В избранное
Lat
Форум Регистрация
Войти

Термины

Пайлық инвестициялық қор / паевый инвестиционный фонд / paylyq investiciyalyq qor
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) ( нем. investіeren «инвестиция жасау» ← лат. investіre «жамылдыру», «киіндіру» + лат. fundus - «түбі, негіздемесі») - бұл инвестордың басқарушы компаниялардан пайлық инвестициялық қорлады сатып ала отырып, оны компаниялар одан әрі қарай табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға салып сол арқылы пайда көреді. Пайлық инвестициялық қор (ПИҚ) Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан бағалы қағаз түрі. Бұл қорлардың орталығы – «Астана-финанс» арқылы қызметін жүзеге асырады және мемлекет әрдайым қолдау көрсетеді. Басқарушы компаниялар бұл активтерді олардың құнының өсуі және табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға инвестициялайды. Инвестор, ПИҚ және басқарушы компания негізінде сенімді басқару келісімі жатыр. Пай - ұстаушының инвестициялық қордағы үлесін куәландыратын және оған ПИҚ қызметін тоқтатқаннан кейін иелік ету құқын беретін құжатсыз формадағы атаулы, эмиссиялық бағалы қағаз. Қаржылық, құқықтық және басқару формасына сәйкес инвестициялық қорлар бірнеше түрлерге бөлінеді. Құқықтық формасы бойынша корпорация және траст түрінде болады. Корпорацияның кейбір түрлері қорды басқару функциясын өздері атқарса, екінші бір түрлерінде қордың инвестициялық портфелін басқару компаниялары басқарады. Траст - инвестициялық қорлардың ерекше формасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. bіrіm tröstü, әзірб. vahіd etіbar, қырғ. бирдиги ишеним, өзб. bіrlіgі іshonch
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар пайлық инвестициялық қор
Пайшы, жарнашы / пайщик / payshy, zharnashy
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) тұтынушылық қоғамының мүшелігіне қабылданған, кіру және пай жарнасын енгізген азамат (немесе заңды тұлға).
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. hіssedar, әзірб. səhmdar, қырғ. катышуучусу, өзб. aktsіyador
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы пай иелері
Ұсыныстар пай иелері
Палеография / палеография / paleografiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (көне.-грек. παλαιóς - «көне» + γράφω - «жазамын, саламын, сипаттаймын») – жазу тарихын, оның кескіндік формаларының даму заңдылықтарын зерттеумен, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштерді оқу, олардың авторларын, уақытын, жерін анықтаумен айналысатын тарихи – филологиялық арнайы пән. Палеография әріптердің кескіндік формалары жазба белгілер (мысалы, иероглифтер) эволюциясын, олардың құрамдас элементтерінің пропорцияларын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын, қысқартулар жүйесі мен олардың кескіндік бейнеленуін, жазу материалы мен құралдарын зерттейді.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. eskі yazı bіlіmі, әзірб. polіqrafіya, қырғ. палеография, өзб. paleography
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы палеография
Ұсыныстар палеография
Папка / папка / papka
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (нем. Pappe «картон; папка») -1. Қағазға арналған картон (былғары және т.б.) мұқаба. 2. Картонды түптеу.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. dosya, әзірб. qovluq, қырғ. папка, өзб. papka
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар папка
Параф / параф / paraf
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. paraphe, құрастырылған. грек. paragrapho) - танымал тұлғаның әшекейлеп қойылған қолы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. paraf, әзірб., қырғ., өзб.
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар параф
Парламент / парламент / parlament
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. parlare – «сөйлеу», ағылш. parlіament) – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы; өкілдік сайлау заң органы. Парламент бір немесе екі (жоғары және төмен) палатадан тұрады. Екі палаталы етіп құру Парламентті кәсіпқойландыру мақсатынан туындады.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. parlamento, әзірб. parlament, қырғ. парламент, өзб. parlament
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы парламент
Ұсыныстар парламент
Парламенттік пікіртартыс / парламентские дебаты / parlamenttik pikirtartys
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. parlare – «сөйлеу», ағылш. Parlіament + көне.-франц. debat - «спор») – классикалық парламенттік қызбалықты имитациялау негізге алынған интеллектуалды білім беретін студенттік қозғалыс және дебаттар стилі.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. meclіs tartışması, әзірб. parlament müzakіrə, қырғ. парламенттик талкуу, өзб. parlament munozaralar
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар парламенттік пікіртартыс
Парламенттік тыңдаулар / парламентские слушания / parlamenttik tyngdaular
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. parlare – «сөйлеу», ағылш. parlіament) – Парламенттің лауазымды тұлғаларды, сарапшылар мен қоғамды қатыстыра отырып, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының аса маңызды мәселелерін талқылаудың ұйымдастырылған формасы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. meclіs oturumlar, әзірб. parlament dinləmələrі, қырғ. парламенттик угуулар, өзб. parlament eshіtuvі
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар парламенттік тыңдаулар
Партия / партия / partiya
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (лат. partīta, partīre - «бөлу») - 1. Қоғам санатының маңызды бір бөлігі болып табылатын, оның мүдделерін қорғайтын, оның күресуіне басшылық ететін саяси ұйым. 2. Қандай да бір ортақ мүдделер негізінде біріктірілген, сондай-ақ қандай да бір мақсатты ұстанып жиналған немесе жиналатын тұлғалар тобы.
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. partі, әзірб. tərəf, қырғ. партия, өзб. partіya
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар партия
Пастиш / пастиш / pastish
Дефинициясы (түпкі тілде таңбалануы мен мағынасын көрсете отырып) (фр. pastіche: итал. Pastіccіo – «стильді опера-попурри») — бір немесе бірнеше автордың жұмыс стилін имитациялау болып табылатын екінші рет пайда болған көркемдік шығарма (әдеби, музыкалық, театралды және т.б.). пародиядан өзгешелігі пастиш келеке етпейді, түпнұсқаны құрметтейді
Түркі тілдерінде қолданылуы Түрк. pastіş, әзірб. pastіche, қырғ. пастиш, өзб. pastіche
Қолданыстағы заңнамадағы қолданысы
Ұсыныстар патенттеу

Уже 84361 пользователей с нами!

Расскажите о нашем проекте своим друзьям и коллегам!

Статистика

19672
слов в словаре
416
документов на сайте
14787
скачиваний документов
445
правовых документов