Термины
Пошталық мекенжай / адрес почтовый / poshtalyq mekenzhay
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. adresse және adresser — «бағыттау») — жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының принциптеріне сәйкес құрылымдалған және жоспарлау құрылымының элемент атауынан (қажет болған жағдайда), көше-жол желісінің элемент атауынан, сондай-ақ сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бағыттау нысанының сандық және (немесе) әріптік-сандық белгісінен тұратын бағыттау нысанының орналасқан жерін сипаттау. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. posta adresі, әзірб. poçt ünvanı, қырғ. почта дареги, өзб. pochta manzіlі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | адрес почтовый – почталық мекен жай |
Ұсыныстар | пошталық мекенжай |
Прайс-парақ / прайс-лист / prays-paraq
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | қандай да бір фирманың, ұйымның және т.б. тауарлар мен қызметтердің бәріне берген баға тізімі. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. fіyat lіstesі, әзірб. qіymət sіyahısı, қырғ. баалар баракчасы; баалар барагы, өзб. Narxlar jadvalі |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | прайс-парақ |
Ұсыныстар | прайс-парақ |
Пробациялық бақылау / пробационный контроль / probaciyalyq baqylau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. probare - «зерттеу, сынау» + франц. contrôle , *contrerôle, contre- + rôle «тізім») - пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. deneme kontrolü, әзірб. sınaq nəzarət, қырғ. сыноо башкаруу, өзб. sinovga nazorat |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пробациялық бақылау |
Прокурорлық қадағалау / прокурорский надзор / prokurorlyq qadagalau
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. procurator - «меңгеруші, басқарушы; прокуратор»)- барлық заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің барлық сатыларында (анықтау, алдын ала тергеу, соттың дауды шешуі, үкімдерді орындау мен сот тағайындаған мәжбүрлік сипаттағы басқа да шараларды) заңдардың дәл және бір үлгімен орындалуын жүзеге асыратын еліміздің Бас прокуроры мен оған бағынышты прокурорлардың жоғары қадағалауы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. procurator, әзірб. Manager, қырғ.прокурор, өзб. prokurator |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | прокурорлық қадағалау |
Проспект-жоспар / план-проспект / prospekt-zhospar
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | . (лат. planus — «тегіс, жазық»; → ағылш. plane, plain, нем. Plan және т.б.) - Жоспарда: тақырыпты негіздеуді, құралдың жалпы бағыт-бағдарын межелеуді, оның негізгі қоғамдық мәні мен басты міндетін (тарихи, теориялық, тәжірибелік және т.б. жақтарын ашып көрсетуді, сондай-ақ мақсаты мен қандай оқырманға арналатындығының сипатын қамтиды. Соңғысы өте маңызды, өйткені құралдың нақ кімдерге арналғандығы оны құрастырудың нақты ерекшеліктерін анықтайды. Жоспарда құралдың типтік және жанрлық ерекшеліктерін (ғылыми-көмекші, ретроспективалық, жүйелі, ішінара аннотацияланған, қорытындылаушы сипаттағы әдебиет көрсеткіші, шолу түрінде атқарылған ұсыныстық «оқырмандар тобы» және т.т. ) айқын анықтап алу қажет. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | Түрк. Plan-umudu, әзірб. plan-kəşfіyyat, қырғ. план-келечек, өзб. rejasі-kelajak |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | проспект-жоспар |
Протограф / протограф / protograf
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (анат. vena portae – «қақпа көбігі» + грек. graph ō – «жазу, бейнелеу») - текстология мен икон жазуында басқа бір туынды көшіріліп жазылған түпнұсқа. Тізімге (көшірмеге) кері ұғым: егер A қолжазбасы — В қолжазбасындағы тізім болса, B қолжазбасы —A қолжазбасының протографы. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. protograph, әзірб., қырғ., өзб. |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | протограф |
Пруденциялық норматив / пруденциальный норматив / prudenciyalyq normativ
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (лат. norma — сөзбе сөз аударғанда «жапсырма, ұстатқыш», ауыспалы мағынада — «ереже») - коммерциялық банктерге өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және өз клиенттерінің мүдделерін қорғауға кепілдік беру үшін бағдар берілетін орталық банк белгілеген ел көрсеткіштері. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. іhtіyatі norm, әзірб. prudensіal norma, қырғ. экономикалык ченеми, өзб. rіsklarnі kamaytіrіsh norma |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | пруденциялық норматив |
Раккорд / раккорд / rakkord
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. raccord — «бекіту, байланыстыру») — әдетте төменгі жағына бекітілген киноүлдір (фильмкөшірмесі немесе бөлігі), фотоүлдір немесе магнит таспасын қорғауға немесе қуат беруге арналған істен шыққан немесе жарамды учаске. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. Raccordo, әзірб. Raccordo, қырғ.раккорд, өзб. Raccordo |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | раккорд |
Ранг, дәреже / ранг / rang, darezhe
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (нем. Rang, франц. rang) - белгілі бір мемлекеттік қызметкерлерге берілетін дәреже. Мыс., теңіз флотында бірінші, екінші рангты капитаны атақтары бар; Ранг, математикада — матрица минорларының нөлден өзгеше ең жоғарғы реті. Ранг Матрицаның сызықтық тәуелсіз жолдарының (немесе бағаналарының) ең үлкен санына тең. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. rütbe, әзірб. rütbə, қырғ. катар, өзб. unvon |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | дәреже |
Ұсыныстар | дәреже |
Рантье / рантье / rantye
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) | (фр. Rentіer, rente — «рента») — рента есебінен, яғни банктік салым, құнды қағаздар, табыс әкелетін жылжымайтын мүлік, жер, бизнес капиталынан түсетін табыс, сондай-ақ авторлық құқықтар мен қаламақы есебінен өмір сүретін тұлғалар. |
Түркі тілдерінде қолданылуы | түрк. rantіye, әзірб. kompanіyasının, қырғ., өзб. rentіer |
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы | |
Ұсыныстар | рантье |