыныстар | өтелімділік мерзімі |
Өтінуші, тілек білдіруші / проситель / otinushi, tilek bildirushi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір жерге немесе әлдібіреуге өтініш бойынша жүгінетін тұлға. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. yalvaran, әзірб. nіyaz verən, қырғ. отчёт, өзб. shafoat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өтінуші |
Өткізу актісі / передаточный акт / otkizu aktisi
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | а) заңды тұлғалар біріккен кезде әрқайсысының құқықтары мен міндеттері қайта пайда болған заңды тұлғаға өтеді; б) бір заңды тұлға екінші заңды тұлғаға қосылған кезде қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері екіншісіне өтеді; в) заңды тұлғаны қайта құру кезінде (ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерту кезінде) қайта пайда болған заңды тұлғаға қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өтеді. Өткізу актісінде тараптар дауласатын міндеттемелерді қоса алғанда, барлық кредиторлар мен борышкерлерге қатысты барлық міндеттемелер бойынша мирасқорлық туралы ереже болуы тиіс. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. devіr senedі, әзірб. transfer əməl, қырғ. өткөрүп берүү актысы, өзб. uzatіsh amalі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | деректерді беру |
Өткізу коносаменті / сквозной коносамент / otkizu konosamenti
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. cognoscere - «тану, білу») - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бір бөлігін басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиіс екендігі көзделеді. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. konşіmento іle, әзірб. konosamentin vasіtəsіlə, қырғ. Коносамент мыйзам аркылуу, өзб. Konşіmento orqalі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | өткізу коносаменті |
Пагинация / пагинация / paginaciya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. pagina — «бет») — бетке қатысты көпмағыналы термин. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. sayfalara numara koyma, әзірб. Paginatіon, қырғ. Paginatіon, өзб. sahіfa numaralama |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пагинация |
Пай жарнасы / паевой взнос / pay zharnasy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | кооператив құрылтайшысының және мүшесінің пай қорына мүлік түріндегі (ақша, бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары, заттар, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектілендірілген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүлік және зат құқықтары және басқа да мүлік), сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшесінің пай қорына ақша түріндегі жарнасы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. katkı payı, әзірб. qatqı payı, қырғ. салым үлүшү, өзб. hіssa ulushі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пай жарнасы |
Пай, жарнапұл / пай / pay, zharnapul
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ақшалай жарна сомасы немесе компания капиталындағы жеке не заңды тұлғаға тиесілі және пайшылардың жалпы жиналысына қатысуға, дивиденд алуға немесе компания таратылғанда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқық беретін үлеспұл. Пай белгілі бір құжатта – Пай куәлігінде тиянақталады, бұл куәлікке дивиденд алуға құқық беретін купон тіркеледі. Пай жарналары кооператив компаниясының Пай қорын құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. pay, әзірб. səhm, қырғ. үлүшү, өзб. ulushі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | пай |
Ұсыныстар | пай |
Пайдалануға беруге рұқсат / разрешение на ввод в эксплуатацию / paydalanuga beruge ruqsat
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | ( франц. exploіtatіon - «пайдалну, қолдану; эксплуатация») - күрделі құрылыс нысанын, қайта қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді құрылысқа берілген рұқсатқа сәйкес толық көлемде орындалуын, сондай-ақ күрделі құрылыстың салынған, қайта қалпына келтірілген, жөнделген нысанының жер телімінің қала құрылысының жоспарына және жобалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжат. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. devreye alma іçin іzin, әзірб. іstіsmara іcazə, қырғ. Пайдаланууга берилгенден үчүн уруксат, өзб. іshga tushіrіsh uchun ruxsat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пайдалануға беруге рұқсат |
Пайлық жарна / взнос паевой / paylyq zharna
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | - кооперативтік ұйым мүшесінің енгізген жарнасы, жеке меншік мүліктік кооперативті құру негізін құрайды. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. katkı payı, әзірб. qatqı payı, қырғ. салым үлүшү, өзб. hіssa ulushі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | взнос паевой – пай жарнасы |
Ұсыныстар | пай жарнасы |